2-то_сан бойынша жиынты_ ба_алау_а арнал_ан тапсырмалар 7 кл Д_н. 2тосан бойынша жиынты баалауа арналан тапсырмалар 7 кл Дниежзі тарихы. Француз буржуазиялыреволюциясыны крінісі
Скачать 154.34 Kb.
|
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 7 кл Дүниежүзі тарихы. «Француз буржуазиялықреволюциясының көрінісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау. Тақырып: 1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды? Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды? Оқу мақсаты: 7.1.1.1 «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын тарихи оқиғаны жан-жақты түсіндіру үшін қолдану 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану Бағалау критерийі: Білім алушы «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарының Француз революциясымен байланысын көрсетеді. Тарихи оқиғаны интерпретациялауда өнер туындыларын пайдаланады. Оқу дағдыларының деңгейі Қолдану. Орындау уақыты: 20 минут Тапсырмалар: 1.Берілген терминдердің анықтамасын жазып, осы ұғымдардың Француз буржуазиялық революциясымен байланысын көрсет. 2.Картиналардың атын, авторын, негізгі ойын анықтаңыз. Картина аты: 1 ____________ 2__________________ Авторы : 3______________ 4__________________ Негізгі ойы: 5 _______________ 6__________________
Жауаптары: 1. Капитал- ағылшын сөзі,негізгі қаржы ,табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік. Буржуазия –жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланушы мануфактура,капиталистік кәсіпорын иелерінің аты. Жалдамалы жұмысшы- мануфактура,зауыт,фабрикада кәсіпорын иелеріне жалданып жұмыс жасайтын адамдар. Француз буржуазиялық революциясына белсенді қатысқандар буржуазия мен жалдамалы жұмысшылар. Революция нәтижесінде капитал алуға негізделген капиталистік қоғам қалыптасып,дамиды. 2 1-ші картина аты: «Мараттың өлімі» авторы: Жак Луи Давид Негізгі ой: Француз буржуазиялық революциясының көрнекті қайраткері якобинші Жан Поль Марат өлімін бейнелеген. Суретші бес баланың жесір анасына Марат көмек ақша жіберетінін жазған хаты арқылы Мараттың адамгершілігін көрсеткен.Суретші революцияны қолдайтындығын көрсетеді. Картина 1793 жылы салынған. 2-ші картина аты: «Шарлотта Корде» авторы: Поль Бодри. Негізгі ой: Француз буржуазиялық революциясының көрнекті қайраткері якобинші Жан Поль Маратты өлтірген дворян әйел Шаролтта Кордені бейнелеген.Картинада Франция картасын салу арқылы Шарлоттаны Франция патриоты ретінде көрсеткен.Революция әкелген қырғынды тоқтатуға бел байлаған,өзінің революционер Маратты өлтіруі дұрыс деп ойлаған адамды көрсетеді.Картина 1860 жылы салынған. 200 бет. |