Главная страница
Навигация по странице:

  • Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері

  • Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері

  • Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді

  • Ұлттық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар

  • Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері

  • Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: 7 санымен таныстыру.

  • Ойын тақырыбы: Бөлме гүлін күту.

  • 2.«Ғажайыптар алаңы» ойыны.

  • 3+5=; 2. 8 – 2= 3. 5+10=

  • Сауат ашу, тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылған дидактикалық ойындар

  • Экспериментке дейінгі кезең

  • Эксперименттен кейінгі кезең

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • курсовая работа. эркиова 2 тарауга. 2 ойын дістерін пайдалану арылы оыту рдісіні тиімділігін арттыру


    Скачать 298.5 Kb.
    Название2 ойын дістерін пайдалану арылы оыту рдісіні тиімділігін арттыру
    Анкоркурсовая работа
    Дата01.06.2020
    Размер298.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаэркиова 2 тарауга.doc
    ТипДокументы
    #127259


    2 ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру
    2.1 Дидактикалық ойындардың жіктемесі және ойын элементтерін пайдалану мазмұны

    Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Дидактикалық ойындар оқытудың ойын әдісіне жатады.

    Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынты-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәржірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші роль атқарады.

    Мұның барлығы дидактикалық ойындарды мектепалды даярлықтың оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.

    Бүгінгі таңда дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. (Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко, Т.К.Жикалкина, т.б.)[17].

    Қазақ халық ойындарының жіктемесі балалардың жас ерекшеліктеріне (А.Диваев), ойын сипатына М.Гуннер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев); дене қасиеттерін, қимылдың әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов, Т.Бекбатшаева, Т.Қуанышов); ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А.К.Айтпаева) сәйкес жасалды. [32-34]

    Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

    1. Ойын –саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық – оңай жолмен; қажеттілер – қызық жолмен беріледі;

    2. Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

    3. Ойын – болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді...? «Мен не істер едім, егер...» деген сұрақтарға негізделеді.

    Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюшы ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыру байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

    4. Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуына. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, бала қиялының дамуына әсер етеді.

    5. Ойын – әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы – олар эмоциональдық процестерді белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады[22].

    Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері



    Ойын-саяхаттар Ойын-тапсырмалар
    Ойын-болжамдар Ойын-жұмбақтар Ойын-әңгімелер

    Кесте 2. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері


    Кесте 3. Дидактикалық ойындардың танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері


    Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

    1. Балалардан орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.

    2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

    3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

    4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар.

    5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
    Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:

    1. Сюжеттік – рольдік ойындар.

    2. Жаттығу ойындар.

    3. Драматизациялық ойындар.

    4. Шығармашылық ойындар.

    5. Әдеби-музыкалық ойындар.


    Кесте 4. Құрылымы бойынша дидактикалық ойын түрлерінің жіктемесі
    Ұлттық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:

    1. Білім беретін ойындар.

    2. Тәрбиелейтін ойындар.

    3. Дамытатын ойындар.

    4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.

    5. Диагностикалық ойындар.



    Кесте 5. Ұлттық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне

    сәйкес жіктемесі
    Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Сондықтан біз балабақшаның мектепалды даярлық тобында эксперимент жүргіздік.

    Дидактикалық ойындарға материалды таңдап алуда біз төмендегідей жайттарды есепке алдық:

    а/ ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;

    б/ білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы;

    в/ ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.

    Сонымен бірге біздің зерттеуімізде дидактикалық ойындарды жіктеуге, жүйелеуге қойылатын талаптар анықталды:

    1. Дидактикалық ойындардың мазмұны:

    а/ «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы негізінде материалды, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;

    ә/ тапсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;

    б/ ойындардағы тапсырмалардың әртүрлі тәсілмен орындауын қадағалау керек; в/ оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету қажет.

    2. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болу керек.

    3.Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдармен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез, әрі жеңіл болуы шарт.

    4.Дидактикалық ойындардың нәтижелері объективті тұрғыдан бағалануы тиіс.

    Дидактикалық ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын жетуіне бағытталған мазмұндық-мотивациялық аспектіне негізге алдық:

    1. Балалардың жас ерекшеліктері білім, іскерлік және дағдының көлемі, осы сәттері балалардың даму деңгейі мен психологиялық жай-күйі:

    2. Оқып-үйренілетін материалдық сипаты мен мазмұны; сол сабақтың мақсаты;

    3. Нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктері.

    Ойын элементтері балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, тұлға ретінде қалыптасуға және дамуға үлкен мүмкіндік жасайды.

      1. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері



    Зерттеу жұмысымыздың мақсаты дидактикалық ойындар мен ойын әдістерін пайдалануда оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын анықтау. Осы мақсатқа сәйкес балабақшада эксперименттік жұмыс жүргіздік. Оқу іс-әрекетінде біз жасаған дидактикалық ойындар жіктемесін пайдаланудың нәтижелілігін көрсету. Жұмыстың тиімділігі төмендегідей өлшемдер бойынша анықталды:

    1.Білімді меңгеру деңгейі.

    2.Іскерлік пен дағдының қалыптасу деңгейі

    3.Оқу үлгерімі

    Білімді меңгеру беңгейін біз төмендегі көрсеткіштер бойынша анықтадық (А.А.Кузнецов әдістемесі бойынша)[20]:

    1.Саналылық

    2.Беріктік

    3.Шоғырланушылық (мобильность)

    Саналылық – оқу материалдарын жаңғырту қабілеті.

    Беріктік – ұзақ уақытқа дейін оқу материалын есте сақтау қабілеті.

    Шоғырланушылық – баланың меңгерген білімін келешекте әртүрлі оқу жағдайында қолдану нәтижесі.

    Осы белгілерді айқындау дәрежесі бойынша төмендегідей деңгейлер көрсетілді: жоғары, орташа, төмен.

    Саналылықтың жоғары деңгейлері:

    1.Берік, қатесіз білімді жаңғырту.

    2.Ережені мысал арқылы түсіндіру.

    3.Берілген ережеге мысалдар келтіре білу.

    Орташа деңгей:

    1.Білімді 1-2 қатемен жаңғырту.

    2.Ережені мысал арқылы қарапайым қателермен түсіндіру.

    3.1-2 қатемен ережеге мысалдар келтіру.

    Төменгі деңгей:

    1.3 және одан да көп қатемен ережені орындау.

    2.Ережені түсіндіруде деректі қателер жіберу.

    3.Мысалды тәрбиеші көмегімен келтіру.

    Беріктік деңгейлері:

    Жоғары деңгей: Оқу материалын алған уақыттан, тапсырғаннан кейін бірінші күні жаңғырту.

    Орташа деңгей: Оқу материалын алғаш тапсырғаннан кейін 2-3 қатемен жаңғырту.

    Төменгі деңгей: Оқу материалын тәрбиешінің көмегімен жаңғырту.

    Шоғырланушылық деңгейлері:

    Жоғары деңгей: балалардың белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін басқа жағдайларда еркін қолдану қабілеті.

    Орташа деңгей: балалардың белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін басқа жағдайларда тәрбиешінің шамалы көмегімен қолдану қабілеті.

    Төменгі деңгей: балалардың белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін басқа жағдайларда қолдана алмауы, мұндай балаларға тәрбиешінің көмегі керек.

    Іскерлік пен дағдының қалыптасу деңгейі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:

    1. Нақтылық.

    2. Жылдамдық.

    3. Ізденімпаздық

    Нақтылық – тапсырманы дұрыс орындау.

    Жоғары деңгей – тапсырманы қатесіз орындау.

    Орташа деңгей – тапсырманы қарапайым қателермен орындау.

    Төменгі деңгей – тапсырманы 50% қатемен орындау.

    Жылдамдық – тапсырманы белгілі бір уақыт аралығында орындау.

    Жоғары деңгей – тапсырманы көрсетілген уақытта орындау.

    Орташа деңгей – тапсырманы берілген уақыттан 1-2 минут кеш орындау.

    Төменгі деңгей – тапсырманы берілген уақыттан 3 және одан да көп минут кеш орындау.

    Ізденімпаздық – өз бетінен орындаушылықтың әртүрлі сатысында тапсырманы орындау.

    Жоғары деңгей – тапсырманы ешкімнің көмегінсіз өз бетімен орындау.

    Орташа деңгей – тапсырманың кейбір жерлерін тәрбиешінің көмегімен орындау.

    Төменгі деңгей – тапсырманың 50% тәрбиешінің көмегімен орындау[20].

    Балалардың оқу үлгерімі орташа балды, материалды меңгеру сапасының процентін (есептеу негізінде анықталды) және үлгерім процентін есептеу негізінде анықталды.

    Эксперименттік жұмыс үш кезеңді – тиянақтау, қалыптастыру, бақылау

    кезеңдерін қамтыды.

    Бірінші кезеңде білім, іскерлік және дағдысына қойылатын талаптарды айқындау мақсатымен оқу бағдарламасына талдау жасалынды.

    Сауат ашу және тіл дамыту, яғни математика сабақтарында оқытудың негізгі мақсаты – балаларды байланыстырып сөйлеуге, тура және кері санауға, сұраққа толық жауап беруге, суреттер арқылы әңгіме құрастыруға, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін меңгертуге, өз ойы мен пікірін ауыз екі айқын да, еркін жеткізе алуға үйрету.

    Эксперимент барысында бірнеше сабақтар, дидактикалық ойындар, ойын жаттығулар, логикалық тапсырмалар, проблемалық жағдаяттар пайдаландық.

    Дидактикалық ойындар арқылы математика, сауат ашу, тіл дамыту, айналамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүргіздік, әрбір сабақ өте қызықты өтті. Мысалы математика ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылған ұлттық – дидактикалық ойынның үлгісі. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: 7 санымен таныстыру.

    Мақсаты. Балаларды 7 санымен таныстыру, 7 санына сәйкес ойындар, түсіндірме, жазба жұмыстарын жүргізу, халықтық педагогика тұрғысында тәрбие беру.

    Көрнекіліктер: Қоржын ішінде 7 сұрағы бар 7 асық; Тазша баланың суреті; Қазақтың ұлттық киімін киген (қыз бен ұлдың) қуыршақтары; Жеті қазынаның жеке көрнекілігі; үлестірмелі әдемі суреттер; күйтабақ; 7 басты айдаһардың киімі (бет - пердесі).

    Оқу іс-әрекетінің түрі: Дәстүрлі сабақ «Қоржын той».

    Тәрбиешінің іс-әрекеті: - Балалар, бүгінгі сабақта біз қоржын тойы ойынымен танысамыз. Біздің сабағымызға қоржын әкеле жатыр екен. Біз соларды 2 топ болып қарсы алайық. Өткен сабақтан қай топ жақсы жауап берсе, сол топ қоржын әкелушілерді тосып алу құрметіне ие болады.

    «Орамал тастамақ» ойынын ойнаймыз. Тақтада 2 топқа 3 мысалдан тапсырма беріледі. Яғни 1 – топ «Балдырған» 2 – «Балауса»

    1 + 5 = 5 – 2 =

    3 – 3 = 3 + 2 =

    4 – 2 = 1 + 3 =

    Әр топқа 3 баладан шығып, 2 топ өзара жарысады. Ойын барысында мысалды орындай отырып, шығарып болған бала өз тобының келесі мүшесіне орамалды табыс етеді. Қай топ 2 мысалдың жауабын тез орындап, орамалды желбіретіп көрсетсе, сол қоржын әкелушілерді қарсы алады.

    Күйтабақтан «Сарыарқа» күйі ойнап тұрады. Есіктен шуылдап кірген топ қоржын әкелушілерді қарсы алады.

    - Балалар, бізге қоржынды бір ертегінің кейіпкері әкеліпті. Кәне, біз сол сурет сыртындағы тапсырманы орындасақ, ол қонағымыздың суреті шығады екен деп, күймен думандатып қоржынды ашамыз да, шашу ретінде, ішіндегі асықты шашып кеп жібереміз. Шыққан төрт бала «Талапай – ау, талапай» ойын үлгісімен:

    Талапай – ау талапай,

    Табылды ойын алақай.

    Алшасынан асайық,

    Талапайға басайық, - деп шуылдасып, 4 асықты бір – бірден алады.

    Онда мынадай тапсырма бар.

    1. Аптаның жеті күнін ата. Олар: бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына.

    2. Жеті ата. Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

    3. Жеті қазынаны ата. Ер жігіт, сұлу әйел, білім – ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.

    4. 7 – ге дейін санамақты айтып бер.

    1 дегенім – бөрік,

    Кисең береді көрік.

    2 дегенім - етік

    Киер сәнді етіп.

    3 дегенім – ішік,

    Теріден тігер пішіп.

    4 дегенім – тымақ,

    Қыста кисең жылы – ақ.

    5 дегенім - байпақ

    Іші жылы жайпақ.

    6 дегенім – алқа,

    Мойныңа тақ, қалқа.

    7 дегенім – жейде,

    Көйлек дейді кейде.

    - Осы төрт тапсырманың жауаптарын біртіндеп шешкен сайын (мозайкалы) суреттің бөліктерін фланелографқа жабыстырамыз. Сонда, балалар, қандай кейіпкердің суретін танып тұрсыңдар ?

    - Тазша баланың.

    - Дұрыс, міне, сол кейіпкер бізге қоржын әкеліпті. Өзі де қонаққа келіпті. Енді сендерді айтысқа шақырады. Тазша баламен бірге қуыршақтар да тойға келіпті. Балаллар, енді осы тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік ?

    - 7 санын.

    - Дұрыс, осы қуыршақтар 7 санын сендерге шашу ретінде әкеліпті, - деп, олардың қолдарындағы7 санымен таныстырдым.

    - Соңғы өткен санымыз неше ?

    - 6 саны.

    - Иә, сол 6 санына тағы 1 санын қоссақ, 7 саны шығады екен.

    - Суретте қандай қуыршақтарды, ойыншықтарды көдіңдер ?

    - Атасы, апасы, мамасы, папасы, қызы, пеш, қазақ үйі.

    - Барлығы нешеу ?

    - Жетеу.

    - 5 қуыршаққа 2 ойыншықты қоссақ, неше ?

    - 7.

    - Қандай ою түрін білесіңдер ?

    - Түйетабан, қошқармүйіз, құсізі, айшабибі, т. б.

    - Дұрыс, енді 6 санының құрамын еске түсірейік, - деп кітаптағы таблицамен жұмыс жасап айтысымызды аяқтау. Есік сыртынан ысылдаған дыбыс естіледі.

    - Ой, балалар, бір сұмдық келе жатыр. Мынау не екен, келе жатыр.

    - 7 басты айдаһар.

    - Ол тазша баланы аңдып келіпті, жеймін, - дейді.

    - Қане, біз оның сауалын тыңдайық; - егер дәптердегі 7 санына сәйкес тапсырманы таза, қатесіз орындасаңдар, райымнан қайтамын, - дейді.

    - Кәне, балалар, оның тапсырмасын орындайық па ?

    - Иә, орындайық.

    - Неге ?

    - Себебі ол 6 басты емес, 7 басты айдаһар ғой. Ал жеті саны қазақ халқында қасиетті сан.

    - Тамаша, балалар, - деп, дәптермен жұмыс жүргіземіз.

    7 басты айдаһар риза болып, райынан қайтты. Енді ол ешкімге тиіспеймін, сендердің тойларыңда болайын, - деп, келісімін берді. Тапсырманы дұрыс орындаған балаға тойбастар таратылады. Оны Тазша бала қоржынынан алып береді. Тойбастар ретінде балаларға әдемі суреттер т. б. естелікке беріледі. Ауылдың алты ауызы ретінде «Дастарқан» әні айтылады.

    Сондай-ақ қалыпқа келтіру экспериментінің барлық кезеңінде де дидактикалық ойындардың әр түрлерін пайдаланып отырдық. Мысалы,

    «Бұзық телефон» ойыны

    Дидактикалық мақсаты: Балалардың ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру. Керекті құралдар: Ойыншық телефон, дайын карточкалар, кесте.

    Мазмұны: Топтағы балалар столға қатары бойынша жарыса орындайды. Тәрбиеші әр қатардан 1 не 2 балаға дайындаған санды (цифрды) ешкімге көрсетпей қолына береді, немесе құлағына сыбырлап айтады да, үш қатарға үш кесте (немесе сыбырлап айтқан санын өзгертсе де болады) дайындап тақтаға іледі. Балалар кестедегі санды таңбасына қарап өздері білетін санға іштей қосып, екінші балаға сыбырлап айтады, ол екінші амалды орындап үшінгі балаға... т.с.с жалғасады. Ең соңғы бала нәтижені тақтаға жазады. Нәтижесі дұрыс болса, тәрбиеші ол команданың жеңімпаз болғанын айтып, құттықтайды

    Осы кезде жасырып айтқан сандарын бірінші бала ашық айтып, мысалды тексеруіне болады. (тәрбиеші қандай сан айтса да өз еркінде). Телефон қай баладан бастап бұзылса, сол жерден бастап, мысал дұрыс орындалмайды. Жауабы дұрыс болмаса, тәрбиеші әр баладан «құпия» түрде жауаптарын жеке айтқызып тексеруіне болады.

    Сол сияқты «Сиқырлы қоржын», «Балық аулау», «Өз орныңды тап» деген ойындар пайдаландық. Ойын тапсырма да қолданып отырдық.

    Санамақ ойындар.

    «Жеті алма»

    Табақта бес алма, Бір алма апама,

    Қолымда екі алма. Бір алма атама

    Қосқанда барлығы, Екі алма беремін,

    Болады неше алма? Әкем мен анама.
    Нешеуін алады?

    Нешеуі қалады?

    Деп Сәуле тағы да,

    Алмасын санады.

    Жұмбақ-ойындар І. Құстар туралы

    - Қос қанатын иіп ап, - Болмайды бізді ешқашан ату

    Жарға келіп қонады. Түсім аппақ,

    Қара киім киіп ап, Атым-…

    Балшықтан үй салады. (аққу)

    (Қарлығаш)

    2. Аспан әлеміне байланысты

    - Аспанға ұшар бу болып, - Алдым да әртүрінен жібек жіптің,

    Жерге қайтар су болып Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.

    (Бұлт) (Кемпірқосақ)

    3. Табиғат құбылыстары туралы

    - Қасыңнан өтер қолға ілінбестен,

    Қашады басқан ізі білінбестен.

    (Жел)

    4. Адам дене-мүшелері туралы

    - Тау басына шөп шықты,

    Шөп шыққанда көп шықты.

    (Бас пен шаш)

    5. Өсімдіктер туралы

    - Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,

    Қыста жатсаң-жанын рахат табады.

    (Ағаш)
    1.Ойын тақырыбы: Бөлме гүлін күту.

    Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін арттыру. Білімін дамыту. Бөлме гүлдерінің пайдасы мен қасиетін тереңірек білу.

    Ойын барысы: Суретте гүлдің сабағы ғана салынған. Енді осы сабаққа бүршік, күлте, жапырақ орналастыру үшін мына сұрақтарға жауап беру керек.

    Бөлме гүлінің қандай пайдасы бар?

    Оның қандай қасиеті бар?

    Бөлме гүлдерін қалай күтуге болады?

    Осы сұрақтарға жауап берген бала сабағына бүршікті іліп, жапырағын жайқалтады, гүлденуіне жәрдемдеседі.

    2.«Ғажайыптар алаңы» ойыны.

    Ойынның мақсаты: оқушылардың санды өрнек және оның мәнін табу туралы түсініктерін дамыта түседі.

    Жүргізуші дөңгелектерді айналдырады да, тоқтаған тілшеге сәйкес келген санды өрнекті оқуды, жазуды және оның мәнін табуды ұсынады. Мұны тақтада дұрыс орындаған оқушы келесі ойынға дөңгелекті айналдырады. Егер ол қате жіберсе, оның қатесін түзеген оқушы айналдырады. Ойын осы ретпен әрі қарай жалғастырыла береді.

    1. 3+5=?; 2. 8 – 2=? 3. 5+10=?
    2. 100 добыңның 14-ін досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі өз қолында қалады?

    3. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

    4. Екі стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкаға төңкердің. Қайсы стаканда су көп? (бірдей)

    3. Бәйге алу – ойыны. Ойынды ойнамас бұрын сұрақтар беріледі:

    а) Қандай ұлттық ойындар бар?

    б) Атпен ойналатын ойындар?

    в) Біздің еліміз қалай деп аталады?

    г) Ел рәміздерін ата?

    Осындай сұрақтардан кейін тапсырма оқылып, карточка беріледі. Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген екі атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұр. Дұрыс әоі тез жауап берген оқушы туды алып жеңіске жетеді.

    4. Қыз қуу ойыны. Алдымен сұрақтар беріледі. Содан кейін сауат ашудан сұрақтар оқылады. Ойын шарты түсіндіріледі. Атам қазақ қыздың жолы – жіңішке демекші, алдымен қыз бала тапсырманың бірінші мысалын орындайды, содан кейін екінші карточкамен ер бала орындайды. Егер ер бала тапсырманы дұрыс орындап болса, онда қызды ұстап алған болып есептеледі. Қыз бірінші болса онда ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болады.

    5. Қан талапай. Асықпен ойналатын ойын. Бұл ойынға нөмірленген асық алынады. Нөмірге байланысты карточка алынады. Асық жерге шашылады, ал балалар талапайлап асық алады. Нөмірлері бойынша карточкадағы тапсырманы орындайды. Кім тез әрі дұрыс орындаса, сол жеңіске жетеді.

    6.Теңге алу. Бұл ойынды салыстыру, ерекшелігін табу, айырмашылығын табуға байланысты есептерді ойнайды. Алдымен сұрақ беріледі. Есептің бірнешеуі оқылып талданады. Ұлттық теңгеміздің суреті ілулі тұрады. Екі оқушының қайсысы есепті дұрыс орындаса, сол төл теңгемізді алады.

    7. Арқан тартыс ойынында алдымен ойынға байланысты сұрақтар беріледі. Тақтаға арқан суреті ілінеді. Ана тілі бойынша тапсырмаларды кім көп орындаса, сол топтың жеңіске жететіндігі айтылады.

    8. Балапан ойыны. Есік алдында құс балапандары жүр еді. Жанынан бір мысық шыға келеді. Енді балапандарды құтқару керек. Құстардың пайдасы, үй құстары туралы, жыл құстары, олардың қай кезде ұшып кететіндігі, келетіндігін оқушылар әнгімелейді.

    Содан барып Құс – біздің досымыз дей келіп, құс санының өсуіне көмегімізді тигіземіз. Суреттегі балапандардың артындағы тапсырманы кім тез әрі дұрыс орындаса, сол оқушы балапанды қорғап қалады.

    9. Айға ұшу.

    Талғат, Тоқтар сияқты оқушылар айға ұшқылары келетіндіктерін айтады. Егер берілген есепті дұрыс, тез шығарса, айға ұша алады, шығара алмаса, аспан әлемін шарлай алмайды.

    10. Кім болам?

    а) Қандай мамандық иелерін білесіңдер?

    б) Өскенде кім боласындар?

    в) Ол үшін адамға не керек? т.б. сұрақтары беріледі.

    Мамандардың иелерінің суреті жапсырылған карточкалар қойылады. Артында тапсырмалар бар. Қалаған мамандық суретін алады. Кім дұрыс орындаса сол мамандық иелері болады.

    Міне, осы ойындарды ойнатқанда балаларда әрекет пайда болады, әрі пәнге деген қызығушылығы артады, дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді.

    Сауат ашу, тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылған дидактикалық ойындар
    1)«Бұл қалай өзгерген?» ойыны дыбыстар мен әріптердің айтылу және жазылу ерекшеліктерін балаларға меңгеру үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне балалардың назарын аударуға болады. Ор – өр сұр – сүр терек – зерек

    Тор – төр сан – сән көл – шөл – төл

    2) «Орнына қойып жаз» ойыны арқылы балалар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі.

    Ойын тәртібі: балалар 3 топқа бөлінеді. Плакатқа 3 қатар сөздер дайындалады. Әр қатардан шыққан үш бала тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

    құл ұ/ы н кө с/з ай н/ма

    Жұлд ұ/ы з Қа н/м ат Алма щ/к

    сәб/піз Сә н/ң ия түлк ү/і

    Білімдерін еске түсіру мақсатында жұмбақтар жасырып, шештіру де балалардың білімін тиянақты, жүйелі етуге өз септігін тигізеді. Төмендегідей жұмбақтарды пайдалануға болады.

    Дыбыс емес таңба, Әрі дауысты әрі дауыссыз.

    Оқылмайды, жазылады. Әрі жуан әрі жіңішке.

    Әйтсе де бұл екеуі, Бұл қай дыбыс?

    Біраз сөзден табылады.

    (у)

    (ъ, ь)

    Түнде жоқ, кеште бар,

    Отта жоқ, пеште бар.

    (ш)

    3)«Кім көп біледі?» ойыны арқылы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады.

    Ойын тәртібі: Балалар «тәрбиеші» және «бала» болып екіге бөлінеді. «Тәрбиеші» әртүрлі мағынасы бар сөздерді атайды, ал «балалалар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Тәрбиеші» мен «балалар» өз рольдерін ауыстырып отырады.

    Мысалы:

    1) ара – жәндік 2) алма – жеміс 3) аю – жануар

    ара – құрал алша – жеміс ою – өрнек

    4)«Әр әріптен бір сөз» ойыны балалардың сөздік қорын дамыту мақсатын көздейді.

    1 – бала 2 – бала 3 – бала

    р а а ы д р у ы а л р ы д а р

    а л қ н ы м ы л н д а з а р ы

    қ а ы ы с а р д а и м й с

    қ т н ш ы а т

    л ы

    Ойын тәртібі: балалар 3 топқа бөлінеді. Әр топтан бір баладан шығып, әрбір әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп соңғы әріпке дейін бір топтың сөзі екінші топта қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса, солар жеңіске жетеді.

    Сонымен бірге белгілі бір білімді меңгертуге бағытталған дидактикалық ойындарды пайдаланудың да өзіндік ерекшеліктері болды. Мәселен, «Қандай сандарды жоғалттым?» ойында бірнеше цифрларды қалдырып кеткен карточкалар пайдаланылады. Балалар карточкада көрсетілген бос орынға керекті цифрларды ретімен тауып қояды. Тапсырманы тез, дұрыс орындаған қатарға жеңімпаздар ретінде әртүрлі сыйлықтар тапсырылды. Мұның өзі балалардың танымдық қызығушылығын оятуға мүмкіндік берді.

    «Көршісін ата» ойыны үстінде карточкаға жапсырылған цифрлар (3,8,2,4,5, т.с.с) көрсетілді де, олардың көршілес сандарын атау тапсырылды. Осы ойынды «Көрші-көрші» деген атаумен өзгертіп, басқаша түрде де ұйымдастыруға болады. Мұнда тәрбиеші бір санды атауы керек, мысалы 7 дейді. 7 саны тағылған бала ілгері шығып, тақтаның алдында тұрады. Осыдан кейін тәрбиеші бұл санның көршілері қатарына тұру туралы бұйрық береді және олар өзара салыстырылады. Ойынды осылайша түрлендіріп өткізу материалды берік меңгеруге көмектеседі.

    «Керекті цифрын қой» ойынында 5 сіріңке қорабына әртүрлі заттарды салдық. Бала қорап ішіндегі заттарды санап, зат санына сәйкес цифрды көрсетеді. Бұл ойынның мақсаты балалардың санау дағдыларын қалыптастыру және /балалардың/ заттарды санмен сәйкестендіруге үйрету болып табылады.

    Сандардың құрамын табуға байланысты «Мынау кімнің үйі?» ойыны пайдаланылды. Мұнда көп қабатты үйдің терезелеріне әртүрлі сандар жазылып қойылды және жануарлардың суреттері балаларға үлестірілді, олардың арттарында сандардың құрамында болатын өрнектер жазылған /3+4, 2+3 т.с.с./ осы өрнектердің мәнін тауып, сол суреттерді терезелерге жапсырады да, кімнің үйі екендіктерін анықтайды. Мұның барлығы балалардың ынтасын, ерік-жігерін арттырып, тапсырманы орындауға құлшындырады.

    Математика сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану балалардың білім, іскерлік, дағды сапасына тиімді әсер етеді, өйткені мектеп жасына дейінгі балалар әлі ойын балалары.

    Балалардың қызығушылығын арттырып, білім дәрежесін жетілдіруде ойынның мәні зор екендігіне нақты көз жеткіздік. Дидактикалық ойындардың жіктемесін пайдаланғаннан кейін оның нәтижелігін анықтауға мүмкіндік беретін қорытынды жұмыс жүргізілді.

    Зерттеуіміздің эксперемент бөлімін үш кезеңге бөліп жүргіздік. Әр кезеңде тиісті әдістемелерді пайдалана отырып нақты міндеттерді шешу шарттары қойылды.

    Сонымен зерттеу жұмысымыздың міндеттерінің орындалуы біздің алға қойған ғылыми болжамымызды дәлелдейді.

    балаларының ақыл-ойын дамытуда дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып балалардың танымдық белсенділігін, оқыту үрдісіне деген қызығушылығын арттырдық. Балалардың ақыл-ойы, логикалық ойлауы, байланыстырып сөйлеу тілі дами түсті. Мысалы экспериментке дейін эксперименттік топ балаларының ақыл-ойының даму көрсеткіші 33 % болса эксперименттен кейін ол 63 %-ке көтерілген, орташа деңгейі 29 % болса, эксперименттен кейін 19%-ке көтерілген, төменгі деңгейі 18%-нт.
    Экспериментке дейінгі кезең





    Жоғары


    Орташа


    Төменгі

    Бақылау тобы


    28 %


    36%


    36%

    Эксперимент тобы

    33%

    29%

    38%



    Эксперименттен кейінгі кезең





    Жоғары


    Орташа


    Төменгі

    Бақылау тобы


    34%


    42%


    24%

    Эксперимент тобы

    63%

    19%

    18%


    Зерттеу жұмысында көзделген мақсат міндеттеріміз, яғни оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың жүйесі жасалды. Жұмысты қорытындылай келіп дидактикалық ойындар және ойын әдістерін балабақшаның барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдаланудың орны ерекше екендігін ділелденіп отыр.

    Бұдан байқайтынымыз мектепалды даярлық балаларымен жүргізілетін оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін пайдалана отырып балалардың білім сапасын, танымдық белсенділігін, сабақтың тиімділігін және ақыл-ойын, қызығушылығын арттыруға болады.

    Қызығу – танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші екенін ескерсек, дидактикалық ойындарды балабақшаның оқыту үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқту үрдісіне қызықтыру арқылы бала қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

    Танымды қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикада оны қалыптастырудың үш жағдайы қарстырылған[23].

    Біріншісі – оқытудың мазмұны, мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырының ашылуы.

    Екіншісі – балалардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру; танымдық ойындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру; пәнаралық байланыстарды тудыру; ғылымның өмірмен, өндіріспен техника және экологиямен байланысын ашып көрсету; балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру; білім тексеру мен бағалау, мадақтаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

    Үшіншісі – тәрбиеші мен балалар, балалар мен балалар арасындағы қарым – қатынаста сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Балалар өзі ұнатпайтын тәрбиешінің сабағына ешқашан қызықпайды. Балалар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.

    Қызығуды туғызу үшін дидактикалық ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Тиімді қолданылған дидактикалық ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардыдың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Дидактикалық ойындарды барлық топтарда қолдануға болады[28].

    Жоғарыда көрсетілгендей бүгінгі таңда елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру деңгейі-не жету бағытында игі қадам жасауда. Мұның өзі мектепке дейінгі педагогика теориясына да ықпал жасап, білім берудің мазмұнын жаңартуға бастап отыр. Сондай–ақ педагогтар алдына қойылған жаңа талап–мақсаттар олар-дың көп ізденіп, бала тәрбиесінде, оларды оқытуда әдіс–тәсілдерді үнемі жетілдіре отырып, жаңа технологияға байланысты тәжірибеден туған озат үлгілерді күнделікті болмыста көптеп пайдалануға жетелейді.

    Сол себепті баланың мектептегі оқуын және оның жеке қасиеттерін дамыту деңгейін арттыруға психологиялық дайындығы 5-6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі білімін жүзеге асыру кезеңінде аса жауаптылықпен өтуі тиіс.

    Осы жолда жасалған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің стандартында» (2009 ж.) мектепке дейінгі балаларды, нақты айтқанда 5-тен 6 жасқа дейінгі балалардың мектепалды дайындық стандарты негізгі бала тәрбиесіндегі төмендегідей басты – басты мәселелерді қамтиды[3]

    1. Себептер жүйесінің және мінез–құлығының, адамгершілік түсінігінің қалыптасуы ретіндегі жеке басты дайындығы;

    2. Әлеуметтік – психологиялық дайындық – жаңа әлеуметтік оқушы ролін қабылдауға дайындығы;

    3. Оқу қызметі және танымдық ортаның даму саласындағы бастапқы білімінің қалыптасуы ретіндегі интеллектуалды дайындығы;

    4. Физиологиялық дайындығы–баланың негізгі функционалды жүйесінің даму деңгейі;

    5. Жігерінің дайындығы – ішкі және сыртқы кедергілерді жеңуге байланысты қызметтегі өзінің іс-әрекетін ретке келтіре білуді қалыптастыру.

    Мектепке дейінгі ересек жастағылардың стандартының негізгі идеялары:

    1. Табиғат – бұл адам өмір сүретін және дамитын үлкен әлем. Адам табиғатты сақтап, оның байлығын арттыруы керек. Адамның және адамзаттың жақсы тұрмысы табиғаттың амандығына тәуелді;

    2. Адам - әлемдегі ең жоғарғы құндылық. Адам – бірегей мүмкін-шіліктері мен қабілеттері бар табиғаттың бөлінбейтін бөлшегі. Әр адам табиғатынан ерекше. Адам кең құқыққа және еркіндікке ие. Адамның құқығын және еркіндігін міндетті түрде құрметтеу керек, басқа адамға төзімді болу керек;

    3. Денсаулық – адам тұрмысындағы маңызды байлық. Адам өзінің денсаулығын сақтау керек, күтіп, күшін сарп етпей, өзінің ағзасын шынық-тыруы керек. Дененің саулығы – адамның психологиялық және рухани саулығының негізі;

    4. Отбасы – бұл ең жақын және қымбатты адамдар өмір сүретін әлем. Өзіңнің жанұяңды сүйіп және сақтау керек, туғандарыңа және жақындарыңа қамқор болу керек. Жанұя – бұл адамның түрлі жағдайлардағы сенімді тірегі және қорғанышы;

    5. Отан – бұл адамның туған және өскен елі. Отан – бұл қала, ауыл, көше, үй, жанұя, туғандар, достар, балабақша және тағы басқалар. Отан тек біреу ғана болады, сондықтан оны сүю керек. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан–қазіргі заманда әлемдегі демократиялық мемлекет. Жас қазақстан-дықтар денсаулығы мықты, бақытты, білімді болып өсулері тиіс[3].

    Балалық шаққа байланысты Қазақстанның ұлттық саясатының мәні болып табылатын осы идеялар – мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мазмұнының негізі болып табылады да, ол бүгінгі таңдағы әлемдік стандарттың негізінде жасалғанын айқындайды[7].

    Стандартта қойылған міндеттер егеменді елімізді болашаққа бастар азаматтардың бойында мынандай абзал қасиеттер қалыптастыруды ойлас-тырған: денсаулығы зор, салауатты өмір сүретін, танымдық қабілеті мол, шебер де шешен, білімді да зерек, айнала қоршаған ортаның тазалығын сақтау жолында аянбай күресе алар, ғасырлар қойнауына тереңдеп бара отырып, бабалардан қалған асыл мұраларды толықтырып, әлем игілігіне жаратар азаматтарды тәрбиелеу үшін қойылған. Оны жүзеге асыру 12 жылдық білім беруге көшуге алғы қадам жасайды.


    ҚОРЫТЫНДЫ
    Әлемдік қоғамдық-әлеуметтік ғылымдар жүйесінде жеке тұлғаны табиғатқа үйлесімді тәрбиелеу метақағидасына сәйкес бала тәрбиесіне жаңа мазмұн беру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.

    Гуманистік педагогика мен психология ғылымдарында табиғатқа үйлесімділікке тәрбиелеу басты әдіснамалық бағыттардың бірі ретінде зерттеу жұмыстарына бағдар беруде. М.Хайдагер, А.Роджерс, Маслоу, В.Розанов, В.Бондаревкая, т.б. ғалымдар бала тәрбиесінің гуманистік сипатта берілуі үшін оны өзі өскен ортаға сай тәрбиелейтін педагогикалық шарттар туғызу керек, сонда ғана бала дүние танымы мен ақыл-ойы И.Гальперин айтқандай сатылы даму арқылы жеткі-лікті қалыптасу фазасында болады дейді[13-17].

    Осы ғылыми тұжырымдар біздің зерттеу жұмысымыздың әлемдік ғылым талабына жауап бере алатынын көрсетеді. Біз зерттеу жұмысымызда баланың жас және жеке дара ерекше-ліктеріне сай, негізгі іс-әрекеттері арқылы тәрбиелей отырып білім беру, балаға меңгертілетін қарапайым білім негіздерін бірте-бірте сатылай кеңейте отыру, дамыта оқытудың негіздерін басшылыққа алуды қажет ететін әдістемелік мазмұн дайындалып, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді.

    Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсатына сәйкес дидактикалық ойындар мен ойын элементтерін пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттыру, нәтижелі болатыны зерттеу болжамының дәлелденгеніне көз жеткіздік.

    Зерттеу жұмысында көздеген негізгі мақсат міндеттеріміз, яғни оқыту үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың жүйесін жасау, оның тиімділігін айқындау. Жұмысты қорытындылай келіп дидактикалық ойындарды балабақшада жүргізілетін барлық сабақтарда пайдаланудың орны ерекше екендігін ділелденіп отыр.

    балалар өте еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан тәрбиеші сабақ барысында дидактикалық ойын түрлерін пайдалана отырып, балалардың сабаққа деген ынтасын арттырып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу балалардың сабақты аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

    Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ойынға ынталы, тапсырманы жылдам, дәл орындауға құмар, тез шаршап, серігіп қалады. Дидактикалық ойын түрлерін қолдану, балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, сабақтың тиімділігін жоғарлатады. Балалардың білім сапасын, білім- білік, дағдыларын қалыптастыру, тиянақтау, бекіту, тексеру болып табылады.

    Жұмыстың теориялық бөлімінде ұлттық, дидактикалық ойындарды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасадық. Көрнекті психологтар (Эльконин Д.Б., Узнадзе Д.Н., Выготский Л.С., Рубинштейн С.Л., Венгер А.А. т.б.), педагог-әдіскер ғалымдар (Арутюнян Ж.В., Микитинская М.И., Сағындықов Е., Айтпаева А. Т.б.) дидактикалық ойындарды балабақшаның оқу іс-әрекетінде алатын орнын дәлелдеп берді [38-41].

    Сондықтан оларды тиімді пайдалану білімді берік, әрі терең меңгеруге, сапалы тәрбие беруге және балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

    Теориялық мәселелерді талдау, балабақша тәрбиешінің тәжірибелерімен танысуға, жүргізілген тәжірибелік - эксперименттік жұмыс нәтижелері бізге төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

    1. Оқу іс - әрекетінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздерін меңгерту, дидактикалық ойындардың психологиялық-педагогикалық мәнін түсіну оларды оқыту құралы немесе әдісі түрінде (оқыту) тиімді пайдалануға көмектеседі.

    2. Әр бір ойынның өзіне тән ерекшелігі бар, 1-жағынан ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады, 2-ші жағынан ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті – жаңа материалды оқып-үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс-жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.

    3. Дидактикалық ойындардың жіктемесін жасауда біз оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктерін, білім көлемі мен сипатын, балалардың жас ерекшеліктерін есепке алдық.

    4. Ойын балалардың эмоциясына әсер ету арқылы іске асып, оқу материалмен түсінуді жеңілдетеді, оқуға ынтасын көтереді.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
    1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 30 қаңтар 2010ж.

    2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2010ж.

    3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің стандарты. Астана-2009,-30б.

    4. «Біз мектепке барамыз» 5-6 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған бағдарлама. Астана-2010,-114б.

    5. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбиелеу тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. 1995ж., № 1

    6. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2030» стратегиясы, -Алматы, 1997.

    7. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке даярлау тұжырымдамасы - Астана, 2006.

    8. Назарбаев.Н.Ә. Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде- А.145

    9. «Білім туралы Заң»-//Егемен Қазақстан (тамыз 2007)

    10.АйтпаеваА.К.Программа «Использование казахских народных детских игр в детском саду»- Алматы, 1996-26с.

    11.Ахметов С. Балабақшада білім берудің тиімділігін арттыру жолдары.-А: Рауан,1994-84с.

    12. Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы: Мектеп, 1971

    13. Гонеболин Ф.Н. Психология.-А:Мектеп,1976-237.

    14. Занков Л.В. Избранные педагогические труды-М: Педагогика, 1990-98

    15. Елубаев С., Елубаева С. Дидактикалық ойындар мен логикалық есептер-«Бастауыш мектеп»,1995-№9-10. 17-35

    16. Елубаева С. Дидактикалық ойын-оқыту әдістетерінің бірі /Отбасы және балабақша, 1998- -№ 2. 7-13.

    17.Жикалина Т.К. Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар А: Рауан, 1992-64.

    18. Жұмабаев М. Педагогика-А: Ана тілі, 1992-160

    19. Игры и упражнения по развитию умственных способностей у детей

    дошкольного возраста. Сост.Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко.–М: Просвещения, 1989-212.

    20.Кузнецов А.А. Требования к знаниям, умениям дошкольников. –М: 1985

    21.Крупская Н.КК. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. –А:Мектеп, 1973-730.

    22. Қосанов Б.М., Өміртаева Р.Қ. Математикадан дидактикалық ойындар

    және қызықты жаттығулар.-А: Атамұра, 1998-48б.

    23. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика –А: Рауан, 1992 – 240б.

    24. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознания. Личность-М: Политиздат,

    25. Микитинская М.И. Игровые ситуации как средство повышения

    эффективности обучения дошкольников по математике.М.-1993-220

    26.Моро М.И. және т.б. 1-кластағы матматика. А: Мектеп, 1975-305

    27.Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. – А:

    Мектеп, 1986-230

    28.Педагогикалық ізденіс. /Құрас.И.Н.Жаненова.А:Рауан, 1990– 574.

    29.Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Ред.абсқ.

    А.В.Петровский-А: Мектеп, 1987-286.

    30.Рубинштейн С.Л. Принцип и пути развития психологии – М, 1959.

    31.Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық

    тапсырмалар.-А: Рауан 1993-51.

    32.Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. –А: Рауан, 1993-176б.

    33.Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесінде пайдалану.-

    А: Рауан, 1993-76б.

    34.Мухина В.С Алты жастан мектепте –Алматы,-125.

    35. Жикалина Т.К. Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар.

    А.: Рауан, 1992-64.

    36.Жұмабаев М. Педагогика-А.: Ана тілі, 1992-160

    37.Жұмаділдина Р. Ойын-еңбек жиынтығы / Бастауыш мектеп, 1987-

    №12 9-10.

    38.Кузнецов А.А. Требования к знаниям, умениям учеников–М: и Просвещения, 1985.

    39.Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар.-А.: Рауан 1993-51.

    40.Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. –А.: Рауан, 1993-176б.

    41.Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие процесінде

    пайдалану.-А.: Рауан, 1993-76б.

    42.Тіл ашар /Құраст. Шәкенова А.-А.:Жалын,1999-313.

    43.Толыбаев Қ. Кел, ойнайық,-А.: Өнер, 1990-62.

    44.Ұзақбаева С.А. Айтпаева А.К. Воспитательные возможности казахских народных детских игр.-А., 1996-135


    написать администратору сайта