Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. Аяқ бұлшық еттері: жамбас белдеуінің және аяқтың еркін қозғалатын

  • Жамбас белдеуінің бұлшық еттері

  • Бөксе еттері

  • Сан-ортан жілік еттерін

  • Сирақ бұлшық еттері

  • Алдыңғы еттер

  • Аяқ басының еттері

  • Бақылау сұрақтары

  • 13дәрісМИО3Аяқ (копия). 18. 10. 21ж. 21ж. Анатомия. 21дт. 13дріс Блшыет анатомиясы (миология). Таырып


    Скачать 14.49 Kb.
    Название18. 10. 21ж. 21ж. Анатомия. 21дт. 13дріс Блшыет анатомиясы (миология). Таырып
    Дата19.11.2021
    Размер14.49 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла13дәрісМИО3Аяқ (копия).docx
    ТипДокументы
    #276226

    18.10.21ж. 21ж. Анатомия. 21дт. №13-дәріс

    Бұлшықет анатомиясы (миология).

    Тақырып: Аяқ бұлшық еттері.

    Дәріс мазмұны:

    1. Аяқ бұлшық еттері: жамбас белдеуінің және аяқтың еркін қозғалатын

    бөлігінің еттері.

    Адамның аяқ бөлімі тіректік және қимыл қызметтерінатқарады. Аяқ бұлшық еттерінің ішінде ең жақсы дамыған бөксенің үлкен еті-ол бөксені жазып, денені тік ұстау қызметін орындайды. Санның төрт басты еті сирақтың жазып денені тік ұстау қызметін орындайды. Сирақтың үшбасты еті аяқ басын бүгетін еттерге жатады.

    Аяқ бұлшық еттері орналасуына қарай жамбас белдеуінің және аяқтың еркін қозғалатын бөлігінің еттері деп бөлінеді.

    Жамбас белдеуінің бұлшық еттері-екі топқа: ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Ішкі еттеріне-бел-мықын еті, алмұрт тәрізді, ішкі қолсұғар еті, құйымшақ еті, ал сыртқы еттеріне-бөксенің үлкен, ортаңғы және кіші еттері, жоғарғы және төменгі егіз еттері, санның шаршы еттері қарайды.

    Бөксе еттері-мықын, сегіз көз, құйымшақ сүйектерінің сыртқы бетінен басталып, ортан жіліктің бұдыр бетіне бекиді. Бұл еттер адам жүргенде дененің тепе-теңдігін сақтайды.Жоғарғы және төменгі егіз еттер шонданай сүйегінің ішкі жағынан басталып, ортан жіліктің ұршықаралық ойысына бекиді.

    Сан-ортан жілік еттерін үш топқа бөледі: алдыңғы, ортан жілік бүгетін және сирақты жазатын:төрт басты, тігінші еттер жатады. Артқы (ортан жілікті жазатын және сирақты бүгетін):санның екі басты, жартылай сіңірлі, жартылай жарғақты еттер; Ішкі (медиальды) сан еттерінің ішке тартушы: қырлы, нәзік, ұзын, қысқа және үлкен ішке тартушы еттер. Сирақ бұлшық еттері тік жүруге және денені тік ұстауға қатысады. Сирақ еттеріндегі жіңішкерген ет бөлімі, сирақтың проксимальды жағында, ал аяқ бас бағытындаол сіңірге өтеді. Сирақ бұлшық еттері де үш топқа бөлінеді: алдыңғы-аяқ басын бүгетін және жазатын, бармақ жазатын еттер , артқы-аяқ басын және саусақты бүгетін табан еттері, және сирақты бүгетін еттер, латеральды пронатор ішке айналдыру және аяқ басын бүгетін табан еттері. Алдыңғы еттер-асық жіліктің алдыңғы, бармақ және басбармақ жазатын ұзын еттер, бұлар асық жілікпен шыбықтың алдыңғы бетінен, басталып табан бақайшақтарға бекиді. Артқы еттер үшбасты табан еті, тақымасты, аяқ бармақтарын бүгетін ұзын еттер, олар ортан жіліктің төменгі арт жағынан басталып негізгі өкше сүйек бұдырына бекиді. Латеральды еттер шыбықты ұзын және қысқа еттер – шыбық сүйегінен басталып табан сүйегіне бекиді.

    Аяқ басының еттері үш бөлікке бөлінеді: медиальды - басбармақты қозғалтатын еттер, апаратын және әкелетін басбармақ еттері, аяқ башайларын жазатын қысқа еттер. Латеральды - аяқ бармақтарын бүгетін қысқа ет, табанның орта бөлігінің еттеріне - табанның шаршы еті, бармақтарды бүгетін қысқа еттер жатады.

    Аяқ еттердің шандырлы жапқыштары ішкі, сыртқы деп бөлінеді. Кейбір шандырлар жапырақшалары бірнеше еттерді жекелей орап жатады. Табан бетінде сіңірлі табан жапқышы болады.


    Бақылау сұрақтары:

    1. Жамбас белдеуі мен аяқ еттерінің сипаттамасы.


    написать администратору сайта