Главная страница

Дәріс ОБЖ. 3 дәріс ОБЖ. 25. 10. 2019ж 3Дріс. Таырыбы ауіпті жне зиянды факторларды жіктелуі (классификациясы)


Скачать 16.78 Kb.
Название25. 10. 2019ж 3Дріс. Таырыбы ауіпті жне зиянды факторларды жіктелуі (классификациясы)
АнкорДәріс ОБЖ
Дата12.02.2020
Размер16.78 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3 дәріс ОБЖ.docx
ТипДокументы
#108213

25.10.2019ж

3-Дәріс.  

Тақырыбы: Қауіпті және зиянды факторлардың жіктелуі (классификациясы)

 

Зиянды заттар адам организміне тигізетін әсеріне байланысты МемСТ 12.1.007-76 тағайындалып, төмендегідей кластарға бөлінеді:

1. Төтенше қауіпті (сынап, қорғасын);

2. Жоғары қауіпті (күкірт қышқылы, хлор);

3. Қауіптілігі орташа (темекі, шай);

4. Қауіптілігі төмен (аммяк, ацетон).

Жұмыс орындарында ауаны қауіпті жағдайға келтіруге арналған шаралар арасындағы маңыздысы ҚШШ (қауіпсіз шоғырлану шегі) деп аталады.

Адамның тыныс алу жолдары арқылы өте зиянды газдар мен булардан бүкіл организм уланады, немесе организмнің жеке бөлігі улануы мүмкін. Сондықтан, зиянды газдардың әсерінен төмендетілетін шараларды жете зерттеуден бұрын, сол газдардың және зиянды булардың түсу жолдары мен оюлығын анықтау қажет. Жұмыс аймағында газдар мен булардың қоюлығын төмендететін шараларға мыналар жатады: механикаландыру, автоматтар қолдану, технологиялық процестерді герметизациялау (технологиялық жабдықтардың ауамен қатынасы болмауы), жергілікті жайларда ауаны сорып шығытын жабдықтар қолдану және жалпы желдеткішті тиімді пайдалану (өндіріс процестерінің рационализациялау).

Егер жұмыс аймағында ауа зиянды газдармен, булармен ластанса,оның мөлшері ҚШШ-сынан асып кетсе, қорғану амалдарын қолданған жөн. Мысалы, универсалды респираторларды, противогаздарды, арнайы киімдерді пайдалана білу керек. Ауа кеңістігіне баға беру әдістерінің кең тарағандары тек экспрестік және лабораториялық. Лабораториялық әдіс өте дәл, бірақ өте көп еңбек жұмсауды талап етеді.

Экспрестіік әдіс өте жылдамдықпен зиянды газдар мен булардың қоюлығын (концентрация) анықтайды. Ол үшін тексеруге арналған ауаны индикаторлық порошогы бар түтікшеден сорып өткізеді. Зиянды ауаның әсерінен түтікшедегі индикаторлық ұнтақ өз түсін басқа бояуға өзгертеді. Түсі басқа бояуға өзгерген индикаторлық ұнтақ, түтікшенің ұзындығы сол зиянды ауның қоюлығына және ауа сору уақытына тікелей қатынаста болып табылады.

Бұл зиянды газдардың қоюлығын экспрес әдіспен анықтау үшін УГ-2 деп аталатын газоанализатор қолданылады. Адамның психофизиологиалық мүмкіндігін іске асыру. Адамның жұмыс қабілеті жұмыс күнінде бірнеше рет өзгеріске ұшырайды, атап айтқанда –фазалық.

Фазалар:

1. Жұмысқа үйрену (қалыптасу);

2. Жұмыс қабілеттілігінің тұрақтылығы;

3. Жұмыс қабілетінің төмендеуі;

4. Бұл жұмыс басталғандағы фаза яғни  ұзақтығы – 1,5 сағат;

5. Еңбек өнімділігінің жоғарылауы ұзақтығы 2,25 сағат;

6. Шаршағанда пайда болатын фаза.

Жұмыс қабілетінің өзгеруі жұмыс түріне тікелей байланысты. Жұмыс қабілетінің тұрақтылығын тек қана адам-машина-ортаны үйлестіру, жұмыс, демалыс режимдерін сақтау. Оның ең бірден-бір жолы коллективтегі ішкі жағдайлардың дұрыс болуы. Аталған жағдайдың дұрыс болмауы стресс,жарақатқа және аварияға әкеліп соғуы мүмкін.

Жұмыс қауіпсіздігіне әсер ететін психологиялық фактор: ықылас (назар аудару), сезіну, еске сақтау, ойлау, жұмыс қабілеттілігі, қабылдау, шаршау (қажу). Зиянды газдар көбінесе адамның демалыс органдары арқылы түсіп қана тарайды. Сондықтан да ауа бассейнінің барлық уақытта таза ұстауға арналған дер кезіндегі шаралар еңбек қорғаудың негізгі мақсаты болып табылады.

Таза да кебу ауа бірнеше газдардың қосындыларынан тұрады,мысалы: азот (70 %), кислород (21 %), көмірқышқыл газы  және басқа активті (1 %) және күкірт (1 %) газдардың қосындылары. Ал, өндіріс жағдайларында көбіне ауа адам денсаулығына зиянды булар және газдармен ластайды. Мысалы, малшылар жүріп-тұратын жерлерінде ауа аммякпен, күкіртті сутегі және басқа да зиянды газдармен ластайды. Сонымен қатар кейбір зиянды булар мен газдар қопарылыс беретін қоспа құруы да мүмкін. Мысалы, аммяк, бензин және басқалар.


написать администратору сайта