анықтамалар. 2. Зейін дегеніміз
Скачать 16.25 Kb.
|
1.Түйсік дегеніміз- сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың және қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейне. 2.Зейін дегеніміз — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады. 3. Қабылдау – заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі. 4.ойлау-дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. 5.Елес -Елес-заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типтік, басты белгілерін көрсететін ой-тәсілдеріне көшуге, оның мәнін танып, білуге көмектеседі. Елес заттың көрнекі, сипаттық белгілерін сәулелендіретін жалпылама бейне. 6.ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес — күрделі психикалық процестердің бірі. 7.Сөйлеу-адамның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі оның сөйлеу қабілеттілігі Сөз адамның психикасының дамуының аса маңызды факторы. Сөйлеу адамдардың тіл арқылы қатысу үдерісі Сөйлеу деп хабарлау ,нұсқау ,сұрақ қою бұйыру түрінде жүзеге асатын сөздік қарым – қатынас үдерісін айтады .Сөйлеу ойлаудың қуралы болып табылады |