психология. 3-4 тақырып. 3 таырып Сана концепциясы Адам санасыны психологиялы сипаттамасы
Скачать 9.75 Kb.
|
ПС. 3- тақырып Сана концепциясы Адам санасының психологиялық сипаттамасы Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы Психика деңгейлері: бейсана, астар сана, ашық сана ОБӨЖ Өзіндік сана-сезім Өзіндік сана: оның ерекшеліктері және құрылымы «Мен-концепциясы» әсер етуші факторлар 1-Тапсырма Екі-бөлікті күнделікті толтыру (3 деңгей)
2- Тапсырма Адамдардың жануардан айырмашылығын атап және ортақ қасиеттерін көрсетіңіз Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Адамның жануарлардан басты ерекшелігінің бірі — еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы. Оны қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолданады. Адамның психикалық әрекетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі — олардың қоғамдық тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы. Ал ортақ қасиеттері адам да жануарлар да көбейеді. 3- Тапсырма Сана деңгейлері туралы сызбаны толықтырыңыз (2 деңгей) Сана деңгейлері: 1. Бейсана 2.Астар сана 3.Ашық сана ПС. 4- тақырып Эмоция және сезім ерекшеліктері. Эмоция мен сезім айырмашылығы Жоғары деңгейдегі сезімдер Адамның сезім күйлерін меңгеруі. Стресс және фрустрация ОБӨЖ. Ерік процестері Ерік туралы жалпы түсінік 2. Еріктің амал кезеңдері 1- тапсырма Эмоция мен сезім айырмашылығын Венн диаграмасы арқылы көрсетіңіз. Эмоция Эмоциялар адам өмірінде маңызды рөл атқарады, өйткені олар қозғаушы ретінде әрекет етеді. Бұл эмоцияларды күрделі психологиялық күй деп анықтауға болады. Эмоциялар жағымды немесе жағымсыз болуы мүмкін және бізге үлкен әсер етеді. Негізгі эмоцияларға: бақыт, қайғы, ашу, қорқыныш, тосынсый және жиіркеніш жатады. Алайда, кейінірек, психологтар бұл тізімге басқа эмоцияларды енгізді: мақтаныш, толқу, ұялу, жек көру, ұят және т.б. Сезім Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Эмоция мен сезімнің айырмашылығы: • Эмоцияны күрделі психологиялық күй ретінде анықтауға болады. • Сезімді психикалық көзқарас ретінде анықтауға болады; эмоция әсер еткен ой. • Эмоциялар көбінесе психологиялық өлшемдермен шектеледі. • Сезімдер әлеуметтік өлшемді одан әрі арттыра түседі. 2- тапсырма «Эмоция түрлері» сызбасын құрастырыңыз. Эмоция түрлері Стениялық Астениялық 1.Жауапкершілік 1.Уайым 2.Достық 2.Көңілсіздік 3- тапсырма Ғалымдардың төменде келтірілген эмоция туралы пікірлерінің тиістісін көрсетіңіз. 1. Эмоциялар – эволюция жемісі, организмнің сақталуын қамтамасыз етеді (Анохин). 2. Эмоциялар жағдайдың жалпы бағасы, қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері (Симонов). 3. Эмоциялар – адам ағзасының қуаттандырып жұмылдырады ( Джеймс). 4. Эмоциялар - органикалық процестер қосындысы (Гельпорн). Ерік-жігердің амал- кезеңдері 4- тапсырма. Ерік-жігер кезеңдерінің өзара байланысын көрсетіп, түсіндіріңіз (3 деңгей). 1.Мақсат және оған жетуге ұмтылу (дайындық кезең) 2.Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну (мақсат қою) 3.Ниет-тілектердің пайда болуы 4.Ниеттер тартысы және оның бірін қалау 5.Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің бірін қалау 6.Тоқтамға келген шешімді орындау Әрбір ерікті әрекетте белгілі мақсат бар. Адам қандай да болмасын белгілі істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді. Бұл – алға мақсат қойып, соған ұмтылу, яғни мақсатты әрекет немесе не себептен адам осындай қажеттілікті орындауға тиіс, ол не үшін қажет деген тілек білдіру. Содан кейін осы тілекті орындаудың жолдары мен әдіс-амалы іздестіріледі. Олардың ішінен аса қажетті және маңызды дегені таңдап алынады. Айталық, мамандықты өзгерту керек, не экспедицияға бару керек болады. Бұл кезеңде адам алдына қойған мақсатын тек қалап қана қоймай, оның мәнін түсінеді, ақыл-ой талқысына салады. Сөйтіп, оған қалайда жетуге әрекеттенеді. Бұл – ерікті әрекеттің интеллектуалдық кезеңі. 5- тапсырма «Сіздің ерік күшіңіз бар ма?» тестісі (3 деңгей) Сіздің ерік күшіңіз соншалықты күшті, сіздің оқуыңызда, жұмысыңызда жемісті. 10 сұраққа шын жауап беруге тырысыңыз. Егер «иә» деген жауап болса - 3 балл, егер «білмеймін», «қиындау», «кейде болады» - 1 балл, егер «жоқ» - 0 балл. Барлық балдың қосындысы – ерік күшіне жауап. 1. Жұмыс қызықтырмасада сіз оны орындап шығасыз ба? кейде болады 2. Ұнамсыз нәрсені істегенде, ішкі қарсылығыңызды ешқандай күшсіз жоя аласыз ба? қиындау 3. Үйде немесе институтта кикілжің жағдай болғанда, сіз ұстамдық көрсетіп, сол жағдайға объективті қарай аласыз ба? ия 4. Егер сізге диетаны сақтау керек болса, кулинарлық соблазнды жеңе аласыз ба? ия 5. Оны істеу міндетті емес екендігін біле тұра, күндегіден бұрын ерте тұруға жаңа ғана жоспарлаған болсаңыз, оған күш жұмсай аласыз ба? ия 6. Егер сізге тіс емдейтін кабинетке бару қорқыныш туғызса, соңғы уақытта өзіңіздің ойыңызды өзгерте аласыз ба? білмеймін 7. Өзіңіздің қызуқанды айтқанызды орындай аласыз ба, оны орындау саған көп хлопот алып келсе? ия 8. Күн тәртібін қатаң сақтайсыз ба? ия 9. Егер сіз ертеңгі тапсырманы әлі орындамаған болсаңыз, қызық телебағдарламадан бас тартасыз ба? ия 10. Сізді ренжіткен қатты сөзді ести тұра, ұрысты коясыз ба және үндемейсіз бе? үндемеймін Нәтижені шығару. Егер сіз 0 ден 6 баллдан дейін жинасаңыз, онда ерік күші сізде онша емес. Сіз тек жеңілге және қызығып жүгіресіз, міндетіңізді қалай болса солай орындайсыз. 7 -14 балл. Ерік күші сізде орташа. Егер қиындықтар болса, онда оны жеңу үшін әрекет жасайсыз. Өз еркіңізбен артық міндеттерді алмайсыз. 15 -20 балл. Ерік күші сізде қалыпты. Кейде принципалды сұрақтар бойынша сіздің қатты позицияыңыз қасындағыларды жалықтырады. |