Главная страница
Навигация по странице:

  • Мониторинг әдістері

  • Анализ өту кезіндегі балалардың сипаттамасы

  • ЦИКЛОГРАММА. Отчет. 20212022 оу жылы бойынша аралы орытынды педагогикалы диагностиканы аналитикалы аытамасы


    Скачать 15.71 Kb.
    Название20212022 оу жылы бойынша аралы орытынды педагогикалы диагностиканы аналитикалы аытамасы
    АнкорЦИКЛОГРАММА
    Дата15.02.2022
    Размер15.71 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОтчет.docx
    ТипАнализ
    #363181

    2021-2022 оқу жылы бойынша аралық қорытынды

    педагогикалық диагностиканың аналитикалық аңықтамасы

    Топ: Кіші жас «Ә»

    Балалар саны тізім бойынша 23 бала.

    Мониторинг саты:оқу жылының аралық диагностикасы

    Мақсаты: Стандарт пен мектепке дейінгі білім беру талаптарына сәйкес балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бағалау бойынша мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету.

    Міндеттері: мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызметтің сапасын арттыруға бағытталған ақпаратты жинау және өңдеу;

    - Үлгілік оқу бағдарламасы талаптарын ескеріп, мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін табу;

    - білім беру процесін жеке және топтық жоспарлау.

    Мониторинг әдістері: Баланың күтілетін нәтижелерге жетуі педагогтың баланың дамуын үнемі бақылауы яғни диагностика арқылы іске асырылады.

    - баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін өлшеу әдістері: бақылау, ойын жағдаяттарын құру, ойын, әңгімелесу, сұрақтар мен жауаптар, өнімді әрекет түрлерін;

    Балалармен жұмыс барысында пайдаланған бағыттар:

    1.денсаулық сақтау технологиясы;

    2.жоба жұмысының технологиялары

    3.зерттеушілік жұмысының технологиялары

    4.ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

    5.тұлғаға бағытталған технологиялар

    6.ойын технологиялары

    Анализ өту кезіндегі балалардың сипаттамасы:

    Балалардың жасы: 2 жас

    Барлық балалар саны: 23 бала

    Диагностикаға қатысқан балалардың саны:23 бала

    Қыз бала:7

    Ұл бала: 16

    Диагностикаға қатыспаған балалар саны:23 бала. Екі бала Бауыржанов Муслим мен Баянтас Алиша ауырғандығына байланысты сынаққа дистанционды түрде есептелді.

    Диагностика үш деңгейде бағаланған: 1-ші денгей,2-ші денгей,3-ші денгей

    Білім алу дигностика сапасы бойынша «оқу жыл басына» келесі нәтижелер:жоғары денгейге бала жоқ:

    Жоғарғы деңгейде: 2 бала

    Орта денгейде : 10 бала анықталды:

    Мониторинг нәтижесінде төмен деңгейде 11 бала анықталды:

    Қорытынды:

    Қорытындылай келе күшті және әлсіз жақтарын анықтап, шешу жолдарын қарастырып, әр баламен жеке жұмыстар жоспарланады. Атап өтетін болсақ:

    «Коммуникация» білім беру саласы бойынша төмен көрсеткішке ие болған балалармен жеке жұмыс жүргізу жолында төмендегідей талаптар басшылыққа алынады.

    - өздерінің тәрбиешілерінің, күтушілерінің атымен, әкесінің атымен атуды үйрету;

    - зат есімнің көпше түрін пайдалануда қалыптастыру;

    - заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттердің атауын білуге үйретуді тереңдету.

    «Таным» білім беру саласы бойынша жеке жұмыс жүргізу бағыты:

    - түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастыра білуді дағдыландыру;

    - заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алуда үйшіктің, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін таба білуге үйретуді картиналардың сапасына қарай қолдану;

    - аулаға ұшып келетін құстарды аттарын және ажырата білуді меңгерт жұмыстарын дидактикалық ойындар арқылы енгізу.

    «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша арнайы бөлімдерге байланысты жекелей жұмыстар қолға алынады. Қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішіндер құрастыруға және орналастыруға дидактикалық ойындар алынады. Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгеруде үлкен кесектен кішкентай бөліктерді бөліп алуда, оларды біртұтас етіп біріктіруде, сазбалшықты өздігінен илеуге дағдыландыруда күнделікті бос уақыттарда бірлескен жұмыс жүргізіледі.

    Ұсыныс:
    1.Балалармен жекелей жұмыс жүргізу.

    2. Балалардың ұсақ қол, саусақ моторикасын дамыту. ұсыныс:

    3.Тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру.

    4. Өз білімдерін жетілдіру.



    написать администратору сайта