Главная страница
Навигация по странице:

  • Тілдің пайда болуы туралы ілім. 1-тапсырма

  • Сурет 3.

  • 3. Бекіту сұрағы

  • А) «Тіл мәдениетінің дамуындағы айтыс өнерінің ықпалы» деген тақырыпта пайымдау эссе жазыңдар.

  • Нанотехнология Сөйлеу этикеті. 2. Негізгі материал 1тапсырма. Нанотехнология туралы дербес пікір білдірідер Нанотехнология


    Скачать 0.77 Mb.
    Название2. Негізгі материал 1тапсырма. Нанотехнология туралы дербес пікір білдірідер Нанотехнология
    Дата23.02.2023
    Размер0.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНанотехнология Сөйлеу этикеті.docx
    ТипДокументы
    #951530

    1.Сабақтың тақырыбы: Нанотехнология. Тілдің пайда болуы туралы ілім. Сөйлеу этикеті.Тілдік норма.

    2.Негізгі материал:

    1-тапсырма. Нанотехнология туралы дербес пікір білдіріңдер

    1. «Нанотехнология» туралы өзіндік пікір (ой, идея)- бір сөйлем

    2. Дәлел – екі сөйлем

    3. Өз пікірін айғақтайтын мысал-екі сөйлем

    4. Өз пікіріне қарсы дәлел- бір сөйлем

    5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – бір сөйлем

    6. Қорытынды - екі сөйлем

    А) Суретте берілген мәтінді оқыңдар. Ауыз екі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолданып, мәтіннің мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беріңдер.
    Сурет 1.





    Ә) 1-суретте берілген мәтінге бір сөзден немесе сөз тіркестерінен тұратын 3 нұсқада тақырып қойыңыз.

    Б) Мәтін мазмұнына сүйеніп 2-суретте берілген сызба бойынша сөйлеңдер.

    Сурет 2.



    Г) Көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып «Өмірімізді өзгерткен технологиялар» тақырыбына шығарма жазыңдар.



    Тілдің пайда болуы туралы ілім.

    1-тапсырма. Неге әлемдегі өзге де тіршілік иелерінен бөлек адам баласы тіл арқылы қарым-қатынасқа түсе алады? Сендер тілдің қалаай пайда болғаны жайы не білесіңдер? Берілген суреттегі 3 болжамды дамытып жазыңыздар.
    Сурет 3.


    А) Мәтінмен танысыңдар.Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беріңдер. Өз білімдеріңе сүйеніп, ондағы тұжырымдар туралы ой қозғаңдар.
    Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез деп аталады.

    Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы ретінде пайда болды.Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.

    1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.

    а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).

    б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.

    в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.

    1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.

    а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.

    б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.

    К.Аликенова
    Ә) Сұрақтарға тұжырымды жауап беріңдер. Тілдің пайда болуына байланысты теориялардың қайсысын дұрыс деп санайсыңдар? Тілдің пайда болуы тупралы болжамдарың қандай?
    В) Түртіп алу әдісімен мәтінге қысқаша конспект жазыңдар.




    3. Бекіту сұрағы:


    1. Нанотехнология.

    2. Тілдің пайда болуы туралы ілім.

    3. Сөйлеу этикеті.

    4. Тілдік норма.


    Рефлекция: Сабақ сіздерге ұнады ма?
    5.Үй тапсырмасы:
    2-тапсырма. 2-тапсырма. 98-бет. Тіл мәдениетін зерттеген қазақ ғалымдарының еңбектерін тауып танысыңдар.

    А) «Тіл мәдениетінің дамуындағы айтыс өнерінің ықпалы» деген тақырыпта пайымдау эссе жазыңдар.

    Ә)« ВЕНН» диаграммасын толықтыр.

    Жазба тілі

    Сөйлеу тілі


    написать администратору сайта