Документ Microsoft Word. 17 млн десятина
Скачать 31.98 Kb.
|
1) Егер 1853-1905 жылдар аралығында қазақтардан 4 млн десятина жер тартып алынған болса, бұл көрсеткіш 1906-1907 жылдары қаншаға жетті? 17 млн. десятина 2) Шәкәрім Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі” кітабы қашан шықты? 1911 жылы 3) ХІХғ. соңы - ХХғ. басында Қазақ жерінде неше жаңа қала пайда болды? 19 4) 1905 жылы мамырда үкіметке қарсы Қарқаралы ереуілін ұйымдастырған кім? М.Дулатов 5) 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифестін қазақ ұлттық-демократиялық зиялылары қалай қабылдады? Манифесттің негізгі ережелерін сынға алды 6) ХХ ғасырдың басындағы 300-400 жұмысшысы бар ірі өнеркәсіпорны: Успен кеніші 7) Қазақстанда І-дүниежүзілік соғыс жылдары күнделікті орташа табыс қанша болды? 20 тиын 7) «Алаш» партиясының төрағасы? Ә.Бөкейханов 8) Қай жылы «Алаш» партиясының облыстық, уездік съездері өткізілді? 1917 ж. сәуір-мамыр 9) Алаш партиясы қандай қоғамдық даму жолына бағыт алған зиялылардан тұрды? Капиталистік қоғам 10) ХХ ғасырдың басында 15 десятинадан асатын егістік жері бар топ қалай аталды? кулак 11) 1914-1916 жылдары Түркістан өлкесі Ресейдің орталық аудандарына қандай ауылшаруашылық шикізатын жеткізіп отырды? Аталғандардың барлығы 12) 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» атты шығармалар жинағының авторы? А.Байтұрсынов 13) ХХ ғасырдың басында Қазақстанда өнеркәсіптің жақсы дамыған түрі: кен өндірісі 14) ХХ ғасырдың басында Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетінің негізгі бағыттары мен мазмұнына ықпал еткен факторлар? Аталғандардың барлығы 15) Қай жылы патша үкіметі ағарту ісін дамыту туралы Заң қабылдады? 1906 ж. 16)1897 жылғы санақ бойынша өлке халқының сауатты бөлігі қанша пайызды құрады? 8,1 % 17) Қазақстанда демократиялық қозғалыстардың жаңа өрлеу кезеңі қашан басталды? 1912 18) 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы қамтыған территория: Бүкіл Қазақстанды 19) 1916 жылы көтеріліс кезінде ақсүйек тұқымынан шыққандардың әскерден босатылатыны туралы құпия жарлыққа кім қол қойды? Генерал-губернатор Куропаткин 20) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде дала ақсүйектерінен кімдер сайланды? Хандар 21)1916ж. Жетісуда революцияның ең ірі ошағы болған қала: Қарқара 22) Қарқара аймағындағы көтерілістің жетекшісі кім? Ұ.Саурықов 23) Торғайдағы көтерілісті басу үшін патша кімнің қолбасшылығындағы отрядты жіберді? Генерал Лаврентьев 24) 1916 ж. патша үкіметі қазақтардан қанша гектар жерді тартып алды? 40 млн.га 25) 1916 ж. қарашада Торғайдағы көтерілісшілердің саны қаншаға жетті? 50 мың 26) ХХ ғасырдың басында Торғай облысында бастауыш мектеп бойынша жан басына шаққанда бөлінген қаражат мөлшері қанша? 6,9 тиын 27) Патша жарлығына қарсы шығып, қара жұмысқа барудан бас тартқан революцияшыл топ өкілдері: А.Иманов, Т.Бокин 28) 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына сәйкес Дала өлкесі мен Түркістаннан қанша адамды әскерге алу жоспарланды? 400 мың 29) 1916 жылы Торғай облысында көтерілісшілердің қолбасшысы қалай аталды? Сардарбек 30)Жетісудағы 237 мыңнан астам қазақ жазалаушылардың қудалауымен қайда көшіп кетті? Қытай 31) Бірінші дүниежүзілік соғыстың әділетсіздігі мен мәнсіздігі туралы «Қазақ» газетінде жазған танымал қоғам қайраткері: А.Бөкейханов 32) 1916 жылғы патша жарлығына қатысты Алаш зиялылары қандай позиция ұстанды? Ымыраластық тактика ұстанды 33) 1916 жылғы көтеріліс барысында Верный уезінің ханы кім болып сайланды? Б.Әшекеев 34) 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Жетісудың әскери губернаторы: Фольбаум 35) 1916 жылғы көтеріліс барысында айтылған мына сөз кімдікі: «Егер әскер берсек – ұлдарымыздан айрыламыз, бермесек – ақсақалдарымыздан айрыламыз, өлсек те берілмеуіміз керек»! Жәменке Мәмбетов 36) 1916 жылғы көтеріліс барысында Торғай уезінің ханы кім болып сайланды? А.Жанбосынов 37) Жазушы Л.Соболев кім туралы жазды: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді..Олар ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты...»? Амангелді әскері туралы 38) «Оян, қазақ» кітабының авторы? М.Дулатов 39) 1917 жылғы қарашада құрылған Түркістан автономиясының құрамына Қазақстанның қай облыстары кірді? Сырдария мен Жетісу 40) 1917 жылы қарашада IV Төтенше Түркістан съездінің нәтижесінде қандай ұлттық автономия құрылды? Түркістан республикасы 41) 1917 жылы шілдеде бірінші жалпықазақтық съезд қай қалада өтті? Орынбор 42) «Алаш» партиясының бағдарламасы қай басылым бетінде жарық көрді? «Қазақ» газеті 43) «Үшжүз» партиясы қай жылы құрылды? 1917 ж 44)“Үшжүз” партиясыныңжетекшісі: К.Тоғысов 45)1938жылы «Ленфильм» киностудиясы жасап шығарған қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі: «Амангелді» 46) 1917 жылы Жетісу облысында Уақытша Үкіметтің комиссары кім болып тағайындалды? М.Тынышпаев 47) 1917 жылы Торғай облысында Уақытша Үкіметтің комиссары кім болып тағайындалды? А.Бөкейханов 48) «Қазақ жастарының революциялық одағы» атты жастар ұйымының ұйымдастырушысы:Т.Рысқұлов 49) «Қазақ» апталық газетінің алғашқы редакторы: А.Байтұрсынов 50) 1917 жылы А.Байтұрсынов пен М.Дулатов ұсынған идея: Автономия құру 51) 1915 – 1917 жылдары Қазақстанда қандай жастар ұйымдары құрылды? «Бірлік», «Жас қазақ» 52) «Еркін дала» жастар ұйымы қай қалада құрылды? Орынбор 53) Уақытша Үкіметтің Қазақстанда жүргізген алғашқы іс-шаралары: Патша өкіметінің жергілікті органдарын жою 54) Қазақстанда жұмысшылар мен солдат депутаттардың Кеңесі қашан құрылды? 1917 ж. наурыз 55) «Жас қазақ» жастар ұйымының көшбасшысы кім? С.Сейфуллин 56) Қазақстанда Кеңес билігін орнатуға белсенді атсалысқан: Ә.Жангелдин 57) Қай автономия ресми түрде ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялады? Түркістан Автономиясы 58) Қай қалада алғаш Кеңес билігі орнатылды? Перовск 59)1918 жылы наурыздың 2-сінен 3-іне қараған түнде қарулы қақтығыс нәтижесінде Кеңес өкіметі орнаған қала: Верный 60) Әскери коммунизм саясатындағы азық-түлік салғырты қашан енгізілді? 1919 ж. қаңтар 61) Қазақ АКСР-інің құрылғандығы туралы декрет қашан қабылданды? 1920 жылы 20 тамыз 62) Қазақ АКСР-інің алғашқы астанасы: Орынбор 63) 1919 жылы шілдеде Орал қаласын азат етуде қаза тапқан: В.Чапаев 64) 1919 жылы қаңтарда Қызыл Әскер азат еткен қалалар: Орынбор мен Орал 65) Өлкеде Кеңес өкіметі қарулы күреспен қай аудандарда орнады? Семей, Орынбор, Верный 66) 1918 ж. 18 қаңтарда Кеңес өкіметі қай жерде орнатылды? Орынборда 67) Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату неше айға созылды? 5 68) Сол кездері Астрахан губерниясының құрамында болған Бөкей Ордасында Кеңес билігі қашан орнады? 1917 жылы желтоқсан 69) 1920 жылы наурызда«Алаш Орда» басшыларының қайсысы өз серіктестерімен бірге кеңес билігі жағына шықты? А.Байтұрсынов 70) 1917 жылы қарашада Қазақстанның қай қаласында азаматтық соғыстың алғашқы ошағы пайда болды? Орынборда 71) 1917 жылы қарашада қайда контрреволюция ошағы пайда болды? Оралда 72) Жермен бітім туралы декреттер қашан қабылданды? 1917ж 25-26 қазан 73) Черкасск қорғанысының партизандары атаман Анненков тобына неше ай бойы тойтарыс берді? 13 ай 74) Атаман Дутов Орынборды қашан басып алды? 1918 ж. маусымда 75) 1920 ж. мамырда неше жастағы азаматтар армияға шақырылды? 19-35 жастағы 76) Ақтөбе майданы қашан жойылды? 1919 ж. қыркүйек 77) Азамат соғысы кезіндегі Черкасск қорғанысының тарихи маңызы қандай? Сібір мен Орта Азия контрреволюциясының бірігуіне жол бермеді 78) Атбасар уезінің Мариновка қонысындағы партизан командирі кім? Н.М.Ирченко 79) Орал мен Орынбор облыстарын азат етуді қай майданға жүктеді? Түркістан майданы 80) Солтүстік Жетісу майданы қашан жойылды? 1920 ж. наурыз 81) Алғашқы Алаш ат полкі қай қалада құрылды? Семей 82) Қай жылы Қазақстанның негізгі территориясы ақ гвардияшылардан азат етілді? 1919 ж. 83) Жетісуда Кеңес билігі үшін күресте үлкен роль атқарған оқиға:Черкасск қорғанысы 84) Қазақстанда азаматтық соғыстың аяқталған жылы: 1920 ж 85) Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет қашан құрылды? 1919 ж. 10 шілде 86) 1919 ж. Қазревком басшылығына кім келді? С.Пестковский 87) 1918 жылы тұңғыш кеңестік үлгілі қазақ кавалерия полкі қайда құрылды? Бөкей Ордасында 88)1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, атылған қазақ лингвистикасының негізін салушы, Алаш Орда басшыларының бірі: А.Байтұрсынов 89) Қазақстанда азамат соғысының соңғы майданы қашан жойылды? 1920 ж. наурызда 90) 1920 жылы 4 қазанда Орынбордағы Құрылтай съезінде Қазақ АКСР-інің Орталық АК-нің төрағасы болып кім сайланды? С.Меңдешев 91) Әскери коммунизм саясатының негізгі белгілері қандай ? Берілген жауаптардың бәрі дұрыс 92) 1921-1922 ж. аштықтың қазақ халқына тигізген зардабы қандай? Демографиялық жағдай ауырлады 93) «Қосшы одағы» қашан құрылды? 1921 ж 94) 1922 ж. Ә.Жангелдинбастаған «ҚызылКеруен» жолының бағыты:Орынбор-Ақмола-Семей 95) 1921 жылғы жер-су реформасының басты мақсаты: Қазақтарға патша тартып алған жерлерін қайтару 96) Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға қашан берілді? 1931 ж қаңтарда 97) «Түрксіб» темір жолы басшыларының бірі: Т. Рысқұлов 98) Түрксіб темір жолы құрылысында қанша адам еңбек етті? 100000 99) «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қашан құрылды? 1924 ж. 100) ХХғасырдың 20 жылдарындағы Қазақстанның ірі ғылыми орталығы: Қазақстанды зерттеу қоғамы 101) Қай жылы Қазақстан астанасы Алматыға көшірілді? 1929 ж. 102) Индустрияландыру кезінде Ф.И.Голощекиннің «КішіҚазан» бағытын ақарсы шығып,өз идеясын ұсынған кім? С.Сәдуақасов 103) Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру неден басталды? Табиғи байлықтарды зерттеу 104)Индустрияландыру қарсаңындағы ауылдық жерлердегі халық үлесі: 90% 105) «Екінші Баку» - бұл: Мұнайлы Ембі 106) Қазақстан көмір өндірісінде Стахановтың ізбасары болған шахтер кім? Т.Күзембаев 107) Қазақстандағы ұжымдастыру қарсаңындағы мал басы саны? 40,5 млн 108) Орынбор-Ташкент темір жолы қай жылы пайдалануға берілді? 1906 жылы 109) 1917 жылы Қазан төңкерісі қарсаңындағы халықтан тартып алынған жер көлемі: 45 млн десятина 110)1905-1907 жылдардағы қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуі болған жер: Успен кеніші 111)1905 жылы Семей облысы губернаторының Қарқаралыдан әскери күш шақыртуына себеп болған оқиға: пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілі 112) 1914 жылы Қазақстанға қоныстанған халықтар санының өсуі: 211 есеге 113) Столыпин реформасынан кейін Ақмола облысындағы қазақтар санының үлесі: 36,6 % 114) Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының баспадан шыққан жылы: 1909 жылы 115) Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик: И.М.Губкин 116) 1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны: 375 мың 117) Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны-педагогикалық институт қай жылы ашылды? 1928ж 118) 1991 жылы желтоқсанда ҚР Президенті Н.ӘНазарбаевтың жарлығы бойынша 17 желтоқсан қандай күн болып жарияланды? Демократиялық жаңару күні 119) «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет қашан жарияланды? 1928 ж. 27 тамыз 120) Қай жылдары Голощекин Қазақ Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды? 1925-1933 жж 121) Қаз.АКСР-де ұжымдастыруды аяқтау қашанға белгіленді? 1932 ж. көктемінде 122) Сталиндік жендеттердің қолынан қаза болған, қазақтың тарих мектебінің негізін салушы - С.Асфендияров 123) 1939 жылы қай кәсіпорын ұжымы Ленин Орденімен марапатталды? Шымкент қорғасын зауыты 124) 1931 жылы наурызда ашылған оқу орны: Алматы медицина институты 125) «Бесеудің хаты» кімге жолданды?, Голощекинге 126) Ұжымдастыру жылдары Қазақстанның малшауашылығымен айналысатын аудандарында ұжымдық құрылыстың негізгі формасы қандай болу керек еді? Жер мен шабындықты бірігіп өңдеу бойынша серіктестіктер 127) Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру саясаты қашан қабылданды? 1925 ж. 128) Индустрияландыру нәтижесінде Қазақстан түсті металдарды өндіруден одақтас республикалар арасында нешінші орынға шықты? 2 129) Индустрияландыру нәтижесінде Қазақстан көмір өндіруден одақтас республикалар арасында нешінші орынға шықты? 3 130) Бірінші бесжылдық жылдары: 1928-1932 жж 131) Жезқазған мыс кенін зерттеп, ашқан кім? Қ.Сәтпаев 132) Қазақ АКСР-нің одақтас республикаға айналуы қашан жүзеге асты? 1936 жылы 5 желтоқсанда 133) Индустрияландыру жылдары Қазақстандағы инженер-техниктер? Сырттан әкелінді 134) Қазақстандағы индустрияландырудың басты бағыты: Шикізат саласын дамыту 135) 1925 жылы Қазақ АКСР-нің астанасы қай қалаға көшті? ҚызылОрда 136) ХХ ғ. 30 ж. соңында Қазақстанның қай кәсіпорын саласы республика көлемінде ғана емес, КСРО бойынша ірі салаға айналды? Түсті металлургия 137) 1926 ж. есеп бойынша республикадағы жұмысшылар саны? 152 мың 138) Қай жылы ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты ұсынылды? 1927 ж 139) Күштеп ұжымдастыру жылдары қанша қазақстандық қаза тапты? 2,1 млн. адам 140) Егер 1928 ж. Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% ғана ұжымдастырылса, 1931 ж. қазан айында ұжымдастырылған шаруашылық саны қанша пайызды құрады? 65% 141) Қазақстанды ұжымдастыру науқанын қай жылы аяқтау жоспарланды? 1932 ж. көктемде 142) Қазақстандағы ең ірі сталиндік лагерь? Карлаг 143) 1924 жылы құрылған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін қай композитор басқарды? А.Жұбанов 144) Қазақ мемлекеттік музыкалық опера және балет театры қашан ашылды?1934 ж. 145) Майданға жақын аймақтардан Қазақстанға көшірілген зауыт пен фабрикалар саны: 220 146) 1941-45 жылдары Қазақстанда салынған зауыт-фабрикалар мен кен, шахталардың саны: 460 147) Генерал-майор И.В. Панфилов басқарған дивизия: 316атқыштардивизиясы 148) Ұлы Отан соғысы жылдары күріш өсіруден рекорд жасаған танымал диханшы? Ы.Жақаев 149) Ұлы Отан соғысы жылдары тары өсіруден рекорд жасаған танымал еңбек ардагері? Ш. Берсиев 150) Ұлы Отан соғысы жылдары Қ.Сәтпаев қандай еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды? Жезқазған мыс кен орнын зерттегені үшін 151) Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан қазақ жазушысы: Б. Момышұлы 152)Фашистердің «Барбаросса» жоспары бойынша Қазақстан қай отар құрамына енуі тиіс? «ҮлкенТүркістан» 153) Мәскеу түбіндегі шайқаста Б.Момышұлы қолбасшылық етті: Батальонға 154) Аты аңызға айналған, Қазақстанда жасақталған 316 атқыштар дивизиясын кім басқарды? Генерал Панфилов 155) Ұлы Отан соғысының хронологиялық шеңбері: 1941 – 1945 жж 156) Қаһарман қала Ленинградқа арнап шығарылған «Ленинградтық өренім» өлең жолдарының авторы? Ж.Жабаев 157) Мәскеу түбіндегі шайқаста «Ресей кең-байтақ, артымызда Мәскеу – шегінерге жер жоқ» деген сөзді айтқан кім? В.Г. Клочков 158) Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның майданға жақын орналасқан қай облысында әскери жағдай енгізілді? Орал 159) Кеңес Одағының батыры Н. Әбдіров? ұшқыш 160) 1941-1945 жылдары қанша қазақстандық әскери оқу орындарына жіберілді? 42 мың 161) Қазақстанға көшіріп әкелінген әскери оқу орындары Ұлы Отан соғысы жылдары қанша әскери даярлады? 16 мың офицер 162) Қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіровтің ерлігі: Ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатты 163) Қазақстандықтардың ішінде бірінші болып Кеңес Одағының батыры атағын кім алды? К.Семенченко 164) КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен Каспий аймағында әскери жағдай қашан жарияланды? 1942 ж. күзде 165) Кеңес Одағы Батыры атағын алған қазақ саны: 97 166) «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп Ұлы Отан соғысы жылдары әскери комитетке өтініш жасаған кім? М.Мәметова 167) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарсыласу қозғалысына қанша қазақстандық қатысты? 300 168) 1941-1945 жылдар аралығында республиканың өнеркәсіп өндірісі қанша пайызға өсті? 37 % 169) Қазақ ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағының иегері? Т.Бигелдинов 170) Ұлы Отан соғысы жылдары көрсеткен ерліктері үшін 11600 адам Кеңес Одағының батыры атағын иеленді. Бұл атаққа ие болған қазақстандықтардың саны? 497 171) Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қызыл Армия қатарында соғысқан қазақстандықтардың саны? 1 млн 200 мың 172) Орал-Ембі мұнайлы ауданын орталық Ресеймен байланыстыруға тиіс темір жол торабы: Александров Гай-Ембі 173) Ұлы Отан соғысы жылдары көркем фильмдердің Орталық біріккен киностудиясы қай қалада құрылды? Алматы 174) 1938 жылы қарашада Қиыр Шығыстан Қазақстанға депортацияланған қай халық өкілдері? Корейліктер 175) Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті: Қ.Сәтпаев 176) Карточкалық жүйе қашан жойылды? 1947 ж. 177) 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған қазақ жазушысы: М.Әуезов 178) Буржуазиялық ұлтшылдығы үшін айыпталған Е.Бекмахановтың ісі ешқандай қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты тоқтатылып, елге оралды. Қай жылы? 1954 ж. 179) 1954 жылғы Қазақстан үшін тарихи оқиға: Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы 180) Қашан тұңғыш рет Семей ядролық полигонында сынақ өткізілді? 1949 ж 181) Қазақ КСР Ғылым Академиясы қашан ашылды? 1946 ж 182) ХХ ғасырдың 50 жылдары транспорттың қай түрі қарқынды дами бастады? Темір жол 183) 60 жылдары қазақ жастары құрған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушысы, идеялық серпін берушісі болған қоғам қайраткері: М.Әуезов 184) 1954-1955 жылдары кеңестік шаруашылықтарға қанша маман жіберілді? 4,5 мың 185) Депортация дегеніміз не? Қудалау, жер аудару 186) Мойынты Шу темір жолының ұзындығы қанша шақырымды құрайды? 438 км 187) 1954-1955 жылдары Қазақстан Компартиясының ОК бірінші хатшысы болған? П.К. Пономаренко 188) ХХ ғ. 50 ж. басында қанша жеңіл және тамақ өнеркәсіп мекемелері болды? 65 189) КОКП қатарынан «өзгеше ойлайтыны» үшін аластатылған Шығыс Қазақстандық орыс тілі мұғалімі: М.Елікбаев 190) 1971-1980 жылдары республиканың ауылшаруашылығына жұмсаған қаражаты? 18 млрд. руб 191) 1947 жылы ұлтшылдығы үшін айыпталғандар: М.Әуезов,С.Мұқанов,Е.Исмаилов 192) Қарағанды мемлекеттік медицина институтының ашылған жылы? 1950 ж. 193)1989 жылы маусымда Жаңа-Өзенде әділетсіз шешімдерге байланысты орын алған ірі қақтығыстың басты себебі? Әлеуметтік мәселелер 194)ІҮ-бесжылдық жылдары өнеркәсіп және азық+түлік тауарлары бағасының төмендеуі қанша рет орын алды? 3 195) Соғыстан кейінгі жылдары негізсіз бағаның төмендеуі не себепті орын алды? Ауылдар мен деревнялардағы өмір сүру жағдайының тез нашарлауы себепті 196) 1950жылы Мұнайлы-Ембі бассейнінің іске қосылуына байланысты мұнай өндіру көрсеткіші неше пайызға өсті? 52% 197) 1963 ж. 5 тамызда “Ядролық қаруды ауада, кеңістікте және су астында сынауға тыйым салу” туралы болған келісім шарт нәтижесінде: Семей полигонын жер асты ядролық сынағына көшірілді 198) Соғыстан кейінгі Ү-бесжылдық жоспардың негізгі міндеті? Халық шаруашылығын одан әрі дамыту мен қалпына келтіру 199) 1946-1954 жылдары Қазақ КСР басшысы болған кім? Ж.Шаяхметов 200) Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда колхоздарды ірілендіру қандай мақсатпен жүргізілді? Өнеркәсіп өнімін жоғарылату мақсатында 201) 1947 жылы қай қаладағы ірі комбинат өз өнімін беріп бастады? Өскемен 202) 1946-1980 жылдары Қазақстан шет елдермен қай сала бойынша табысты байланыс орнатты? мәдени 203) 1949 жылы ашылған автоматты телефон станциясы Алматыны КСРО-ның қанша қаласымен байланыстырды? 56 204) 1959 жылғы Теміртаудағы толқу мен тәртіпсіздік себептері? Әлеуметтік мәселелерді ескермеу және төмен өмір жағдайы 205) 1954-1958 жылдары Қазақстанда қанша өнеркәсіп орындары салынып, іске қосылды? 730 206) 1945- 1948 жылдар аралығында Кеңес Армиясының қатарынан қанша адам демобилизацияланды? 8,5 млн 207) 1989 жылдың 28 ақпанында бой көтерген антиядролық, экологиялық қозғалыс: «Невада-Семей» 208) 1954 жылы тамызда Қазақстанда қанша га жер жыртылды? 6,5 млн. га. 209) Коммунистік партияның ХХ съезінің тарихи маңызы қандай? И.В.Сталиннің жеке басына табыну әшкереленді 210) Қазақстан қай жылдары шаруашылық есепті енгізу әрекеттеріне кірісті? 60 ж. ортасы 211) 1965 жылы алғашқы мұнайын берген кен орны? Өзен 212) Қазақстанда соңғы кеңестік Конституция қашан қабылданды? 1978 жылы сәуірде 213) Олжас Сүлейменовтің « Аз и Я» кітабы Алматыда қашан жарық көрді?1975 жылы 214) Қай жылы А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Кұдайбердиев сынды қазақтан шыққан қоғам қайраткерлері ақталды? 1988 жылы 215) Қашан Целиноград қаласында неміс автономиясының құрылуына қарсы жастар ереуіл ұйымдастырды? 1979 ж. маусым 216) ХХ ғ. 80 жылдары Қазақстанда қай сала экспортта жетекші орын алды? Шикізат саласы 217) Қайта құру бағыты қашан жарияланды? 1985 ж. 218) Қазақстандағы полигонда мен әскери объектілер аумағы? 18 млн. га 219) Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым саласы: Қоғамдық ғылым 220) Республика жазушылары арасында тұңғыш Социалистік Еңбек Ері атанған: Ғ.Мүсірепов 221) Желтоқсаноқиғасыныңсипаты: Бейбіт және саяси 222) «Халық қаһарманы» атағын алған желтоқсан құрбаны? Қ.Рысқұлбеков 223) Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту шешімі қашан қабылданды: 1991 жылы 10 желтоқсанда 224) 1991 жылы ҚазақстанРеспубликасының вице-президент қызметін кім атқарды? Е.Асанбаев 225)1998ж ылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары бас қосқан қала: Алматы 226) 1984-1990жж Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кім? Н.Назарбаев 227) 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазған кім? Т.Рысқұлов 228) Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі: Н.С.Курнаков 229) КОКП XX сьезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин 230) 1949 жылы қоюшылары мен орындаушыларының бір тобы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған опера: «Біржан-Сара» 231) «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» прозалық шығармаларының авторы: Ғ.Мұстафин 232) Соғыстан кейінгі жылдарда ақша реформасы қай жылы жүргізілді? 1947ж 233) 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Біржан-Сара»операсының авторы, белгілі сазгер: М.Төлебаев 234)ХХ ғ.-ң 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған: И.Худенко 235) 1979 ж. «Неміс автономиясының» құрамына енгізілмек болған облыстар: Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақмола 236) 1960 жылдардың ішінде айналасына алғашқыда 800 студентті біріктірген ұйым: «Жастұлпар» 237) Қазақстанда саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күні? 31 мамыр 238) 90-жылдары тарихтағы қасірет заманды жырлаған поэзиялық шығармалардың авторлары? Ж.Молдағалиев,М.Шаханов,Қ.Мырзалиев 239) «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қашан қабылданды? 1990 ж. 25 қазан 240) «Халық қаһарманы» және «Ғасыр адамы» жоғары атағын иеленген қайраткер? Т.Әубәкіров 241) «Өркениеттің адасуы» кітабының авторы? М.Шаханов 242) Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына әлемнің қанша елінен отандастарымыз келді? 13 елінен 243) Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылданған жыл? 1994 ж. 6 шілде 244) «Қазақстан 2030» жолдауы қашан жарияланды? 1997 ж. 10 қазан 245) Н.Назарбаевтын Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» жолдауы қай жылы қабылданды? 2007 ж 246) Қазақстан-2030»даму стратегиясының жеті мақсаттарының біріншісін көрсет? Ұлттық қауіпсіздік 247) Қазақстанда Кеңес Одағы Батыры атағын соңғы алған кім? Б.Момышұлы 248) 1996жылы Н.Ә.Назарбаевтың жарық көрген еңбегі? Ғасырлар тоғысында» 249) Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Әнұранның мәтіні қашан қабылданды? 1992 жылы желтоқсан 250) ҚР Конституциясына алғаш қай жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді? 1998ж 251) 1991 жылы 1 желтоқсандағы бүкілхалықтық сайлау нәтижесі бойынша Н.Ә. Назарбаев қанша пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті? 98,76% 252) Қай жылы Қазақстан БҰҰ-ына мүшелікке кірді? 1992 253) Ұлттық валюта теңгенің айналымға енгізілген уақыты? 1993 ж. 15 қараша 254) Қазақстан халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды? 1995 жылы 255) Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық маңызы бар «Жекешелендіру туралы» Заң қашан қабылданды? 1995 жылы 256) 2000 жылы қабылданған «Жер туралы» Заң жобасының негізгі қағидасы мен ерекшелігі бойынша жерді Конституцияға сай жалға беру уақыты қанша жылға төмендетілді? 99 жылдан 47 жылға 257) 2013 жылы «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты қалай аталды? «Бірлік» партиясы 258) Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтілетіндігі жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев қашан мәлімдеді? 2014 жылы қазанда 259) 2012 жылдың ең маңызды саяси оқиғасы? Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы 260) Елбасының «Қазақстан-2030» атты халыққа Жолдауында айтқан пікірі бойынша өнеркәсіптің қай салаларын дамыту экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыссыздық пен кедейшілік мәселелерін де шешуге ықпал етеді? Аталғандардың барлығы 261) Ғылыми-техникалық прогрестің жаһандану үрдісі дегеніміз? Аталғандардың барлығы 262) «Стратегия» термині нені білдіреді? Аталғандардың барлығы 263) КСРО-ның өмір сүрген жылдары? 1922-1991жж. 264) Қазіргі таңда Қазақстанда қанша облыс,ірі республикалық деңгейдегі қала бар? 14 облыс 3 қала 265) Конституцияға сәйкес, ҚР-ның жергілікті атқару органына жатады? әкімият 266) ҚР мемлекеттік билік тармақтары? Заң шығарушы, атқарушы, сот 267) ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшелерінің саны? 7 268) Конституциялық бақылауды жүзеге асыратын орган? Конституциялық Кеңес 269) ҚР-ның басқару формасы? Президенттік 270) Саяси маңыздылыгы жоғары «Саяси партиялар туралы» Заң қашан қабылданды? 2002 жылы 271) Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин тарихи құжатқа – Ресей мен Қазақстан арасындагы Каспий теңізінің солтүстік бөлігін межелеу жөніндегі келісімге қашан қол қойды? 2002 жылы 272) ҚР Президентінің Жарлығымен 2002 жыл қандай жыл болып жарияланды? Денсаулық жылы 273) Сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау мақсатында Қазақстанның 2003-2015 жылдардағы Индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы қай жылы ұсынылды? 2003 жылы 274) Қашан «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылып, республикамызда ең жоғарғы жазалау тәртібін қолдану жойылды? 2003 жылы 275) 2010 жыл Қазақстан үшін қандай маңызды саяси оқиғамен басталды? ҚазақстанныңЕҚЫҰ-ғатөрағалықетуімен 276) «Діни ұйымдар мен діни қызметтертуралы» Жаңа Заң қашан қабылданып, ҚР-ның Дін істері жөніндегі агенттік құрылды? 2011 жылы 277) Қай жылы Қазақстан астанасы EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін бельгиялық Льеж қаласымен бәсекеге түсіп, сенімді түрде жеңіп шықты? 2012 жылы 278)1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина және ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қашан қабылданды? 2000 ж. 10 ақпанда 279) ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікжастарсаясатыныңнегізгімақсаты? Аталғандардың барлығы 280) Мемлекеттікжастарсаясатынжүзегеасырудыңкезеңдіксипаттағыіс-қимылдарықандайнегізгібағыттардықарастырады? Аталғандардың барлығы 281) 1998 жылы қай қалада тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды? Астана 282) Түркістанқаласының 1500 жылдықтойықайжылыаталыпөтілді? 2000 283) Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде неше кезеңі белгіленді?3 284) Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің бірінші кезеңі қай жылдарға сәйкес келеді? 1991-1992 жж. 285) «Невада - Семей» экологиялыққозғалысықашанқұрылды? 1989 жылы 286) 1986 жылы 16 желтоқсанда болған Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумының шешімі? Д.Қонаевты орнынан босатып, орнына Г.В.Колбинді тағайындау 287) Жаңа елорда – Астананың салтанатты ашылуы қашан болды? 1998 жылымаусым 288) Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясы қай жылғы Жолдауда баяндалды? 2006 ж 289) 1967 ж. Л.И.БрежневКСРО-датөмендегідейқоғаморнадыдепмәлімдеді: Кемелденген социализм 290) 1960 жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы: «Тоқырау жылдары» 291) Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ өткізілген жыл: 1949 ж 192) 1960 жылдардың ІІ жартысында салынған электр станциясы: Жамбыл 293) 1972 жылы салынған электр станциясы: Қапшағай 294) 1960 жылдардың ІІ жартысында мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастаған түбек: Маңғыстау 295) 1960 жылы Павлодардағы машина зауытының негізінде құрылған зауыт: Трактор зауыты 296) 1970 жылдардың ішінде республиканың одақ көлемінде қой санынан алған орны: Екінші 297) 1970 жылдардан бастап экологиялық апаттық аймақ: Аралтеңізі 298) 1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болған облыстар: Қызылорда, Атырау |