Главная страница

3 тоқсан есеп 21-22. 20212022 оу жылы


Скачать 31.24 Kb.
Название20212022 оу жылы
Дата16.06.2022
Размер31.24 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3 тоқсан есеп 21-22.docx
ТипДокументы
#596419

№1 Орта жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Кабдулова Самал Қасымқызының есебі

2021-2022 оқу жылы

Оқу жылының басында 16сағ. жүктеме берілді: 3 в,б , 5 а,б , 7а, 7б, 7в . Әрбір сыныпка күнтізбелік жоспар құрылып сабақтар жоспарлы түрде өтіп отырды. Пән бойынша тоқсан сайын бақылау жұмыстары жүргізіліп БЖБ,ТЖБ қорытындылар жасалып отырды.

Пән бойынша 1 тоқсанда білім сапасы 67% , 2тоқсанда-68% пайызды құрап отыр.. Қазан айында ағылшын тілі мұғалімдерінің республикалық «Білікті педагог» олимпиадасына қатысып ІІІ дәрежелі сертификат берілді. 7б сынып оқушысы Муратова Дана «BILGEN ALAMAN» олимпиадасына қатысып сертификатқа ие болды.

Республикалық әдістемелік ғылыми-педагогикалық «Ұстаз ұлағаты » журналына қазан айында іс-тәжірибе тарату мақсатында «Family relationships» атты сабақ жоспары жарияланды.Құрмет граматосы табысталды.

Мектепішілік пән олимпиадасына ағылшын тілі бойынша 5 б сынып оқушылары Халел Нұрәділ,Сарсембаева Сабина қатысып ІІІ орынды иеленді.Оқушылар мектепішілік марапатқа ие болды.

3в,б сыныптарында « We learn English » атты сабақтан тыс шара өткізілді.Оқушылар English alphabet,numbers,colours, clothers тақырыптары бойынша сайысқа түсті. Тапсырмалар оқушылардың деңгейлеріне сай болды. Екі топта өздерінің білімдерін өте жақсы корсетіп марапатқа ие болды.

3 тоқсанда білім сапасы 65 пайызды құрап отыр.2 тоқсанмен салыстырғанда -3 пайызға төмендеу.Себебі 5д сыныбына оқушылардың ауысуы.Ақпан айында ағылшын тілі апталығы аясында 4 а сыныбында «Weather» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Оқушыларға әртүрлі деңгейде тапсырмалар беріліп сабақ қызықты өтті.Оқушылар белсенді қатысты.5-7 сыныптар арасында «Мәнерлеп оқу» сайысы өтті.Оқушылар жатқа және мәнерлеп өлеңдер оқып сайысқа түсті. «Ең үздік жатқа өлеңді оқыған» 5 б сынып оқушысы Бекес Қайсар атанса, «Ең үздік мәнерлеп оқушы» атағын 7б сынып оқушысы Муратова Дана алды.Қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Қабілетті оқушылармен үнемі қосымша жұмыстар жүргізіліп отырады. Наурыз айында «Дарабоз» республиқалық олимпиадасына ағылшын тілінен 7 а сынып оқушысы Абат Айару және 7б сынып оқушысы Муратова Дана қатыстырылды.

Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізіледі. Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке дара жұмыс түрлері. Ең бастысы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары болу керек. Жаттығулардың түрлері өте көп,сол жаттығулардың түрлерін орындату арқылы білім сапа- сын жоғарлату қажет. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуден бастаймын. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуы- на мұғалімнің жауапкершілігі мол. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызығушылығына байланысты. Осы жұмыс түрлерінен басқа ең негізгісі ата-аналармен жұмыс. Ата –ана, пән мұғалімі, оқушының арасында тығыз қарым-қатынас болуы керек. Ата –ана баласының пәннен қаншалықты үлгеретіндігін біліп отыруы қажет. Егер ата-ана, мұғалім, оқушы арасында тығыз байланыс болса, оқушының үлгерімі жақсы болады деп ойлаймын. Сонымен қатар үнемі сынып жетекшіге оқушылардың үлгерімі туралы ескертіп отырамын.

4 тоқсанда білім сапасы 67 % құрап отыр.Өткен тоқсанмен салыстырғанда 2 пайызға білім сапасы жөғарлады.Білім сапасын көтеру мақсатында үнемі оқушыларға қосымша тапсырмалар беріліп отырды.

Сабақта олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында және ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықты ояту мақсатында үнемі оқушыларға қызықты тапсырмалар беріп отырамын.

Жаңартылған бағдарлама бойынша жаңа әдіс-тәсілдер үйреніп сабақтарыма қолданамын.

2021-2022 оқу жылындағы ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасы



Пән мұғалімі: Кабдулова Самал Қасымқызы


написать администратору сайта