2 жргізуші Ана жатан атты дыбыры естіледі, кімдер екен келе жатан уен ойналып трады. Ортаа Алдар ксе, ожанасыр, Тазша бала шыады. Алдар
Скачать 9.37 Kb.
|
2 - жүргізуші: Ана жақтан аттың дыбыры естіледі, кімдер екен келе жатқан? Әуен ойналып тұрады. Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шығады. Алдар: Ассалаумағалейкум халқым! Мен Алдармын, Алдармын Досымын адал жандардың. Жақсыларға серік боп, Жаманды талай алдадым. (Кеудесіне қол қойып, басын иеді) Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан, Бу бұрқырап қатып қалған тастардан. Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан, Бар тіршілік Наурыздан басталған! Қожанасыр: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген? Ассалаумағалейкум, халқым менің, Ардақты Наурыз тойы, салтты елім. Туа сала атандым Қожанасыр, Дананың дары еткен ұлы едім! Наурыз тойы осында болады деп, жылқыны желдірттім мен жетектеп. Тазша бала: - Уа, ағайын! жолбарыс жылының айтулы тойы, біздің Наруыз мерекемізге келіңдер. - Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда? Алдар көсе: Әй тазша - Биыл жолбарыс жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе? Тазша:Ай бәрекелді Алдар көсе: - Әй, ағайын, ағайын! Той деп жар салайын, Наурыз тойға келіңдер, Мен де бірге барайын! Қожанасыр: - Ағайын тойға келіңдер, Мерекені көріңдер. жолбарыс жылы келді деп, Асыр салып билеңдер! Тазша бала; Әй бәрекелді ағалар Жолбарыс жылы елімізге бақ - береке әкелсін! Халқымыз ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды Ағалар!!! Осы күнге өз өлеңімді арнасам! Қожанасыр; өлеңдейсіңбей,сенен бір өлең болса тыңдауға қарсы емеспін, ал айтағой тазша Тазша:Елiм мен жерiме, Ырысын шашқан Наурыз. Күлімдеген көктемге, Шуағын шашқан наурыз. Жеті түрлі дән салып, Дәм татқызған наурыз. Жақсылық тілеп халыкка, Молшылық әкелсін наурыз. Қожанасыр; Бәрекелді Уа, ағайын халайық, халықтын Мерекесі Наурыз тойы бастайық! |