Главная страница
Навигация по странице:

  • Көрнекілік әдістер

  • Жанама әдістер

  • Сөздік әдістер

  • Практикалық әдістер

  • Репродуктивтік әдістер

  • Продуктивтік әдістер

  • Тіл дамытудың әдістемелік тәсілдері дәстүрлі түрде үш негізгі топқа бөлінеді: сөздік, көрнекілік, ойындық. Сөздік тәсілге

  • Сөйлеу үлгісі

  • Қайталап айту

  • Нұсқау беру

  • Балалар сөйлеуін бағалау

  • Көрнекілік тәсілдер

  • Ойындық тәсілдер

  • 2 Практикалық сұрақтардың тапсырмаларына жауаптар. 2 Практикалы сратарды тапсырмаларына жауаптар 1


    Скачать 15.88 Kb.
    Название2 Практикалы сратарды тапсырмаларына жауаптар 1
    Дата23.10.2022
    Размер15.88 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2 Практикалық сұрақтардың тапсырмаларына жауаптар.docx
    ТипДокументы
    #749964

    2 Практикалық сұрақтардың тапсырмаларына жауаптар:

    1)1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады. 

    2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады. 

    Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады. 

    Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады. 

    3. Жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. 

    Жоспарлы профилактикалық екпелердің және оларды жүргізу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бала бекітілген жердегі медициналық ұйым береді.

    2) Әдістеме дидактикада өңделген әдістерді қолданады. Әдістердің үш тобын бөліп көрсетеді: көрнекілік, сөздік және практикалық. Бұл әдістер бір-бірімен тығыз байланысты. Көрнекілік әдістер сөздік арқылы түсіндіріледі, ал сөздікте көрнекілік тәсілдер қолданылады.

    Көрнекілік әдістер – балабақшада жиі қолданылады. Тікелей және жанама әдістер ретінде қолданыс табады. Тікелей көрнекілік әдісі және оның түрлеріне: саяхат, натуралды заттарды қарау, мекемені бқылау жатады.

    Жанама әдістер бейнелік құралдарды қолдануға негізделген. Бұл ойыншықтарды, картиналарды, фотосуреттерді қарау, ойыншық және картинаны суреттеу, әңгімелеу жатады. Ол білімді, сөздік қорды бекіту үшін, байланыстырып сөйлеуге оқытуға, сөздің жалпы функциясын дамытуға көмектеседі. Бұл әдіс сонымен қатар тікелей танысуға келмейтін құбылыстар мен объектілермен танысу үшін де қолданылады.

    Сөздік әдістер – бұл көркем шығармаларды әңгімелеу, оқу, жаттау, мазмұндау, көрнекілік материалға сүйенбей әңгімелеу. Барлық сөздік әдісте көрнекілік тәсілдер қолданылады: заттарды, ойыншықтарды, картиналарды көрсету, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты иллюстрацияларды қарау.

    Практикалық әдістер – сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін қолдануға бағытталған. Бұған әр түрлі дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, көріністер, дидактикалық жаттығулар, хороводтық ойындар жатады. Олар барлық сөйлеу міндеттерін шешу үшін қолданылады.Балалардың сөйлеу қызметінің сипатына байланысты репродуктивтік және продуктивтік әдістерді бөлуге болады. Репродуктивтік әдістер – дайын үлгілерді, сөйлеу материалын қайталауға, қайта өңдеуге негізделген. Балабақшада олар сөздік жұмыста, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу бойынша жұмыстарда қолданылады. Репродуктивтік әдіске көрнекілік әдісін және оның түрлерін, суреттерді қарауды, көркем шығармаларды оқу, мазмұндау, жаттау, әдеби шығармалар мазмұны бойынша драматизациялық, дидактикалық ойындарды яғни балалар сөзді, оларды байланыстыру заңдарын, кейбір грамматикалық құбылыстарды игеретін барлық әдістерді жатқызуға болады.

    Продуктивтік әдістер – балалардың өздерінің байланыстырып сөйлеуіне негізделген. Осыдан сөйлеу қызметінің шығармашылық сипатын аңғаруға болады, яғни бұл әдіс байланыстырып сөйлеуде қолданылады. Оған әңгімелесуді, мазмұндауды, байланыстырып сөйлеуді дамытуға арналған дидактикалық ойындарды, шығармашылық тапсырмаларды, модельдеу әдісін жатқызуға болады.

    Тіл дамытудың әдістемелік тәсілдері дәстүрлі түрде үш негізгі топқа бөлінеді: сөздік, көрнекілік, ойындық.

    Сөздік тәсілге — сөйлеу үлгісі, қайталап айту, түсіндіру, нұсқау беру, балалар сөйлеуін бағалау және сұрақ  жатады.

    Сөйлеу үлгісі – балалар еліктеу үшін, алдын-ала дұрыс ойластырылған педагогтың сөйлеу әрекеті. Үлгі мазмұны және формасы бойынша түсінікті болу керек. Оны нық, қатты және асықпай айту керек. Үлгі еліктеу үшін берілетін болғандықтан ол балалардың сөйлеу әрекетіне дейін ұсынылады. Бірақ кейде ересек топтарда үлгіні балалардың сөйлеуінен кейін қолдануға болады, бірақ бұл кезде ол еліктеу үшін емес, салыстыру және түзету үшін қызмет етеді.

    Қайталап айту – есте сақтау мақсатымен бір сөз элементін бірнеше рет қайталау. Практикада қайталаудың көптеген нұсқалары қолданылады: педагогтың артынан, басқа балалардан кейін, тәрбиеші мен балалардың бірігіп  қайталауы, хормен.

    Түсіндіру – кейбір құбылыстар мен әрекет амалдарының мәнін ашу. Дидактикалық ойындардағы әрекеттерді және ережелерді түсініру үшін, сөздің мәнін ашу үшін сонымен қатар затты зерттеу және бақылау процесінде кең түрде қолданады.

    Нұсқау беру – арнайы нәтижеге жету үшін балаларға әрекет амалдарын түсіндіру. Оқытуға, ұйымдастыруға және тәртіпке арналған нұсқау беру түрлері бар.

    Балалар сөйлеуін бағалау – сөйлеу әрекетінің сапалы орындалуын сипаттайтын баланың сөйлеуін талқылау. Баға қалыптастыру сипатында ғана емес, оқыту сипатында болу керек. Бағалауда сөйлеудің барлық жағымды жақтары ескеріледі, ал кейбір қателіктер үлгі және басқа да әдістемелік амалдардың көмегімен түзетіледі.

    Сұрақ – жауапты талап етеді. Сұрақтар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі репродуктивті — кім? не? қандай? қайда? қалай? және құбылыстар арасында байланыстар мен қарым-қатынастар орнатуды талап ететін ізденушілік — неге? қалай ұқсайды? Болады. Қосымша сұрақтар – жетекші және сыбырлап айту сипатында болады. Педагог сұрақтарды әдістемелік дұрыс қоюды игеруі керек. Олар негізгі ойды білдіретін, мақсатқа бағытталған, нақты болу керек.

    Көрнекілік тәсілдер – дыбыстарды дұрыс айтуға оқыту барысында артикуляциялық органдардың жағдайын, иллюстртивтік материалды көрсету.

    Ойындық тәсілдер – сөздік және көрнекілік болады. Олар балада әрекетке деген қызығушылығын оятады, оқыту процесінде жағымды эмоционалды фон құрады, балалардың сөздік белсенділігін және сабақтың нәтижелілігін жоғарлатады. Сонымен, қорытындылай келе аталған әдістер мен тәсілдер нақты педагогикалық процесте бірдей қолданылады.


    написать администратору сайта