ата заң 21ж. 164 ббекжай балабашасыМКк мегеруші Рыскулова. Б. Н кні Аайыересектер тобы
Скачать 243.17 Kb.
|
Бекітіледі: №164 бөбекжай балабақшасыМКҚК Меңгеруші:___________Рыскулова.Б.Н Күні:__________ «Аққайың»ересектер тобы. 30 Тамыз – Ата заң күні. 30 Тамыз – Ата заң күні. Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу. Көрнекілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы, слайд. Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әнұран, ойын. Балалар шаттық шеңберге тұрып амандасады: Амансың ба, көк аспан! Амансың ба, жер - ана! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам. Тәрбиеші: сұрақтар қояды, балалар жауап береді. - Арайлаған танды сүйетін кім? - Алтын сәулені сүйетін кім? - Жарқын даланы сүйетін кім? - Туған жерді сүйетін кім? - Ата - ананы сүйетін кім? - Досын сүйетін кім? - Еліміздің болашағы кімдер? Тәрбиеші:- Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995жылы өз Ата Заңымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Елдігімнің – реңі, Тендігімнің – тірегі, Мүддесінен халықтың Ажырамас бір елі. Алтын заңым – арай таңым! Балаларға конституция кітабының суретін көрсетеді. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары - үлкендерде, балалар да - мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс. Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау. Тәрбиеші:- Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз? - Қазақстанның елордасы қай қала? - Елбасымыз кім? - Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе? - Балалар сендер рәміздер туралы білесіңдер ме? Тәрбиеші: Қатар шапқан қос тұлпар, Ай үстінде қазақ үй Қалықтаған жас сұңқар. Шарықтаған таза күн Бұл таңбасы елімнің, Елдігімнің белгісі. Балаларға елтаңбаны көрсетіп түсіндіреді. Балаларға туды көрсетіп түсіндіреді. Балаларға әнұран айтуды ұсынады Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады. Еркежан Диас Нұрислам Айсұлтан Ақниет Қазына Қ. Рамазан Сезім Сұлтан И. Рамазан. Нұрайым Лимана Аяжан Жансая Мақсат Кәусар Дарын Рамина Аяулым Тәрбиеші: Конституция күні баршамызға құтты болсын |