1!бас битіні клиникалы белгісі
Скачать 0.62 Mb.
|
1!БАС БИТІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІСІ: *сірке *сулану *түнде қышыну *түйіннің болуы *жұптасқан бөртпелер 2 !ЕРЕСЕКТЕРДЕГІ ҚОТЫРДЫҢ ЖИІ ОРНАЛАСАТЫН ЖЕРІ: *арқа *бет және мойын *алақан және табан *бастың шашты бөлігі *саусақ аралықтары 3 ! Айқын кешкі қышу сезімі мазалайтын ер адамда жұптасып орналасқан папуло- везикулалар анықталды. Сипатталған дерматоздың ЕҢ ЖИІ орналасатын жері: *шырышты қабаттар *бұғана асты аймағы *бастың шашты бөлігі *саусақ аралық қатпарлар *мойынның артқы, бүйір беттері 4!Балалар емханасына 4 айлық баласымен ана қаралды, баланың кеуде, бет терісінде, бастың шашты бөлігінде, әсіресе (желке тұсында), алақан мен табанды қоса аяқ-қолдарында дақтер, күлдіреуіктер, сулану, паронихия, онихия байқалады. Айқын қасыну нәтижесінде геморрагиялық қабықпен жабылған көптеген нүктелі экскориациялар пайда болған. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ: *қотыр *строфулюс *балалар экземасы *аллергиялық дерматит *атопиялық нейродермит 5!Емханаға 55 жасар ер адам қаралды. Оның саусақ аралық қатпарларында, саусақтардың бүйір бетінде кешке және түнге қарай қышу сезімімен жүретін, жұптасып орналасқан папуло-везикулезді элементтер пайда болған. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ: *экзема *қотыр *есекжем *қарапайым импетиго *аллергиялық дерматит 6!Дерматолог дәрігерге 26 жасар ер адам кешкі уақытта күшейетін қатты қышу сезіміне шағымданданып қаралды. Қарағанда: саусақ аралық қатпарларда, білектің бүккіш бетінде, іште, сегізкөз аймағында және санның ішкі бетінде жұптасқан папуло-везикулезді бөртпелер, нүктелі экскориациялар байқалады. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ: *қотыр *есекжем *токсидермия *терлік қышу *аллергиялық дерматит 7. !30 жасар ер адам дәрігерге артқы тесік аймағындағы, қасаға мен жыныс мүшелеріндегі қатты қышу сезіміне шағымданды. Қышу сезімі кездейсоқ жыныстық қатынастан кейін пайда болған. Объективті: қасағада домалақ, бұршақ дәніндей, боз-көкшіл түсті, басқанда жоғалмайтын геморрагиялық дақтар көрінеді. Түктерде майда сіркелер анықталды. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ: *қотыр *мерез *строфулюс *қасаға биті *аллергиялық дерматит 8.!22 жасар әйел дәрігерге жыныстық байланыстан кейін пайда болған қасаға мен жыныс мүшелеріндегі қатты қышу сезіміне шағымданды. Объективті: қасаға мен үлкен жыныс еріндерінде домалақ, бұршақ дәніндей, боз-көкшіл түсті, басқанда жоғалмайтын геморрагиялық дақтар көрінеді. Түктерде майда сіркелер байқалады. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ: *мерез *қотыр *трихофития *қасаға биті *аллергиялық дерматит 9.!27 жасар ер адам түнгі уақыттағы қышу сезіміне шағымданып қаралды. Ауырғанына 8 күн. Аурудың басын іс-сапарға шығуымен байланыстырады. Қарағанда: саусақ аралық қатпарларда, іште, санның ішкі бетінде папуло-везикулезді элементтер, көптеген экскориациялар, серозды-іріңді қабықтар байқалады. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ: *қотыр *есекжем *терілік қышу *токсидермия *аллергиялық дерматит 10.!Дәрігер қабылдауына 12 жасар баласымен ана келді. Айтуы бойынша баланы самай мен желке тұсындағы қатты қышу сезімі мазалайды. Бала тітіркенгіш болған, түнде нашар ұйқтайды. Анамнезінен: аурудың басын балалар лагеріне барумен байланыстырады. Қарағанда: бастың шашты бөлігінде, желке тұсы мен самайда көптеген сарғыш-қоңыр қабықтар, аздап фолликулиттер. Сонымен қатар желкеде шаштарға, түбінен сәл жоғары көптеген сіркелер жабысқан. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ: *сикоз *фавус *педикулез *трихофития *микроспория 11!Дәрігер қабылдауында 23 жасар ер адам түнгі қатты қышу сезімімен жүретін, жыныс мүшесі мен ішінде пайда болған бөртпелерге шағымданды. Ауруын танымайтын әйелмен жыныстық қатынасқа түсуімен байланыстырады. Науқас спирттік өнимдерді жиі қабылдайды. Объективті: жыныс мүшесі терісінде түйреуіш басындай эрозиялар, эрозиялардың жартысы қанды қабықпен жабылған. Іш терісінде көптеген жұптасқан папуло-везикулезді элементтер, экскориациялар. Шап лимфа түйіндері ұлғаймаған. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ: *экзема *қотыр *пруриго *есекжем *терілік қышыма 12!35 жасар әйел дәрігерге бас терісі мен мойынның қатты қышуына шағымданып келді. Әйелдің айтуынша қышу сезімі шаштаразға барғаннан соң пайда болған. Бас терісін қарағанда ашық сары «бал тәрізді» қабықтары бар терінің зақым ошағы көрінеді, сонымен қатар фолликулиттер, желке терісінің, самай, құлақ арты аймағының экзема тәрізді зақымдануы. Шаштарда жәндіктер салған сіркелер көрінеді.Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ: *қотыр *псориаз *бас биті *себореялық экзема *себореялық дерматит 13!Тері аурулар клиникасына 58 жасар ер адам киімнің қатпарлары мен тігістері денеге жанасқан аймақтарда қатты қышу сезімімен жүретін бөртпелерге шағымданып түсті. Науқастың тұрғылықты мекен-жайы жоқ. Қарағанда бүкіл тері бетінде қан тамырлы дақтар, папулезді-уртикарлық элементтер, экскориациялар. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ: *қотыр *псориаз *киім биті *нейродермит *жайылмалы рубромикоз 14 !Дерматолог дәрігерге 28 жасар ер адам кешкі уақытта күшейетін қатты қышу сезіміне шағымданданып қаралды. Қарағанда: саусақ аралық қатпарларда, білектің бүккіш бетінде, іште, сегізкөз аймағында және санның ішкі бетінде қосарланған папуло-везикулезді бөртпелер, нүктелі экскориация байқалады. Берілгендердің ішінде қай дәрілік препарат сыртқы терапияда ЕҢ ОРЫНДЫ: *сулы тұнба *цинк майы *цинк пастасы *ланолин крем *бензилбензоат 15 !35 жасар әйел дәрігерге бас терісі мен мойынның қатты қышуына шағымданып келді. Әйелдің айтуынша қышу сезімі шаштаразға барғаннан соң пайда болған. Бас терісін қарағанда ашық сары «бал тәрізді» қабықтар бар терінің зақым ошағы көрінеді, сонымен қатар фолликулиттер, желке терісінің, самай, құлақ арты аймағының экзема тәрізді зақымдануы. Шаштарда жәндіктер салған сіркелер көрінеді.Берілгендердің ішінде қай дәрілік препарат сыртқы терапияда ЕҢ ОРЫНДЫ: *сабын-содалы ванна *бор қышқылының сулы ерітіндісі *ниттифорсулы-спиртті ерітіндісі *гипертониялық ерітіндімен таңу *хлорлы-сутегі қышқылының ерітіндісі 16! 22 жасар әйел дәрігерге жыныстық байланыстан кейін пайда болған қасаға мен жыныс мүшелеріндегі қатты қышу сезіміне шағымданды. Объективті: қасаға мен үлкен жыныс еріндерінде домалақ, бұршақ дәніндей, боз-көкшіл түсті, басқанда жоғалмайтын геморрагиялық дақтар көрінеді. Түктерде майда сіркелер байқалады. Берілгендердің ішінде қай дәрілік препарат (майлар) сыртқы терапияда ЕҢ ОРЫНДЫ: *фторокорт *2 % салицил *3 % бонафтан *10 % ақсынап *3 % борлы қара май 17!27 жасар ер адам түнгі уақыттағы қышу сезіміне шағымданып қаралды. Ауырғанына 8 күн. Аурудың басын сапарға шығуымен байланыстырады. Қарағанда: саусақ аралық қатпарларда, іште, санның ішкі бетінде папуло-везикулезді элементтер, көптеген экскориациялар, серозды-іріңді қабықтар байқалады. Берілгендердің ішінде қай дәрілік препарат сыртқы терапияда ЕҢ ОРЫНДЫ: *сулы тұнба *цинк майы *цинк паста *ланолин крем *бензилбензоат 18 !Дәрігер қабылдауында 23 жасар ер адам түнгі қатты қышу сезімімен жүретін, жыныс мүшесі мен ішінде пайда болған бөртпелерге шағымданды. Ауруын танымайтын әйелмен жыныстық қатынасқа түсуімен байланыстырады. Объективті: жыныс мүшесі терісінде түйреуіш басындай эрозиялар, эрозиялардың жартысы қанды қабықпен жабылған. Іш терісінде көптеген қосарланған папуло-везикулезді элементтер, экскориациялар. Шап лимфа түйіндері ұлғаймаған. Науқасқа 20% күкірт майы тағайындалды. Дәрілік дерматит дамуының және қышудың фиксациясын болдыртпау үшін қай дәрілік препаратты тағайындау ЕҢ ОРЫНДЫ: *иммунотерапия,седативті *гормонотерапия, психотерапия *витаминотерапия, цитостатиктер *гипосенсибилизациялық, антигистаминді *антибиотикотерапия, саңырауқұлаққа қарсы 19 !30 жасар ер адам дәрігерге артқы тесік аймағындағы, қасаға мен жыныс мүшелеріндегі қатты қышу сезіміне шағымданды. Қышу сезімі кездейсоқ жыныстық қатынастан кейін пайда болған. Объективті: қасағада домалақ, бұршақ дәніндей, боз-көкшіл түсті, басқанда жоғалмайтын геморрагиялық дақтар көрінеді. Түктерде майда сіркелер анықталды. Берілгендердің ішінде қай дәрілік препарат тағайындаған ЕҢ ОРЫНДЫ: *сабын-содалы ванна *бор қышқылының сулы ерітіндісі *ниттифорсулы-спиртті ерітіндісі *25 % бензилбензоат эмульсиясы *хлорлы-сутегі қышқылының ерітіндісі 20!Айқын кешкі қышу сезімі мазалайтын ер адамда қосарланып орналасқан папуло-везикулалар анықталды. Қандай диагностикалық тактика ЕҢ ОРЫНДЫ: *биопсия *йодтық проба *дақылдық зерттеу *қоректік ортаға себу *терілік аллергиялық сынама 21 !Дәрігер қабылдауына 12 жасар баласымен ана келді. Айтуы бойынша баланы самай мен желке тұсындағы қатты қышу сезімі мазалайды. Бала тітіркенгіш болған, түнде нашар ұйқтайды. Анамнезінен: аурудың басын балалар лагеріне барумен байланыстырады. Қарағанда: бастың шашты бөлігінде, желке тұсы мен самайда көптеген сарғыш-қоңыр қабықтар, аздап фолликулиттер. Сонымен қатар желкеде шаш түбінен сәл жоғары көптеген сіркелер жабысқан. Жергілікті ниттифор-сулы-спиртті ерітіндісі тағайындалды. Емнің тиімділігін арттыру үшін, төменде берілгендердің қайсысын тағайындаған жөн: *биопсия *дезинфицирлеуші ерітінділермен сүрту *шаққан орында нашатыр спиртімен сүрту *инсектицидтермен салқындатқыш сулы таңба *асханалық сірке суы малынған мақтасы бар тарақ 22! 47 жасар, сырт келбеті салақ ер адамды тері қышуы мазалайды, қотыр ма деп уайымдайды. Ауырғанына 3 апта болған, өздігінше қотырға қарсы ем қабылдаған, бірақ қышу сезімі сақталды. Қарағанда: мойынның артқы беті мен қасағада эритематозды-папулезды бөртпе,олар шектелген ошақ түрінде орналасқан. Экскориациялар бар. Мойынның артқы бетінде көлемі 5 мм дейінгі бит анықталды, ішінде сорған қан көрінеді.Қандай емдеу тәсілі ЕҢ ОРЫНДЫ: *сабын-содалы ванна *гипертониялық ерітіндімен таңу *өсімдік майы мен керасинмен таңу *бор қышқылы ерітіндісімен сулы таңба *хлорлы сутегі қышқылы ерітіндісін таңу 23 !55 жасар ер адамда саусақ аралық қатпарларында, саусақтардың бүйір бетінде кешке және түнге қарай қышу сезімімен жүретін, жұптасып орналасқан папуло-везикулезді элементтер пайда болды. Берілгендердің ішінде қай дәрілік препарат сыртқы терапияда ЕҢ ОРЫНДЫ: *Видаль сүті *клотримазол *салицил майы *ланолин кремі *бензилбензоат 24! 26 жасар ер адам кешкі уақытта күшейетін қатты қышу сезіміне шағымданданып қаралды. Қарағанда: саусақ аралық қатпарларда, білектің бүккіш бетінде, іште, сегізкөз аймағында және санның ішкі бетінде қосарланған папуло-везикулезді бөртпелер, нүктелі экскориация байқалады. Осы жағдайда негізгі қай препарат тағайындалады: *Видаль сүті *цинк пастасы *салицил майы *ланолин кремі *бензилбензоат |