Главная страница
Навигация по странице:

  • 4 Саясаттанудағы саяси шиеленіс теориялары. Жауап

  • 2 Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары.

  • 4 Саясаттанудағы саяси шиеленіс теориялары

  • политология негизи. Политология пз 14 апта. 14таырып. Саясаттыы конфликттік жне дадарысты жадайлар 1 Саяси шиелініс. 2 Саяси жанжалдарды реттеуді технологиялары


    Скачать 21.22 Kb.
    Название14таырып. Саясаттыы конфликттік жне дадарысты жадайлар 1 Саяси шиелініс. 2 Саяси жанжалдарды реттеуді технологиялары
    Анкорполитология негизи
    Дата01.12.2020
    Размер21.22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПолитология пз 14 апта.docx
    ТипДокументы
    #155551

    14-тақырып. Саясаттығы конфликттік және дағдарыстық жағдайлар

    1 Саяси шиелініс.

    2 Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары.

    3 Саяси қайшылықтар

    4 Саясаттанудағы саяси шиеленіс теориялары.

    Жауап

    1 Саяси шиелініс.

    Саяси ғылымдағы шиеленістердің әртүрлі жағдайларына қатысты проблемалардың жиынтығын зерттейтін ғылыми және оқу проблемалары сипатындағы жаңа жеке пән шиеленістану деп аталады.

    Жалпы тұрғыдан алғанда шиеленіс қарама-қарсы топтардың бір-біріне қайшы мүдделерінің, пікірлерінің, көзқарастарының түйісуі, әртүрлі сипаттағы пайымдаушылық, келіспеушілік, ымырасыздық Саясаттану зерттеулерінің нысандары болып саяси билік, саяси мақсат мәселелерімен тікелей және жанама қатысты, саяси сипаттағы шиеленістер саналады.

    Шиеленістер теориясының дамуына, осы ілімнің мазмұнына айтарлықтай үлес қосқан ХІХ ғасырдың соңымен – ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтану ғылымы болды. Биология ғылымының ықпалында болған әлеуметтану шиеленістерді Ч.Дарвиннің табиғи іріктеу теориясынан алады, әлеуметтанудағы психологиялық қатынастарды негіздеу шиеленіске әлеуметтік-психологиялық көзқарасты таратуды алып келді. Кейін әлеуметтану шиеленістерге төмен баға беретін функционализмнің күшті ықпалында болып, шиеленістер мәселесі әлеуметтанудан ығыстырылғандай жағдайға жетті. Алайда, ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап әлеуметтік шиеленістерді қоғамның ішкі өміріне ықпалы бар құбылыс ретінде қараған арнаулы еңбектер пайда бола бастады. Л.Козердің (АҚШ) “Позитивті-функционалды шиеленіс”,Р.Дарендорфтың (Германия) “Қоғамның шиеленісті моделі”, К.Боулдингтің

    2 Саяси жанжалдарды реттеудің технологиялары.

    Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы-- халықтың әл ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік-экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз ету. Оған қоса қоғамның саяси мәдениеті биік болса, билік басындағыларға, заң органдарына деген сенім арта, беки түседі. Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі.

    Біраз жағдайда дау-жанжалдардың алдын алу үшін билік басындағылар әр түрлі әдіс-айлаларды пайдаланады. Мысалы, халық мүддесін қанағаттандыра алмаған жағдайда, сіздерді мынадай жарқын болашақ күтіп тұр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір үміттен кейін келесі үміттің оты жануы мүмкін. Ол үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі.

    Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.

    1. Дау -жанжалдарға бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспей үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.

    2. Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, “ неістесең соны істе” деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.

    3. Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалдарға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

    4. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру.Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

    5. Аралық сот немесе ардбитраждық сараптау әдісі.Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еркілерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақ та мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады

    4 Саясаттанудағы саяси шиеленіс теориялары.

     Саяси шиеленістер туралы зерттеулер өзінің терең тамырларын ежелгі философтардан алады. Бүкіләлемдік тарихта бұл мәселелер біздің дәуірімізге дейінгі YІІ-YІ ғасырлардағы Қытай философтарының, Ежелгі Грекиядағы Анаксимандр мен Гераклиттің теориялық пайымдауларынан мәлім. Гераклиттің күрес жалпыға ортақ және “барлығы күрес арқылы және қажеттіліктер бойынша өтеді” деп түйіндегені белгілі. Осыған ұқсас ойларды басқа үлгіде Сократ, Платон, Полибий және басқалары да топшылады. Қоғамдағы шиеленістерді зерттеуге Н.Макиавелли көп көңіл бөлді. Ол әртүрлі деңгейдегі шиеленістерді сараптай отырып, олардың қоғамдық процестердің дамуындағы жағымды сипатын атап көрсетеді. Алайда, ХYІІІ ғасырдың соңына дейін саяси шиеленісті зерттеуші ойшылдар оны ең алдымен мемлекеттің реттеуші қызметі санап, үстемдік ету мен бағыну мәселелеріне жатқызды.

    Шиеленісті әлеуметтік құбылыс ретінде алғаш рет Адам Смит “Табиғат және байлық себептері туралы зерттеулер” (1775 ж.) атты еңбегінде талдады. «Шиеленістің негізінде, - деп атап көрсетті Смит-- қоғамның таптарға бөлінуі (капиталистер, жер иелері, жалдамалы жұмысшылар) және қоғам дамуының маңызды қозғаушы күші ретінде саналатын экономикалық қарсыластық жатыр». Сол сияқты, Гегельдің қарама-қарсылықтың күресі туралы ілімі шиеленістерді зерттеу үшін маңызды роль атқарады. Гегель шиеленістің негізгі себептерінің бірі деп бір жағынан “байлықтың жинақталуы”, екінші жағынан “таптық еңбекке қатынастағы” әлеуметтік алшақтықты көрсетеді.

    (АҚШ) “Шиеленістің жалпы теориясы”  концепциялары саяси ғылымда  кеңінен танымал болды. Жоғарыда аталған ғылыми еңбектермен мұқият танысқанда шетелдік

    саясаттанушылардың шиеленісті мәселесін  зерттеудегі таным аппаратын  және осы мәселені зерттеудегі символика  - логикалық талдауда үлкен жетістіктерге жеткені аңғарылады. Әлеуметтік шиеленістің шығуы мен оның себептері, даму бағыты, шешу әдістері осы зерттеушілердің еңбектеріндегі ең басты құндылық. Жалған бағалардан, деректер мен айғақтарды өз бетінше таңдаудан сақтандыратын нақты, сызба түріндегі модельдер бейнесінде берілді. Әлемнің осы заманғы дамыған елдеріндегі әлеуметтік шиеленістер туралы концепциялардың кеңінен таралуы және ұтымды пайдаланылуы,

    сондай-ақ оларды жасаушылардың қоғамдағы жоғары беделі бұл концепциялардың негізінен әлеуметтік таптардың абстрактылы мүдделеріне қатыссыз, жалпыадамзат көкейіндегі мүддені және олардың тікелей қажеттілігін көздейтіндігінен көрсетеді. Мысалы, АҚШ-та саясаттану беделді қоғамдық ғылымдардың біріне айналып, шиеленістерді реттеу, шиеленіс жағдайларын меңгеру теориясы ретінде қалыптасты. Оның практикалық маңызы әлеуметтік құбылыстарды қоғамдық танымды реттеу үшін таным деңгейі шеңберлерін жоғары алып, саяси шиеленістерді шешудің ғылыми

    жолдарын қалыптастыру. Шиеленістанудың  даму эволюциясындағы көрнекті зерттеулер қатарына Е.Б.Черняктың “Ғасырлық шиеленістер” (Мәскеу, 1988) кітабын жатқызуға болады. Ғалым бұл еңбегінде саяси шиеленіс мәселесін бүкіләлемдік тарихи материалдар негізінде зерттеген. Ежелгі Рим мен ерте христиандықтың, Византия мен Араб халифатының, ортағасырлық папа мен империяның қақтығыстарына, сондай-ақ түрік анычарлары мен герман ландскнехтері,британ пираттары мен испан инквизиторларымен болған соғыстарға, ал жаңа дәуірде – реакцияшыл күштер мен әртүрлі әлеуметтік қақтығыстарға кең көлемде талдау жасайды.

     


    написать администратору сайта