Главная страница

нурлан. 38бап. Судьяа арсылы білдіру (здігінен бас тарту)шін негіздер


Скачать 17.29 Kb.
Название38бап. Судьяа арсылы білдіру (здігінен бас тарту)шін негіздер
Дата25.06.2021
Размер17.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файланурлан.docx
ТипДокументы
#221414

38-бап. Судьяға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту)үшін негіздер

      1. Судья, егер ол:

      1) осы істі осының алдында қараған кезде медиацияны жүргізген судья, прокурор, куә, сарапшы, маман, аудармашы, консультант, тараптың немесе үшінші тұлғаның өкілі, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы ретінде қатысқан болса;

      2) іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің бірінің туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болса;

      3) істің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса не, егер оның бейтараптығына негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға және шешуге қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге (өздігінен бас тартуға) тиіс.

      2. Істі қарайтын соттың алқалы құрамына өзара туыс, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар болып табылатын судьялар кіре алмайды.

      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 342-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


написать администратору сайта