Главная страница
Навигация по странице:

  • Конституция.

  • 24. Азаматтық қоғам: мәні, құрылымы, функциялары. Азаматтық қоғам

  • Азаматтық қоғам

  • Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді

  • Азаматтық қоғамның белгілері

  • Азаматтық қоғам келесі функцияларды орындайды.

  • 40. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан. Халықаралық қатынастар

  • Саясат 23, 24, 40. 23. Егеменді мемлекет азастан Республикасыны Конституциясы


    Скачать 24.01 Kb.
    Название23. Егеменді мемлекет азастан Республикасыны Конституциясы
    Дата05.02.2022
    Размер24.01 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСаясат 23, 24, 40.docx
    ТипДокументы
    #352420

    23. Егеменді мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясы.

    Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып,
    қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз.

    І бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР (1-9 бап)

    ІІ бөлім. АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ (10-39 бап)

    ІІІ бөлім. ПРЕЗИДЕНТ (40-48 бап)

    ІV бөлім. ПАРЛАМЕНТ (49-63 бап)

    V бөлім. ҮКІМЕТ (64-70 бап)

    VІ бөлім. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС (71-74 бап)

    VІІ бөлім. СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІ (75-83 бап)

    VІІІ бөлім. ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ (85-89 бап)

    ІX бөлім. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР (90-98 бап)

    Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады.Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады. Қазақтан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер айшықты құжат. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан Республикасының Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен.

    1993 жылғы алғаш қабылданған Конституцияның мәні мен маңызына келер болсақ, Негізгі құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт мәселеге жауап беруі тиіс. Бірінші, мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екінші – экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшінші – жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртінші – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл төрт мақсатты шешіп беретін баптар алғашқы Конституцияда қамтылмады. Уақыт өте келе, заман ағымына, сұранысыа қарай, алғашқы Конституциямыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шықты. Сондықтан, екі жыл өткен соң 1995 жылдың 30 тамызында қазіргі Негізгі Заң – Конституция қабылданды. Бұл Конституциямыздың басты авторы – Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Қазіргі Конституцияны талқылау кезінде еліміздегі беделді заңгерлерден бөлек, Францияның Конституциялық кеңесінің өкілдері, осы елдің Мемлекеттік Кеңесінің мүшелері, Ресей зерттеу орталығының ең беделді заңгерлері жобалық жұмыстың жоғары талқылау шараларына атсалысқан болатын. Тағы да бір ескеретін жайт, тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынған да, елдің көптеген пікірі ескерілген Негігзі заң да осы – 1995 жылы қабылданған Конституция. Қазір келтіріп жүрген мәліметтерге сүйенсек, құжатты талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты.

    Қазіргі Ата Заңымыздың басты ерекшелігін айта кететін болсақ, ол туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл Елбасымыздың төрт ұстанымында жатқандығын алға тартады. Ол төрт ұстаным: бірінші, қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, екінші, экономикалық даму, үшінші, қазақстандық патриотизм, төртінші, маңызды мәселерге референдум жасау және Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

    Конституция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізгі ретінде ғана танылып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады.

    Жаңа қабылдаңған Қазақстан Республикасының Ата Заңы біздің еліміздің дамуына жол ашып, жаңа тәуелсіз мемлекет буынының бекуіне себеп болды. Президент лауазымына үлкен міндеттер мен жауапкершілік жүктеді.

    Біздің міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс. Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз.


    Қорытынды: Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары екені, ол еліміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап көрсетілді.«Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»Конститутция –кемел келешектің кепілі. Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды.

    «Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз деп атап өтті» Н.Ә.Назарбаев.

    «Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне қызмет еткен азамат мұратына жетеді демекші «Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы

    «Балам бол, басқа бол – бәрінде заң біреу – ақ» Ж.Баласағұни

    24. Азаматтық қоғам: мәні, құрылымы, функциялары.

    Азаматтық қоғам — мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Осы катынасқа қатысушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялы даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліссіз болмайды, уақыты шектелмейді, аумақтық — аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық аумағын, халқын біріктіреді.

    Азаматтық қоғам — адамзат дамуының нәтижесі, өркениет өнімі. Қоғамтанушы ғалымдар «азаматтық коғам» терминінің шығуын Көне Рим дәуіріне апарып тірейді. Өйткені, римдіктер әлемнің тең жартысын жаулап алып, өз азаматтарына жақсы өмір, қолайлы жағдай жасады. Алайда, Рим империясының құрамында халықтардың бәрі бірдей рим азаматтары болмады, қоғам патрицийлерге, плебейлерге және құлдарға бөлінді. Бірінші топтағылар азаматтық қоғамның жалпыға бірдей құқықтарын, еркіндігін, тәуелсіздігін, жеке меншік игіліктерін пайдаланса, плебейліктер мен құлдарға мұндай мүмкіндіктер берілмеген болатын.

    Тегінде азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі. Бөлімшеде «Азаматтық қоғам» ұғымы қайдан пайда болған? — деген сауалға жауап беру үшін, диссертант әрбір тарихи дәуірдегі атақты ойшылдардың еңбектеріне шолу жасайды.

    Мұнда, азаматтық қоғамның кейбір элементтері көне дәуірдің бірнеше елдерінде /Греция, Рим және т.б./ кездесетіні, бұл мемлекеттерде колөнердің, сауданың дамуы, римнің жекеше құқығы сиякты институттары қолданылатыны, азаматтық қоғамның өзінің қалыптасу жолында ақшалай-заттай өндірісті дүниеге әкелгендігі, Еуропа мен Америка құрлығының бірқатар елдеріндегі азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісі баяндалады. Алайда, кейбір ойшыл-ғалымдардың пікірлері бойынша, ерте дүние ойшылдарының философиялық көзқарасы ретінде «азаматтық қоғам» Аристотель атымен байланыстырылатыны, атақты ойшыл мемлекетті айқындау алдында ең алдымен азамат туралы түсінікті ашатыны, өйткені мемлекет -азаматтардың, азаматтық ұйымның жиынтығы болып табылатыны аталады. Осыған орай Аристотельдің пайымдауынша «мемлекет» және «азаматтық қоғам» — синонимді ұқсас мағынага ие болатыны айтылады.
    Азаматтық қоғамның бір атрибутының бірі -дамыған қоғамның үшінші секторы болып табылады. Үшінші сектордың әр түрлі мүдделерін білдіретін құрылымдарға үкіметтік емес ұйымдар жатады.

    Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

    - мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);

    - мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);

    - қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

    - саяси партиялар мен қозғалыстар;

    - тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;

    - мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;

    - отбасы;

    - шіркеу және т.б.

    Азаматтық қоғамның белгілері:

    - адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;

    - өзін-өзі басқару;

    - оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;

    - еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;

    - жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;

    - өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);

    - экономиканың көпжақтылығы;

    - биліктің заңды және демократиялық сипаты;

    - кұқықтық мемлекет;

    Азаматтық қоғам келесі функцияларды орындайды.

    1) Азаматтардың жеке мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

    Мысалы:

    қолөнер қоғамы тоқыма тоқуды танымал етеді.

    2) Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектеседі.

    Мысалы:

    тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы азаматтарға дүкендерде сатылатын сапасыз өнімдермен күресуге көмектеседі.

    3) Азаматтардың жеке өмірін үкіметтің араласуынан қорғайды. Азаматтық қоғам жеке және қоғамдық өмірдің шекарасын белгілейді, кейбір мәселелерді мемлекеттік шектен тыс реттеуге қарсы тұруы мүмкін.

    Мысалы:

    феминистік ұйымдар әйелдердің түсік жасату құқығын жақтайды.

    4) Билікке қысым көрсетуге мүмкіндік береді.

    5) Азаматтық қоғам өзiне мемлекет функцияларының бiр бөлiгiн қабылдай алады немесе оларды қайталай алады. Егер мемлекет өз жұмысын дұрыс атқармаса, азаматтық қоғамда осы функцияларды орындайтын қоғамдық ұйымдар пайда болады.

    Мысалы:

    Қайырымдылық қорлары ресейлік ауруханаларда қажетті ем ала алмайтын науқас балаларды емдеуге ақша жинайды.

    Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетте ең бірінші орында азамат, оның құқықтары мен бостандықтары, заңдық тұрғыда қорғалынуы тұрса — құқықтық демократиялық мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар-Конституция зор маңызға ие болады. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы 1995 жылы Конституциясы демократиялық қоғам құру мен әрбір жеке адамның автономиясының заң жүзіндегі кепілдіктерін қамтамасыз етуге қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Олардың қатарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негізде бекітілуі, билік тармақтарының бөлінуі, тәуелсіз конституциялық бақылаудың, заңның үстем болуы, идеологиялық және саяси әр алуандылықтың өрістелуі және т.б. конституцияда бекітілген азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытудың ұстанымдары бар.

    Азаматтық қоғамның басты институттарының бірі болып табылатын қоғамдык-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасында дербес мемлекеттілікті қалыптастыру барысында аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Мәселен, 1996 жылғы 31 мамырда қабылданған «Қоғамдык бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 2001 жылғы 16 қаңтарда қабылданған «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазакстан Республикасының заңы, 2002 жылғы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңы және т.б.

    Қорытынды:Қазіргі кезеңде елімізде үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің қолдауынсыз өмір сүруі өте қиын. Мысалы: Үкіметтік емес ұйымдардың көш басшыларының арасында сұрау салу барысында олардың 24 пайызы грант берушілерсіз ұйымдардың өмір сүре алмайтындығын айткан болса, ал 40 пайызы грантсыз өмір сүру олардың ұйымдары үшін қиынға соғатындығын мойындаған болатын.

    Қазіргі кезенде елімізде азаматтық коғамды жетілдіру ісі дамыған елдердің бұл саладагы оң тәжірибесіне арқа сүйей отыра, азаматтық қоғамды қалыптастырудың өзіндік бағытын айқындауы қажет.

    40. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан.

    Халықаралық қатынастар теориясында бұл мәселе әр түрлі теориялық мектептер мен бағыттар аясында әр түрлі қарастырылады. Әрине, бұл олардың танымдық, пайымдамалық негіздерінің ерекшеліктерінен туындайды. Теориялық мектептердің ішіндегі ең беделдісі саяси реализм халықаралық қатынастарды анықтауда ―халықаралық қатынастар реттелмеген және реттеуге көнбейтін табиғи құбылыс- деген көзқарасқа сүйенеді. Саяси реализмнің атасы, көрнекті америкалық саяси ойшыл Ганс Моргентау халықаралық қатынастардағы негізгі мәселелерді оның күшке ғана бағынатын анархиялық, тіпті жабайы қалпынан таратады.

    Осы мәселеге қатысты айшықты ойлар айтқан екінші бір ойшыл - белгілі француз саясаттанушы Раймон Аронның: ―Халықаралық қатынастар - саяси бірліктер арасындағы қатынастар. Бұл жерде саяси бірлік дегенде грек полистерін, рим және египет империяларын, европалық монархиялар мен буржуазиялық республикалар немесе халық демократияларды бір қатарда атап отырмыз. Халықаралық қатынастардың мазмұны, ең алдымен, мемлекет аралық қатынастардан тұрады, өйткені халықаралық қатынастардың ешкім дау айта алмайтын мысалы ретінде мемлекет аралық келісімдерді келтіре аламыз- деген анықтамасы саяси реализмнің идеялық табиғатына жауап береді.


    Халықаралық қатынастарда Қазақстан таңдап алған көпвекторлы саясаттың дұрыстығын осы он жылда жинақталған тәжірибе шын мәнінде растап берді.
    Тәуелсіздіктің басында қазақ дипломатиясының алдында ұлттық экономиканың көтерілуіне жан-жақты ықпал ету, инвестициялар тарту, елдің экспортын ұлғайтудың жолдарын қарастыру, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар маңызды мәселелер тұрған болса қазір де аталған бағыттарда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Енді бүгінгі күннің талаптарына сай халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға әлемдегі экономикалық қатынастарды жетілдіруге, тұтастай алғанда, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды оң шешуге үлес қосу басты мақсат болып табылады.
    Қазақстан әлемдік қоғамдастықта өзіндік алар орны бар ел екенін соңғы он жыл бедерінде айқын көрсетті. Қазақ елінің саясаттағы бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние жүзіндегі мемлекеттерді бізбен ынтымақтасуға ынталастырады.

    Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық- мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес  субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын  дәлелі – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісімне қосылуы, СШҚ – 1 Шартына, Лисобон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа неуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ – пен «Дмократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы, НАТО – ның «бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылу, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай  сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.

    Республиканың тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО – мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы – ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО – ның демеуімен аталып өтуі.

    Елімізді қазір дүние жүзінің 150 мемлекеті таныды, олардын 105 – імен дипломатиялық қатынастар орнатылады. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен мисся, халықаралық және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.

    Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамсыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр.

    Біздің географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жорлдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құрүға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алдымен Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. Төртіншіден, Петр Біріншіден бастап Ресей Қазақстанға Азия елдерінің кілті мен қақпасы ретінде қарағанда. Екі елдің арақатынасы дұрыс болса, ел де тыныш болады. Сондықтан 1992 жылғы 25 мамырда Н.Ә: Назарбаев пен Б.Н. Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды.

    Қорытынды:Біздің республикамыздың халықаралық қатынастар географиясы барлық дерлік континенттерді қамтиды. Біздің серіктестер арасында Азияның, Еуропаның, Американың және алыстағы Австралияның жетекші елдері бар. Теңгерімді және көпжақты саясаттың арқасында Қазақстанның АҚШ, Қытай, Жапония, Франция, Канада, Түркия, Иран, Үндістан, Пәкістан, Мысыр, Сауд Арабиясы, Венгрия және басқа да Шығыс Еуропа мемлекеттерімен, Балтық жағалауы елдерімен, Скандинавиямен, Украина мен Закавказье табысты дамып келеді. Латын Америкасы бағытында және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен ауысулар болды. Араб елдерімен және жалпы мұсылман әлемімен байланыстар белсенді бола түсуде.

    Біз саясатта «провинциализмнен» аулақ болып, әлемдік дамудың негізгі тенденцияларына жауап беретін сыртқы саяси бастамалар деңгейіне жете алдық.

    Жалпы, сыртқы саяси қызмет нәтижелерін қорытындылай келе, негізінен оның инфрақұрылымы мен құқықтық базасы қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Республика байыпты және сенімді серіктес ретінде халықаралық имиджін қалыптастырды. Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарға интеграциялануының қажетті алғышарттары жасалды.


    написать администратору сайта