10 сабақ, Пайдалы қазба деген не. 2блім. Заттар жне оларды асиеттері. Табиат ресурстары. 10саба Таырыбы Пайдалы азба деген не
Скачать 1.96 Mb.
|
2-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.10-сабақТақырыбы: Пайдалы қазба деген не?Оқу мақсаты: 4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас,саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау 4.3.4.2 Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсынуБүгінгі сабақта сен - пайдалы қазбаның не екенін түсінесің; - пайдалы қазбалардың қалай өндірілетінін білесің; Тірек сөздер: пайдалы қазба кен карьер шахта бұрғылауЖедел жауап 1. Табиғат ресурстары деген не? 2. Табиғат ресурстарын не үшін пайдаланады? 3. Табиғат ресурстарын қайдан алады? ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.Жер қыртысынан қазып алынып, адам қажетіне жарататын табиғат ресурс түрлері пайдалы қазба деп аталады. Пайдалы қазбалар жер астында да, жер бетінде де, тіпті су ішінде де болады. Оларға көмір, газ, мұнай, алтын, күміс, қорғасын, әктас, гипс, бор, гранит, ас тұзы сияқты ресурстар жатады.Дескрипторы: -пайдалы қазбаларды сипаттайды; -пайдалы қазбалар қайдан шығарылатынын айтады; -жер үсті пайдалы қазбаларын атайды; -жер асты пайдалы қазбаларды атайды. Сабақты бекіту сұрақтары1. Пайдалы қазбалар туралы не білдің?. 2. Пайдалы қазбалар алынатын орын қалай аталады? 3. Карьер дегеніміз? 4. Шахта не үшін жасалады ? Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Оқушылар сабаққа кері байланысты ауызша айтады. |