Главная страница
Навигация по странице:

  • Нейроглия

  • 1.Протоплазмалық астроциттер

  • МАКРОГЛИЯ Эпендимоциттер Пішіні цилиндрлі эпителиалды типті жасушалар, мидың қарыншалары мен жұлын өзегінің беткейін жабады. Құрылысы

  • Нерв тіннің макрофагтары.

  • Г1 – белсендіемес микроглиоцит 1 –жасушаның денесі; 1.1 –ядро; 2 –тармақталған өсінділері. Г2 –белсенді микроглиоцит

  • Зерттеу объектілері

  • 1 препарат

  • 3 препарат

  • 12.12.22 № 14 ПС (1). 14 практикалы сабаы Таырып Нерв тіні. Нейроглия


    Скачать 4.68 Mb.
    Название14 практикалы сабаы Таырып Нерв тіні. Нейроглия
    Дата05.12.2022
    Размер4.68 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файла12.12.22 № 14 ПС (1).pptx
    ТипДокументы
    #829875

    №14 практикалық сабағы

    Тақырып: Нерв тіні. Нейроглия

    Құрастырған: А.А. Кикимбаева

    Сабақтың мақсаты

    Сабақтың мақсаты

    1.Жіктелуіне байланысты әртүрлі глиоциттерді бір бірінен айыра білу.

    2. Макроглия жасушаларының түрлерін, дамуының қайнар көзін, құрылысын, орналасуы мен функцияларын білу.

    3. Микроглия жасушаларының популяциясын, шығу тегін, құрылысын және функциясын білу.

    Қажетті бастапқы білім денгейі

    Қажетті бастапқы білім денгейі

    1.Глиоциттер дамуының қайнар көзі.

    2. Глиоциттердің жіктелуі және олардың функционалды маңызы.

    Нейроглия

    Глиалды жасушалар нейрондардың денелерін және өсінділерін қоршап, сүйемелдеу рөлін атқарады: тірек, қоректік, электроизоляциялық, тосқауыл және қорғаныштық. Сондай-ақ, кейбір глиоциттер цереброспиналды сұйықтықты (ликвор) өндіріп, секреторлы функция атқарады.

    Нейроглияның жіктелуі.

    Негізгі екі топқа бөлінеді:

    І. Орталық нерв жүйенің (жұлын және ми) глиясы. а)микроглия –ҚСМ промоноциттерінен дамиды; б)макроглия (астроцитер, эпендимоцитер, ж/е олигодендроцитер)– спонгиобласттардан дамиды. ІІ. Перифериялық нерв жүйенің глиясы. (олигодендроциттердің бір түрі): а) мантий глиоциттері (сателлит жасушалары, немесе ганглийлердің глиоциттері); б) нейролеммоциттер (шванн жасушалары).

    Макроглия. Астроциттер

    Құрылысы. Пішіні жұлдыз тәрізді жасушалар, сәулелер секілді жан жағына тараған көптеген өсінділері болады. Бұл жасушаларда олардың структурасын күшейтетін глиалды фибриллярлы қышқыл нәруыздан тұратын аралық филаменттердің шоғырлары бар. Өсінділердің көбісінінің ұштары пластинкаға ұқсап кенееді. Өсінділердің қалындығы мен ұзындығына қарай олардың екі түрін ажыратады:

    1.Протоплазмалық астроциттер – өсінділері қысқа және жуан,тармақталған. Сұр затта кездеседі.

    2. Талшықты астроциттер –өсінділері жіңішке және ұзын,нашар тармақталған. Негізінде ақ затта орналасады, бірақта сұр затта да кездеседі.

    Функциялары. Өздерінің өсінділері себебінен мидың барлық көлемі бойынша олар:

    а) сүйемелдеу тор түзеді (тірек функциясы);

    б) глиалды шекаралы мембраналарды қалыптастырады - капиллярлар мен нейрондардың аралығында (тосқауыл функция).

    в) қаннан нейрондарға молекулалар мен иондарды , энергияға бай заттарды (глюкоза) өткізеді (қоректі функция).

    Олигодендроциттер

    Көлемі кішкене жасушалар. Олардың өсінділері нейрондар аксондарының айналасында миелин қабығын түзеді. ОНЖ және ПНЖ олигодендроциттері 2 түріне бөлінеді:

    а)сателлит-жасушалары –сұр затта нейрондардың денелерін қоршайды, сонымен олар нейрондар мен қоршаған ортаның аралығында заттардың алмасуын бақылайды;

    б) нерв талшықтардың олигодендроциттері –нейрондардың өсінділерін қоршап нерв талшықтарын қалыптастырады (ОНЖ ақ затында және перифериялық нервтерде).

    Сателлит –жасушалары ОНЖ сұр затында астроциттермен қатар нейрондардың айналасында орналасады. Нерв ганглийлерінде перикариондарды қоршайтын сателлит-жасушалары тағы мантий жасушалары деп аталады. .
    1-сателлит жасушалары (мантий жасушалары), 2 –шванн жасушасы (нейролеммоцит)

    Адам мишығы ақ затының талшықты астроциттері. Гольджи әдісі.

    Адам бас миы үлкен жарт-шарларының талшықты астроцит-тері.Олардың аяқша-ларға ұқсайтын өсінділерінің кенейген шеткі бөліктері капил-лярлар қабырғасымен шектесіп, периваску-лярлы қабатты түзеді. Гельд бойынша боялған

    Адам бас миы жартышарла-рының прото-плазмалық астроциттері.

    Күміспен импрег-нацияланған

    Бас миы жартышар-ларының олигодендро-глиоциттері

    МАКРОГЛИЯ

    Эпендимоциттер

    Пішіні цилиндрлі эпителиалды типті жасушалар, мидың қарыншалары мен жұлын өзегінің беткейін жабады.

    Құрылысы. Ядролары күнгірт созылған, апикалды аймақтарында кірпікшелер болады, базалды бөліктері өсінділерді түзеді. Эпендимоциттер бір бірімен интердигитация және нексустар арқылы байланысады. Функциялары. а) Ликворды өндіреді және оны жылжытып отырады. Кірпікшелер көмегімен ликворды жылжытып, қарыншаларда және өзекте оның тоқтап қалуына тосқауыл құрады; б) Тосқауыл.Қарыншалар өрімдерін жабатын эпендимоциттер тығыз контактар арқылы бір бірімен байланысады, сонымен гематоликворды тосқауылды түзеді.
    Эпендимоциттер. 1 – эпендимоцит, 2- ядро, 3 –кірпік-шелер, 4 -өсіндісі

    Микроглия. Нерв тіннің макрофагтары.

    Микроглия –бұл өсінділері қысқа және қисық болып келген ұсақ созылған жасушалар. Микроглия нерв тіннің мононуклеарлы фагоциттері және олар сүйек қызыл кемігінің промоноциттерінен дамиды. Микроглиоциттер ыдыраған нерв жасушалардың қалдықтарын сіңіріп, жойып отырады, көбінесе бас миында пайда болатын патологиялық процестер кезінде. Белсенді күйіне айналған кезінде микроглия жас-ры өзінің өсінділерін тартып алып, макрофагтарға тән морфологиялық қасиетке ие болады.
    Г1 – белсендіемес микроглиоцит

    1 –жасушаның денесі; 1.1 –ядро;

    2 –тармақталған өсінділері.

    Г2 –белсенді микроглиоцит.

    1 –ядро; 2 –цитоплазма; 2.1 –вакуольдер .

    Микроглиоциттер.

    Гистологиялық препараттардың

    диагностикасы

    Зерттеу объектілері

    Зерттеу объектілері

    а)Өзбетінше зертелетін микропрепараттар, электроннограм-малар және схемалар (суреті салынатын).

    1 препарат. Әртүрлі глиоцитер. – «Гистология, эмбриология, цитология» - учебник под ред. Ю.И. Афанасьева, Н.А. Юриной, 2014, с.269, рис.10.8.

    Глиоциттердің әртүрлерін зерттеп, суретін салыңыз.

    1 препарат. Жұлынның эпендимді глиясы– Юй Р.И., Абильдинов Р.Б., «Атлас по гистологии...», 2010, с.98, рис.148.

    2 препарат Протоплазмалық астроциттер және пирамидалы жасушалар– Юй Р.И., Абильдинов Р.Б., «Атлас по гистологии...», 2010, с.99, рис.149.

    3 препарат Талшықты астроцит – Юй Р.И., Абильдинов Р.Б., «Атлас по гистологии...», 2010, с.99, рис.150.

    4 препарат Микроглия – Юй Р.И., Абильдинов Р.Б., «Атлас по гистологии...», 2010, с.100, рис.151.

    Бояуы: Азокармин. Х400

    Препаратты зерттеп, келесі ОЭ тауып алыңыз:

    1 –өзектің қуысы,

    2 -эпендимоциттер

    Бояуы: күміспен импрегнацияланған. х630

    4 препарат Микроглия

    Бақылау сұрақтары

    Бақылау сұрақтары

    1. Нейроглия жасушаларының эмбрионалды қайнар көздері.

    2. Нейроглия жасушаларының жіктелуі.

    3. Макроглияның түрлері.

    4. Микроглияның шығу тегі, құрылысы және функциясы.

    №15 сабақ

    №15 сабақ

    №3 Аралық бақылау

    Дәнекер,бұлшықет,нерв тіндері тақырыптары бойынша



    написать администратору сайта