Главная страница
Навигация по странице:

  • Вариациялық қатардың графигінде

  • =

  • 15,16 статистика. 15. лестірім алабы жне Алтын има ережесі Алтын има, алтын пропорция орыс тілінде золотое сечение


    Скачать 14.92 Kb.
    Название15. лестірім алабы жне Алтын има ережесі Алтын има, алтын пропорция орыс тілінде золотое сечение
    Дата24.03.2022
    Размер14.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла15,16 статистика.docx
    ТипДокументы
    #413850

    15. Үлестірім алқабы және «Алтын қима» ережесі

    Алтын қима, алтын пропорция (орыс тілінде «золотое сечение») – объектіні тең емес бөлімдерге бөлген кезде жалпы ұзындығының үлкен ұзындыққа қатынасы үлкен ұзындықтың кіші ұзындыққа қатынасына тең болуы. Математикадағы бұл заңдылық тірі ағзалардың сыртқы құрылысына, сурет салу өнеріне, сондай-ақ архитектура саласына және т.б-ға тән. Мысал ретінде инелікті алып қарасақ, құйрығының ұзындығының тұлға бөлімінің ұзындығына қатынасы жалпы дене ұзындығының құйрық ұзындығының қатынасына тең. Алтын қима белгісімен белгіленеді. Алтын қима тұрақты 1,618-ге тең. Бұл тұрақты сан тікелей Фибоначчи сандарымен байланысты. Егер 1,1,2,3,5,8,13,21,34,55,89,144,233,377,610......... сандарын алсақ, 1,618, .

    Табиғатта алтын пропорцияға мысал: галактиканың құрылымы, дауылдың қозғалысы (ураган), ұлу бақалшағының спиральтәріздес сыртқы құрылысы, күнбағыстағы дәнектердің орналасуы мысал бола алады. Ал өнер туындыларынан: Хеопс пирамидасы, Афинадағы Парфенон, Париж Құдай анасының шіркеуі т.б жатқызамыз.

    Вариациялық қатардың графигінде оның биіктігінің тым созылыңқы немесе енінің тым жалпақ болмауы үшін «алтын қима» ережесін қолданылады. Ереже бойынша қисық сызықтың биіктігі (Н) мен оның табанының ұзындығы (D) белгілі қатынаста болуы керек. Оны мына формула арқылы анықтауға болады:

    = , мұндағы Н – биіктік немесе графиктегі ордината, D – ені немесе абсцисса.

    Мысалы әрбір класқа 2 см масштаб таңдасақ онда 8 класс үшін қисық сызықтың табанының ұзындығы 16 см. Енді формулаға оның мәндерін қойып, қисық сызықтың биіктігін табуға болады:

    = , бұдан H=

    Сонда ені (табаны) 16, ал биіктігі 10 см болғаны дұрыс.

    16. Интервалсыз және интервалды вариациялық қатарлардың ерекшелігі

    Сандық статистикалық мәлімет дискретті және үздіксіз деп екіге бөлінеді. Интервалсыз қатар дискретті сандарды жинақтауда қолданылады. Дискретті сандар міндетті түрде бүтін сандар болып табылады (5; 10; 102 т.б) Интервалсыз қатар арқылы отбасындағы балалар саны, жануарлардың кеуде ұштарының саны, гүл күлтелерінің саны, құстардағы омыртқа сүйектерінің саны сияқты мәліметтерді сипаттаймыз. Интервалсыз қатарды графикте бейнелеу үшін вариациялық қисық сызықты (полигонды) қолданамыз. Ол үшін әр класс пен оған сәйкес жиіліктің ортақ нүктесін белгілеп, барлық нүктелерді қосамыз. Нәтижесінде вариациялық қисық сызық (полигон) шығады.

    Интервалды қатар көп жағдайда үздіксіз сандық мәліметтерді жинақтауда қолданылады. Үздіксіз сандық мәлімет бөлшек сандардан құралады. Мысалы, жануарлардың салмағы, сүт майлылығының пайыздық көрсеткіші т.б. (5,6; 10,582; 96,21) Графикте гистограмма арқылы бейнелейміз. Әр аралыққа сәйкес жиілікті байланыстыру арқылы баған тәріздес график пайда болады. Бұл гистограмма деп аталады.


    написать администратору сайта