№3 СОӨЖ. Жемқорлық әрекет табиғатының психологиялық ерекшеліктері. №3 СОӨЖ. Жемқорлық әрекет табиғатының психологиялық ерекшеліктер. 3 соЖ. Жеморлы рекет табиатыны психологиялы ерекшеліктері
Скачать 16.09 Kb.
|
№3 СОӨЖ. Жемқорлық әрекет табиғатының психологиялық ерекшеліктері Психологиялық фактордың сыбайлас жемқорлыққа әсер ету шарасы қандай? Сыбайлас жемқорлық әрекет факторлары сыртқы (сыбайлас жемқорлық қысым) және ішкі (сыбайлас жемқорлыққа бейімділік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық) болып жіктеледі. Әлеуметтік тұрғыдан сыбайлас – бұл жалпы қабылданған әлеуметтік нормаларды бұзу, бұрмалау, зақымдану және кейіннен белгілі бір қоғамдастықта оларды жасырын егу. Егер, бір жағынан, қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы қабылданған норма ретінде ресми түрде айтылған, ал екінші жағынан, күнделікті қатынастарда тұрмстық сыбайлас жемқорлық кең таралған болса, ресми айтылған және нақты қолданыстағы мінез-құлық нормалары арасындағы қарама-қайшылық айқын. Салдарында, мемлекеттік қызметшілер мен олардың қызметтердің тұтынушылары ретінде азаматтардың мүдделер қақтығысы орын алады. Сыбайлас жемқорлықтың негізгі психологиялық құрамдастарын сипаттаңыз. «Қалаушылық» элементі адам әрекетін қалыптастыру тетігін құрай отырып, сыбайлас жемқорлық әрекетінің міндетті құрылымдық элементі болып табылмайды. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігінің құрылымына кіретін бастапқы буындардың бірі мүдде. Мұнда сыбайлас жемқорлық қатынастарының бастамашысы кім болатының айырмасы жоқ: басшы тұлғаның бастамашысы бойынша пара сұрау (бопсалаушы) не сұраушының бастамасы бойынша парамен сатып алу. Әрекеттің қозғаушы себебі ретінде көрінетін әрекет уәжі сыбайлас жемқорлық әрекеті тетігіндегі негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әрекеті уәжін әлеуметтік-психологиялық зерделеу қызықты нәтиже берді, ол екі жетекші уәжді көрсетті: материалдық игілікке ұмтылудан тұратын жеткілікті түрде анық уәж және сыбайлас жемқорлықты қауіпті және еліктіргіш ойын ретінде көрсететін таптаурын уәжі. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің мейлінше жиі кездесетін уәждері оңай олжаны көксеу, молшылық өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың «қайтарушылығын» күту, қамқоршылық жүйесі, қауіпті ойын. Ұстаным деп тұлғаның көңілі соққан және қандай да бір әрекеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретін жай-күй түсініледі. Қате әрекеттерден, қабылдаулардан немесе бағалаулардан көрінетін «ұстанымның қателігі» оның айрықша көріністеріне жатады. Жемқор тұлғаның қоғамға деген психологиялық қатынасы. Жемқор тұлғаның өмірді материалдық игіліктер алу арқылы бағалауы, молшылық өмірге ұмтылуды бақыт көрсеткіші деп санауы, рухани әрекет ұстанымдарын ой елегінен өткізбей уәждеуі және құрылымдауы, өмірге қанағаттанушылықтың төмен болуы, өзін-өзін барабар бағаламауы, осының бәрі оның қоғамға деген психологиялық қатынасын көрсетеді. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің диагностикасы мен профилактикасы әдісін атаңыз. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің диагностикасы мен профилактикасы әдісіне: әлеуметтік-коммуникативтік процестер мен нормсативтік құжаттардың психологиялық мониторингі; әртүрлі жүріс-тұрыс моделдерінде субъект-субъекті қатынастары (пара беруші – делдал – пара алушы) профилизациялау; алдын алу шараларының мазмұнын түзету және сараптау; әлеуметтік нормалар мен таптаурын мәселелерді өзгерту; психологиялық-диагностикалық әдістерді (полиграф, тестілеу, вербальды және вербальды емес бақылау және т.б.) қолдану жатады. Сыбайлас жемқорлық әрекеті тетігіндегі негізгі компоненттер көрсетіңіз. Сыбайлас жемқорлық әрекеті тетігіндегі негізгі компоненттер: қалаушылық мүдде уәж ұстаным |