Штангалардың үзілуін және майысуын жою. 28.05.20 Штангалардың үзілуін және майысуын жою.. 28. 05. 20ж. Слеметсіздер ме, студенттер! Таырыбы Штангаларды зілуін жне майысуын жою
Скачать 20.5 Kb.
|
28.05.20ж. Сәлеметсіздер ме, студенттер! Тақырыбы: Штангалардың үзілуін және майысуын жою Ұңғыларды жерасты жөндеу құбырларды көтеру және түсіру жұмыстарымен тығыз байланысты. Ал тереңдік сораптар қолданылатын ұңғыларда штангаларды көтеріп түсіру операциялары басымды болады. Ұңғылардағы штангалар мен құбырларды көтеру-түсіру бойынша жұмыстарды, көтеру-түсіру операциялары деп атайды. Көтеру-түсіру операциялары еңбек шығынын көп қажет ететін операция болып саналады. Жерасты жөндеу жұмыстарының сипатына байланысты жөндеуге жұмсалатын барлық уақыттың 40-85 пайызын құрайды, яғни нақты алғанда, олар жерасты жөндеу жұмыстарының жалпы ұзақтылығын анықтайды. Штангаларды бұрап алуды тізбектің кез келген жерінен жүзеге асыруға болады (кез келген тереңдікте) бұралып алынған штанганы көтеріп, сұйықтыққа толы құбырларды көтеруге кіріседі. Бұл жағдайда құбырлардан аққан сұйықтық жерге ағып, жұмыс орнын ластайды да, жұмыс жағдайын қиындатады. Мұндай құбырларды бұрап шығару, жағдайларында сұйықтықтың шаршауына қарсы арнайы жабдықтар қолданылады. Осындай әдіспен қалған құбырлар да көтеріледі. Сорап штангаларын көтеру және түсіру құбырлармен жүргізілген тәсілмен жүзеге асырылады. Көтерілетін штангалардың салмағы сондай ұзындықтағы құбырлар салмағына қарағанда жеңілірек болғандықтан, штангаларды көтеру және түсіру операциялары құбырлармен жүзеге асыратын операцияларға қарағанда, үлкен жылдамдықпен жүзеге асырылады. Көтерілген сорап штангаларын көпіршелерге жинайды және штангалар арасында арнайы ағаш рейкалар салады. Жинақталатын штангалар ұзындығы бойымен бірқалыпты таралған, кем дегенде алты тірек нүктесі болуы қажет. Штанга ұштарының салбырап тұруы немесе олардың топырақпен жанасуына тиым салынады. Штангалардың әр келесі қатары ұңғы сағасынан түсірілген қатарға қарағанда 15-20 см-ге шығып тұруы қажет. Бұл штангаларды ұңғыға түсіру кезіндегі жұмыстарды жеңілдетеді. Майыспау үшін штангаларды көпіршелерге жинау немесе көпіршелерден алу кезінде бір-бірден көте немесе құралдармен бұрандалық қосылысты жеңілдету мақсатында соғуға, ұруға болмайды. Егер штангаларды бұрап алу қиындап кетсе, онда ұстау тұтқасы ұзартылған штангалық кілтті қолданады. Ұңғыдан штангаларды көтеру кезінде, штангаларда ақаулар байқалса, онда сол ақауы бар штанганы шетке шығарып, бөлеккөпіршеге жинайды. Кейін жөндеу жұмыстары біткеннен соңкөпіршелерден алып тастайды. Сорап штангаларын ұңғыға түсірместен бұрын, әрқайсысын мұқият қарайды. Болаттың әртүрлі маркасынан жасалған штангаларды араластыруға болады. Сатылы тізбекті ұңғыға түсіру кезінде берілген наряд мағлұматтарына сәйкес жұмыс істеу қажет. Штангаларды бір-бірімен байланыстырған бұрандаларды барынша соңына дейін бұрып бекіту қажет. Ұңғының ішіндегі сорап штангаларын ауыстыру сорап құбырларының тізбегіне әбден үйкелістен қажалған жағдайда және олар бойына түсетін ауырлық күштерін көтере алмайтын жағдайға жеткенде жүзеге асырылады. Істен шыққан штангалар жағын ұңғыдан көтергеннен кейін, бір-бірін байланыстырушы бұрандаларды графиттік маймен майлап жеткілікті мөлшерде бір-біріне бұрап, жаңа штангаларды ұңғыға түсіреді. Плунжерді (немесе сорапты, егер орнатпалы түрде болса) орнына отырғызғаннан кейін сораптық құбырларды сұйықтықпен бетіне дейін толтырады кейін штангаларды 4-5 м-ге көтереді. Ұңғыны жөндеу аяқталғаннан кейін істен шыққан штангаларды жөндеу орындарына жеткізеді. Бұл жерде штангалардысұрыптап болғаннан кейін салыстырмалы түрде жақсы сақталған штангаларды, күш аз түсетін тереңдігі орташа ұңғыларға қолдану мақсатында бөлініп алынады. Толық желінген штангалардың істеп шыққанын ұңғыны жерасты жөндеу жұмыстары бойынша шебер анықтайды. Сорап штангаларының үзілуі немесе бұралып кетуі сол бір тереңдікте динамограмманың бірдей пішінімен байқалады. Тербелмелі станокты бөлшектеп болғаннан кейін ұңғыдан сорап штангалары тізбегінің жоғарғы бөлігін көтереді. Егер үзілсе, онда сораптық құбырға штангаларда шлипсты түсіреді. Шлипс дегеніміз- үзілген штангі денесін ұстап алатын сайман. Тізбекті көтеріп алған соң, үзілген штангіні бұрап шешіп, оның орнына тізбекте пайдаланған сол диаметрлі немесе болаттың сол маркалы штангіні қояды. Əдетте, бұл штангіні сақтап қойған қордан (2-3 штангіні) алады. Бұл қор, ұңғы маңындағы көпірлерде болу қажет. Осыдан кейін штангалардың толық тізбегін түсіреді, ұңғының саға маңы жабдығын жинайды және тербелмелі станокты пайдалануға береді. Штангіні бұрап шешкенде, тізбектің жоғарғы бөлігін алдын ала шығарып алады. Содан соң сорапты құбыпға штангіні ұстайтын штангілі ұстағышын түсіреді жəне тізбектің төменгі бөлігін жер бетіне көтеріп шығарады. Осыдан кейін оларды қайтадан өзара байланыстырып құбыр ішіне жібереді. Егер штанганың үзілуі немесе штанганың бұралып кетуі тізбектің төменгі жағында пайда болған болса, онда барлық тізбекті көтереді. Бұрап шешілген штангілер бұрандасында ақаулар болса, онда олардың екеуі де жаңамен ауыстырады. Штангілер тізбегі жиі үзіліп тұрса, онда оның құрастырмасы дұрыс таңдалмағаны, жұмысының нашар тəртібі немесе оның тозғаны деген сөз. Осы кезде, апаттылықтың артуын тудыратын алғашқы себептерін жояды. Штангілердегі бұрандалы біріктірулердің бұрап кіргізу санын азайту үшін негізгі тəсіл ретінде бұрап кіргізу кезінде қолданылатын механикалық кілттер мен штангі айналдырғыш. Берілген бейне сюжетті қараймыз. https://www.youtube.com/watch?v=-IIblmJtrls Бекіту сұрақтары: 1. Жерасты жөндеу жұмыстарының сипатына байланысты жөндеуге жұмсалатын барлық уақыттың қанша пайызын құрайды? 2. Шлипс дегеніміз не? 3. Қордағы ауыстыруға арналған штангілерді қайда сақтайды? 4. Штангілер тізбегінің жиі үзілу себептерін атап беріңіз? Үйге тапсырма: 1) Дәрісті толық оқып, конспект жазу. 2) Берілген бейне сюжеттегі жер асты жөндеу туралы мәліметті жазу. |