Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындаған : Асанова Диляра ХКБ201

  • Майлар. 3 апта ОСӨЖ Асанова Диляра ХКБ201. 3 апта осж тапсырмасы Таырыбы Сана, рух жне тіл


    Скачать 15.62 Kb.
    Название3 апта осж тапсырмасы Таырыбы Сана, рух жне тіл
    АнкорМайлар
    Дата14.04.2022
    Размер15.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3 апта ОСӨЖ Асанова Диляра ХКБ201.docx
    ТипДокументы
    #472568

    3 апта ОСӨЖ Тапсырмасы

    Тақырыбы: Сана, рух және тіл

    Сана – философияның зерттеу объектісі. Философия – қоғамдық сананың маңызды формасы ретінде көрініс беретін, болмыс пен танымның жалпылама заңдылықтары туралы ойлар мен идеялардың жиынтығы. Демек, болмыс пен сана философияның зерттеу объектілері болып табылады.

    Өзге ғылымдардың бәрі болмысты, дәлірек айтқанда, оның бір құраушы элементін зерттейді. Мысалы, астрономдар – аспан денелерін, географтар – жер бедерін, ботаниктер - өсімдіктерді, зоологтар – жануарларды, тарихшылар – адамзаттың басынан өткергенін, физиктер – қозғалысты, химиктер – элементтердің қасиеттерін,... зерттейді. Ал философияның болмысты зерттеуінің мәні бұлардан өзгеше. Философия болмысты тұқтастай қарастыра отырып, оның генезисіне үңіледі, қазіргісіне сипаттама береді және бұдан былайғы даму бағыттарын айқындауға тырысады.

    Сананы, екінші сөзбен айтқанда, ойлау мен танымды алатын болсақ, ол – адамға ғана тән, әлі қыры мен сыры ашылмаған, тылсым, психикалық үдеріс.

    Кейбір философтар, мысалы, материалистік бағыттағы ойшылдар ойлау мен танмның экономикалық жағдаймен айқындалатынын алға тартады. Бірақ, философтардың бәрі бұл тұрғыны қуаттамайды, адамның сана деңгейі оның рухани даму жағдайымен айқындалады деп есептейді.

    Тіл және сана. Тіл – жанды табиғаттың өмірлік қызметі үдерісінде танымдық және қатынастық міндет атқаратын белгілер жүйесі. Сөйлеу – тек адамға ғана тән, оны өзге организмдерден бөліп тұратын, ерекше қасиет. Адамзат дамуының алғашқы кезеңінде, еңбек және қорғаныс құралдары әлі жетілмей тұрғанда, өмір үшін күрес ширығып, адамның өзін өзі сақтап қалуы ұжымдық әрекетке тәуелді болған жағдайда тілдің қажеттігі туды. Еңбек үдерісін жақсарту үшін адамдар өзара байланыста болуы, ақпарат алмасуы қажет болды. Тіл адам ойының дамуында шешуші рөл атқарып, оладың өміріне маңызды өзгерістер алып келді.

    Біртіндеп адамдардың бірі бірімен қауышып, пікір алмасуы күрделілене және түрлене берді. Қару дайындау және оны пайдалану, аңдарды айдап кіргізетін тосқауыл жасау, бағыттау, ұстау жұмыстарын атқару барысында ұжымның барлық мүшелеріне түсінікті сигналдар жүйесі пайда болды және уақыт өткен сайын жетіле берді.

    Белгілі бір объектілер тобы үшін қолданылатын жалпылама белгілер еңбек үдерісіне қатысушылардың тануы үшін де жалпылама болуы тиіс болды. Бұл талаптарды, тек көруге негізделгендіктен, ишаралар атқара алмады.

    Ұжымдық еңбекте адамдар бірін бірі үнемі көріп жүрмейді. Сондықтан, оқиғалардың, заттардың белгілі бір топтарына олардың жалпылама қасиеттерін көрсете алатындай тілдік белгілердің дыбыстық жүйесі қажет болды. Құбылыстардың тұтас тобына тән жалпы белгілердің (жүру, жүгіру, ұру, лақтыру) көрініс беруі мен шағылуы олардың арасындағы айырмашылықтарды бөліп алу, олардың тәуелділіктері мен байланыстарын қарастыру үшін ойлау қажеттігі туды.

    Рух философиясы. Бұл гегелдік жүйенің алғашқы екеуінің жинақталған үшінші сатысы. Бұл жерде абсолюттік ой бейне бір оянатындай, осында қалай табиғи тегінен азат болып, өзінің әлпетін абсолюттік рухтан табады. Адам- табиғаттың бөлігі.Бірақ адамдық рух — табиғаттың емес, абсолютті рухтың өнімі. Табиғаттың өзі рухтан туындаған. «Біз үшін рух өзінің алғы шарты ретінде табиғатқа ие болады, ол оның ақиқаты, және сол себептен оған қатысында абсолютті. Бұл ақиқатында табиғат жоқ болып кетті, және рух онда идея ретінде анықталды, өзіне — өзі үшін — болмысқа қол жеткізді».

    Орындаған: Асанова Диляра ХКБ201


    написать администратору сайта