Главная страница
Навигация по странице:

  • АТОМ жобасын

  • Бірлескен іс-қимыл жоспарына

  • Жусан» операциясын

  • Тарих рк. 2011 ж. 15 маусымда мемлекет басшысы Бітімгершілік ызметі туралы


    Скачать 23.74 Kb.
    Название2011 ж. 15 маусымда мемлекет басшысы Бітімгершілік ызметі туралы
    АнкорТарих рк
    Дата03.12.2020
    Размер23.74 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла54.docx
    ТипДокументы
    #156594

    2011 ж.15 маусымда мемлекет басшысы «Бітімгершілік қызметі туралы» Заңға қол қойылды.

    Бітімгершілік қызмет- ҚР қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес БҰҰ жарғысының мпқсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер қабылдайтын,саяси, экономикалық, әскери және өзге де сипаттағы дауларды шешуге, сондай-ақ үшінші тараптың араласуы арқылы мемлекеттер ішіндегі қақтығыстарды болдырмауға олардан қалыс қалуға және тоқтатуға,бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға ықпал етуге бағытталған шаралардың жиынтығы.

    Негізгі міндеттері:

    1) тараптар келіспеушіліктерінің алдын алу, даулардың қарулы қақтығыстарға ұласуына жол бермеу, қақтығыс ауқымын шектеу.

    2) бітімгершілік операция жүргізу аймағында аумақты және тұрғындарды қарулы шабуылдан қорғау.

    3) оқ атуды тоқтату шарттарын сақтауды қамтамасыз ету.

    4) босқындар, уақытша орнын ауыстырған адамдар проблемасын шешуде көмек көрсету

    5) құқықтық тәртіпті, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адам құқықтарын сақтау.
    Әлемдегі бітімгершілікке жету, оны сақтау жолындағы ең маңызды қадамдар мен шаралар:

    1)Семей ядролық полигонының жабылуы.

    • Қазақстанның қарусыздандыру процесіне қосқан зор үлесі----1991 ж. 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылуы.

    • Н. Назарбаев әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдады.


    2) Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарты.

    • Қазақстан бірінші 1996 жылы қол қойды,ратификациялады, қол қоймаған мемлекеттерді тезірек орындауға шақырды.

    • 2015 жылы Қазақстан мен Жапонияның сыртқы істер министрлері Нью-Йоркте ЯСЖТШ күшіне енгізуге қатысты 9-конференция өткізді.

    • 2015 ж. қазанда Н.Назарбаев пен премьер-министр Синдзо Абэнің(Жапония) бүкіл әлемде ядролық сынақтарға заңнамалық тұрғыда тыйым салуға қатысты мәлімдемесі жасалды.


    3)рталық Азия – ядролық қарудан азат аймақ.

    • 2006 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойылды.


    4)АТОМ жобасын құру.

    2012 жылғы 29 тамызда Н. Назарбаев Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарудан азат әлемге» халықаралық парламенттік конференциясында АТОМ жобасын іске қосты.

    --Жер бетіндегі ядролық қаруға қарсы кез келген адам ядролық сынақтардан біржола бас тартуға және ЯСЖТШ мерзімінен бұрын күшіне енуге шақыратын әлемнің үкіметтеріне онлайн-петицияға қол қоя алады.

    --2016 ж. әлемнің 120-дан астам елден 300 мыңнан астам адам онлайн-жоба петициясына қол қойды.
    5) Еске алу акциясы.

    29 тамызда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күні бүкіл әлемде жергілікті уақыт бойынша 11:05-те барлық ядролық сынақтардың құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздік акциясы өткізіледі.

    6) Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды шешудегі Қазақстанның практикалық үлесі.

    2013 жылдың ақпан-сәуір айларында кезекті «алтылық» мемлекеттері мен Иран арасында Алматыда келіссөздер жүргізілді.

    ---Нәтижелері келіссөздер процесін бұғаттауға мүмкіндік берді,P5+1 тобы және Иран (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі және Германия арасында) Бірлескен іс-қимыл жоспарына (JCPO) қол қойды.

    ---2015 ж/ң соңында Қазақстан осы жоспарды іс жүзінде жүзеге асыруға тікелей қатысты.
    7) Қазақстан мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасындағы келісім.

    2015 жылы 27 тамызда Астана мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасында Өскемен қаласындағы Үлбі металлургиялық зауытына төмен байытылған уран банкін орналастыру туралы келісімге қол қойылды.
    8)БҰҰ-ның ядролық қарусыз әлем туралы жалпы декларациясын қабылдау.

    • Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 ж/ң желтоқсанында қабылдаған Ядролық қарусыз әлем құру туралы жалпы декларациясына бастамашы болды.

    • Қазақстанның бастауымен БҰҰ Бас ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күні деп жариялады.


    «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі.

    2016 ж. 31 наурызда (Вашингтон) Төртінші ядролық қауіпсіздік саммитінде Н.Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жариялады.
    «Әлем.21 ғасыр» манифесі- дүниежүзілік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатысты бірлескен әрекеттер алгоритмі. Елбасының бұл жолдауын дүниежүзі мойындады. Біздің еліміз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға жауапты 15 негізгі мемлекеттің қатарына кірді.

    Елбасы өз сөзіңде:

    « 21 ғасыр да әлемге тыныштық керек!

    Бұл- шетін мәселе!

    Адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді, 21 ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылдықпен және табандылықпен күресу керек. Біз балаларымыз бен келешек ұрпақтарымыздың болашағы туралы ойлау керекпіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендердің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдардың күш жігерін жұмылдыру қажет. Іс әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен пара пар.

    Барша адамзат 21 ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елестін сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты , яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Жүз миллиондаған адамдар қаза тауып, жер бетінде қалалар мен елді мекендер жойылған. Сол себептен, қазіргі таңда осы жағдайларды барынша назарда ұстап, қателікке жол бермеу керекпіз. Осыған орай Терроризм мен Ядорлық қаруды таратуға қарсы іш шаралар жүргізіліп бастасын»,- деген болатын.
    2016 ж. 28 маусымда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып сайланды. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде алдағы жұмыс үшін төрт басым бағытты жариялады: ядролық, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі.
    Сириядағы азаматтық қақтығыстарға қатысты мәселені шешуде Қазақстан бейбіт келіссөздер жүргізуде. Қазақстанның Сириядағы азаматтарын елге қайтару аясында атқарған «Жусан» операциясын басқа мемлекеттер жоғары бағалады.

    Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін Н. Назарбаевтың бастамасы жүзеге асырылды.

    2018 ж/ң қыркүйегінде Нұрсұлтан Назарбаев қол қоюшыларға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндеттейтін арнайы кодекс әзірлеуді ұсынды. 70-тен астам ел басшылары құжатқа қол қойды.

    Саясаткер ретінде Н. Назарбаев Қазақстанды әлемдегі жаһандық ойыншылардың біріне айналдырды.

    Оның G-Global идеясы – бұл қазіргі уақытта 26 қатысушысы бар АӨСШК(Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес) құруға бағытталған жас бастама.

    G-Global жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған үлкен алаңға айналуы мүмкін. Өйткені, Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тартушы, бітімгершіліктің хабаршысы атанған мемлекет.
    Осылайша Қазақстан Республикасының бітімгершілік аясындағы жаһандық бастамалары әлем назарын аударып отыр, ал даму жолындағы елімізге халықаралық сарапшылар оң бағасын беруде.


    написать администратору сайта