ФАРМ. 36-40 аралығы 50 балл. 1.андай препарат олданан Фенобарбитал 2
Скачать 15.57 Kb.
|
36. Бауыры өте ұзақ уақыт ауырған науқас ұйқысыздық кезінде әсерінің ұзақтығы орташа барбитурат тобына жататын дәрі қабылдаған. Ұйқының ұзақтығы әдеттегіге қарағанда көпке созылды. 1.Қандай препарат қолданған? Фенобарбитал 2.Оның әсерінің ұзақтығын немен түсіндіруге болады. 3.Бауыр патологиясында барбитурат қолданудың ерекшелігі қандай? 37. Науқас өте жоғары эмоциялық қозу кезінде ұйқысыздыққа шағым жасады. Ұйықтататын дәрі қабылдағаннан кейін ұйқы шамамен 30 мин. Кейін басталып, 6-7 сағатқа созылды. Ертеңіне науқас шамалы бұлшық етінің әлсіздігін сезді, бірақ ОЖЖ жағынан жағымсыз жағдай бақалмады. 2 күннен кейін тағы да осы препарат шарап ішкеннен кейін қабылдаған. ОЖЖ терең тежелген, туысқандары жедел жәрдем шақырған. 1. Науқас қандай препарат қабылдаған? Нитразепам. Себебі, нитразепам негізінен ұйықтататын дәрі ретінде қолданылады. Барлық бензодиазепиндер сияқты, ол седативті, анксиолитикалық, құрысуға қарсы және айқын орталық бұлшықет босаңсыту әсері. Препарат орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін дәрілердің (наркотикалық, ұйықтататын, есірткілік анальгетиктер) әсерін ұзартады. Ұйқы 25-45 минутта пайда болады және 6-8 сағатқа созылады. 2.Неге себепті шараптан кейін дәрінің әсері күшейді? 38. Емдеу мекеменің балалар бөлімінде мейірбике түнде нашар ұйықтайтын балаға ұйықтататын дәрімен клизма жасаған. Ол өте жақсы, терең, ұзақ ұйықтаған. Келесі күні дәрігер тік ішегінің шырышты қабығының қызарғаның, жүрек қызметінің, тыныстың әлсірегенін байқады. 1.Қандай препарат енгізілген? 2. Мейірбике оны қолданған кезде нені ұмытып кетті? 39. Науқас асқазан жарасының өршуіне байланысты дәрігерге қаралды. Науқас эпигастрий аймағының ауыратынына, лоқсу сезіміне, нәжістің қараюына (мелена), әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: науқастың суықтап, дене қызуы жоғарлап, басының ауырғанына байланысты анальгезиялық препаратты 1 апта бойында қабылдағаны анықталды. 1.Науқас қандай препарат қабылдаған? 2.Асқазан жарасының өршуі неге байланысты? 3.Дамыған асқынулардың алдын қалай алуға болады? 40. Жедел пневманиямен ауырған науқас 7 күн бойында сульфадимезин қабылдады (1 таблеткадан, күніне 3 рет). Емдеу курсы аяқталған соң да, науқастың жағдайы жақсармады. Қақырықты қайта сепкен кезде, бұрынғы сезімтал флорада дәріге деген төзімділік анықталды. 1.Төзімділіктің даму себебі неде? Сульфадимезиннің тәуліктік дозасы 1г, ал шығу қалпы 0,25 және 0,5 г таблетка немесе ұнтақ түрінде. 2.Тағайындалған препараттың жағымсыз әсерлері? |