3-практика. 3 практикалы саба Таырыбы Дене мшелеріні рылысы Саба жоспары 1
Скачать 19.64 Kb.
|
№3 практикалық сабақ Тақырыбы: Дене мүшелерінің құрылысы Сабақ жоспары: 1. Бұлшықетпен сүйектерге жалпы сипаттама беру олардың қызметтерін атау. Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Бұлшықетпен сүйектерге жалпы сипаттама беру олардың қызметтерін атау. Сабақтың мазмұны: Адамның дене мүшелеріне: бас, мойын, қол, жауырын, кеуде, иық, омыртқа, аяқ, жамбас, тізе тағы басқалар жатады. Адамның басында бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, ерін, тіс, тіл, таңдай сияқты мүшелер орналасқан. Бұл мүшелерді біз көзбен көреміз. Бұлардан басқа көзбен көрмейтін мүшелер бар, оларға асқазан, ішек-қарын, бауыр, бүйрек, жүрек т.б. жатады. Дана халқымыз алыс сапардан оралған адамдардан «Он екі мүшең аман-есен оралдың ба?», - деп амандасып, жөн сұрасқан. Кейде «он екі мүшесі аман, соқталдай азамат, ақша табудың неге оңай жолын іздейді?» 18 деп, ренжіп жатады. Халық жұмбақтарының бірінде: «Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, он екі ұл, алпыс екі қыз бір күн туған», - дейді. Мұндағы 12 ұл – адамның 12 мүшесі, 62 қыз – адамның 62 тамыры, ал ағаш – адамның өзі. Халқымыз он екі мүше дегенді адамның дене бітіміне байланысты айтқан: он екі мүшеге мыналар жатады: бас (біреу), омыртқа (біреу), жамбас (екеу), жауырын (екеу), тоқпан жілік (екеу), асықты жілік (екеу), кәрі жілік (екеу). Бір жылда 12 ай болса, адамның 12 мүшесі бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буыны соншама. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты екендігін айғақтайды. . Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер Сабақтарды өткізу тәртібі: - сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау; - білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау; - оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау; - семинар – «дөңгелек стол». Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін): І-ші деңгей: 1.Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз. асықты жілік– тоқпан жілік – кәрі жілік– жауырын – жамбас – омыртқа – ортан жілік – қуық – өт – ұйқы безі – дене бітімі – ІІ-ші деңгей: 1. Жақшаны ашып, аударыңыз. (Колени) бүк. (Спина) қасып берші. Шешін, (легкие) тыңдайын. (Глаза) онша көрмейді. (Уши) естімей ме? Теледидиарды ақырын қой! (Пальцы) ұзын екен. (Лицо) жу. (Голова) ауырып тұр ма? Азаматтың (зубы) ақ маржандай аппақ. Сабаққа кім дайын емес? (Руки) көтеріңдер! ІІІ-ші деңгей: 1. Қабырғалардың жіктелуі 2.Құйымшақ сүйегінің ерекшеліктері 3.Ер және әйел жамбасының ерекше белгілері. 4.Сегізкөз омыртқаларының ерекшеліктері 5.Бел омыртқаларының ерекшеліктері: 1. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (30 ұпай дейін): 1. Ибн-Сина гигиена ғылымының негізін қалаушы– презентация. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі: 1. Б.Ж.Доскеева.Казак тілі. Медицина оку орындарына арналган.Алматы. «Қайнар» 2002. 2. Ғ.Ж.Тұңғышбаева. Қазак тілі сабактары (Стоматология факультетіне арналган) –Алматы: 2008ж. 3. www.til.gov.kz (қазақ тілі жеделдетіп оқытуга арналған мультимедиалық кешен).Астана,2010 5. Иманқұлова С., Егізбаева Н. Иманалиева Ғ. және т.б Қазақ тілі; оқу құралы. –Алматы: 2008 6 .Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит).-Алматы: Ғылым, 2009 |