анат15. 15 Тжірибелік саба Таырып
Скачать 24.72 Kb.
|
№15 Тәжірибелік сабақ Тақырып: Ішкі секрециялық мүшелер, қалқанша, қалқанша маңы бездері. Гипофиз бен эпифиз. Бүйрекүсті безідері, қыртысты және милы заттары. Мақсаты: Ішкі секрециялық мүшелер, қалқанша, қалқанша маңы бездері. Гипофиз бен эпифиз. Бүйрекүсті безідері, қыртысты және милы заттары топографиясын жете оқып, оқыған білімді клиникалық кафедраларда қолдана білу. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Ішкі секрециялық мүшелер Жауабы: Эндокринді бездер (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмніңсұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады. Гипоталамус-гипофиздік жүйе Толық мақалалары: Гипоталамус және Гипофиз Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады. Қалқанша, қалқанша маңы бездері. Жауабы:Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі. Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г. Қызметі: 1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады; 2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді; 3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады. Қалқаншамаңы безі (glandula parathyroideae, лат. glandula - без; гр. рага - маңы, қасы; thyreos — қалқан) — қалқанша безі маңында немесе оның ішінде орналасқан кішкене денешік тәрізді ішкі секреция безі. Ол сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Без паренхимасында жасушалар тізбектеліп немесе топталып орналасып, безді жасушалар бағандарын құрайды. Олардың аралықтарында қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасының жұқа қабаттары болады. Қалқаншамаңы безі жасушаларын паратироциттер деп атайды. Олар негізгі (базофилді) және ацидофилды (оксифилді) паратироциттер болып екі топқа бөлінеді. Негізгі паратироциттер қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылататын паратирин гормонын бөліп шығарады. Ацидофильді жасушалар — қызметін тоқтатқан, ескіру кезеңіндегі паратироциттер. Құрылысы: Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып, оған жанаса орналасқан. Қалқанша безге жақын жабыса орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг. Ересек адамда әр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, калыңдығы 1-2 мм. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 46-50 дейін өседі. Қызметі: 1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді; 2) 1 құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді 3) денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс аркылы шығарылуын қамтамасыз етеді. Гипофиз бен эпифиз. Жауабы: Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген. Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді; 2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді; 3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді; 4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді; 5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді; 6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды. Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді. Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады. Эпифиз (шишковидная железа); (epiphysis, грек, ері — үстінде, рһуо — өскін, бүр) — аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді. Пинеалоциттер боялу сипатына қарай ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. Пинеалоциттер жыныс мүшелерінің дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп шығарады. Бүйрекүсті безідері, қыртысты және милы заттары. Жауабы:Бүйрекүсті безі (лат. glandula sup-rarenalis, лат.glandula — «без», лат.supra — «үсті» және лат.ren — «бүйрек») — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі.Бүйрекүсті безі — шығу тегі екі түрлі жеке құрылымнан (мезодерма спланхнотомынан және жүйке түтігі қыршаларынан) дамып қалыптасады. Ол сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы қапшықпен (капсуламен) қапталған. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған. Бүйрекүсті безінің бозғыл заты нейроэндокринді бездерге жатады. Бездің қыртысты затын құрайтын пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар (эндокриноциттер), өз кезегінде пішіні әртүрлі эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш: шумақты (доғалы), будалы және торлы аймақтар түзеді. Шумақты аймақ эндокриноциттері — минералокортикоид гормондарын, будалы аймақ жасушалар — глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ эндокриноциттері — андроген гормондарын бөледі. Минералокортикоид гормондары — альдостерондар организмдегі су және түз алмасуын, ал глюкокортикоид гормондары — кортикостерон, кортизон, гидрокортизон көмірсу, протеин және липид алмасуын реттеуге қатысады. Андроген гормоны — аталық жыныс гормоны тестостеронға ұқсас. Бүйрекүсті безінің ішкі жагындағы бозғылт затты — медуллалы эндокриноциттер (нейроэндокринді хромаффиноциттер) құрайды. Ақшыл түсті эпинефроциттер (нейроэндокриноциттер) - адреналин, ал күңгірт түсті норэпинефроциттер - норадреналин гормондарын бөледі.[ Оқу және оқыту әдістері: Кіші топ Жоғарыда берілген сұрақтар бойынша оқулықты, планшеттерді, муляждарды, атласты, адам қанқасын қолдана отырып, анатомиялық секцияда ылғалды препараттарды, адамның қантамырлық - жүйкелік мәйітін қолданып көкірекаралықтың: жіктелуін, қабырғасын, көкірекаралық мүшелер топографиясын қарап оқу керек. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі: Қазақ тілінде: 1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы – І, ІІ том, 2004. 2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы – І, ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006. 3. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І, ІІ, ІІІ, ІУ том. Астана: «Фолиант», 2005. Орыс тілінде: 1. Сапин М.Р., Никитюк Д.Б., Швецов Э.В. Атлас нормальной анатомии человека, 2-х томах. М.: «МЕДПресс-информ», 2006. 2. Сапин М.Р. Анатомия человека, 2-х томах. М.: «Медицина», 2003. 3. Сергиенко В.И., Петросян Э.А., Фраучи И.В. Топографическая анатомия и оперативная хирургия, в 2-х томах. М.: «ГЭОТАР-МЕД», 2001. 4. Синельников Р.Д. Атлас анатомии человека – І, ІІ, ІІІ, ІУ тома. М.: «Медицина», 1996. 5. Привес М.Г., Лысенков Н.К., Бушкович В.И. Анатомия человека. Л.: «Медицина», 1985. 6. Сапин М.Р. Анатомия человека, в 2-х томах. М.: «Медицина», 1986. 7. Островерхов Г.Е., Лубоцкий Д.Н., Бомаш Ю.М. Курс оперативной хирургии и топографической анатомии. Курск, 1998. 8. Гайворонский И.В. Нормальная анатомия человека, в 2-х томах. СПб.: «СпецЛит», 2004. Ағылшын тілінде: 1. D.Chaurasia, s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection and Clinical. Fourth Edition, 2004. 2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy. Fourth Edition, 2004. Қосымша: Қазақ тілінде: 1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993. 2. Нұрмахамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функциональдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007. Орыс тілінде: 1. Сергиенко В.И., Петросян Э.А., Сухинин А.А. Учебно-методическое пособие к практическим занятиям по оперативной хирургии и топографической анатомии для студентов лечебного факультета. М.: «ГЭОТАР-МЕД», 2002. 2. Нурмухамбетова Б.Н. Функциональная анатомия лимфатической системы. Учебное пособие. Алматы, 2000. 3. Гайворонский И.В. Анатомия и физиология человека: Учебник для мед.ВУЗов., СПб.: «СпецЛит», 2004. Ағылшын тілінде: 1. Chummy S.Sinnatamby. Last, s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition 2. Kent M.Van De Graaff/ Stuart Ira Fox. Concepts of Human Anatomy and Physiology. Second Edition. 3. Johannes W.Rohen, Chihiro Yokochi, Elke Lutjen-Drecoll. Color Atlas of Anatomy. Fourth Edition. A Photographic Study of the Human Body |