1 БЖБ әдебиет. 3тосан бойынша жиынты баалауа арналан тапсырмалар
Скачать 15.35 Kb.
|
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында. Ғажайып дүние Мейрамбек мектептен келдi де, қозыларын өрiске айдап шықты. Күн жылы. Төмпешiктiң түстiк бетiне сарғалдақтар қаптап өскен. Мейрамбек қозыларына бiраз қарайлады. Сөйттi де, сарғалдақтар өскен қырға жүгiре жөнелдi. Жоғары көтерiлдi. Төбенiң үстiнен ауылға қарады. Ана тұста өзiнiң үйi, ал сонау жерде өзiмен бiрге оқитын Марат пен Айгүлдiң үйi. Мейрамбек шөп арасына шалқая жатып, заңғар аспанға көз тастады. Көкте әппақ мақта секiлдi бұлттар жүзiп барады. Мейрамбек ендi байқады, аспан керемет екен! Төбедегi бұлттар тұңғиық су iшiнде қалқып жүзген ақ бауыр қаздардан аумайды. Анау бiр бұлт ше? Ол тау-тау қып үйген ақ бұйра жүндей екен. Мына шеттегi бұлттың үстiне шығып алып, жер-дүниенi серуендер ме едi, шiркiн! Мейрамбек бүгiн көктемнiң ғажайып сырына елжiрей қарады. Биылғы көктем есiнде ұзақ сақталар-ау. Әсiресе, жаңа ғана көкке қарап шалқалап жатып, дүниенiң ғажап екендiгiне қайран қалғанын қарасаңшы. Анау төмендегi ауылда өзiмен қол ұстасып бiрге жүрiп, бiрге оқитын Марат пен Айгүлдiң қасында жоғын айтсайшы! Мейрамбек орнынан тұрды да, қырдан еңiске қарай көйлегiнiң түймелерiн ағытқан қалпы зымырай жөнелдi. Сұрақтарға жауап бер: Мейрамбек аспандағы бұлттарды нелерге ұқсатты?___________________________ Бұл көктем Мейрамбектің есінде неліктен ұзақ сақталады деп ойлайсың? _______________________________________________________________________ Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей бір сұрақ құрастырып жаз. _____________________________________________________________________ 2-тапсырма Мәтіндегі Мейрамбектің бұлттарға қарап, ойланған тұсын есіңе түсір. Өзіңді Мейрамбектің орнына қойып көр. Сол сәтте сен бұлттар туралы не айтар едің? Бұлттармен серуендеу туралы ше? Мейрамбектің ойын жалғастырып, мәтінді басқа ойлармен/оқиғалармен толықтырып жаз. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |