New Документ Microsoft Office Word. 1.зіні баытын немі згертіп отыратын ток айнымалы ток деп аталады
Скачать 60.15 Kb.
|
1.Өзінің бағытын үнемі өзгертіп отыратын ток ... /айнымалы ток/ деп аталады. 2.Ом заңының формуласы . Ii=Ui/R 3.Жиілік пен сыйымдылықтың көбейтіндісінің кері шамасын /сыйымдылық резонанс/ деп атайды. 4.Айнымалы токтың лездік қуатының формуласы. P=I2R 5.Индукциялық генератордың бөліктері ... /қондырғыш, щетка, ротор, корпус, турбина, сақина, генератор, статор/ 6.Активті индуктивті және сыйымдылық кедергілер тізбектей жалғағанда байқалатын резонансты ... /кернеу немесе тізбекті резонанс/ деп атайды. Жауаптары:
Физикалық диктант. 1.Өзінің бағытын үнемі өзгертіп отыратын ток ........................ деп аталады. 2.Ом заңының формуласы ................... 3.Жиілік пен сыйымдылықтың көбейтіндісінің кері шамасын .....................деп атайды. 4.Айнымалы токтың лездік қуатының формуласы. .......................... 5.Индукциялық генератордың бөліктері ... ................................................................................... 6.Активті индуктивті және сыйымдылық кедергілер тізбектей жалғағанда байқалатын резонансты ... .......................................деп атайды. -------------------------------------------------------------------------------------------- Тест сұрақтары: 1. Айнымалы электр тогы А) Гармоникалық тербеліс В) Механикалық тербеліс С) Өшетін тербеліс Д) Еркін тербеліс Е)Еріксіз электромагниттік тербеліс 2. Айнымалы ток генераторының жұмысы кезінде энергияның түрленуі А) Механикалық энергия ішкі энергияға айналады. В) Химиялық энергия электр энергиясына айналады. С) Механикалық энергия электр энергиясына айналады Д) Кинетикалық энергия потенциялық энергияға айналады. Е) Ішкі энергия электр энергиясына айналады. 3. Генератордың айналатын бөлігі А) Статор В) Ротор С) Сақина Д) Өзекше Е) Щетка 4. Айнымалы токтың лездік қуатының формуласы А) P=I2R В) P=U2/R С) P=A/t Д) P=I2m R/2Е) P= IU 5. Айнымалы ток көзіне R актив кедергі, катушка және конденсатор тізбектей қосылған. Тізбектің толық кедергісі Z. Тізбекте резонанс болуының шарты: А) Xc>XL Z=0 В) XC=XL Z=R С) Xc=XL R=0 Д) R< 6. Айнымалы ток генераторының роторы біртекті магниттік алаңда айналып тұр. Егер айналу жиілігін 2 есе жоғарылатсақ, ЭҚК индукциясының амплитудасы қалай өзгереді? А) 4 есе төмендейді В) 5 есе төмендейді С) 3 есе жоғарылайды Д) 2 есе жоғарылайды Е) өзгермейді --------------------------------------------------------------------------------- 1.Электр станция қуаты 120 кВт, кернеуі 220 В, өткізгіштің кедергісі 0,05 Ом, ал фаза ығысуы 300 болса, электр тогы станция тұтынушыға жеткенше қанша қуатын жоғалтады? Жауабы: 20,6 кВт ------------------------------- 2. Кернеу максимал мәні UM=310B болса, әсерлік мәні неге тең? Жауабы: 220 В ----------------------------------------------- 3. Жиілігі 50 Гц айнымалы ток тізбегіндегі конденсатордың сыйымдылық кедергісі Хс=5 Ом. Конденсатордың сыйымдылығы қандай? Жауабы: 6,4 *10-4 Ф 4. Айнымалы токтың жиілігі 1кГц болса, индуктивтілігі 5Гн катушканың индуктивті кедергісі қандай? Жауабы: 31,4 кОм --------------------------------------------- Трансформатор айнымалы токтың кернеуін 220В-тан 2000В-қа дейін жоғарылатады. Екінші орамдағы ток 0,4А болса, бірінші орамдағы ток неге тең? Трансформатордың ПӘК-ін 94% деп алыңыз. Жауабы: 3,8А --------------------------------------------------------------- Трансформатор кернеуді 220-дан 2000В-қа дейін жоғарлатады. Екінші орамдағы ток 0,2А болса, бірінші орамдағы ток неге тең? Жауабы: 1,8А --------------------------------------------------------------- Трансформатордың бірінші орамының ток күші 0,5А, кернеуі 220В. Екінші орамның ток күші 11А, кернеуі 9,5В. Трансформатордың ПӘК-ін табыңыз Жауабы: 95% ---------------------------------------------------------. Трансформатор коэффициенті к=5 төмендеткіш трансформатор U1 =110В кернеу көзіне қосылған. Екінші реттік ораманың кедергісі R2=1,2 Ом, пайдалы жүктеменің кедергісі R=1 Ом болса, ондағы ток күші қандай? Жауабы: 10А № 976(Р) Трансформатор кернеуді 220 – дан 660 В-қа дейін арттырады, оның бірінші реттік орамасы 840 орамнан тұрады. Трансформация коэффициенті қандай? Екінші реттік орамада қанша орам бар? Қай орамдағы өткізгіштің қимасы артық? № 979(Р) Трансформатор төмендеуі 120 В болғанда 20 А ток береді. Алғашқы кернеуі 22000 В-қа тең. Онда бірінші жүктеменің ПӘК 90 % болса, трансформатордың бастапқы ток күші мен кіріс-шығыс қуаты неге тең? № 2.10.3 Тр ансформатордың бірінші орамасындағы ток күш =10 А, ал оның ұштарындағы кернеу =110 В. Екінші орамасының ұштарындағы кернеу =1000 В болса, ток күші қандай? Шешуі: =10 А = =1,1 A =1000 В = =110 В -? Трансформатор деген не? Трансформаторды ойлап тапқан кім? Трансформатор құрылысы? Трансформатордың қызметі? Трансформатордың шартты белгісі? Трансформация коэффициентінің формуласы? Төмендеткіш және жоғарлатқыш трансформатор дегеніміз не? Трансформатордың ПӘК-інің формуласы? Электр желісінде энергия шығынын азайтудың қандай жолдары бар? Күн және жел энергиясы, артықшылығы мен кемшілігі. Трансформатордың құрылысы қандай? Аайнымалы токтың трансформациясы деген не? Трансформациялау коэффициентi деген не? Трансформатордың жұмыс принципі? Трансформатордың сызбалық белгісі қандай? Шар амплитудасы 0,1 м гармоникалық тербеліс жасайды. Бастапқы уақыт мезетінде ол тепе-теңдік күйде болды. Шардың Т/12 периодқа тең уақыттағы тепе-теңдік күйден ығысуын анықтаңдар. Серіппеге ілінген жүк амплитудасы 0,1 м, периоды 1,57 с гармоникалық тербеліс жасайды. Жүктің қозғалыс кезіндегі максимал үдеуін анықтаңдар. Аспап ішегінің өшпейтін тербелістерінің жиілігі 5 Гц. Ішектегі қандай да бір нүктенің тербеліс амплитудасы 1 мм. Осы нүкте 5 с ішінде қандай жол жүріп өтеді? Массасы 80 кг адам суда қалқып жүрген мұз кесегін басады, кесек адаммен бірге 2 с периодпен тербеле бастады. Беткі қабатының ауданы 1 м2, тығыздығы 900 кг/м3 мұздың қалыңдығын анықтаңдар. Материялық нүкте x t = + 0 4, cos p( ) 2 1 2 заңы бойынша тербеліс жасайды. Нүкте координатасының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар. Материялық нүкте x t = − 0 4, sin p( ) 2 1 2 заңы бойынша тербеліс жасайды. Материялық нүкте жылдамдығының уақытқа тәуелділігін және t 1 = 2 c уақыт мезетіндегі жылдамдығын анықтаңдар. Нүкте жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар. Тербелмелі контурдың индуктивтілігі 100 мкГн болғанда, еркін электр-магниттік тербелістердің жиілігі 2 МГц-ке тең. Электрсыйымдылық өзгермесе, контурдағы тербелістердің жиілігі 4 МГц болуы үшін контурдың индуктивтілігі қандай мәнге ие болуы керек? Тербелмелі контур индуктивтілік шарғысымен параллель жалғанған екі бірдей конденсатордан тұрады. Егер конденсаторларды тізбектей жалғаса, контурдағы еркін электр тербелістерінің жиілігі неше есе артады? Тербеліс жиілігі екі есе артуы үшін конденсатор пластиналарының арақашықтығын қалай өзгерту керек?ма 1. Массасы 0,1 кг жүк тепе-теңдік күйінен 0,03 м-ге ауытқыған кездегі серіппенің потенциалдық энергиясын анықтаңдар. Гармоникалық тербелістің циклдік жиілігі 20 рад/с. Электрсыйымдылығы 10 пФ конденсаторы бар тербелмелі контурдың толық энергиясын анықтаңдар. Конденсатор астарларындағы максимал кернеу 100 В-қа жетеді. Массасы 0,81 кг жүгі бар серіппелі маятник тепе-теңдік күйінен шығарылды. Оның ығысуы 0,314 с-тан кейін бірінші рет тербеліс амплитудасының жартысына тең болса, серіппенің қатаңдығы қандай? Идеал тербелмелі контурда индуктивтілік шарғысындағы ток күшінің тербеліс амплитудасы 5 мА, ал конденсатордағы зарядтың амплитудасы 2,5 нКл. Біршама уақыт өткен соң конденсатордағы заряд 1,5 нКл-ға тең болды. Осы кездегі шарғыдағы ток күшінің мәнін анықтаңдар. Тербелмелі контур конденсаторының сыйымдылығы 0,4 мкФ, меншікті тербеліс жиілігі 50 кГц,заряд тербелісінің амплитудасы 8 мкКл. Зарядтың, кернеудің, ток күшінің уақытқа тәуелділік q q = ( )t u, , = u t( ) i i = ( )t теңдеулерін жазыңдар. Кернеудің тербеліс амплитудасын, ток күшінің тербеліс амплитудасын және шарғының индуктивтілігін анықтаңдар. Шамалардың тәуелділік графиктерін тұрғызыңдар. Сыйымдылығы 1 мкФ конденсатор астарларындағы кернеу u = 100cos500t заңы бойынша өзгереді: а) конденсатордағы кернеудің максимал мәнін; ә) контурдағы тербеліс периодын, жиілігін және циклдік жиілігін анықтаңдар; б) конденсатордың максимал зарядын; в) контурдың индуктивтілігін; г) контурдағы максимал ток күшін анықтаңдар; ғ) конденсатордағы зарядтың уақытқа тәуелділік теңдеуін; д) ток күшінің және кернеудің уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңдар. u t() () () , , q t i t тәуелділік графиктерін салыңдар. 1. Ауданы S = 200 см2 раманы индукциясы В = 0,2 Тл (30-сурет) магнит өрісінде n = 8 с−1 жиілікпен айналдырады. а) раманы тесіп өтетін магнит ағынының өзгеру заңын; ә) рамада пайда болатын индукциялық ЭҚК-ның өзгеру заңын жазыңдар. Бастапқы уақыт мезетінде рама магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан. График бойынша (31-сурет) айнымалы ЭҚК-ның амплитудалық мәнін, периодын және жиілігін анықтаңдар. ЭҚК-ның уақыт өте келе өзгеру заңын жазыңдар. Айнымалы ток генераторының роторы полюс терінің сегізжұбы бар, n = 8. Генератор n = 50 Гц стандартты жиілікті ток өндіретін болса, ротордың айналу жиілігі қандай болуы керек? Тізбектегі ток күші мына заң бойынша өзгереді: i = 8,5sin (314t + 0,661). Ток күшінің амплитудалық мәнін, оның бастапқы фазасы мен жиілігін анықтаңдар. Айнымалы ток тізбегі бөлігінің ұштарындағы кернеу синусоида заңы бойынша өзгереді. Бастапқы фаза ϕ π 0 3 = , тербеліс периоды T = 0,02 c. t T = 24 уақыт мезетіндегі кернеу u = 5 B. Кернеу амплитудасын, циклдік жиілікті, ток жиілігін анықтаңдар. Кернеудің уақыт өте келе өзгеру заңын жазыңдар. Тізбектегі ток күші уақыт өте келе мына заң бойынша өзгереді i t = + 4 6 sin ) (314 p . Ток күшінің әсерлік мәнін, оның бастапқы фазасын және ток тербелісінің периодын анықтаңдар. t 1 = 0,01 c, t 2 = 0,04 c уақыт мезеттерінде ток күші неге тең болады? ҚР-дағы өндірістік желі үшін кернеудің уақыт өте келе өзгеру заңын жазыңдар. Өндірістік ток жиілігі 60 Гц, максимал кернеуі 127 В болатын елдер үшін осы заң қалай өзгереді? Тізбектің активті кедергісі 4 Ом бөлігіндегі ток күші i = 6,4sin314tзаңымен өзгереді. Ток күшінің әсерлік мәнін анықтаңдар, кернеудің уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңдар. Стандартты жиілікті ncm = 50 Гц кернеуі U = 220 B айнымалы ток желісіне қосылған конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар. Тізбектегі ток күші I = 2 A. Индуктивтілігі L = 35 мГн шарғы айнымалы ток желісіне жалғанған. Ток жиілігі n = 50 Гц болғандағы, шарғының кедергісін анықтаңдар. Индуктивтілігі L = 0,02 Гн шарғы жиілігі n = 50 Гц айнымалы кернеу көзіне қосылған. Кернеудің әсерлік мәні U = 100 B. Ток күшінің лездік мәнінің уақытқа тәуелділігін және ток пен кернеу арасындағы фазалық ығысуды анықтаңдар. Шарғының активті кедергісін ескермеңдер. Жиілігі 100 Гц айнымалы ток тізбегіне алдымен сыйымдылығы 10 мкФ конденсатор қосылады, содан соң конденсатор орнына индуктивтілік шарғысы қосылады. Егер тізбектің индуктивті және сыйымдылық кедергілері тең болса, шарғының индуктивтілігі неге тең? Айнымалы ток тізбегінің тармақталмаған бөлігі активті, индуктивтілік және сыйымдылық кедергілерден тұрады, олардың мәндері сәйкесінше R = 3 Ом, XL = 6 Ом, XC= 2 Ом. Тізбектің жалпы кедергісін анықтаңдар. 45-суреттегі сұлбада активті кедергі R = 2 Ом, шарғының индуктивтілігі L = 50 мГн, конденсатордың сыйымдылығы С = 25 мкФ. Тізбектің толық кедергісін және 50 Гц айнымалы ток жиілігінде ток пен кернеу арасындағы фазалық ығысуды анықтаңдар. Жиілігі 100 Гц айнымалы ток генераторына индуктивтілігі 0,5 Гн шарғы, сыйымдылығы 4 мкФ конденсатор және кедергісі 54 Ом резистор қосылған. Тізбектегі ток күшінің амплитудалық мәні 0,5 А. Генератордағы кернеудің амплитудалық мәнін анықтаңдар. Жауапты бүтін санға дейін дөңгелектеңдер. Айнымалы ток желісіне кедергісі R = 40 Ом шәйнек қосылған. Егер желідегі кернеу амплитудасы Um = 311 B болса, қуатты және t = 3 мин ішінде бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар. Тізбектей жалғанған R, L, C элементтері U = Um coswt айнымалы кернеу көзіне қосылған, мұндағы Um = 179 B. Жиілік n = 10 кГц болғанда, тізбектегі ток күші максимал мәнге ие. а) Ом заңы негізінде қандай жағдайда тізбектегі ток күші максимал мәнге ие болатынын талдаңдар. ә) С = 0,05 мкФ деп алып, тізбектің индуктивтілігін анықтаңдар. б) Кернеу мен ток күшінің векторлық диаграммасын тұрғызыңдар, қуат коэффициентін анықтаңдар. в) R = 50 Ом активті кедергіде бөлінетін қуатты анықтаңдар. Кернеуі 220 В тізбекке активті кедергісі 10 Ом болатын резисторжәне индуктивтілік шарғысы тізбектей жалғанды. Егер резистордағы және шарғыдағы кернеудің әсерлік мәндері сәйкесінше 50 В және 160 В болса, онда шарғыда бөлінетін жылу қуатын анықтаңдар. Конденсатор мен шарғы тізбектей жалғанған. Сыйымдылық кедергі XС = 5000 Ом. Егер жиілікn = 20 кГц болғанда кернеу резонансы байқалатын болса, тізбекке қосылған шарғының индуктивтілігі қандай? Активті кедергісі R = 100 Ом реостат, индуктивтілігі L = 5 мГн шарғы және сыйымдылығы С = 0,05 мкФ конденсатор тізбектей жалғанған. Резонанстық жиілікті, резонастық жиілік кезіндегі конденсатор мен шарғыдағы кернеулердің максимал мәндерін анықтаңдар. Тізбекке берілген кернеудің әсерлік мәні U = 10 В. Активті кедергісі R = 2 Ом және индуктивтілігі L = 75 мГн шарғы айнымалы сыйымдылықты конденсатормен бірге кернеуінің әсерлік мәні U = 50 В, жиілігі n = 50 Гц желіге тізбектей жалғанған. Кернеулер резонансы кезінде конденсатордың C сыйымдылығын және шарғыдағы UL кернеу мәнін, конденсатордағы UC кернеу мәнін анықтаңдар. Электр тізбегі өзара тізбектей жалғанған кедергісі R = 10 Ом резистордан, индуктивтілігі L = 100 мкГн шарғыдан және сыйымдылығы С = 100 пФ конденсатордан тұрады. Резонанстық жиілік пен тізбектің сапалылығын анықтаңдар. Егер жалпы кернеу U = 1 В болса, ток күші I, ток қуаты P, индуктивтілік шарғысындағы кернеу UL және конденсатордағы кернеу UC неге тең? N = 200 орамы бар трансформатордың екінші реттік орамасын уақыт бойынша Ф = 0,02cos100pt заңымен өзгеретін магнит ағыны тесіп өтеді. Екінші реттік орамадағы ЭҚК-ның уақытқа тәуелділігін өрнектейтін формуланы жазыңдар, осы ЭКҚ-ның әсерлік мәнін анықтаңдар. Тасымалдау коэффициенті k = 20 төмендеткіш трансформатор кернеуі U1 = 220 B желіге қосылған. Егер екінші реттік ораманың кедергісі r2 = 0,1 Ом, жүктеменің кедергісі R2 = 1 Ом болса, трансформатор шығысындағы кернеу қандай болуы керек? Жоғарылатқыш трансформатордың тасымалдау коэффициенті k = 0,5. Екінші реттік орама тізбегіне қосылған жүктеменің кернеуі U2 = 216 B. Жүктеменің кедергісіR2 = 10,8Ом, екінші реттік ораманың кедергісіr = 0,2 Ом.Бірінші реттік орамадағы кернеу мен ток күшін, трансформатордың ПӘК-ін анықтаңдар. Pж = 1 МВт қуат тұтынатынжүктеме электрстансыдан l = 75 км қашықтықта орналасқан. Егер мыс сымның көлденең кимасының ауданы S = 16 мм2 болса, электртасымалдаушы желі кірісіндегі қуат қандай болуы керек? Мыстың меншікті кедергісі r = 1,7 ⋅ 10–8 Ом ⋅ м, желідегі кернеу 40 кВ, cosj = 0,63. Көлденең қимасының ауданы S = 15 мм2 мыс сым арқылы энергия шығыны 10 %-тен аспайтындай қуаты P = 200 МВт энергияны қандай қашықтыққа тасымалдауға болады? Желідегі кернеу U = 350 кВ, cosj = 0,87. |