Главная страница

ми. Қор 2 тізім 2 іс 6 парақ 48. 2. Шаруашылы серіктігі йлестіру жмысы ебек союзбен округтік жер бліміне тапсырылсын


Скачать 18.02 Kb.
Название2. Шаруашылы серіктігі йлестіру жмысы ебек союзбен округтік жер бліміне тапсырылсын
Дата24.01.2022
Размер18.02 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚор 2 тізім 2 іс 6 парақ 48.docx
ТипДокументы
#340879



2. Шаруашылық серіктігі үйлестіру жұмысы еңбек союзбен округтік жер бөліміне тапсырылсын.

8.Тыңдалды: Қарсақбай ауданы 5-ауыл азаматы Хасан Қасқабайұлының конпескеге малым толмайды, сондықтан конпескеден босатсаңыздар деп берген арызын қарау.

8.Қаулы: Хасан Қасқабайұлы конпескеге екінші графамен ілінген және әлеуметке зиянды адам болғандықтан, берген арызы аяқсыз қалдырылып, малын конпескеленіп, өзі жер аударылсын.

9.Тыңдалды: Аламесек аудандық конпескелеу комиссиясының 5-санды протолын қарау.

9.Қаулы: Аудандық комиссиясының 5-санды протолының екі буынындағы қаулысы өзгертіліп, әйел байынан шығып қаламын деп заңсыз жолымен бет қағаз алса, қалуға ерікті, сондықтан, қыстаудың әйелі қанша загстен бет қағаз алса, қалуына рұқсат етілсін.

10.Тыңдалды: Қызылорда ауданынан ауылдық жерге уәкіл болып шыққан Қожа Ахметұлының хатын қарау.

10.Қаулы: Қожа Ахметұлы 23 ауылдың бай Есқожаұлының малы кедейлерге бөліп берген уақытта батырақтар сыйға берген деп өзіне бір тай алып қалғандығы үстінен арыз түскеннен кейін білдіріп отыр. Және аудандық округтік жерден шығарылған уәкілдің, байдың малынан алуы жолсыз. Сондықтан бұл мәселені тексеріп, партия жолымен тиісті шаруасын қолдану үшін округтік бақылау комиссиясына жіберілсін.

11.Тыңдалды: Қарсақбай аудандық комиссиясының 27-октябрьдегі 11-санды қатынас қағазын қарау.

11.Қаулы: аудандық комиссиясының Аппаққожа Арынұлы, Арынның әйелі базардың малын өз атына жазғызып жүргендігі және Аппаққожаның Жаңғыз атты кедей екендігі анықталды деп білдіруіне лайық Аппаққожаның (бір ат, бір бие, бір түйе және бір бұзаулы сиырдан) басқа малы болғандықтан, қалған малдары Арын Көрпеұлының малы болғандықтан, Аппаққожа Арынұлының арызы ақсыз қалынсын.

2. Рахметулла әйелі өзіне байырғы малын толық қайырып алған, бұл сұрап жүрген малдар Арын Көрпеұлының малы деп аудандық комиссиясының білдіруіне лайық Рахметулла әйелінің берген арызын аяқсыз қалсын.

3. Арын Көрпеұлының малын конпескеден жасырып, өзінің туғандарын

Қор 2 тізім 2 іс 6 парақ 48


написать администратору сайта