15-практика (2). 15 Практикалы саба Таырыбы Ми ан айналымыны бзылыстарында олданылатын дрілік препараттар. рысу синдромында олданылатын препараттар. (4 саат). Саба жоспары
Скачать 27.2 Kb.
|
№ 15 Практикалық сабақ Тақырыбы: Ми қан айналымының бұзылыстарында қолданылатын дәрілік препараттар. Құрысу синдромында қолданылатын препараттар. (4 сағат). Сабақ жоспары: 1.Ми қан айналымының бұзылыстарында қолданылатын дәрілік препараттар. 2. Құрысу синдромында қолданылатын препараттар. 3.Нерв жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар. 4.Инсульт кезінде қолданылатын дәрілік терапияның қағидалары. 5.Мидың қан айналымының жедел бұзылыстарындағы нақтылану терапиясының негізгі бағыттары 6.Нейрометаболиттік заттар Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Ми қан айналымының бұзылыстарында қолданылатын дәрілердің фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерін игеру. Ми қан айналымының бұзылыстарында қолданылатын дәрілік заттардың әсер механизмін,фармакологиялық әсерін,қолдану көрсетпелерін және жағымсыз әсерін түсіндіру. Сабақтың мазмұны: Жүректің ишемиялық ауруларында және ми қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын дәрілер. Антиангинальды дәрілер жүректің ишемиялық ауруларында қолданылады.Жүректің ишемиялық аурулары: Стенокардия (жүректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы), миокард инфарктісі, инфарктіден кейінгі кардиосклероз, аритмиялар, жүрек жеткіліксіздігі. Нитраттар: Нитроглицерин (Nitroglycerinum) (Перлинганит) 0,0005таблеткада, 0,1%-10мл ампулада. Нитросорбид (Изокет-Isoket, Кардикет) (Nitrosorbidum) 0,005/0,01таблеткада. Изокет – 5мг, 20мг, 40мг, 60мг таблеткада; 0,1%-10мл ампулада. 15мл аэрозоль. Эринит (Erynitum) 0,01г-0,02г. таблеткада, Нитронг (Nitrong), Сустак (Sustac)- 0,0026г.-Сустак мите, 0,0064г.-Сустак форте таблетка. Әсері: жүректің оттегіне сұранысын төмендетеді, жүрекке жиырылу алдында түсетін күшті азайтады, коронароспазмды төмендетеді, коронарлы перфузияны (тамырларда қан жүруі) жақсартады. Қолданылады: стенокардия ұстамасын емдеуде және алдын алуға, жіті миокард инфарктісінде, жүрек жеткіліксіздігінде. Жанама әсері: бас ауру, гипотензия, рефлекторлы тахикардия. β-адреноблокаторлар: Анаприлин (Обзидан) (Anaprilinum)10мг-40мг таблеткада; 0,25% — 1ml ампулада. Атенолол, Метопролол (Корвитол), Бисопролол (Конкор) 5мг,10мг,20мг таб., Пропраналол. Әсері: жүректің оттегіне сұранысын төмендетеді, жиырылуын және жиырылу жылдамдығын төмендетеді (↓ЧСС). Жанама әсері: брадикардия, сол жақ қарыншаның жиырылу қызметінің төмендеуі, бронхоспазм, әлсіздік, қант диабетінің асқынулары. Қолданылады: стенокардияда, аритмияда, асқынбаған миокрд инфарктісінде.Анаприлиннен бронхоспазм болатындықтан қолданбайды. Кальций арналарының блокаторлары: Верапамил (Verapamilum) (Изоптин), Нифедипин (Nifedipinum). (Коринфар Corinfar )), Амлодипин. Калий арналарының блокаторы: Амиодарон (Amiodoronum) (Кордарон-Cordarone). Әсері: Жүректің оттегіне сұранысын төмендетеді, жиырылуын және жиырылу жылдамдығын төмендетеді (↓ЧСС), артериялық қысымды төмендетеді, оттегі келуін жеңілдетеді, бронхыларды кеңейтеді, коронароспазмды төмендетеді, коронарлы перфузияны (тамырларда қан жүруі) жақсартады. Жанама әсері: бас ауру, ыстық сезім, сол жақ қарыншаның жиырылу қызметінің төмендеуі, брадикардия, ісіну, іш қату. Қолданылады: Нитраттар мен β- адреноблокаторлар көмектеспегенде, жүрек ауруы мен гипертониялық ауру қатар дамығанда, стенокардия мен аритмия қатар дамығанда. Миотропты жүрек артерияларын кеңейтетін антиагрегант дәрілер:Дипиридамол-Dipyridamolum (Курантил -Curantyl) 25мг; 75мг таблеткада. 0,5%-2мл ампулада, Предуктал 20мг таблеткада. Тітіркендіргіш, спазмолитикалық әсерлі дәрі: Валидол. Қосымша қолданылатын дәрі топтары: антиагреганттар, антикоагулянттар, гиполипидемиялық дәрілер, фибринолитиктер, жүректе метаболизмді жақсартатын дәрілер. Миокард инфарктісінде қолданылатын дәрілер: Жүректің ишемияланған аймағында тыртық (некроз) пайда болады. Миокард инфарктысы кезінде қатты ауырсыну, аритмия, қозғыштық, үрей, қорқыныш сезімі, жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, артериялық қысымның төмендеуі болып, кардиогенді шок болуы мүмкін. Қолданылатын дәрі топтары: Қатты ауырсынуды басуға:наркотикалық анальгетиктер: Морфин 1%-1мл амп., Фентанил 0,005%-2мл; Үрей, қорқыныш сезімін басуға:транквилизатор: Диазепам (Сибазон, Реланиум-Relanium) 5мг таб.; 0,5%-2мл; Жүрек ритмін реттеуге антиаритмиялық әсерлі жергілікті анестетик: Лидокаин 2% — 2мл амп.; Қанның ұюына қарсы:антикоагулянт: Гепарин (Heparinum) 5000 ӘБ – құтыдағы сұйық, Фраксипарин 0,3/0,6/0,8мл дайын шприцте; Тромбтарды ерітуге, қан сұйылтуға: антиагрегант: Аспирин (ТробоАСС, Тромбокард, Кардиомагнил) 50,75,100мг таблеткада; Жаңа пайда болған фибриндерді ерітуге: фибринолитикалық дәрі: Стрептокиназа (Streptokinasa) 250000/500000ӘБ; Алтеплаза. Қан қысымы төмендесе: α- адреномиметик: Мезатон 1%-1амп.; қан қысымы жоғары болып, жүрек жмысы бзылысында: β — адреноблокатор: Атенолол 0,025/0,05 таб.; Жүрек тамырын кеңейтуге: нитроглицерин препараттары: Перлинганит 0,1%-10мл ампулада.; Қан жүрісін жақсартып, көлемін арттыруға: плазмаалмастырғыш сұйықтар: Натрий хлорид 0,9% ерітінді, Натрий гидрокарбонаты 4% ерітінді, Глюкоза 5% ерітінді; Гипоксияның алдын алып, тынысын реттеуге: Оксигенотерапия: оттегімен демалдыру; Жіті коронарлы синдромда қолданылатын жиынтық:: аспирин-500мг, плавикс (клопидогрел)-300мг, беталок (метопролол)-1мг/мл, гепарин- 5тыс.ЕД/мл, изокет спрей, тропонил J- тест. Ми қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын дәрілер. Ми қан айналымының ауытқуларына байланысты неврологилық, психикалық ауруларда, атеросклерозда, көз және құлақ ауруларында белгіленеді. Қолданылатын дәрілер: 1.Ноотроптар: Пирацетам (Ноотропил) 0,2/0,4 таб. 20%-5мл амп, Энцефабол 0,1-0,2 драже, 200мл суспензия, Аминалон 0,25таб. 2.Ми тамырларындағы қан айналымын жақсартатын әртүрлі дәрілер: Циннаризин (Cinnarizine) (Стугерон)25мг таб., Кавинтон (Cavinton) (Винпоцетин) 5/10мг таб; 0,5%-2мл амп, Нимодипин (Nimodipine) (Нимотоп) 30мг таб.; 10мг/50мл фл., Сермион 5, 10, 30мг таб.; 4мг флаконда еріткішімен, Танакан 40мг таб.; 40мг/мл- флаконда 30мл, Трентал (Trental) (Пентоксифиллин) 0,1/0,4 драже; 2% — 5мл амп., Церебролизин (Cerebrolysinum) 5%- 1мл бұлшықетке егуге; 5мл тамырға егуге, Актовегин (Actovegin) (Солкосерил-Solcoseryl) 80мг/2мл; 200мг/5мл, 400мг/10мл амп.; 5% крем, жағылма, 20% көзге жағатын гель; 0,2 драже, 10/20% -200мл инфузиялық сұйық, Цераксон 500/1000мг — 4мл бұлшықетке, көктамырға енгізуге; 30мл ішетін сұйық, Кортексин 10мг құрғақ зат ерітіп бұлшықетке салуға, Эуфиллин 0,15 таб.; 2,4% — 5мл амп, Никотин қышқылы 0,05 таб.; 1% — 1мл амп.. Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер Сабақтарды өткізу тәртібі: - сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау; - білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау; - оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау; - семинар – «дөңгелек стол». Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін): І-ші деңгей: 1. Нерв жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар. 2. Инсульт кезінде қолданылатын дәрілік терапияның қағидалары. 3. Мидың қан айналымының жедел бұзылыстарындағы нақтылану терапиясының негізгі бағыттары – ишемиялық ошақтарының жартылай көлеңкелеріндегі парапар келетін перфузиясын қалыптастыру және ишемиялық ошақтардың көлемін азайту, қанның реологиялық және ұю қасиеттерін реттеу, ишемияның әсерінен нейрондардың зақымдануын қорғау, нерв тіндерінің репаративті үдерістерін белсендіру. 4. Нейрометаболиттік заттар: ноотроптар және церебропротекторлар (пирацетам, глицин, семакс, церебролизин және т.б.), әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, қолдануға қарсы көрсеткіштері. Жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері. 5. Эпилепсияның консервативті емдеуі. Эпилепсияның ұстама түрінде және типіне байланысты препараттарды таңдау. Қазіргі таңдағы эпилепсияға қарсы препараттардың (ламотриджин, тиагабин және т. б.). ерекшеліктері. Ми қабығының зақымдану синдромдары (менингиттер). Менингиттердің фармакотерапиясының жалпы қағидалары. Нейроинфекцияларда қолданылатын бактерияларға қарсы заттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, қолдануға қарсы көрсеткіштері. Жасқа байланысты қолданылу ерекшеліктері. ІІ-ші деңгей: Рецепт түрде жазу: 1. Пирролидон туындылары (пирацетам, луцетам, фенотропил) 2. Диметиламиноэтанол туындылары (деманол, деанол ацеглуматы) 3. Пиридоксин туындылары (энцефабол, пиритинол) 4. У-аминомай қышқылының туындылары (ГАМҚ) (аминалон, пикамилон, фенибут, гаммалон) 5. Гинкго билоба туындылары (танакан, билобил) 6. N-метил - D-аспартаты (NMDA) рецепторларына әсер ететін препараттар (акатинол, метиантин) 7. Холинергиялық құрылымдарға тропты болатын препараттар (глиатилин) 8. Жануарлардан алынатын препараттар (церебролизин, кортексин, актовегин) 9. Аралас әсерлі препараттар (инстенон) ІІІ-ші деңгей: Ситуациялық есептер: Есеп №1 Жедел психозды жеңілдету үшін препараттың бір ғана парентералды енгізуі баладаға қауіпті гипотензияны тудырды. 1. Науқасқа қандай дәрі берілді? 2. Таңдалған дәрі-дәрмектер қандай топқа жатады? 3. Гипотензияны қалай түсіндіруге болады? 4. Препараттың антипсихотикалық әсер механизмі қандай? Есеп №2 15 жастағы қыз дəрігерге денсаулықтың нашарлығы туралы шағымданды. Бір апта бұрын мұрнынан су ағу,түшкіру , ал соңғы күндерде көңіл-күйдің төмендеуі, тәбеттің төмендеуі болды. Науқасты зерттегенде тұмаудың басқа белгілерінсіз риниттің ауыр ағымды түрі анықталды. Температура қалыпты. Науқас дәрігер-невропатолог тағайындаған ұзақ уақыт дәрі-дәрмекті қабылдады. 1. Науқаста қандай дәрі-дәрмек қабылданады? 2. Таңдалған дәрі-дәрмектер қандай топқа жатады? 3. Көмек көрсету шаралары? Есеп №3 Жасөспірім 15 жасқа толды, үнемі қорқыныш, алаңдаушылық, ұйқысулар, нервоздықтар туралы шағымдары бар. Осы жағдайы әкесінің өлімімен байланысты. 1. Науқасқа қорқыныш сезімін жою үшін қандай препарат ұсынуға болады? 2. Таңдалған дәрі-дәрмектер қандай топқа жатады? 3. Бұл жағдайда антипсихотикалық препараттарды ұсынуға болады ма, өйткені оларда седативтік әсер бар ма? Есеп №4 Науқас Асқар 48 жаста. АГ 1 сатысымен ауырады. Ишимиялық инсультпен емделген. 30 күн көктамырға тамшылатып церебролизин қабылдаған. Осы уақыт емдеу барысында науқастың дене қызуы 38 С сақталған. Дене қызуын түсіру үшін терапия жүргізілген: цефазолинмен , бірақ нәтижесіз. 1)Дене қызуының көтерілу себебі? 2) Бұл жағдайда кім кінәлі? 3) Не істеу қажет? Есеп №5 11 сынып оқитын мектеп оқушысына емтихан алдында есте сақтау қызметін жақсарту үшін және білім алуын нығайту үшін қандай препараттарды тағайындауға болады. 1.Қандай топ препараттын тағайындаймыз? 2.Тағайындаған топ препаратыныздың әсерін көрсетіңіз? Есеп №6 4 жасар Фатима деген қыз, диагнозы: микроцефалия. Қызды тырысуға қарсы және дегидратациялық дәрмектермен емдеген. Сонымен қатар тыныштандыратын дәрі – күніне 4 тамшы валериан тұнбасын (Дәрілік шүйгіншөп)қабылдайды. 7 күннен кейін ұйқышылдық, тежелгіш, іш қату байқалған. 1.Клиникалық симптомдардың пайда болу себебі? 2.Сіздің іс-әрекетіңіз? Есеп №7 Науқас Ж.,стационарда депрессияға байланысты амитриптилин қабылдайды. Ем алу барысында біршама жақсарды, бірақ аузының құрғауына, көруінің нашарлауына(жақын орналасқан заттарды), іш қатуға,кіші дәретінің тоқтауына шағымданады. Антидепрессанттар топ дәрісі. 1.Амитриптилин басқа балама қандай дәрмек ұсынуға болады? 2.Антидепрессанттардың қай тобы жағымсыз әсерлері тудырмайды? Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (30 ұпай дейін): Қанқа түзілуіне әсер ететін және кальций-фосфор алмасуын реттейтін дәрілік препараттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері негізгі дәрілерге рецепт жазу. – презентация. Құрысу синдромында, қолданылатын дәрілік препараттар. Негізгі дәрілерге рецепт жазу. – презентация. Білімгердің оқытушымен бірлесе орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптық жоспарлары (БОӨЖ) 1. Неврогенды комалардың фармакотерапиясы . Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер: Фармакология Оқулық, 2014ж. Д.А.Харкевич. ауд. С.Б.Сламжанова. Фармакология, Оқулық, 2015ж. Д.А.Харкевич. ауд. С.Б.Сламжанова. Фармакология, Оқу құралы, 2016ж. Г. М. Пичхадзе, Д. М. Кадырова, И. И. Ким, М. Карбаева. Фармакология кесте мен сызбада Оқу-әдістемелік құрал, 2014ж. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н Жалпы рецептура жалпы фармакология. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы-2012ж. Орманов Н.Ж., Сырманова Н.Р., Орманова Л.Н Антибактериалды антибиотиктердің клиникалық фармакологиясы. Оқу-әдістемелік құрал.Алматы -2011ж Керимбаева З.А Электронды оқулық: 1. Фармакология. Оқулық: Москва : ГЭОТАР-Медиа, 2015ж Д.А. Харкевич; С.Б. Сламжанова http://www.studmedlib.ru |