Главная страница

Айти инфрақұрылым. 3. Апаратты технологиялар рылымы


Скачать 22.29 Kb.
Название3. Апаратты технологиялар рылымы
Дата16.05.2022
Размер22.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАйти инфрақұрылым.docx
ТипДокументы
#531630

Айти инфрақұрылым

3. Ақпараттық технологиялар құрылымы

Ақпараттық технология бағдарламалық, техникалық, ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтылуына байланысты орналасады. Техникалық қамтылуы – ол дербес компьютер, ұйымдастыру техникасы, байланыс жүйелері, құрал – жабдық желі. Ақпараттық технологияның түрі, техникалық қалыптасу түріне байланысты (қол, автоматтындырылған, қашықтық) ақпараттың жиналуына, жүйеленуіне және таратылуына әсер етеді. Есептеуіш техника дамуда жылдан жылға олар күшейіп, онымен қатар компьютерлер арзандап, сол себепті компьютерлер көпшіліктің пайдалануына мүмкіндік туды.

Компьютерлер коммуникация кірістірілген құралдармен қамтылған: жылдамдық модельдерімен, көлемі үлкен жадымен, сканерлермен, дауысты және қолжазбаны анықтайтын құралдармен жабдықталған.

Бағдарламаны қамтылу, техникалық және ақпараттық қамтылумен тікелей байланысты болғандықтан, жүйелеу, сараптау, сақтау, интернет қызметін компьютермен таратады.

Ақпараттық қамтылу – деректер жиынтығы, компьютерге өңдеу үшін анықталған түрінде берілген.

Ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтылу – ол бірқатар іс-шара, компьютердің қызметіне бағыттылған және бағдарламалық қамтылуға, керекті іздеген нәтижені табуға арналған.

Ақпараттық технологияның негізгі қасиеттері:


  • мақсаттылық;


  • сыртқы айналамен қарым – қатынас;


  • тұтастық;


  • уақытта дамуы.


Мақсаттылық – ақпараттық технологияны іске асырудың басты мақсаты, қолдануда тиімділігін көтеруде, реттелген ақпаратты өнімдеуде, реттелген деректерді әртүрлі ақпараттық есептеуіш желі жолдарымен.

Компоненттер және құрылым :

- функциялық компоненттер – ол нақты мазмұнын, барысын (үрдіс) айналымы және ақпаратты өнімдеу;

- ақпараттық технологиялар құрылымы;

Ақпараттық технологиялар құрылымы – бұл бекту технологиясы мен білім базасы екі үлкен топқа біріктірілген, оның компоненттерін құрайтын өзара байланысты білдіретін ішкі кәсіпорын.

Тақырыптық аумақ моделі – кәсіпорынның мамандары мен өңдеушілер, яғни қолданушылар арасындағы түсінушілікті қамтамсыз ететін тізімдер жиынтығы.

Бекіту технологиясы – жүйе ішінде сақтау және ақпараттарды өңдеу негізінде жүзеге асырылатын жүйелік және инструментальдық программалық қамтамсыз ететін, автоматтандырудың аппараттық құралдарының жиынтығы.

Білім базасы ЭЕМ жадында сақталатын білімдер жиынтығын құрайды. Білім базасын интенсиональды (яғни «жалпы» туралы білім) және экстенсиональды (яғни, «нақты» туралы білім) деп бөлуге болады. Интенсиональды базасында қабықша сақталады, ал экстенсиональды базада мәліметтер базасы деп аталатын қабықша еске сақталуымен сақталады. Басқаша айтқанда, білім базасы тақырыптық аумақтың бейнесін білдіреді. Ол өзіне мәліметтер базасын (директивті ақпарат – жоспарлы ғимарат, ғылыми-техникалық ақпарат, еспші-өндірістік ақпарат, кәсіпорыннның бөлімшелерінің жұмыс режимін бейнелейтін қосалқы ақпарат).

Жүйелік және инструментальды құралдар:

- аппараттық құралдар

- жүйелік ( ОЖ, МББЖ)

- құралдық ПҚ (алгоритімдік тілдер, бағдарламалық жүйе, арнайы тілдер, бағдарламалық технология);

- ақпараттардың өңделу және сақтау түйіндерінің комплекстенуі.

Технологиялық сипаттау нәтижесінде жүйелі ақпараттық технологиялық процестердің жиынтығын таратылумен байланысты.

Сыртқы ортамен өзара әрекеті – ақпараттық технологиялардың басқару объектілерімен, өзараәрекеттесетін кәсіпорындармен және жүйелермен, ғылыммен, автоматтандырудың техникалық және өндірістік бағдарламалық құралдарымен өзараіс-әрекеті.

Тұтастық ақпараттық технология тұтастық жүйеге байланысты, есепті шешуге қабілетті, бірде – бір оның компонеттерінің қасиеттеріне тән емес.

Уақытымен таратылу – ақпараттық технологияны қарқынды дамуымен қамтылу, құрылымының өзгеруі, жаңа компонеттің қосылуы.



написать администратору сайта