Главная страница
Навигация по странице:

  • 3.1 Тоңазытқыштың айналымын зерттеу сипаттамасы

  • 1 Қандай айналымды теріс айналым дейді Неге ол тоңазыту деп аталады 2 Тоңазыту еселеуіші дегеніміз не Оның ПЖЕ-мен байланысы

  • работа. 3 Зертханалық жұмысы. 3 Зертханалы жмысы. Бу сыулы тоазытышты айналымын зерттеу


    Скачать 55.95 Kb.
    Название3 Зертханалы жмысы. Бу сыулы тоазытышты айналымын зерттеу
    Анкорработа
    Дата10.05.2023
    Размер55.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3 Зертханалық жұмысы.docx
    ТипДокументы
    #1119671

    3 Зертханалық жұмысы. Бу сығулы тоңазытқыштың айналымын зерттеу
    Жұмыстың мақсаты: істегі тоңазытқыштың құрылымы және жұмысымен танысу, жылуқозғалымдық айналымын игеру, оның тоңазыту еселеуіші мен салқын өнімін анықтау, зерттеу жұмысына дағдылану.

    Тапсырма: бу сығулы тоңазытқыштың (БСҚ) тоңазыту ε еселеуіші мен салқын q2 өнімін анықтау, ε-ді Карноның қайтымды кері айналымының тоңазыту εк еселеуішімен салыстыру ([1, 2], [7], 82 ÷ 89 c.).
    3.1 Тоңазытқыштың айналымын зерттеу сипаттамасы

    Денелердің температурасын қоршаған ортаның температурасынан төмендетіп ұстайтын қондырғыларды тоңазытқыштар дейді (3.1 сурет). Олар бу сығулы, бу ілестіргішті, ауалы, бойына сіңірулі (абсорбция) түрлі болады. Тоңазытқыштың жылуқозғалымдық айналымы сағат тілінің жүрісіне кері бағытты болады.


    1-4 айналымның түйінді нүктелері; 5 - сығымдағыш; 6 - шықтағыш; 7 - дроссель; 8 - буландырғыш; 9 - электрлі жетек; 10 мен 11 - манометрлер; А- аумалы нүкте.

    3.2 сурет - Тоңазытқыштың жылулық сұлбасы (а) мен Ts - көрнек сызбағындағы айналымы (б)
    Жылуқозғалымның екінші заңы бойын-ша кері айналымға сырттан l жұмысы берілу арқылы сал-қын көзінен (құ-тыдан) q2 жылылығы алынып, қоршаған ортаға q1 = l + q2 жылылығы беріледі. Сонда тоңазытқыш-тың тоңазыту ε есе-леуіші (холодильный коэффициент) мен жылулық сорғының жылыту χ еселеуіші келесілер болады [1]

    (3.1)

    (3.2)

    Зерттеулі қондырғы ретінде тұрмыстық тоңазытқыш алынған. Оның жылулық сұлбасы мен жылуқозғалымдық айналымы 3.2 суретте көрсетілген.

    Тоңазытқыштың жұмыс денесі жеңіл қайнайтын фреон-12-нің буы 1-2 жылуалмасусыз құбылысында әдетті құрғақ қанығу күйіне дейін сығымдағыш 5-те сығылып, жылуалмастырғыш 6-да q1 жылылығы қоршаған ортаға (ал жылулық сорғыда тұтынушыға) беріліп, қысымы мен температурасы тұрақы 2-3 құбылысында фреон-12 шықтанады.

    Фреон-12 қайнаған күйінде дроссель 7-де кедергіленіп, h3 = h4 = тұрақты қажырлы 3-4 құбылысында қанығу температурасы мен қысымы төмендеп, температурасы құтыдағы ауаның температурасынан кем болып, ауаның q2 жылылығын алып, 4-1 тұрақты температура пен қысым құбылысында фреон буланады. Бұл 8 жылуалмастырғыш сондықтан буландырғыш деп те аталады [1].

    Сығымдағыштың алдында және одан кейін фреонның қысымы 10 мен 11 манометрлермен қадағалануы мүмкін. Фреонның қажырын айналымның түйінді нүктелеріндегі температуралары арқылы (Д қосымша кестесі бойынша) алып, тоңазыту (3.1) мен жылулық сорғының жылыту (3.2) еселеуіштерін келесідей анықтуға болады

    (3.3)

    (3.4)

    Шекаралық сызықтардағы мұндағы құрғақтық дәрежелері x2 = 1-дегі h2 = h2мен x2 = 0-дегі h3 = h3және h4 = h3 қажырлардың мәндері фреон-12-нің [8]-дің (347÷349 б.) 25-ші кестесінен тікелей анықталады. Ал, фреон-12-нің қаныққан ылғалды бу көлемінің 1-ші түйінді нүктесіндегі h1 қажырдың мәні Т1 температурасы мен жергілікті құрғақтық дәрежесі x1-ге тәуелді. Бұл екі белгісіз h1 мен x1-ді келесі екі теңдеулерден табамыз (3.2 б суретті қараңыз)

    (3.5)

    (3.6)

    (3.7)

    (3.8)

    Сонымен, тоңазыту (7.3) мен жылулық сорғының жылыту (7.4) еселеу-іштер құраушылары түгел белгілі болады. Бұлар арқылы тоңазытқышта өндірілген салқынның меншікті мәні де келесідей анықталады

    (3.9)

    Тоңазытқыш айналымы температураларының аралығындағы Карноның қайтымды кері айналымының тоңазыту еселеуіші (3.1) келесідей анықталады (3.2 сурет)

    (3.10)

    мұндағы T1 = t1 + 273 – толық температура, К.

    Зерттеу мәліметтері мен олардың өңдеу кестелерін және істелген жұмыстың есептігін студенттер өздігінен жасайды [1].
    Бақылау сұрақтары


    1 Қандай айналымды теріс айналым дейді? Неге ол тоңазыту деп аталады?


    2 Тоңазыту еселеуіші дегеніміз не? Оның ПЖЕ-мен байланысы?

    3 Ауалық, бу тығызды, бу эжекторлы тоңазытқыш қондырғылардың айналымдарын суреттеп, түсіндіріп беріңіздер.

    4 Жылулық соғының (тепловой насос) жұмыс істеу қағидасын түсіндіріңіздер.

    5 БСҚ айналымын T,S- диаграммада суреттеп, түсіндіріп беріңіздер.

    6 БСҚ-ның сүлбесі мен негізгі бөлшектері.

    7 БСҚ айналымының параметрлері қалай есептеледі?


    написать администратору сайта