Главная страница
Навигация по странице:

  • Әсер ету механизмі

  • 26. Стероид емес қабынуға қарсы препараттар, жіктелуі. Механизм препараттардың қабынуға қарсы, қызуды түсіретін, анальгезиялық әсері. Әсер ету механизмі

  • Фармакологиялық әсері

  • Фарма есеп. фарма 25,26,27 (1). 25. Табии жне синтетикалы абынуа арсы стероидтерді салыстырмалы сипаттамасы аражат, жанама серлер, препараттарды дозалау режимі, олдану крсеткіштері


    Скачать 25.16 Kb.
    Название25. Табии жне синтетикалы абынуа арсы стероидтерді салыстырмалы сипаттамасы аражат, жанама серлер, препараттарды дозалау режимі, олдану крсеткіштері
    АнкорФарма есеп
    Дата26.09.2021
    Размер25.16 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлафарма 25,26,27 (1).docx
    ТипДокументы
    #237271

    25. Табиғи және синтетикалық қабынуға қарсы стероидтердің салыстырмалы сипаттамасы қаражат, жанама әсерлер, препараттардың дозалау режимі, қолдану көрсеткіштері.

    1. Табиғи Глюкокортикостероид (ГКС)

    - кортизон

      - гидрокортизон

    2. Жартылай синтетикалық ГКС

    -Фторланбаған препараттар—преднизолон, - метилпреднизолон

    - Фторланған препараттар (триамцинолон, дексаметазон, бетаметазон)

    Әсер ету механизмі:ФЛА2↓→арахидон қышқылы↓→ЦОГ↓→простогландиндер

    Жанама әсері:

    Су-электролиттік алмасу:
    - натрий мен судың кідірісі
    - гипокалиемия
    - ісіну
    - гиперосмолярлы кома

    Метаболикалық:
    - гипергликемия
    - гиперлипидемия
    - тәбеттің жоғарлауы
    - кушингоидтық синдром
    - теріс азоттық баланс

    Иммунитет:
    - инфекциондық асқынулар

    Асқазан-ішек жолы:
    - асқазан және ішектің стероидты ойық жаралары
    - қан кету, перфорациялар
    - ээофагит
    - диспепсия
    - панкреатит

    Эндокринді жүйе:
    - жыныстық жетілудің тежелуі
    - Гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүсті жүйенің тежелуі
    - балаларда бой өсуінің баяулауы
    - менструалды циклдің бұзылуы
    (екіншілік аменорея)

    Орталық жүйке жүйесі:
    - көңіл-күйдің тұрақсыздылығы
    - психоз
    - мидың псевдо ісік синдромы

    Жүрек-қантамыр жүйесі:
    - гипертензия

    ГКС қолдануға жалпы көрсеткіштер:

    • Орын басушы терапия

    • Фармакодинамикалық терапия

    • ГЖТ (ГНТ) – анафилактикалық шок, Квинке ісінуі және т.б.

    • Тірек-қимыл аппаратының қабыну аурулары (артриттер, артроздар )

    • ГБТ(ГЗТ) – аутоиммундық аурулар (ревматоидтық артриттер, гломерулонефрит, ЖҚЖ (СКВ))

    • Мүшелердің трансплантациясы (трансплантатты қабылдамау реакциясын алдын алу үшін)

    • Бронх демікпесі (ингаляционды)

    • Супрессивті терапия

    26. Стероид емес қабынуға қарсы препараттар, жіктелуі. Механизм препараттардың қабынуға қарсы, қызуды түсіретін, анальгезиялық әсері.

    Әсер ету механизмі

    Арахидон қышқылы -ЦОГ -простагландиндер

    Фармакологиялық әсері-қабынуға қарсы әсері, ыстыққа қарсы, анальгетикалық, антиагрегаттық.

    Стероидты емес қабынуға қарсы заттардың жіктелуі

    Таңдамалы емес ингибиторлар ЦОГ – 1 және –2 (ЦОГ 1+ЦОГ 2)

    Салицил қышқылының туындылары-Ацетилсалицил қышқылы

    Антранил қышқылының туындылары-Мефенамдық, флуфенамдық қышқыл

    Пиразолон туындылары-Анальгин, бутадион

    Индолуксус қышқылының туындылары-Индометацин

    Фенилуксус қышқылының туындысы-Диклофенак-натрий

    Фенилпропион қышқылының туындысы-Ибупрофен

    Нафтилпропион қышқылының туындысы-Напроксен

    Оксикамдар -Пироксикам, лорноксикам

    II. Цикло-оксигеназа-2 (ЦОГ-2) таңдамалы ингибиторлары-Мелоксикам, немисулид, целекоксиб.

    Осы препараттардың қабынуға қарсы әсерін циклді эндопероксидтер синтезі үшін қажет циклооксигеназа ферментін тежеумен байланыстырады . Нәтижесінде простаноидтар синтезі азаяды да. Бұл қабынудың кызару , ісіну , ауыру сияқты көріністерінің төмендеуіне әкеледі .

    Анальгетикалық әсерінің механизмі осы топ заттарының простагландиндер синтезін тежеуімен байланыстырады. Простагландиндердің гиперальгезия тудыратыны белгілі ноцицепторлардың химиялық және механикалық тітіркендіргіштерге сезімталдығын жоғарылатады . Сондықтан , простагландиндер синтезінің тежелуі гиперальгезия дамуын алдын алады . Бұл кезде ауыру тітіркендіргіштеріне сезімталдык табалдырығы жоғарылайды .

    Қабынуға қарсы стероидты емес заттар ыстықты түсіретін әсерімен сипатталады . Соңғысы простагландиндер синтезі бұзылуына байланысты , гипоталамуста орналасқан жылуды реттейтін орталыққа олардың пирогенді әсерінің азаюымен көрінеді . Әсіресе , простагландин Е , белсенді пироген болып табылады . Дене температурасы жылу берілудің артуы ( терінің қан тамырлары кеңейеді , тер бөлінуі жоғарылайды ) салдарынан да төмендейді .

    27. Стероид емес қабынуға қарсы препараттардың ауырлық дәрежесі бойынша салыстырмалы сипаттамасы қабынуға қарсы әсері, дәрілік заттардың жанама әсерлері, оларға қарсы шаралар алдын алу, қолдану.


    написать администратору сайта