Байкенұлы Абылай гидрология 3-топ лобка-2. 2 лаборатоиялы Жмыс Таулы айматаы су жинау алабы бетінен жиынты булануды есептеу
Скачать 128.52 Kb.
|
ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ №2 ЛАБОРАТОИЯЛЫҚ ЖҰМЫС “Таулы аймақтағы су жинау алабы бетінен жиынтық булануды есептеу” Орындаған: Байкенұлы Абылай Тексерген: Бексултанова Ж.У. Алматы 2021 I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Жиынтық булану мөлшерi су теңдестiгiнiң маңызды элементтерiнiң бiрi, сондықтан булану процесiнiң әртүрлi бағытта оқылуына жете көңiл бөлiну тиiс. Таулы аймақтарда булану процесi нашар зерттелген. Мұнда тәжiрбиелiк зерттеулер аз жүргiзiлген және олардың жүргiзiлу мерзiмi қысқа болып келедi, себебi таулы аймақта булануды оқуда әдiстемелiк және техникалық сипаттағы бiрқатар қиындықтар туады. Жиынтық булануға жүргiзiлген бақылау нәтижелерi таулы аймақтың оңтүстiк экспозициясы беткейлерiнен булану шамасы оның басқа экспозияларындағы осындай биiктердегi буланудан әрқашан жоғары болатындығын көрсетедi. Батыс экспозияция беткейлерiндегi жиынтық булану мөлшерi шығыс экспозиция беткейлерiндегi булануға қарағанда елеулi жоғары болып келетiндiгi байқалады. Қолда бар мәлiметтерге қарағанда жергiлiктi жердiң биiктiгiнiң өсуiмен бiрге буланудың кемитiндiгi байқалады. Жиынтық буланудың кеңiстiк-уақыттың өзгеруiне анализ (талдау) жүргiзуге, әдетте, бақылау материалдары жеткiлiксiз болып келедi, осыған байланысты оны анықтауда көбiнесе есептеу әдiстерi қолданылады Қазiргi уақытта жазықтық жағдайдағы булануды есептеуге көптеген әдiстер жасалынған. Олардың iшiндегi белгiлiлерi – М.И.Будыко, А.Р.Константинов, А.И.Будагов, В.С.Мезенцев, П.С.Кузик, Б.В.Поляков, М.И.Будыко-Я.И.Зубенок кешендi әдiстерi, Э.М.Ольдекоп, Б.Г.Иванов және т.б. әдiстерi. Бұл әдiстердiң орындалу тәртiптерi (1, 3, 9, 12 жёне т.б.) оқулықтарда қарастырылған. Сондай-ақ жиынтық булануды есептеу әдiстерiнiң бiраз түрi шетелдерде жасалынған. Дегенмен, жүргiзiлген тәжiрбиелер жазықтық жағдайға ұсынылған әдiстердiң көпшiлiгi таулық аймақта қолдануға келмейтiн нәтижелер беретiндiгiн көрсеттi. Мұндай жағдай жазықтық жерлерде әлсiз әсер ететiн факторлардың таулы аймақтағы булануға елеулi әсер ететiндiгiмен немесе мұндай факторлардың жазықтықта булануға еш әсер етпейтiндiгiмен түсiндiрiлуi мүмкiн. Таулық жағдайдағы жиынтық булануды есептеу әдiстерiн өте аз деуге болады. Олардың iшiндегi белгiлiлерi: Арменияның таулы территориясына арналған В.П.Валесян, Әзiрбайжан аймағына арналып жасалған Э.М.Шахлинский, Қырғыстанның таулы аудандары үшiн орындалған В.И.Михайлова және К.В.Циценко, Iле Алатауы жағдайына жасалған И.С.Соседов және Л.Н.Филатов, А.Ф.Литовченко, Л.П.Мазур, таулы және жазықтық аудандарға арналған В.В.Голубцов және В.И.Ли әдiстерi. Сонымен қатар Оңтүстiк-Шығыс Қазақстан тауларында жиынтық булануды есептеуге арналған В.А.Одница және В.А.Семенов ұсыныстарын да атап өткен жөн. Берiлген лабораториялық жұмыста есептеу жұмыстары Iле Алатауы жағдайына арналып жүргiзiледi. II. ТАПСЫРМАНЫҢ МАЗМҰНЫ Берiлгенi: 1. Таулық су жинау алабы ауданының биiктiк белдемдер мен экспозициялар бойынша орналасуының кестесi (2.6 кесте). 2. Кiшi Алматы өзенi алабында орналасқан метеобекеттерден алынған ауа температурасының және ауа ылғалдылығының қанығуының орташа айлық мәндерi. Табу керек: Су жинау алабы бетiнен әр ай сайын, жылы және суық мезгiлдердегi және бiр жылдағы жиынтық булануды есептеу жұмыстарын жүргiзу. III. ӘДIСТЕМЕЛIК КӨРСЕТКIШ Таулық аймақтағы су жинау алабынан булануды есептеудiң негiзiне А.Ф.Литовченко-Л.П.Мазур әдiсi /15, 6, 8,/ алынған. Жиынтық буланудың айлық мәндерi мына формуламен еспетеледi: E= 0,074H0.713 мұнда Е-қарастырып отырған экспозиция беткейiндегi буланудың айлық мәнi, мм, t және d – ауа температурасының (о С) және ауа ылғалдылыңының қанығуының (мм, 1 мб=0,75 мм) орташа айлық мәндерi; Н-булану есептелiп отырған жергiлiктi жердiң биiктiгi, м; К - берiлген айдың ұзақтығын және күннiң көкжиектен жоғары түру биiктiгiн ескеретiн коэффициент. Бұл коэффициент жылы кезең үшiн 2.1-кестеге сәйкес енгiзiледi. Коэффициент бiр жағынан өсiмдiктердiң биологиялық жетiлуiн сипаттайды. 2.1 к е с т е - Iле Алатауының солтүстiк беткейi жағдайына арналған К шамасының мәндерi
есептеу жұмыстары экспозицияның температурасы және ауа ылғалдылығын есептеу төмендегi эмпирикалық формулалар бойынша атқарылады: tоңт=1,03 tс.а. tб.= tс.а. tш.=0,96 tс.а. tс.=0,96 tс.а.-0,7 tтѕб=0,98 tс.а.-0,7 мұнда tоңт, tб, tш, tс, tтѕб жёне tс.а. – оңтүстiк, батыс, шығыс және солтүстiк экспозиция беткейлерiндегi, аңғардың түбiндегi және су айырығындағы жер бетiнен 2 м биiктiктегi ауа температурасының және ауа ылғалдылығының орташа айлық мәндерi. Берiлген экспозиция беткейiнде 2м биiктiктегi ауаның ылғалға қанығуын есептеу үшiн келесi эмпирикалық формулалар ұсынылады: dо=1,1dс.а. dб=1,05dс.а. dш.=0,95dс.а. dс=0,91dс.а. dтѕб=0,83dс.а., мұнда dо., dб., dш., dс., dтѕб жёне dс.а. – оңтүстiк, батыс, шығыс, солтүстiк экспозициялардың беткейлерiндегi, аңғардың түбiндегi және су айрығындағы ауаның ылғалға қанығуының орташа айлық мәндерi. Суық мезгiлдегi жиынтық булануды есептегенде оның экспозициялық ерекшелiктерi ескерiлмейдi, мұнда 2.1-формулаға 1.3 коэффициентi енгiзiледi. Жиынтық булануды есептеу келесi ретпен орындалады: 1. Жергiлiктi жердiң биiктiгi бойынша немесе абсолюттiк биiктiгi өлшенiлген орташа биiктiкке жақын болып келетiн метеобекеттiң мәлiметтерiн қабылдау арқылы су жинау алабының өлшенiлген орташа биiктiгiндегi t және d мәндерiн анықтаймыз. 2. (2.1) формула бойынша К=1,3 коэффициентiн енгiзе отырып суық мезгiлдiң барлық айлары үшiн су жинау алабындағы орташа айлық жиынтық булануды табамыз (2.4 кесте). 3. Алабтың әртүрлi экспозициясындағы беткейлердiң теңгермелi орташа биiктiгiн анықтаймыз. 4. Жылы мезгiлдiң әр айы үшiн 1 пунктегi ұсыныстарды ескере отырып және (2.2) және (2.3) қайта есептеу формулаларын қолданып, әр экспозиция беткейлерiнiң өлшенiлген орташа биiктiгiндегi t және d мәндерiн анықтаймыз. 5. (2.1) формуланы қолдану арқылы жылы мезгiлдердiң барлық айлары үшiн әрбiр экспозициялардағы жиынтық булануды есептеймiз. 6. Жылы мезгiлдiң әр айы үшiн су жинау алабындағы буланудың орташа айлық мәндерiн төменгi формуламен есептеймiз: мұнда Ес., Ео., Еб., Еш. – солтүстiк, оңтүстiк, батыс және шығыс экспозициялардың теңгермелi орташа беткейлерiндегi айлық жиынтық булану мәндерi (мм); fc, fo, fб, f3 – алабтағы солтүстiк, оңтүстiк, батыс және шығыс экспозициялардың аудандары; F өзеннiң су жинау алабының жалпы ауданы. Есептеу жұмыстарын 2.4-Кесте үлгiсi бойынша жүргiземiз. 7. Суық және жылы мезгiлдердегi және бiр жылдағы су жинау алабы үшiн жиынтық булануды есептеймiз. 8. Метеобекеттердi орналасуы: Алматы селдiк – аңғарда; Усть-Горельник – аңғарда; Жоғарғы Горельник – оңтүстiк экспозиция беткейiнде; Мыңжылқы – шығыс экспозиция беткейiнде. IV. ҚОСЫМША №2 жұмысты орындауға арналған кестелердiң үлгiлерi және жұмыстың безендiрiлуi. Берілгені: 2.2 кесте - Селестоковая метеобекетi бойынша 1954 жыл үшiн t және d шамаларының орташа мәндерi
2.3 кесте - өзен алабындағы әртүрлi экспозицияның орташа теңгермелi биiктiк аудандарындағы t және d шамаларының 1962 жылдың жылы кезеңдерiндегi орташа айлық мәндерi
Шығарылуы: I . tс.=0,96 tс.а.-0,7=0,96*(-4,5)-0,7=-5,0 tоңт=1,03 tс.а.= 1,03*(-4,5)= -4,6 tш.=0,96 tс.а =0,96*(-4,5)=-4,3 tб.= tс.а.=-4,5 dс=0,91dс.а.=0,91*3,2=2.92 dо=1,1dс.а. =1,1*3,2=3,52 dш.=0,95dс.а. =0,95*3,2=3,04 dб=1,05dс.а.=1,05*3,2=3,36 Қалған айларда дәл осы ретпен шығарылады. ҚОРЫТЫНДЫ: 2-зертханалық «Таулы аймақтағы су жинау алабы бетінен жиынтық булануды есептеу »-де 2,3-кестені 2.2-кестеде берілген Селестоковая метеобекетi бойынша 1954 жыл үшiн t және d шамаларының орташа мәндерiн қолданып, есептеп толтырдым . Кестедегі керек мәлеметтер бойынша tc tо tш. tб. dс. do dш. dб. -ны шығардым. Берілген формулаларды қолдану арқылы шықты . |