аааап. 1.анны рамы, млшері. анны ызметтері. анны рамы
Скачать 19 Kb.
|
Рубежка-2 Физиология 1.Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері. Қанның құрамы Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан , яғни пішінді элементтерден тұрады . Ересек адамда канның көлемі 5-6 литрдей . Қан жасушалары қызыл түйіршіктер ( эритроциттер ) мен ақ түйіршіктер ( лейкоциттер ) , кан пластинкалары - тромбоциттер . Плазма қан құрамының 52-58% - іне , қан жасушалары - 42-48 % -не тең. Қанның негізгі қызметтері : асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды; бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады; тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді; регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді) қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады. терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды. 2.Плазма құрамы. Қаннның физикалық және химиялық қасиеттері. Оның құрамына (90-92%) органикалық және бейорганикалық заттар (8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі ақуыздар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды). Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер, гормондар т.б. болады. Қанның физикалық-химиялық қасиеттері 1. Түсі – эритроциттер ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар түзуіне байланысты. 2. Дәмі – тұзды, құрамында NaCl көп болуына байланысты. 3. Иісі – құрамында тез буланатын май қышқылдарына байланысты. 4. Қанның меншікті салмағы – 1,050-1,064 плазманың меншікті салмағы – 1,024-1,032 формалық элементтердің меншікті салмағы – 1,089-1,098 Қанның меншікті салмағы негізінен қан құрамындағы эритроциттердің аз-көптігіне байланысты (физиологиялық және патологиялық) 5. Қанның тұтқырлығы – 4-5 (қан жасушалары мен плазмадағы ірі молекулалық заттардың деңгейіне байланысты). Осмостық қысымы – 290-310 мосм/л Қанның құрамындағы тұздар (электролиттер) мөлшеріне байланысты туындайтын қысымды осмостық қысымы дейді. Қанның осмостық қысымы негізінен NaCl иондарына байланысты. Онкотикалық қысымы – 3,0-4,0 мосм/л Қанның құрамындағы белок молекулары тудыратын қысымды онкотикалық қысымы дейді. Қанның онкотикалық қысымы аз, бірақ оның қан мен тін арасындағы су алмасу үрдістерін реттеуде маңызы зор. Қан реакциясы (рН) вена қанында – 7,36 артерия қанында – 7,42 Қан құрамындағы сутегі (Н+) мен гидроксил (ОН-) иондарының ара-қатынасына байланысты. Өте тұрақты көрсеткіштердің бірі, 0,1-0,2 мөлшерге өзгерсе қауіпті. 3.Қанның негізгі физиологиялық тұрақты көрсеткіштері, оларды сақтау механизмі. |