хаттама. хаттама ШонаеваГ-1. 2021 2022 оу жылында жргізілетін сынып жиналыстары
Скачать 21.4 Kb.
|
2021– 2022 оқу жылында жүргізілетін сынып жиналыстары
Х А Т Т А М А № 1 « » қыркүйек 2021жыл Б.Оңтаев орта мектебі жалпы орта мектебі коммуналдық орта мектептің 5 «А» сыныбының сынып жиналысы жүргізілді Барлығы - 26 оқушы Қатысқаны - 26 оқушы КҮН ТӘРТІБІНДЕ: 1.Оқушылар міндеттері. 2. «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» 3. Оқулық,оқу формасы.. 4.Сынып белсенділерін сайлау. Тыңдалды: 5«А» сыныбынының 2021-2022 оқу жылындағы бірінші жиналысы. Мен,сынып жетекші Шонаева Г күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өттім. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқушылар міндеттерімен таныстырып, талқыладық. Екінші мәселе бойынша оқушыларға «Жол тәртібін білейік, аман - есен жұрейік» тақырыбында түсіндіріп өттім. Оқушылар бағдаршам және жол белгілері туралы білетіндерін ортаға салды. Және балалар өз алтын ұя-мектептерін сағынғандарын айтып, ой бөлісті. Үшінші мәселе оқулық туралы болды.Барлық оқушы толық оқулықпен қамтылды.Кітапты күтіп-ұстау ережелері қайта еске түсірілді.Оқулықты нашар ұстайтын оқушыларға ескерту жасалды.Оқу формасы – қыздар ақ кофта,қара юбка,ал ұлдар ақ жейде,қара шалбар.Форманы таза,өтектеулі болатынын ескерттім. 4-ші мәселе-сынып белсенділерін сайлау. Сынып белсенділерін 5 «а» сынып ұжымымен ойласа отырып,тағайындадық: Сыныптың топбасшысы- Оразбек Әсел . Сынып белсенділерімен жұмысты ұйымдастырады және сыныпты барлық істерге бастайды; •Уақытша ауырып қалған мүшенің қызметін атқарады; •Сынып намысын, беделін қорғап жүреді; •Жоспарланған жұмыстарды іске асыруға шабыттандырады; •Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сараптайды және сынып сағаттарында баяндайды. Тәртіп секторы – Әбдізейнел Дарын •Сабаққа келмегендерді белгілеп отырады; •Сыныптағы тәртіп мәселесіне қарап отырады; •Сынып және мектеп ережесін , тәртібін бұзушылармен сынып жиналыстарында әңгімелеседі. Оқу секторы—Иманжан Кәусар •Сынып жетекшісіне оқу процесінде көмек көрсетеді; •Сабақ кестесіндегі өзгерістерді оқушыларға хабарлайды; •Сынып жетекшісі, пән мұғалімімен келісіп, сыныпта білім сайыстарын өткізеді; •Сынып жетекшісіне тоқсан, жыл аяғында табель толтыруға, күнделік соңына оқушы бағасын қоюға көмектеседі; •Үлгірмеуші сыныптастарына көмек ұйымдастырады. Мәдениет секторы –Әлібек Інжу •Сынып жетекшісіне сыныптағы іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі; •Мектептің тәрбие жоспарымен танысады, соларды өз жұмыс жоспарына енгізеді; •Сыныптың мектепішілік іс-шараларға қаысуына атсалысады; •Сыныптастарды, мұғалімдерді құттықтау мерекелерін ұйымдастырады; •Қызықты кештер, диспуттар, мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастырады. •Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сынып сағаттарында хабарлайды. Спорт секторы-Ерғали Мағжан •Мектепішілік жарыстарға қатысатын команда құрайды; •Дене-шынықтыру пәні мұғалімімен байланыста болады; •Жарыстарға қатысу үшін іс-қағаздарды толтырады; •Сынып жетекшісімен бірігіп, сынып ішінде кіші спартакиада өткізеді; •Өткізген жұмыстары жөнінде сынып жиналысында баяндайды. Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді: 1. Жол тәртібін сақтау сынып оқушыларына міндеттелсін. 2.Өзен, көлдерде қауіпсіздік ережелерін сақтау оқушыларға тапсырылсын. 3.Сынып белсенділері қызметін атқару сынып белсенділеріне міндеттелсін. 4.Оқулықты ұқыпты ұстау,жеке бас гигиенасын сақтау сынып оқушыларына міндеттелсін. Сынып жетекшісі, хатшы: Шонаева Г Х А Т Т А М А № 2 « » қыркүйек 2021 жыл Б.Оңтаев орта мектебі жалпы орта мектебі коммуналдық орта мектептің 5 «Б» сыныбының сынып жиналысы жүргізілді Барлығы - 24 оқушы Қатысқаны - 24 оқушы КҮН ТӘРТІБІНДЕ: 1.Мектеп ережесімен танысу. 2.Жалпы тазалық, жеке бас гигиенасы. Тыңдалды: 5«Б» сыныбында 2021--2022 оқу жылындағы екінші жиналысы 15- қыркүйек күні жүргізілді. Мен,сынып жетекші Жунисова М күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өттім. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқушыларға мектеп ережесімен таныстырып өттім. Жалпы тәртіп сақтау ережелерімен, яғни мектеп ішінде, сыныпта, үзілісте, асханада, сабақ үстінде оқушы өзін қалай ұстау керектігін айтып өттім. Екінші мәселе бойынша жалпы тазалық, жеке бас гигиенасына тоқталдым.Аптасына 2 рет бас жуу,аптасына 1 рет тырнақтарды алу,әжетханаға кірер алдында және шығар кезде қолды жуу туралы айтып өттім. Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді: 1. Мектеп ережесін сақтау әрбір оқушыға тапсырылсын. 2.Сыныптағы тәртіпті,тазалықты,ұйымшылдықты сақтау сынып белсенділеріне міндеттелсін. Сынып жетекшісі, хатшы: Жунисова М Х А Т Т А М А № 3 « » қыркүйек 2021 жыл Б.Оңтаев орта мектебі жалпы орта мектебі коммуналдық орта мектептің 5 «А» сыныбының сынып жиналысы жүргізілді Барлығы - 26 оқушы Қатысқаны - 26 оқушы КҮН ТӘРТІБІНДЕ: «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» Тыңдалды: 5 «А» сыныбында 2021-2022оқу жылындағы үшінші жиналысы 12-қазан күні жүргізілді. Бұл сынып жиналысының негізгі мақсаты – оқушыларды ұялы телефонның пайдасы мен зиянына тоқталу,балалармен пікір алмасу.Әр оқушының ойын тыңдау. «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыбында оқушыларды екі топқа бөліп сұрақ-жауап түрінде өткіздім.Оқушылар бұл сұрақ-жауапқа белсене қатысып, «ұялы телефонсыз өмір жоқ» дегенде пікірлер айтылды. Кейбір оқушылар ұялы телефон болмағанда жақсы болар еді деп те айтып жатты.Бірақ мен оқушыларымның пікірлерін тыңдай келе,ұялы телефонның әуелі пайдасына,сосын зиянына тоқталдым.Ғаламтордан осы ұялы телефоннан қаза тауып жатқан және т.б. мәліметтермен таныстырдым. Оқушылар осы тақырып жөнінде өз ойларын ортаға салды.Қызу пікірталас болды. Оқушылар жан-жақты ойын айтты.Соңында ортақ бір шешімге келді. Себебі,біз ХХІ-ғасырда өмір сүреміз.Біздің заманымыз ұялы телефон,ғаламтормен тығыз байланысты.Сонда да ұялы телефонды көп қолданбай,керекті жерде ғана қолдану керек екенін және осы ұялы телефоннан түрлі аурулар пайда болып жатқанын ғалымдар дәлелдеп жатқанын айттым.Оқушыларыма телефонды сыныпқа әкелген жағдайда,оны сөндіріп,арнайы жәшікке салу керектігі ескертілді. Сынып жетекшісі,хатшы: Шонаева Г Х А Т Т А М А № 4 « » қыркүйек 2021 жыл Б.Оңтаев орта мектебі жалпы орта мектебі коммуналдық орта мектептің 5 «Б» сыныбының сынып жиналысы жүргізілді Барлығы - 24 оқушы Қатысқаны - 24 оқушы КҮН ТӘРТІБІНДЕ: І оқу тоқсанының қорытындысы Оқушылардың демалыс күндеріндегі қауіпсіздік ережелері. Тыңдалды: 5 «Б» сыныбында 2021-2022оқу жылындағы төртінші жиналысы 30-қазан күні жүргізілді. Бұл сынып жиналысының негізгі мақсаты – оқушыларды І-оқу тоқсан қорытындысымен таныстыру.Әр оқушының ойын тыңдау. І-оқу тоқсанының қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар: Әбдізейнел Дарынға,Иманжан Каусарға,Ерғали Мағжан,Оразбек Әсел,Базарбаева Аружан,Бекназар Алмас,Әлібек Інжу,Нұржанқызы Жәудір,Қалыбай Айзере,Бердікулова Қарақат,Спандияр Нұрислам,Полат Нұреркеге мұғалім тарапынан мақтау-мадақтаулар айтылды.Кейбір оқушыларға сабақ үлгерімдеріне,тәртібіне байланысты ескертулер жасалды. Оқушылардың демалыс күндеріндегі қауіпсіздік ережелері Оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып,сақ болуын ескерте отырып сөзімді аяқтадым. Сынып жетекшісі,хатшы: Жунисова М |