Главная страница
Навигация по странице:

  • 10. «Шығыстар» 7-бөлімінің шоттары

  • 11. «Өндірістік есепке алу шоттары» 8-бөлімінің шоттары

  • шоттар жоспары. ШОТТАР ЖОСПАРЫ (1). 3. лгілік жоспарды болімдері лгілік жоспар мынадай блімдерді амтиды 1блім ыса мерзімді активтер


    Скачать 45.71 Kb.
    Название3. лгілік жоспарды болімдері лгілік жоспар мынадай блімдерді амтиды 1блім ыса мерзімді активтер
    Анкоршоттар жоспары
    Дата30.11.2020
    Размер45.71 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаШОТТАР ЖОСПАРЫ (1).docx
    ТипДокументы
    #155218
    страница3 из 3
    1   2   3

    9. «Кірістер» 6-бөлімінің шоттары

    «Кірістер» бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған. «Кірістер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

    6000 - «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс»;

    6100 - «Қаржыландырудан алынатын кірістер»;

    6200 - «Басқа да кірістер»;

    6300 - «Қысқартылатын қызметке байланысты кірістер»;

    6400 - «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі».

    Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады.

    6000 - «Өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кіріс» кіші бөлімі өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кірістерді есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

    6010 - «Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс», онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;

    6020 - «Сатылған өнімді қайтару», онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6030 - «Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер», онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі.

    6100 - «Қаржыландырудан түсетін кіріс» кіші бөлімі қаржыландырудан түсетін кірісті есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

    6110 - «Сыйақылар бойынша кірістер», онда қаржылық активтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі, мәселен депозиттер, берілген қарыздар;

    6120 - «Дивидендтер бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар керсетіледі;

    6130 - «Қаржылық жалдау бойынша кірістер», онда активтерге қаржылық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар керсетіледі;

    6140 - «Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер», онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың бөлігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6150 - «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», онда қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден кірістерді алумен байланысты операциялар немесе кіріс ретінде оның өзгеруін тани отырып әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер көрсетіледі;

    6160 - «Қаржыландырудан түсетін басқа да кірістер», онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.

    6200 - «Басқа да кірістер» кіші бөлімі басқа да кірістерді есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

    6210 - «Активтердің шығуынан алынатын кірістер», онда мынадай активтерді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6220 - «Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер», онда өтеусіз алынған активтерге байланысты операциялар көрсетіледі;

    6230 - «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер», онда мемлекеттік субсидиялардан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6240 - «Құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер», онда қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес пайда және залал туралы есепте кіріс ретінде танылатын активтердің құнсыздануынан залалды қалпына келтірумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6250 - «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», онда есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған.

    6260 - «Операциялық жалдаудан түсетін кірістер», онда активтерге операциялық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6270 - «Биологиялық активтердін әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер», онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6280 - «Өзге кірістер», онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да кірістерді алуға байланысты операциялар көрсетіледі:

    • шарттардың талаптарын бұзғаны үшін есептелген айыппұлдардан, өсімақыдан, тұрақсыздық айыптарынан алынатын кіріс;

    • түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артығы;

    • келтірілген шығындарды өтеу;

    • қолданыстағы заңнамада белгіленген талап қою мерзімі өткен кредиторлық берешекті есептен шығарудан түсетін кіріс;

    • қалпына келтірілген бағалау міндеттемелерінің сомасы;

    • қызметкерлерге сыйақылар бойынша актуарлық табыстар;

    • сақтандыру жағдайлары;

    • өзге кірістер.

    6300 - «Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер» кіші бөлімі қысқартылатын қызметке байланысты кірістерді есепке алуға арналған.

    6310 - «Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер», онда міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулардан алынатын кірістерге байланысты операциялар көрсетіледі.

    6400 - «Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін үйымдар пайдасының үлесін есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

    6410 - «Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;

    6420 - «Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген бірлескен ұйымдардың пайда үлесі ескеріледі.

    10. «Шығыстар» 7-бөлімінің шоттары

    «Шығыстар» бөлімінің шоттары шығыстарды есепке
    алуға арналған. «Шығыстар» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

    7000 - «Сатылған өнімнің және керсетілген қызметтердің өзіндік құны»;

    7100 - «Өнімді сату жэне қызметтер көрсету бойынша шығыстар»;

    7200 - «Әкімшілік шығыстар»;

    7300 - «Қаржыландыруға арналған шығыстар»;

    7400 - «Басқа да шығыстар»;

    7500 - «Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар»;

    7600 - «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалдағы үлесі»;

    7700 - «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар».

    Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады.

    7000 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» кіші бөлімі сатылған енімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға арналған.

    7010 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны», онда сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны ескеріледі.

    7100 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» кіші бөлімі өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстарды есепке алуға арналған.

    7110 - «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» онда өнімдерді сатумен және қызметтер көрсетумен байланысты шығыстар есепке алынады.

    7200 - «Әкімшілік шығыстар» кіші бөлімі әкімшілік шығыстарды есепке алуға арналған.

    7200 - «Әкімшілік шығыстар», онда өндірістік процеспен байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары ескеріледі.

    7300 - «Қаржыландыруға арналған шығыстар» кіші бөлімі қаржыландыруға арналған шығыстарды есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

    7310 - «Сыйақылар бойынша шығыстар», онда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;

    7320 - «Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар», онда активтерге қаржылық жалдау алынған шығыстар көрсетіледі, мәселен негізгі құралдарға;

    7330 - «Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден алынатын шығыстар», онда әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық актив немесе міндеттеменің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар көрсетіледі;

    7340 - «Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар», онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар көрсетіледі.

    7400 - «Басқа да шығыстар» кіші бөлімі басқа да өндірістік емес шығыстарды есепке алуға арналған, ол әдеттегі қызмет процесіне қарамастан туындайды. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

    7410 - «Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар», онда активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару жөніндегі шығыстар, мысалы негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару жөніндегі шығыстар, бөлшектеу жөніндегі шығыстар ескеріледі;

    7420 - «Активтердің кұнсыздануынан түсетін шығыстар», онда активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар ескеріледі;

    7430 - «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», онда шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдыңғы қаржылық есептерде берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша ұйымдардың есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар бойынша шығыстар ескеріледі;

    7440 - «Резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар», онда резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар ескеріледі;

    7450 - «Операциялық жалдау бойынша шығыстар», онда операциялық жалдау бойынша шығыстар ескеріледі;

    7460 - «Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар», онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар ескеріледі;

    7470 - «Басқа да кірістер», онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да шығыстар ескеріледі:

    • шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыптары;

    • түгендеу кезінде анықталған материалдық қүндылықтардың жетіспеуі;

    • келтірілген шығындарды өтеу;

    • сот шығындарын және төрелік алымдарды өтеуге арналған шығыс;

    • ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар;

    • бағалауға және барлауға арналған, капиталдандыруға жатпайтын шығыстар;

    • қызметкерлерге сыйақылар бойынша актуарлы шығындар;

    • сақтандыру жағдайлар бойынша шығындар;

    • өзге де шығыстар.

    7500 - «Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар» кіші бөлімі қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстарды есепке алуға арналған.

    7510 - «Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар», онда қысқартылатын қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулар бойынша шығыстар ескеріледі.

    7600 «Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

    7610 - «Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі;

    7620 - «Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес» онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі.

    7700 - «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» кіші бөлімі корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстарды есепке алуға арналған.

    7710 - «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар», онда корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар ескеріледі.

    11. «Өндірістік есепке алу шоттары» 8-бөлімінің шоттары

    «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімінің шоттары ұйымдардың өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады. «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

    8100 - «Негізгі өндіріс»;

    8200 - «Жеке меншік өндірістің жартылай фабрикаттары»;

    8300 - «Көмекші өндірістер»;

    8400 - «Жүкқұжат шығыстары».

    8100 «Негізгі өндіріс» кіші бөлімі негізгі өндірістегі шығындарды есепке алуға арналған.

    8110 - «Негізгі өндіріс», онда негізгі өндіріске арналған шығындар, оның ішінде шикізат пен материалдардың шығыс, тікелей негізгі өндірісте айналысатын қызметкерлердің еңбекақысы және еңбекақысының сомасынан шегерімдер, негізгі өндіріске жатқызылған үстеме шығыстар есепке алынады.

    8210 - «Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар», онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығындар есепке алынады;

    8300 - «Көмекші өндірістер» көмекші өндіріс шығындарын есепке алуға арналған. 8310 «Көмекші өндірістер», онда ұйымның негізгі өндірісіне қатысты көмекші болып табылатын өндірістердің шығындары есепке алынады.

    8400 - «Жүкқүжат шығыстары» кіші бөлімі жүкқүжат шығыстарын есепке алуға арналған. 8410 - «Жүкқүжат шығыстары», онда негізгі және қосымша өндірістер, сондай-ақ жеке өндірілген жартылай фабрикаттар бойынша жүкқұжат шығыстары көрсетіледі.
    1   2   3


    написать администратору сайта