Главная страница

аххххх. 1-Каз.Разд.матер. Парен и Стром-.дистроф. 2ші курс ПН модуль жалпы патология дайындаАН доцент серікбай м.


Скачать 3.62 Mb.
Название2ші курс ПН модуль жалпы патология дайындаАН доцент серікбай м.
Анкораххххх
Дата15.10.2022
Размер3.62 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1-Каз.Разд.матер. Парен и Стром-.дистроф.docx
ТипДокументы
#735183

Мамандық: Стоматология

Кафедра: Патологиялық анатомия сот медицинасы курсымен

«ПАРЕНХИМАТОЗДЫ ДИСТРОФИЯ, СТРОМАЛЫҚ-ҚАНТАМЫРЛЫҚ ДИСТРОФИЯ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСҚА

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

2-ШІ КУРС:
ПӘН: МОДУЛЬ «ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯ»

ДАЙЫНДАҒАН: ДОЦЕНТ СЕРІКБАЙ М.Қ.

2020 -2021 оқу жылы

1. Сабақ Тақырыбы:Паренхиматозды дистрофия, стромалық-қантамырлық дистрофия.
1.Оқытудың соңғы нәтижелері
Сабақ соңында студент орындай алады:

1. паренхиматоздық, стромалық-қантамырлық дистрофиялардың функционалды маңыздылығын, морфогенезін, макро және микроскопиялық сипатын білу, түсіну және қолдануды қалыптастыру;

2. сабақ тақырыбы бойынша макро және микропрепараттармен жұмыс жасау кезінде пайымдау қабілетін көрсету;

3. жаңа терминдер мен ұғымдарды енгізу арқылы дағдыларды дамыту;

4. практикалық жұмыста клиникалық және морфологиялық талдауды қалыптастыруға мотивацияны дамыту;

5. Топта командада жұмыс жасау дағдыларын, кәсіби терминологияны үш тілде білу, олардың іс-әрекеттері туралы түсінік беру, сабақтың тақырыбы бойынша тиімді жазбаша дағдыларын көрсету;
2.Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:
1.Ахметов Ж.Б., Патологиялық анатомия. Оқулық Алматы, 2012ж. 35-45 бет.

2.Ахметов Ж.Б., Патологиялық анатомия. Оқулық Алматы, 2016ж. 40-50 бет.

3.Айтқұлов М.Т., Патологиялық анатомия. Оқулық Алматы, 2014ж. 68-84 бет.
Қосымша әдебиеттер:

1. Серов В.В., Пальцев М.А., Патологическая анатомия. Учебник М. Медицина, 2010г. – с. 2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // - Москва, Литтера -2016г,792б

3.Пальцев М.А. и др. Атлас по патологической анатомии 2010г.

4.V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fauso. Pathologic basis of disease, 9 th edition, 2014 – 1525р.

5.V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fauso. BasikPathology, 9th edition, 2014 – 946 р.

6.Harsh Mohan-Textbook of pathology – 2014-600p.
Электронды ресурстар:

1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. // - Москва, Литтера -2012г,792б

2.Струков А.М. Серов В.В. Патологическая анатомия. УчебникМ.Медицина, 2013г

3.Harsh Mohan-Textbook of pathology – 2014-600p.

4. Ақпараттық блок (PowerPoint бағдарламасы дәрістері)

5.kingmed.info› knigi › book

6.med-vvolske.ru › docsPDF

7.kingmed.info › knigi › book_3984
3.Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

1. Дистрофияның жалпы патологиялық үрдіс ретінде сипаты, жасушалардың жасуша ішілік және жасуша сыртылық реттелу механизмдері.

2.Дистрофияның морфогенетикалық механизмдері.

3.Паренхиматозды дистрофияның анықтамасы,түрлері, паренхиматозды дистрофияның (ультрақұрылымдық, микроскопиялық, макроскопиялық) морфологиялық сипаттамасы.

4.Паренхиматозды дистрофиялардың себептері және даму механизмдері, функционалдық маңызы және нәтижелері.

5.Балалардағы белокты, майлы, комірсулы дистрофиялардың ерекшелігі, тезаурисмоздар,

6.Стромалық-қантамырлы дистрофилардың жіктелуі, гистион құрылысы

7.Стромалық-қантамырлыбелокты дистрофиялардың, жіктелуі, морфогенетикалық даму механизмдері, себептері.

8.Белокты дистрофиялардың морфологиялық (ультрақұрылымдық, микроскопиялық, макроскопиялық) сипаттамасы. Гистохимиялық реакциялары.

9.Майлы дистрофиялардың морфологиясы, себептері, мәні, нәтижесі. Гистохимиялық реакциялары.

10.Көмірсулы дистрофиялардың морфологиясы, себептері, мәні, нәтижесі.

11.Балалардаға стромалық-қантамырлы дистрофиялардың морфологиялық ерекшеліктері.
4.Сабақты жүргізу форматы – 100% дистанциялы: жазбаша сауалнама, теориялық білімді бағалау, тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша талқылау, онлайн және офлайн білім беру кеңестері, альбомдармен жұмыс, тақырып бойынша жұмыс, ситуациялық есептерді шешу, шағын топтарда жұмыс, тақырып бойынша оқу презентациясын көрсету, жағдайлық есептерді шешу, шағын топтарда жұмыс, тапсырмаларды орындау, case-study. Тақырыптың негізгі атаусөздері – глоссарий бойынша білімін тексеру.
Оқу материалдары, тапсырмалар және бағалау парақтары Moodledis.kaznmu, GoogleClassroom платформасында орналастырылған
5. Тапсырмалар:

1.Макропрепаратты чек парағы бойынша сипаттап жазу «Бауырдың майлы дистрофиясы».

2.Макропрепаратты чек парағы бойынша сипаттап жазу «Бүйрек амилоидозы»

3.Микропрепараттың суретін салып сипаттап жазу (гистологиялық саны) Асқазанның шырышты рагы-9.

4.Микропрепараттың суретін салып сипаттап жазу (гистологиялық саны) қантты диабет кезіндегі бүйрек эпителиіндегі гликоген-185.

5.Микропрепараттың суретін салып сипаттап жазу (гистологиялық саны) көкбауыр капсуласының гиалинозы-261.

6.Микропрепараттың суретін салып сипаттап жазу (гистологиялық саны) бүйрек амилоидозы-87.

7.Тақырыптар бойынша кейстерін шешу.Тақырыптар бойынша ситуациялық есепті шешу.
6.Бақылау сабағы: суммативті бағалау №2,3,4 чек парақтарына сәйкес

7.СОӨЖ тапсырмалары: тесттік жағдайларды және жағдайлық кейстерді шешу(шағын топтармен жұмыс).

8.СОӨЖ бақылауы: консультация барысында кері байланыс тұрінде

9.СӨЖ Гликегеноз тақырыбы бойынша презентация дайындау (қазақ тілінде).

10. СӨЖ бақылау: соңғы межелік тәжірибиелік сабақта


Тесттер:

ПАРЕНХИМАТОЗДЫ ДИСТРОФИЯ

ВАРИАНТ 1

1. Паренхиматозды диспротеинозды көрсетіңіз:

  1. Гиалинді-тамшылы дистрофия

  2. амилоидоз

  3. майлы дистрофия

  4. гиалиноз

  5. көмірсулы дистрофия

  6. минеральды дистрофия

  7. гидропиялық дистрофия

  8. түлеу дистрофиясы


2. Майлы дистрофия кезінде жасушаларда майдың пайда болу механизімін көрсетіңіз:

  1. инфильтрация

  2. пиноцитоз

  3. эндоцитобиоз

  4. гиалиноз

  5. декомпозиция

  6. трансформация

  7. фагоцитоз

  8. миомаляция


3. Гиалин-тамшылы дистрофияға тән өзгерістер?

  1. бүйректің өзекше эпителийінде жиі дамиды

  2. жасушаның қызметінің күшеюі

  3. жасуша цитоплазмасында вакуолдердің болуы

  4. жасушаның қызметінің төмендеуі

  5. су тұз алмасуының өзгеруі

  6. гепатоциттерде алкогольді гиалиннің болуы

  7. ағзалардың азаюы

  8. инфильтрация


4. Миокардтың майлы дистрофиясының жиі кездесетін себептерін көрсетіңіз:

  1. қабыну

  2. ісіктің өсуі

  3. гипоксия

  4. амилоидоз

  5. тіннің ісінуі

  6. интоксикация

  7. аллергия

  8. инфекция


5. Майлы дистрофияны анықтауға арналған бояулар:

  1. гематоксилин-эозин

  2. пикрофуксин Ван-Гизон бойынша

  3. фукселин

  4. Конго-рот

  5. судан III

  6. ШИК-реакция

  7. судан IY

  8. осмии қышқылы

6. Дистрофияның морфологиялық даму механизімі:

А) пиноцитоз

В) инфильтрация

С) трансформация

D) некробиоз

E) бей табиғи синтез

F) апоптоз

G) фагоцитоз

H) гипоксия
7. Паренхиматозды дистрофиялар келесі ағзаларда жиі дамиды :

А) асқазанда

В) бауырда

С) ми тінінде

D) жүректе

E) теріде

F) бүйректе

G) жатырда

H) ішекте
8. Майлы дистрофия кезінде жүректің өзгерісі:

  1. балама аты «жолбарыс терісі тәрізді жүрек»

  2. кескенде қанық қызыл түсті

  3. сол жақ қарыншаның эндокард аймағын қарағанда көлденең жолақтардың болуы.

  4. Ең жиі даму механизмі - декомпозиция

  5. Жүрек ақауының болуы

  6. кардиомиоциттерде гемосидериндердің болуы

  7. гидропиялық дистрофии

  8. жүректе амилоидоздың болу


9. Түлеу дистрофиясына не тән:

  1. жасуша ішінде әктің жинақталуы.

  2. шамадан тыс түлеу

  3. жасуша өлімі

  4. ісіктің дамуы

  5. жасуша көлемінің кішіреюі

  6. қалыпты жағдайда кездеспейтін аймақтарда түлеудің кездесуі

  7. шырышты қабаттардың патологиялық түлеуі

  8. жасуша көлемінің үлкеюі


10.Бүйректің гидропиялық дистрофиясының негізгі даму механизімін атаңыз:

  1. су-электролит және белок алмасудың бұзылысы

  2. коллоидты-осмостық қысымның өзгерісі

  3. мембрана өткізгіштігінің төмендеуі

  4. ядро гипертрофиясы

  5. жасуша ішінде әктің болуы

  6. ошақты қан құйылу

  7. ультраструктурасы сақталған

  8. цитоплазма белогының денатурациясы



11. Мезенхимальды диспротеиноздар анықтамасы:

  1. дәнекер тініндегі белок алмасуының бұзылуының көрінісі.

  2. дәнекер тініндегі май алмасуының бұзылуының көрінісі.

  3. жасуша цитоплазмасында белок алмасуының бұзылуының көрінісі

  4. жасуша цитоплазмасында май алмасуының бұзылуының көрінісі

  5. зат алмасу бұзылуының ағзалар паренхимасы мен стромада көрінісі.

  6. ағзалар паренхимасы мен стромада белок алмасуының бұзылуының көрінісі.

  7. белок алмасуының бұзылуының дәнекер тіні мен қан тамырлар қабырғасында көрінісі

  8. жасуша цитоплазмасында май және белок алмасуының бұзылуының көрінісі


12. Мукоидты ісіну ағзалардың қандай құрылымында дамиды?

  1. паренхиматозды жасушалар, ағза стромасында

  2. паренхиматозжа жасушалар, қан тамыр қабырғасында

  3. ағзалар стромасы, жүрек қақапақшаларында

  4. ағзалар стромсы, ағзалар капсуласында

  5. май тінінде,бездерде

  6. қан тамыр қабырғасында

  7. Паренхиматозды жасушалар, ағзалар капсуласында

  8. Паренхиматозды жасушалар, жүрек қақапақшаларында


13.Даму механизмі мен себебіне қарай амилоидоздың жіктелуі:

  1. идиопатиялық

  2. біріншілік(туа пайда болған), жүре пайда болған

  3. кәрілік

  4. периретикулярлы

  5. периколлагенді

  6. периваскулярлы

  7. ерте

  8. кеш


14. Ревматизм кезіндегі қақпақшалар гиалинозы қандай үрдістің нәтижесінде дамиды?

  1. гидропиялық дистрофияда

  2. амилоидозда

  3. гиалин-тамшылы дистрофияда

  4. плазмалық сіңбеленуде

  5. фибриноидты ісінуде

  6. склерозда

  7. майлы дистрофияда

  8. көмірсулы дистрофияда


15.Фибринойдті ісінуі негізінде дәнекер тінінің қандай өзгерісі жатады?

  1. ісіну

  2. май жиналуы

  3. дәнекер тін талшықтарының ыдырауы

  4. негізгі заттың тығыздануы

  5. склероз

  6. қан тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы

  7. негізгі зат пен талшықтардың деструкциясы

  8. көмірсудың жиналуы


16. Таралуына қарай гиалиноздың түрлерін атаңыз:

  1. дәнекер тіннің гиалинозы

  2. қан тамырлар гиалиноз

  3. көк баур капсуласының гиалинозы

  4. жергілікті гиалиноз

  5. жүйелі гиалиноз

  6. таралған гиалиноз

  7. гидропиялық гиалиноз

  8. гипертрофиялық гиалиноз


17. Фибриноидты ісіну қандай ауруда жүйелі сипат алады?

  1. инфекциялық ауруда

  2. ревматизмдік ауруда

  3. ісікте

  4. семіруде

  5. кахексияда

  6. склеродермияда

  7. гипертониялық ауруда

  8. интоксикацияда


18. Артериолалардың жайылған гиалинозы бүйректің қандай өзгерісіне алып келеді?

  1. ағзаның ұлғаюына

  2. толақандылық

  3. бүрісу

  4. инфаркт

  5. амилоидоз

  6. ағза деформациясы

  7. артериолосклерозды фроциррозом

  8. ағза гипертрофиясы


19 Майлы көкбауырда амилоид қай жерде орналасады:

  1. тек қызыл пульпада

  2. тек ақ пульпада

  3. қызыл және ақ пульпада

  4. қан тамыр интимасында

  5. қан тамыр адвентициясында

  6. лимфа фолликулаларында

  7. стромада

  8. қан тамыр қабырғасында


20. Мукоидты ісіну жиі дамиды:

  1. артерия қабырғасында

  2. лимфа фолликулаларда

  3. бұлшықет тінінде

  4. мида

  5. жүрек қақпақшаларында

  6. буын капсуласында

  7. теріде

  8. ішекте


1-ші ситуациялық есеп.

75 жасар науқас, көп жылдан бері декомпенсирленген қантты диабет ауруымен науқастанып, ми тінінің ишемиялық инфарктынан қайтыс болады. Клиникалық мәліметтер бойынша жиі гипергликемия мен глюкозурия байқалып, жүрек қан тамырлар жетіспеушілігінің дамуына алып келген. Дененің артық салмағы 49% құраған. Мәйтті ашу барысында ми қан тамырларының атеросклерозы нәтижесінде ми тінінің инфаркты анықталған, сонымен қатар жүрек, бүйрек және бауырда паренхиматозды дистрофиялық өзгерістер анықталған.

1-ші ситуациялық есептің сұрақтары:

1. Мәйітті ашу барысында анықталған бауырдағы патологиялық үрдісті атаңыз және тіннің балама аты қалай айтылады ?

2. Берілген патологиялық үрдістің даму механизмі мен себебін атаңыз?

3.Көрсетілген патологиялық үрдісте бауырда анықталатын макроскопиялық өзгерістерді сипаттаңыз?

4.Көрсетілген патологиялық үрдісте бауыр тінінде көрінетін микроскопиялық өзгерістерді сипаттаңыз және осы патологиялық үрдісті анықтайтын арнайы гистохимиялық бояудың түрін атаңыз?

5. Бауырда көсетілген патологиялық үрдістің нәтижелерін атаңыз?
1-ші ситуациялық есеп.

Ұзақ уақыттан бері созылмалы бүрек жетіспеушілігі диагнозымен нефрологта кезекте тұратын 47 жастағы науқас дәрігерге бұлшықетінің әлсіздігіне, физикалық күштеме түсірген кезде жүрек тұсының ауру сезімінің болуына және соңғы бес ай ішінде көзінің көруінің нашарлауы мен тәуліктік зәр мөлшерінің төмендеуіне шағымданады. Тексеру барысында науқастың қан қысымы 185/100мм сн бғ, жалпы қан анализінде анемияның жеңіл түрі анықталған. Жалпы зер анализінде протейнурия, қан сарысуында креатинин мен азот қалдықтардың жоғарылауы байқалады. Ультрадыбыстық тексеру барысында бүйректің екі жақты кішіреуі анықталған.

2-ші ситуациялық есептің сұрақтары:

1. Қандай ауруда бүйректің екі жақты кішіреуі дамиды?

2. Бұл ауруда бүйрек қан тамырларын дистрофияның қай түрі дамиды және даму механизі қандай ?

3. Бұл ауруда кездесетін бүйректің морфологиялық макроскопиялық өзгерістерін атаңыз.

4. Бұл ауруда кездесетін бүйректің морфологиялық микроскопиялық өзгерістерін атаңыз.

5. Берілген патологиялық үрдісті қандай патологиялық үрдістермен дифференсациялауға болады?



1.Макропрепаратты чек парағы бойынша сипаттап жазу «Бауырдың майлы дистрофиясы».


2.Макропрепаратты чек парағы бойынша сипаттап жазу «Бүйрек амилоидозы»

Жасырын макропрепараттың чек-парағын толтыру схемасы




«Қадам»

Не жасау керек

Өте жақ

сы

*

Қолай

лы

**

Түзетуді қажет етеді ***

Қолай

сыз ****

1

Макропрепараттағы ағзаның (ағзаның бөлігі, фрагменті, пластинкасы, кесіндісі) аты

Ағзаның (ағзаның бөлігі, фрагменті, пластинкасы, кесіндісі) атын анықтау

10

7.5

5

0

2

Патологиялық ошақтың беткей көрінісі

Патологиялық ошақтың беткей көрінісін анықтау

10

7.5

5

0

3

Патологиялық ошақтың көлемі және пішіні.

Патологиялық ошақтың көлемі мен пішінін анықтау

10

7.5

5

0

4

Патологиялық ошақтың түсі

Патологиялық ошақтың түсін анықтау

10

7.5

5

0

5

Патологиялық ошақтың консистенциясы

Патологиялық ошақтың консистенциясын анықтау

10

7.5

5

0

6

Патологиялық үрдіс

Патологиялық үрдісті атаңыз

10

7.5

5

0

7

Қорытынды

Берілген патологиялық үрдіске қорытынды беру

10

7.5

5

0

8

Берілген патологиялық үрдістің этиологияcы

Берілген патологиялық үрдіске алып келуші себептерді атаңыз.

10

7.5

5

0

9

Берілген патологиялық үрдістің асқынулары

Берілген патологиялық үрдістің асқынуларын атаңыз

10

7.5

5

0

10

Берілген патологиялық үрдістің нәтижелері

Берілген патологиялық үрдістің нәтижелерін атаңыз.

10

7.5

5

0

Қорытынды балл -100.



3.Микропрепараттың суретін салып сипаттап жазу (гистологиялық саны) Асқазанның шырышты рагы-9.



4.Микропрепараттың суретін салып сипаттап жазу (гистологиялық саны) қантты диабет кезіндегі бүйрек эпителиіндегі гликоген-185.



5.Микропрепараттың суретін салып сипаттап жазу (гистологиялық саны) көкбауыр гиалинозы-260.Ұ\(Саго дәні тәрізді)


6.Микропрепараттың суретін салып сипаттап жазу (гистологиялық саны) бүйрек амилоидозы-87.
Жасырын микропрепараттың чек-парағын толтыру схемасы




«Қадам»

Не жасау керек

Өте жақ

сы*

Қолай

лы

**

Түзетуді қажет етеді ***

Қолай

сыз ****

1

Ағза тінінің аты

Ағза тіннің атын атау

10

7.5

5

0

2

Гистологиялық бояудың түрі және бояудың қолдану мақсаты

Гистологиялық бояудың түрін және бояудың қолдану мақсаты анықтау

10

7.5

5

0

3

Ағза тінінің гистологиялық құрылымы

Ағза тінінің негізгі гистологиялық құрылымын анықтау

10

7.5

5

0

4

Патологиялық үрдіске тән морфологиялық белгілер

Патологиялық үрдіске тән морфологиялық белгілерді сипаттау

10

7.5

5

0

5

Патологиялық үрдіс маңындағы тін мен қан тамырлар өзгерісі

Патологиялық үрдіс маңындағы тін мен қан тамырлар өзгерісін сипаттау .

10

7.5

5

0

6

Патологиялық үрдіс

Патологиялық үрдісті атаңыз

10

7.5

5

0

7

Қорытынды

Берілген патологиялық үрдіске қорытынды беру

10

7.5

5

0

8

Берілген патологиялық үрдістің этиологияcы

Берілген патологиялық үрдіске алып келуші себептерді атаңыз.

10

7.5

5

0

9

Берілген патологиялық үрдістің асқынулары

Берілген патологиялық үрдістің асқынуларын атаңыз

10

7.5

5

0

10

Берілген патологиялық үрдістің нәтижелері

Берілген патологиялық үрдістің нәтижелерін таңыз.

10

7.5

5

0

Қорытынды балл -100.
Күнделікті сабаққа қойылатын талаптар

1.Тақырып бойынша берілген негізгі сұрақтарды топ тізіміне сәйкес, бір-бірден бөліп алып, сұрақтардың жауабын, дәптерлерінізге жазбаша жазып жіберіңіздер.
2. Макро және микропрепараттарды чек-парақ бойынша сипаттап жазыңыздар.

3.Микропрепараттардың суретін альбомға салып, негізгі морфологиялық

3белгісін белгілеп көрсетіңіз.

4.Кейс кезеңде ситуациялық есеп сұрақтарына жауап жазыңыздар

5. Тақырып бойынша берілген тестерге жауап беріңіз.


написать администратору сайта