Главная страница
Навигация по странице:

  • 1. «Қуыршақты ұйықтатамыз»

  • Шекер ме екен бал ма екен Ойнақтап бір бәйгеден,Озып келер тай ма екен

  • 2. «Қуыршақ оянды»

  • -Әуелі несін кигіземін

  • -Бұл не -Жастық.-Мынау не -Төсек жапқыш.-Мынау не -Ол жастықтың тысы.-Дұрыс. Мынау не

  • -Мынау не -Ол құс төсек.Бір баланы шығарып төсек – орынды қайтадан жинату.4. «Қонжықты емдейміз»

  • 5. «Бізге жаңа бала келді»

  • 6. «Қуыршаққа қонаққа барамыз»

  • 23 жастаы балалара арналан сюжетті рлдік ойындар жинаы


    Скачать 24.29 Kb.
    Название23 жастаы балалара арналан сюжетті рлдік ойындар жинаы
    Дата20.12.2021
    Размер24.29 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2.docx
    ТипДокументы
    #311309


    2-3 жастағы балаларға арналған сюжетті – рөлдік ойындар жинағы
    Сәбилер тобындағы ойындар – ойыншыққа байланысты болады. Сонда оларға қандай ойыншықтар керек? Олар негізінен тамақтандыруға, бесік – арбамен тербетуге ыңғайлы қуыршақтар, аюлар, үлкен – үлкен қояндар болып келеді.

    Осы аюлар мен қояндарға арнап жиһаздар: үстелдер,орындықтар, кереуеттер, бесік – арбалар, ірі және орташа автомашиналар (ағаштан жасалған дұрыс) қажет. Балалардың ойнауына қолайлы болуы үшін, ойыншық ыдыстардың мөлшері де ірі – ірі болуы керек. Бұдан бақа орташа қуыршақтар да қажет: олар көрпешеге орауға, ұйықтатуға, суға түсіруге және т.б. ыңғайлы. Әр топта ойыншықтардың мына түрлері:ванналар, үтіктер, газ пештер, шаштараз ойынына арналған аспаптар (қабырғаға ілетін айна, үстел, тарақ, салфеткалар, пластмассадан жасалған қайшылар) және дәрігерлік ойын үшін: ақ халат, градусник, фонендоскоп және т.б. Мәселен, сәбилер тобында «Қуыршақты ұйықтатамыз» рөлдік ойынын ұйымдастырғанда ең әуелі қажетті атрибуттар дайындап алу қажет. Олар, кереует қазақша бесік, төсек – орын, қуыршақтың жыл мезгіліне қарай киетін киім – кешегі түгел болуы керек.

    Тәрбиеші ойын шартын ретімен орындай отырып, «Бесік жырын» айтып сәбилерді ойнатады:

    Әлди – әлди, ақ бөпем,

    Ақ бесікке жат, бөпем

    Жылама, бөпем, жылама,

    Көзіңнің жасын бұлама.

    (халық ауыз әдебиетінен)

    «Әлди – ай»

    Әлди – әлди, әлди – ай,

    Ұйықта, бөпем, ұйықта жай.

    Бесігіңе бөлейін,

    Еміздігін берейін.

    (Ж,Смақов)

    «Әй – әй, бөпем»

    Әй – әй бөпем, әй бөпем,

    Ән айтайын, бал бөпем.

    Ән тыңдағың келсе егер,

    Және айтайын, жан бөпем..

    Бесік жыры

    Әлди,әлди, бөбегім

    Ақ бесікке бөледім.

    Ай мен күнге теңедім,

    Ақтарылған өлеңім.

    Әлди, әлди жанарым,

    Мақтанышы анаңның.

    Әлпештеген қарағым,

    Таза болсын жанарың.

    (Ә. Асылбеков)

    Тәрбиеші қуыршақты ұйықтауға байланысты өзіне ұнаған « Бесік жырын» өлеңінің бір – екі шумағын баяум әуезді үнмен орындайды. Ойынды қайталап ойнату кезінде барлық балалр тәрбиешіге қосылып айтады. Ойынға ұсынылған тақпақтарды арнайы жаттатпай – ақ бірнеше рет қайталау барысында, өздері – ақ үйреніп алады. Ойынды былайша ойнатуға болады.

    1. «Қуыршақты ұйықтатамыз»

    Қажетті атрибуттар: қазақы бесік, кереует, төсек – орын, қуыршақтың жыл мезгіліне қарай үйде жүргенде киетін киімі түгел болуы керек.

    Ойын шарты: Тәрбиеші балаларды дөңгелете отырғызып, ақырын дауыспен сөйлейді. Қазір қуыршақ ұйықтайды, бәріміз сыбырлап қана сөйлейік. Сендер қарап отырыңдар. Мен қуыршақты шешіндіремін. Әуелі аяқ киімін, калготкиін , сосын көйлегін шешіп орндықтың арқасына әдемілеп қоямыз. Қуыршақты төсекке жатқызып, баяу дауыспен бәріміз «әй – әй, бөпем» өлеңін айтамыз.

    Әй – әй бөпем, әй бөпем,

    Ән айтайын, бал бөпем.

    Ән тыңдағың келсе егер,

    Және айтайын, жан көкем..

    Бөпем менің ай мекен,


    Шекер ме екен бал ма екен?

    Ойнақтап бір бәйгеден,


    Озып келер тай ма екен?

    Әй – әй бөпем, әй бөпем,

    Ұйықтадың ба, Бал бөпем..

    (С.Жиенбаев)

    Қуыршақ ұйықтап қалды деп, бәріміз ақырын, тарсылдатпай шығайық дейді.

    2. «Қуыршақ оянды»

    Қажетті атрибуттар: кереует, төсек – орын, қуыршақтың киімдері.

    Ойын шарты: Қуыршақ ұйықтап жатыр: Балаларды отырғызып тәрбиеші тұра ғой деп, қуыршақты оятады. Қуыршақты киіндірерде балалардан сұрай отыра, олардың айтқандарымен киіндіру.


    -Әуелі несін кигіземін?

    — Калготкиін.

    — Дұрыс.

    Калготкидің оң, терісін қалай кигізуін балаларды қатыстыра отырып істеген жөн. Қуыршақтың киімінің түр – түсін де сұрау арқылы білгізу.

    3.«Мынау не?»

    Қажетті атрибуттар: кереует, төсек – орын.

    Ойын шарты: Балаларды отырғызып, төсек – орны жинаулы тұрған кереуетті көрсетіп, біз қазір төсек – орындарды өз атымен жеке – жеке айтамыз. Мынау не? – дегенде сендер жауап бересіңдер.


    -Бұл не?

    -Жастық.


    -Мынау не?

    -Төсек жапқыш.


    -Мынау не?

    -Ол жастықтың тысы.


    -Дұрыс. Мынау не?

    — Ол көрпе.

    -Мынау сейсеп деп тәрбиеші өзі айтады.

    Балаларға қайталату.

    -Мынау ақ жай ма.


    -Мынау не?

    -Ол құс төсек.

    Бір баланы шығарып төсек – орынды қайтадан жинату.

    4. «Қонжықты емдейміз»

    Қажетті атрибуттар: қонжық, градусник, укол салатын шприц, дәрі.

    Ойын шарты: Балаларды отырғызып, тәрбиеші қонжықты алдына алып, оның ауырып қалғанын хабарлайды. Қоныжықтың қолтығына градусник қойып, денесінің қызуын өлшейді. Суық тиіп қалған екен денесінің қызуы жоғары деп, қонжықты төсекке жатқызады. Емдемесе болмайды деп, тәрбиеші ине салады. Содан соң дәрі беріп, қымтап жатқызады. Қонжық ұйықтасын, біз бөгет жасамайық. Ұйықтап алған соң тәуір бола бастайды. Суық тиіп ауырып қалғанда сендерге де дәрігер тате ине салып, дәрі береді ғой, иә. Сендер де, қонжық сияқты жыламайсыңдар иә, сонда жылдам тәуір боласыңдар дейді.

    5. «Бізге жаңа бала келді»

    Ойын шарты: Балаларды сыпайыгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

    Топқа жаңа келген бала (я болмаса қуыршақ) «Сәлеметсіздер ме?» — деп амандасады.

    Тәрбиеші, не топтан бір бала орындық ұсынады,»Отыр» , — деп отырғызады.

    Тәрбиеші: «Бізге жаңадан Серік келді, сендер Серікке топтағы бөлмелерді көрсетіп, таныстыңдар, сосын ойыншықтарды алып ойнаңдар», — дейді. Балалар Серікке (я болмаса қуыршаққа)» Мынау Ұйықтайтын, ас ішетін, ойнайтын бөлмелеріміз» — деп таныстырады.

    Ойыншық сөресіне келіп «Өзіне ұнаған ойыншығыңды ал, бәріміз қазір ойнаймыз» — деп ойыншықтар ұсынады.

    -Рахмет:

    Балалар өздері де таныса бастайды. Ойыншық бұрышында бірлесіп өздігінен ойнайды.

    6. «Қуыршаққа қонаққа барамыз»

    Қажетті атрибуттар: ойыншық ыдыстар папье – машеден жасалған түрлі тағамдар дидактикалық қуыршақ.

    Ойын шарты: Балаларды әдептілікке, сыпайы болуға баулу, мәдени – гигиеналық машықтардың қарапайым элеметтерін қалыптастыру.

    Балаларды орындыққа отырғызып, « қазір қуыршаққа қуыршаққа қонаққа барамыз» — деп хабарлайды.

    «Қонаққа барғанда өзімізді жақсы ұстмаймыз, айқайламай сыпайы сөйлесіп, тамақ ішкенде қасықты оң қолымызбен ұстап, салфеткамен ауыздарыңды сүртіоң қолымызбен п, рахмет айтамыз» — деп тәрбиеші түсіндіреді.

    Ойыншық бұрышында үлкен әдемі дидактикалық қуыршақты отырғызып, тәрбиеші балаларды ертіп келеді.

    — Есіктің қоңырауын шылдырлатқан болып, «дзың – дзың» — деп басады.

    — Күтуші қуыршақты жетектеп, есікті ашқан боп, кіріңііздер, төрлетіңіздер, — дейді.

    Қуыршақ: «Үстелге жақын отырыңыздар» — деп ұсыныс жасайды.

    — Тәрбиеші, балалармен ойыншық шәйнектіен су құйып қолдарын жуған болады.

    Жерге дөңгелете отырып, ойыншық ыдыстармен тамақ ішкендегідей қимыл жасайды. Қасықты оң қолымызбен ұстап, тамақ алайық – деп тәрбиеші өзі көрсете отырып тамақтанады.

    — Тағамыңыз өте дәмдә екен, рахмет — деп қуыршаққа бәрі ризшылығын білдіреді.

    — Қуыршық, енді көңіл көтерейік – дейді: «Мен сіздерге қазір би билеп беремін, сіздер бір әннің әуенін айтып , алақандарыңызды соғып сүйемелдеп отырыңыздар»

    — Балалар би әуенін айтып, алақандарын соғады, « қуыршақ» билейді.

    — Бәрі де шапалақтап, қошмет көрсетеді.

    — Тәрбиеші, біз бәріміз бірігіп «Бала бала , балапан» әнін биімен орындап береміз.

    — Қуыршақ балаларды басынан сипап, ризашылығын білдіреді.

    — Қуыршақпен бәрі қоштасып, бізге де қонаққа еліңіздер, — деп рахметін айтып шығады.


    написать администратору сайта