Главная страница
Навигация по странице:

  • «Тәуелсіздік тұғырым тақырыбында тарих пәні апталығының есебі Мақсаты

  • Оқушылардың тарих ойларын тереңдету, олардың тарихи оқиғаларға жан-жақты қызығушылықтары н арттыру және саяси сана- сезімін т ә

  • «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»

  • Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты

  • Конференция жұмысының бағыт- жоспары бойынша өтті • «Д.А.Қонаев және қазақ ғылымы» • «...Халқы үшін бәріне даяр шын ұлт перзенті...»

  • «Мұхиттан өткен қайық» • «Қара сөздің қаймағы» Конференцияға қатысушылар: Көрнекілігі

  • «Д.А.Қонаев және қазақ ғылымы»

  • «...Халқы үшін бәріне даяр шын ұлт перзенті...»

  • Тапсырма 2. Талқылауға арналды, ж

  • Сақтар туралы тарихи мәліметтер.

  • Карта мен жұмыс: Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтардың орналасуын анықтады. Тапсырма-1

  • «Жылжымалы картадан көрсетті. Бейнематериал

  • БЕТПЕ-БЕТ» әдісі арқылы

  • «Қырғи қабақ соғыстың хронологиясын құру»

  • Қазыбек би «Кім жақын Не қымбат Не қиын» тақырыбында

  • 6 сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» зияткерлік ойынын 9 желтоқсан Бухарбаева Индира Абеновна өткізді. Мақсаты

  • апталық есебі. 19 жоббм туелсіздік тырым таырыбында тарих пні апталыыны есебі Масаты


    Скачать 4.75 Mb.
    Название19 жоббм туелсіздік тырым таырыбында тарих пні апталыыны есебі Масаты
    Анкорапталық есеб
    Дата16.03.2023
    Размер4.75 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаапталық есебі.docx
    ТипДокументы
    #994233


    «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында тарих пәні апталығының есебі

    2022-2023 оқу жылы

    19 ЖОББМ


    «Тәуелсіздік тұғырым тақырыбында тарих пәні апталығының есебі

    Мақсаты:

    • Сабақтарды жаңартылған білім мазмұнына сай жоспарлай отырып тарих сабақтарында және сабақтан тыс әс шараларлда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

    • Сабақта заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

    • Оқушылардың тарих ойларын тереңдету, олардың тарихи оқиғаларға жан-жақты қызығушылықтарын арттыру және саяси сана-сезімін тәрбиелеу




    2022 жылдың 5 желтоқсаннан бастап 9 желтоқсанға дейін «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында тарих апталығы өтті.

    Апталықтың бірінші күні жоспарға сәйкес ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанаты «Желтоқсан оқиғасымен» ұштастырылып өттіАшылу барысында оқушылар назарына «Желтоқсан ызғары» видео көрсетіліп, желтоқсан құрбандарын үнсіздікпен еске алды. «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» сахналық көрініс, би, патриоттық әндер шырқалды. Апалықтың тақырыбы мен мақсатына сай тарихи оқиғаларға баға беру арқылы ұлттық құндылықтар дәріптелді. Мұндағы мақсатымыз оқушыларға Желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздік алудың бастамасы екенін, жастардың отан үшін күресін, ерлігін насихаттап, саналарына сіңіру.












    Тарих пәнінің мұғалімі Бухарбаева Индира Абеновна күні 5 желтоқсан «Тәуелсіз елдің болашағы» тақырыбында 1.№19 ЖОББМ «Ашық айтамыз» фракциясы, 2.№3 мектеп-гимназиясы, «Құлагер» фракциясы, 3. №17 мектеп-гимназиясы, «Номад» фракциясы, №19 ЖОББМ «Болашақ» фракциялары арасында пікірсайын турнирін өткізді.

    Турнирдің мақсаты оқушыларға Тәуелсіздіктің қандай ауыртпалықпен келгендігін айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.

    Дебатқа қатысушыларға бірнеше резолюциялар ұсынылды. Жеребе бойынша «Жарнама – жасанды қажеттілік тудырады» деген резолюция таңдап алынды.

    Дебатқа қатысушы спикерлер тақырыпты жан-жақты талқылады. Пікірталастың қызу да, қызықты алаңын қалыптастырды. Төреші қалалық

    «Зияткер» дебат клубының мүшесі болды. Төрешінің әділ шешімі бойынша орындар төмендегідей бөлінді:

    1 орын: №3 мектеп-гимназиясы, «Құлагер» фракциясы

    2 орын: №17 мектеп-гимназиясы, «Номад» фракциясы

    3 орын: №19 ЖОББМ «Болашақ» фракциясы

    4 орын: №19 ЖОББМ «Ашық айтамыз» фракциясы.

    Жүлделі орын алған фракциялар грамота, алғыс хаттармен марапатталды.




    Пікірсайыс өте қызықты өтті. Пікірсайыс – жетістікке жетудің бірден бір құралы. Мектеп оқушылары әртүрлі тақырыпта дискуссия жасап, өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан, мектепте дебаттық қозғалыстар оқушылардың аудитория алдында еркін сөйлеп, өз ойын түрлі аргументтер арқылы дәлелдеуге үйретеді.

    Тарих пәнінің мұғалімі Кыркаева Гульдарай Ахметпековна 7 желтоқсан күні 5 сынып оқушыларымен «Ұлы Дала өркениеті» залы Археология. Ақмола облысы өлкетану мұражайынында музей сабағы Ақмола облысының археологиялық өлкетану мұражайының сайтын пайдалану арқылы өтті. Сабақта онлайн жобалар көру арқылы мұражай жұмысымен танысып оқушылармен танымдық тапсырмалар орындалды.

    Тапсырмалар онлайн платформалар бойынша құрастырылып, оқушылардың қызығушылықтарын арттырды.
    7 желтоқсан күні 9 сыныптар арасында тарих пәнінің мұғалімі Биржанова М.У. «Ғасырдың дара Перзенті» Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналады мектепішілік конференция ұйымдастырды. Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – білім беру ұйымдарында Д.А.Қонаевтың ұлы тарихи тұлға ретінде есімін ұлықтау, жобалық-зерттеу жұмысын енгізу мен жүзеге асыруда ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету.

    Міндеттері: •Жобалық-зерттеу жұмысын ұйымдастыруда инновациялық практиканың өнімді педагогикалық тәжірибелерін анықтау және тарату;

    • Ұстаздар мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ынта-ықыласын көрсетуге, ғылыми-әдістемелік бастамаларын ашуға қолдау көрсету;

    • Оқушылардың ғылымға деген құштарлығын арттыру, ғылыми жобалармен жұмыс жасауға дағдыландыру.

    Конференция жұмысының бағыт- жоспары бойынша өтті

    «Д.А.Қонаев және қазақ ғылымы»

    «...Халқы үшін бәріне даяр шын ұлт перзенті...»

    «Мұхиттан өткен қайық»

    «Қара сөздің қаймағы»

    Конференцияға қатысушылар:

    Көрнекілігі:   Суреттер, слайд, диск, кітаптар, т.б

    Конференция барысында оқушылар Д.Қонаев туралы видео материал көрсетілді. Әр сыныптан жоспар бойынша баяндамалар мен презентациялар қорғалып, қорытындысы шығарылды. Д.Қонаевқа арналған көрме жасалып, оқушыларға таныстырылды

    Көрме: Д.А. Қонаевтың еңбектері мен Д.А.Қонаев туралы жазылған ақпараттық құралдарда жазылған мәліметтер


    «Д.А.Қонаев және қазақ ғылымы» (Д.Қонаевтың қазақ ғылымын дамытудағы еңбектері)



    «...Халқы үшін бәріне даяр шын ұлт перзенті...» (Д.Қонаевтың басқарушылық қызметі)



    «Мұхиттан өткен қайық» (Д.Қонаевтың тарихи тұлға ретінде зерттелуі)



    «Қара сөздің қаймағы» (Д.Қонаевтың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні)



    Қатысатын оқушылар 9-сынып



    8 желтоқсан 6 Г сыныбында тарих пәнінің мұғалімі Бухарбаева И.А. «Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі» ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүргізіліп, рефлексия жасалды. Оқушылар топпен жұмыс жасау барысында бірігіп әрекет жасап,бір-біріне қолдау көрсетіп отырды. Сабақтың барлық кезеңінде өзін-өзі және өзара бағалауын жүзеге асыратын шығармашылық тапсырмалар орындалды.

    Үй тапсырмасы «Диалог» әдісі арқылы тексерілді. Жаңа тақырып алдында сөздікпен жұмыс жасалды, жаңа тақырыпты болжау үшін тарихи суреттерді қолдана отырып, «мозайка» құрастырды Оқушыларды 4 топқа бөлінді. Суретті құрастыру арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбы туралы өз болжамдарын айтты. Топтар мозайка жасауға арналған суреттер негізінде топтарға бөлінді. Оқушыларға құрастырылған суреттер бойынша мәтін таратылып, тапсырма беріледі: Тапсырма 1. Керуен суреті. Оқушылар сұхбат формасында берілген тақырып мазмұнын қорғайды. Мысалы, тарихшы мен журналист немесе қытай қолөнершісі мен саяхатшы, т.б.

    2. Құмыра суреті. Оқушылар интеллект карта құрастырады.

    3. Мата суреті. Жібек матасын алу технологиясын тізбектелген суреттер арқылы көрсету.

    4. Карта. Оқушылар картада жібек матаның таралуын белгілеп, түсіндіру керек.

    Мәтіннен негізгі идеяны анықтады.

    Тапсырма 2. Талқылауға арналды, жібектің пайда болуы және таралуы туралы ақпараттардың негізінде Ұлы Жібек жолының халықаралық байланыстарға ықпалы туралы қандай болжам жасауға болатынын талқылады. Алдыңғы тақырыптар бойынша алған біліміңе


    Сабақты қорытындылау кезеңінде Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы рөлінің маңызы бойынша ой қорытты, деңгейлік тапсырмалар орындалды.







    8 желтоқсан күні тарих пәнінің мұғалімі Биржанова М.У. Сақтар туралы тарихи мәліметтер. Зерттеу сұрағы: Қандай тарихи дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді? Үй жұмысын пысықтау. «Серпілген сауал» әдісі арқылы сабақ басталды. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшті. Карта мен жұмыс: Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтардың орналасуын анықтады. Тапсырма-1:Сақтардың мекендеген жерлерін көрсету.Сақ тайпаларының қоныстануын атау арқылы «Жылжымалы картадан көрсетті. Бейнематериал«Ерден атаның әңгімелері». тарихи анимациялық бағдарлама.Сақтар туралы ақпарат алды. Тапсырманың мазмұнын ашты. Образды ашуда таңдалған сақ түрлерінің атрибутын көрсетті. Креативті таныстыру арқылы жеткізу. Оқушылар «Бехистун жазбаларынан үзінді» бейнебаянды қарайды,бірінші оқушы кілт сөздерін жазады,екінші оқушы тыңдады.


    Тест тапсырмаларын орындау барысында оқушылар сақтар туралы деректерге талдау жасады. БЕТПЕ-БЕТ» әдісі арқылы
    дереккөздерін сөйлетті. Оқушылар деректерді атап,босатылған сөздерді орынорнына қояды .






    «ПОПС формуласы» әдісі арқылы тақырыып бойынша өз ойын жеткізу жұмыстары жүргізілді.Сабақтың соңында «Кері байланыс» және «Рефлексия» болды

    8 желтоқсан 10-11сыныптар №14 ЖОББМ негізінде қалалық «IQ дода» (Тарихи сана) зияткерлік сайысына. «қ сынып оқушылары сайысқа белсенді қатысып келді. Сайыс тарихи сананы қалыптастыруға негізінен логикалық тапсырмалар арқылы өтті. Оқушыларға ұнады бір жыл дайындалып, келесі жылы тағы қатысатындары туралы ой білдірді.



    Тарих пәнінің мұғалімі Кыркаева Гульдарай Ахметпековна 9 желтоқсан күні 9 В сыныбымен «Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуының себептері қандай болды?» тақырыбнда ашық сабақ өткізді. Сабақтың барысында иллюстрация негізгі идеяны анықтады. Осылай тақырыпты оқушылардың оқушылармен бірлесе ашты. Оқушылар уақыт түзуін дұрыс сәйкестедіріп, «Т кестесі» әдісі арқылы Интеграциялық процесстерге дезинтеграциялық процесстерге кем дегенде 4 дәлел келтірді. «Сұрақтар бойынша талдау» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жүргізілді. «Идея туралы пікір». Сұраққа жауап алып болған соң , бұл ой туралы басқалардың пікірін сұрай отырып, ойлау логикасын дамытуға арналған апсырмалар болды. Жеке жұмыс learningapps.org конструкторы бойынша «Қырғи қабақ соғыстың хронологиясын құру» телефон арқылы жеке тапсырма. Wordwall конструкторы бойынша «Қырғи қабақ соғыстың кезеңдерін сипаттау» телефон арқылы жеке тапсырмалар оқушылардың онлайн платформаларды еркін пайдаланып, сабаққа қызығушылығын тудырды. Әр тапсырмадан кейін бағалау әдістері жүргізіліп отырды. Рефлексия «Вlob tree» әдісі арқылы жүргізілді





    Мұғалім соңында қайта мақсатқа оралып, жүзеге асқаны туралы оқушылардан кері байланыс айтты. Оқушыларды қалыптастырушы бағаларын мұғалім айтты. Үй тапсырмасы берілді.

    9 желтоқсан күні тарих пәнінің мұғалімі Кыркаева Гульдарай Ахметпековна Қазыбек би «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» тақырыбында 10 сыыптар арасында ашық ой алаңын өткізді. Оқушыларға қазақтың аса айбынды билерінің бірі- қаз дауысты Қазыбек бидің  тарихтағы       орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсіндіріп, жан-жақты талдау жұмыстарын ұйымдастырды. Сөз өнерін түсініп, қадірлей білуге, өз білімін бағалай алуға, өзгенің пікірін тыңдап, бағалай білуге, Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өмірі мен шешендігін терең меңгерту арқылы адамгершілікке, тарихын, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді.

    Қаз дауысты Қазыбек бидің «ү ғасырда көтерілген міселелер мен қазіргі ХХІ ғасырда көтерілетін мәселелрде ортақ ой, оның жауаптары неге осы күнге дейін маңызды, осыған тағы қандай жауаптар қосар едіңіздер деген сауалдарға жауап беру арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салды.



    6 сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» зияткерлік ойынын 9 желтоқсан Бухарбаева Индира Абеновна өткізді. Мақсаты: Қазақстан елінің жері, рәміздері тіл саясаты, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру еді. Ойын келесі кезеңдерден тұрды.

    Менің Қазақстаным (Бәйге)

    ІІ Бөлім «Тарихи күнтізбе»

    Мемлекеттік рәміздер.

    ІV Бөлім Сөз құрау.

    VI Қорытынды.

    Сайысқа қатысқан командалар ойынның мазмұнына қызығып, дәстүрлі түрде өткізіп отыруды ұсынды

     
     



    Апталық барысында жоспарланған іс-шаралар уақытылы өтті. Әрбір мұғалім сыныптан тыс іс-шаралар мен ашық сабақтарына жауапкершілікпен қарап, жүйелі өткізе білді.


    Өткізілген ашық сабақтар мен іс шараларға фото, видео есебі инстаграмм және тик-ток әлеуметтік желілеріне жарияланып отырды.

    ӘБ жетекшісі: Кыркаева Г.А.


    написать администратору сайта