Х У Z Ұрпатары туралы мәлімет. 1991 жылы АШ зерттеушілері Нил Гов пен Уильям Штраус алаш рет жас айырмашылытарыны ерекшеліктері туралы айтты. Олар адамдарды жас айырмашылытарына арап, ртрлі уаыттаы рпатарды ндылытарына негізделген теорияны рды.
Скачать 43.65 Kb.
|
1991 жылы АҚШ зерттеушілері Нил Гов пен Уильям Штраус алғаш рет жас айырмашылықтарының ерекшеліктері туралы айтты. Олар адамдардың жас айырмашылықтарына қарап, әртүрлі уақыттағы ұрпақтардың құндылықтарына негізделген теорияны құрды. Қазіргі таңда X, Y және Z ұрпақтары туралы жиі естиміз деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жас теориясының үш негізгі компоненті (X, Y және Z ұрпақтары) және бір қосымша компонент (Baby boomers) бар. Baby boomers Бала бумерлерінің санатына 1943 және 1963 жылдар аралығында туылған адамдар жатады. Әдетте, олар өзін-өзі дамытуға, ұжымдық жұмысқа және командалық ойындарда белсенді. Олар "өзін-өзі дамыту - ұжымдық мақсаттарға, жетістіктерге жету қабілетінің өсуі" деп түсінеді. Қазіргі уақытта "бала бумерлерінің" көбі зейнетке шыққан, бірақ әлі де жұмыс істейтіндері бар. Осы санаттағы адамдардың ерекшелігі - жақсы денсаулық пен төзімділік. X ұрпақтары Х ұрпақтары - 1963 жылдан 1983 жылға дейін туған адамдар. Олардың ерекшеліктері – өзіне ғана сенім арта алады, балама ойлайды, әлемде болып жатқан нәрселер туралы хабардар болады, таңдау жасауға және өзін өзгертуге дайын адамдар. Осы жас санатындағы адамдардың көбі жалғыз болады. Олардың жұмыстары қиын және жетістікке өзі жетуді мақсат етеді. Олар үзақ жылдар бойы бір салада қызмет атқарып, бірте-бірте мансап жолында биік дәрежеге жетеді. Y ұрпағы 1983 жылдан 2003 жылға дейінгі аралықта туған адамдар Y ұрпағына жатады. Олардың мақсатқа жету мен жетістік туралы түсінігі өзгеше: көп жағдайда кәсіби өсуін төменгі деңгейден бастауды ұнатпайды. Олар дереу өсуді мақсат етеді және бұл олардың бір кемшілігі. Дегенмен бұл жетіспеушілікті ақтап алуға болады. Бұл санаттағы адамдар бірден бірнеше сала бойынша жұмыс атқарып, барынша көп ақпарат білуге және кәсібилікке ұмтылады. Олар үшін тек бір салада қызмет істеу мүмкін емес. Y ұрпағы - қазіргі заманғы бизнестің үміті. Олар техникалық жағынан ең сауатты және жұмыс уақытынан тыс уақытта да жұмыс істеуге деген ұмтылысымен, білімге деген ынтасымен ерекшеленді. Кейбір сарапшылардың, мысалы, Коммерциялық емес әріптестіктің еңбек нарығының атқарушы директоры Михаил Семкин және «МДМ Банк» ААҚ-ның кадр жөніндегі маманы Ольга Павлованың айтуынша, келесі онжылдықта Y ұрпағы негізгі жұмыс күшіне айналады. Z ұрпағы 2003 жылдан кейін туылғандар Z ұрпағына жатады. Бұл адамдардың есейгенде қандай тұлға болатынын кәсібилік тұрғысынан бағалауға әлі ерте. Алайда оларды нағыз "цифрлы балалар" деп атауға болады. X-Y-Z ұрпақтар теориясы: Z буын өкілдерін оқыту мәселесі Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар BekzatMomynova29.01.2020116824 Әлеуметтанушылар әрбір 20 жыл сайын алдыңғысынан ерекшеленетін жаңа буын дүниеге келеді деген ойды айтады. Қазіргі таңда X, Y және Z ұрпақтары туралы жиі айтылып жүр. Жас теориясының үш негізгі компоненті (X, Y және Z ұрпақтары) және бір қосымша компонент (Baby boomers) бар. 1991 жылы АҚШ зерттеушілері Нил Гоув (Neil Howe) пен Уильям Штраус (William Strauss) алғаш рет жас айырмашылықтарының ерекшеліктері туралы айтты. Олар адамдардың жас айырмашылықтарына қарап, әртүрлі уақыттағы ұрпақтардың құндылықтарына негізделген теорияны шығарды. Олардың пікірінше, әр кезең шамамен 20 жылға созылады. Ал Қазақстанда бұл туралы нақты статистикалық дерек жоқ болса да, X-Y-Z ұрпақтар теориясы туралы өмірдің өзі көрсетіп жатқандай. Ұрпақтар теориясы мемлекеттің экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Сіздің қай буынға жататыныңыз тек қана туған жылыңыз ғана қатысты емес, сондай-ақ жанама белгілердің яғни сіздің дағдыңыздың, өмір салтыңыздың, кәсіби мәнеріңіздің, құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңыздың ықпалына да байланысты болуы мүмкін. Х ұрпақтары «икс» - 1963 жылдан 1983 жылға дейін туған адамдар. Олардың ерекшеліктері – өзіне ғана сенім арта алады, балама ойлайды, әлемде болып жатқан нәрселер туралы хабардар болады, таңдау жасауға және өзін өзгертуге дайын адамдар. Олардың жұмыстары қиын және жетістікке өзі жетуді мақсат етеді. Олар үзақ жылдар бойы бір салада қызмет атқарып, бірте-бірте мансап жолында биік дәрежеге жетеді. Y ұрпағы «игрек» - 1983 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта туған адамдар. Олардың мақсатқа жету мен жетістік туралы түсінігі өзгеше: көп жағдайда кәсіби өсуін төменгі деңгейден бастауды ұнатпайды. Олар дереу өсуді мақсат етеді және бұл олардың бір кемшілігі. Бұл санаттағы адамдар бірден бірнеше сала бойынша жұмыс атқарып, барынша көп ақпарат білуге және кәсібилікке ұмтылады. Олар үшін тек бір салада қызмет істеу мүмкін емес. Y ұрпағы - қазіргі заманғы бизнестің үміті. Олар техникалық жағынан ең сауатты және жұмыс уақытынан тыс уақытта да жұмыс істеуге деген ұмтылысымен, білімге деген ынтасымен де ерекшеленді. Кейбір сарапшылардың айтуынша, келесі онжылдықта Y ұрпағы негізгі жұмыс күшіне айналады. Z ұрпағы «зет» – 2000 жылдан кейін туған, технологияның тілін меңгерген бүгінгінің жастары. Бұл адамдардың есейгенде қандай тұлға болатынын кәсібилік тұрғысынан бағалауға әлі ерте яғни болашақта қандай болатыны әлі белгісіз - ұрпақ жаңа қалыптасуда. Бірақ қазір олар ерекше деп саналады. Индиго балалар. Ерекше дарынды, ерекше философия мен дүниетанымға ие, қолында гаджеттермен туылған балалар. Алайда оларды нағыз "цифрлы балалар" деп атауға болады. Олар біздің елдің экономикалық қалпына келуін қамтамасыз етуі керек. Ұраны: «Мені тыңда, түсін, менімен сөйле, мені бағала». Z ұрпағының өкілдері кітап оқымайды, аулада аз серуендейді, олар алаңға шығып, футбол ойнағаннан компьютерде футбол ойнағанды жөн көреді. Олар үшін компьютер - бұл табиғи мекен. Олар үшін үлкен көлемде кітап оқымау қалыпты жағдай, бұл олардың ақпарат көзі емес, олар барлық ақпараттарды смартфоннан алады, Google бәрін біледі. Отбасын құруға, есеюге асықпайтын Z буыны ертерек жұмыс істеп, өз мансабын қалыптастыруға тырысып бағады. Оларды өзге ақпаратқа сендіре алмаймыз, сен сабақты нашар оқисың, кейін «барып кел, шауып кел» деген жұмысшы боласасың дегенге сендіре алмайсыз. Бірнеше жылдан соң, бұл буын өкілдері көшбасшылыққа келіп, аға буынды жаймен ығыстыра бастайды. Олардың талабы бір – жауапкершілік, әділеттілік пен еркіндік. Z буыны — ер азаматтардың 63%-ы әйел адамдардың 61%-ы көшбасшы болуды қалайды. Z ұрпағы нақты және виртуалды әлемнің айырмашылығын көрмейді. Дәл қазір еліміз осы буын ұрпақтарына білім беру де. Сондықтан енді осы буын өкілдеріне қалай тәрбие, білім беретініміз туралы айтайық. Психологтардың айтуынша, ХХІ ғасырдың балалары шынымен де алдыңғы буын құрдастарынан ерекшеленеді. Бүгінгі таңда олардың екі негізгі белгілері бар. Біріншіден, олар өте ақылды, тез түсінеді, ересек ұрпаққа жат көптеген нәрселерді қабылдайды және түсінеді. Екіншіден, олар өте сезімтал және осал. Осыған орай дәстүрлі білім беру әдәс-тәсілдері бүгінгі балаларға сай келмеуі мүмкін. Осыған дейін сабақ жоспары бойынша ұйымдастыру кезеңіне 3-5 минут уақыт берілген. Ал Z ұрпағы оқушыларының сабаққа деген ынтасын 8 секунд ішінде аударуымыз керек. Олай болмаған жағдайда сабақтың сапасы нашарлайды. ♦ Z буыны - цифрлы балалар. Мұғалім, оқытушы әлеуметтік желідегі парақшасында оқушыларға қызықты бір нәрсені көруге кеңес бере алады. Оқушының білімін жетілдіре алатын ақпараттың сылкасын жіберіп тұруы қажет. Себебі бұл визуальды буын, сондықтан YouTube олар үшін сенімді және қауіпсіз деп санайтын негізгі ақпарат көзі болып табылады. Немесе ғаламторда «төңкеріс» жасаңыз. Үй тапсырмасын балаларға қызықты форматта беріңіз, мысалы, оны инстаграмда жариялап, лүпіл басып, пікір жазуын талап етіңіз. ♦ Z буыны – теориядан гөрі тәжірибиеге баса назар аударатын буын. Олар үшін оқытушының неліктен нақты білім беретінін және бұл өмірде пайдалы бола алатындығын білу өте маңызды. Егер биология сабағында сіз балықтың құрылымымен таныстыратын болсаңыз, қосымша дүкенде жаңа балықты қалай таңдау керектігін немесе балықтар туралы қызықты ақпаратты айтыңыз, бұл оқушы қызығушылықпен қамтамасыз етеді. ♦ Z буыны - бұл өзіңіз жасайтын буын. Классикалық тәрбиешінің рөлі көп ұзамай өздігінен жоғалады. Қосымша курстарға, үйірмелерге барып, қосымша білім алғаннан қашықтықтан оқып, білім алуды артық санайтын Z буыны үшін түрлі қызықты, пайдалы ақпарат бере отырып, оқытатын сайттар санын жетілдіру керек. Мысалы, домбыра үйірмесіне барып домбырада ойнауды үйренгеннен гөрі ютуб желісі арқылы нақты ақпаратты ала отырып, домбырада ойнауды үйренгенді артық санайды. Сол кекілді пәнге деген қызығушылықты арттыратын әдіс-тәсіл ойлап табуымыз қажет-ақ. ♦ Z буыны басқа адамдардың тәжірибесіне сенбейді. Оларға қалай және не істеу керектігін айтыңыз. Сосын олар көбіне жеке тапсырмаларды жасағанды ұнатады. Z ұрпағының балаларын тәрбиелеуде басты назарда ұсталатын ақпарат: 1. Гаджеттер - қазіргі заманғы адамның өмірінің ажырамас бөлігі. Сондықтан Z ұрпағының балаларын ғаламтордан ақпарат алуына шектеу қойып, техникадан оқшаулауға тырысудың қажеті жоқ, керісінше мұндай құрылғыларды қалай қолдануға болатындығын, одан дұрыс ақпаратты қалай алу керектігін, алынған ақпаратты дұрыс түсініп, жүйелеуге үйретіңіз. 2. Өмірдің қызықты болатындығын мысалмен көрсету үшін балалармен көбірек уақыт өткізіп, назар аударыңыз. Бұл маскүнемдіктің, нашақорлықтың және басқа да тәуелділіктің алдын-алудың тамаша тәсілі. 3. Балалармен қарым-қатынаста сыйластық танытыңыз, оларға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріңіз. 4. Баланы жанашырлыққа және басқалардың сезімін түсінуге үйретіңіз. 5. Баланың қажеттілігін бірінші сөзінде-ақ орындауға тырыспаңыз: бұл оның қажеттіліктерін дұрыс қалыптасуына мүмкіндік бермейді. 6. Өзгеге тәуелсіз болуды үйретіңіз, ең кішкентай жетістігі болса да күш-жігер мен сәттілік үшін мақтаңыз. 7. Оның ойынына кедергі жасамаңыз, егер мүмкін болса, онымен бірге ойнаңыз. X, Y, Z буындар теориясы дегеніміз – әр ғасырда дүниеге келген буынның өзіне тән ерекшелігін анықтау. HR сарапшыларының пікірінше, теория кадрларды тарту және басқару үшін кең мүмкіндік береді. Balbal.kz мотивациялық сайты X, Y, Z буындар кімдер екенін және ол теорияның маңыздылығын материал ретінде ұсынады. Теорияның пайда болуы 1991 жылы алғаш АҚШ зерттеушілері Нейл Хоув және Уильям Штраус жасқа байланысты ерекшеліктерді байқады. Олар әртүрлі ғасырда дүниеге келгендердің құндылықтарын салыстырып, теория жасады. Бұл айырмашылықтардың өз себебі бар. Мысалы, экономика мен саясаттағы жағдай, қоғамның технологиялық дамуы және т.б. Біраз уақыт өткен соң, теория практикада қолданыла бастады. Ол бизнесте өте тиімді болды. Жас ерекшелігі теориясына үш негізгі компонент кіреді: X, Y және Z ұрпақтары мен бэби-бумерлер. Бэби-бумерлер Бэби-бумер санатына 1943-1963 жылдары туған адамдар кіреді. Әдетте бұлар топпен жұмыс істеуге, топтық ойынға қызығушылық танытады. Олар өзін-өзі дамытуды ұжыммен байланыстырады. Бэби-бумерлердің көбісі қазіргі уақытта зейнетте, бірақ әлі де жұмыс істейтіндері бар. Осы ұрпақтың ерекшелігі — денсаулығы мықты және төзімді. X буыны Х ұрпағы — бұл 1963 жылдан 1983 жылға дейінгі адамдар. Олардың ерекшелігі – өзіне ғана сену, балама ойлау, әлемде болып жатқан оқиғалар туралы хабардар болу, өзгеруге дайын. Жалпы алғанда, осы жас санатындағы адамдар ауыр еңбекке ұмтылады және жеке жетістікке жетуге тырысады. Олар жылдар бойы жұмыс мансабында бір бағытты ұстанады. Y буыны 1983-2003 жылғы адамдар. Олардың адалдық пен сәттілік туралы түсінігі басқаша. Көбіне олар кәсіби өсуді ең төменгі деңгейден бастауды ұнатпайды. Себебі бір орында қалып қоямыз деп қорқады. Олардың негізгі бағдары — тез арада өсу. Бұл, сонымен қатар, олардың кемшілігі де. Мұндай кемшілік олардың максималды еңбектенуіне, ізденуіне себепші болады. Y буынын қазіргі заманғы бизнестің үміті деп санайды. Өйткені оған техникалық сауаттылық, бос графикпен жұмыс істеу және білімге деген құштарлық тән. Z буыны 2003 жылдан кейін туылған балалар. Оларды кәсібилік тұрғысынан бағалауға әлі ерте. Қазіргі уақытта олардың санасында қандай құндылықтар басым болатынын айту мүмкін емес. Буындар теориясы арқылы кадр таңдау Бізге X, Y, Z ұрпақтары туралы білу не үшін керек? Осы ұрпақтардың құндылықтарын түсіне отырып, біз кадр таңдау мәселесінде шатаспаймыз. Олардың әрқайсысына әсер ететін тәсілді қолданамыз. HR сөзі де «Адами ресурстар» дегенді білдіреді. Яғни адамдар ресурсын анықтау. Қазіргі HR мамандары адам мүмкіндіктеріне көбірек назар аударады. Компаниялардың материалдық базасы емес, қызметкерлердің әлеуеті жоғарыға жетелейді деп есептейді Әр буын үшін қандай жағдай қолайлы? Қызметкерлермен жұмыс істегенде әртүрлі жастағы адамдардың қажеттіліктері де әртүрлі болатынын түсінуіңіз керек. Бэби-бумерлер үшін: Бэби-бумерлер — тұрақты қажеттіліктері бар ұрпақ. Олардың сұранысы тұрақтылыққа бағытталған. Бұл адамдарды ұзақ уақыттық жұмыспен қамту арқылы материалдық игіліктерсіз де ынталандыруға болады. X ұрпағы: X ұрпағының негізгі мотивациясы – корпоративті мәдениетке интеграциялану қажеттілігі, болашаққа сенімді болу және жұмысын нақты білу. Үнемі оқу және тұлғалық өсу мүмкіндігін мотивация ретінде пайдалану керек. Егер мәселенің қаржылық жағы туралы айтатын болсақ, онда Х ұрпағы белгіленген жалақыға қызығады. Ал пайыздық коммерциялық ынталандыру жүйесі оларға жағымды эмоциялар тудырмайды. Y буыны: Y буынын жиі «желілік буын» деп атайтындығын ескере отырып, оларды интернет, әлеуметтік желі арқылы тартуға болады. Бұл ұрпақ үшін негізгі мотивация – ақшалай сыйақы. Маңыздысы – бюрократиялық «проблемалар» мен технологиялық ақаудың болмауы. Сонымен қатар, Y буыны тыйым мен шектеулерді ұнатпайды. Мұнда тыныш атмосфера, әріптестермен қарым-қатынаста еркіндік, қолайлы киім кию және т.б. маңызды. Егер жұмыс тәртібі графиксіз болса, тіпті жақсы. |