4 Экономикалық есептеулер. 4 Экономикалы есептеулер 1 Экономикалы тиімділік есебі
Скачать 51.19 Kb.
|
4 Экономикалық есептеулер 4.1 Экономикалық тиімділік есебі Темiр жол кәсiпорын көлiгiнiң экономикасын оқып, талдау мынандай жағдайларды үйретедi. Шаруашылықтың керексiз жерлерiн жою, жаңа даму жолдарын iздестiру. Қоғамға, яғни жұмыскерлерге басты қажет нәрсе соны бiлiп, меңгеру. Қоғамның экономикалық саласын әрi жұмыс iстеу қабiлетiн өсiру. Өндiрiстiң экономикалық тәуелділігін сауатты түрде шешу (меңгеру). Экономика ғылымы және техникалық ғылымдар, өнiм өндiрiп шығаратын өндiрiстердiң экономикасын оқытады. Техникалық ғылым, өндiрiстiң адам күшiн, өндiрiс күшiн, құрал күшiн оқытады ал экономика ғылымы адамдардың (қоғамның) ара қатынасын, өнiмнiң таралу жолын, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды үйретедi, оқытады техника көлiктерi пәнi құрамдардың санын, жолды, арту-тасымалдау iстерiн байланысты, техникалық жабдықтарды қалай жөндеу, әрi қалай пайдалану керектiгiн оқытады. Ал экономика пәнi - жоспар жасауды, ақша көлемiн, кiрiстi, пайданы, бағаны, қаржыны, әрi өндiрiстегi қоғамдық қатынастарды оқытады. Темiр жол өнеркәсiп көлiгiнiң экономикасы өзiнiң бастауын диалектикалық материализiмнен алады. Осыған негiзделедi (арқа сүйейдi). Тиiмдiлiк (эффективтiк) - деп техникалық, эксплуатациялық үнемдiлiктiң арасындағы тиiмдi қатынастарды атайды. Тиiмдiлiктiң екi түрi болуы мүмкiн. Техника - эксплуатациялық және салыстырмалы - абсолюттiк экономика (үнемдiлiк). Техника-эксплуатациялық тиiмдiлiк техниканың қайсы тиiмдi, ыңғайлы екенiн оқытады. Экономикалық тиiмдiлiк-шығынды, табысты, кiрiстi көрсетедi. Әрбiр техникалық, эксплуатациялық пайдалы тиiмдiлiк экономикалық тиiмдiдiкке көп ықпал жасайды. Ол ықпал ақша көлемiнде, кiрiс пен шығыс түрiнде болады. Мысалы, жанар майды үнемдеу, локомотивтердiң жұмыс күшiн өсiру, пойыздардың жүрiс жылдамдығын асыру, тағы да басқа жәйiттер. Осының бәрi эксплуатациялық шығынды үнемдеуге, өндiрiстiң дамуына ықпал жасайды. Барлық жағдайда да халық шаруашылығын дамытуда, осы шаруашылықтың тиiмдiлiгiн ескерген жөн. Халық шаруашылық тиiмдiлiгiн, өндiрiстегi қызмет ету қабiлеттiлiгiнен тасымалдаудың жаңа сапалы түрiнен күнделiктi шығынды үнемдеуден, таптырмайтын материалдарды үнемдеу, сақтауда, пойыздардың жүрiсiнiң қауiпсiздiгiнен тағы да басқа жәйiттерден (анықталады) көруге, түсiнуге болады. Экономикалық тиiмдiлiктi есептеп анықтауға керектi шарттар: тиiмдiлiктi ғылыми тұрғыда дәлелдеу, ең басты критериясын анықтау. Атқарылатын iстеудiң баға принцiпiн таңдап алу. Тиiмдiлiктiң әр-түрлi жағдайлар үшiн эксплуатациялық көрсеткiшiн анықтау, алгоритiмдiк өңдеу. ЭЕМ үшiн программа жасау, осының бәрi қорыта келгенде, техникалық нұсқалар халық шаруашылығы экономикасын өнiмдi түрде жасау керектiгiн дәлелдейдi. Осы жағдайлардың барлығы тиiмдiлiк критериясына ықпал жасайды. Тиiмдiлiктiң ең басты көрсеткiштерiнiң бiрi - қоғамдық еңбектiң өңiмдiлiгiн көтеру. Қоғамдық еңбектiң өнiмдiлiгiне әсер ететiн көрсеткiштерге мыналар жатады. Барлық қайта өңдеу жүйесiнiң өсiмi, өткiзу қабiлеттiлiгi өндiрiстiң көлемiнiң өсуi, тасымалдаудың өнiмдiлiгi. Пойыздардың, локомотивтердiң жылдамдығын қысқартқанда ненi еске сақтау керек: олар рельстердiң, машиналардың қауiпсiздiгi, ұзақ қызмет етуiн. Механизмдердiң қызмет ету уақытының созылмалығы. Қозғалыстағы құрамның, салмағының мөлшерi. Жүк көтерiлiмдiгiн азайту. Барлық жұмыстың автоматизациялық, механизациялық процесi және арту, тасу жұмыстарының көлем деңгейiнiң төмендеуi. Осы шарттардың бәрi - соңында ақша көлемiнiң деңгейiн көрсетедi. Тиiмдiлiктiң тағы бiр жолы-жылдық пайдалынатын шығын, белгiлi уақытқа есептелген (мысалы 5-10-15 жылға). Бұл шығын жылдың аяғына дейiн, немесе белгiленген жылға есептеледi. Бұған жанар май, электр энергиясы, қосалқы саймандар, ақы төлемi, амортизациялық шығын, жалпы шаруашылыққа керек жабдықтар жатады. Осыларға шығатын шығындар қайтарылатын шығынға жатады бұл өзiндiк құн деп аталады. Өнеркәсiп жұмысының тиiмдiлiгi, көбiнесе iстелiнетiн жұмыстардың сапасы мен көлiктiң магистральдық түрлерiне байланысты. өндiрiс пен өнеркәсiп өнiмдерiнiң артуы өнеркәсiп орындарының көбейуi, ауылшаруашылығының дамуы, құрлыстың дамуы, ең соңында темiр жол өнеркәсiп көлiктерiнiң маңыздылығын көрсетедi. Темiр жол өнеркәсiп көлiгi бiр жағынан бөлiнбейтiн бiр бөлiгi, ал екiншi жағынан елдiң көлiк жүйесiнiң ең маңызды саласы. Темiр жол өнеркәсiп көлiктерiнiң 20 жылда атқарған жұмыс көлемi 2 есеге өскен. Темiр жол көлiгiнiң тиiмдiлiгi көбiнесе көлiктiң белгiлi бiр түрiмен атқарылуына байланысты. Қазiргi уақытта ең көп тараған түрi темiржол цехтары. Бұлардың үлесiне тиетiнi - темiр жол тасымалдау жұмысының 74,7 % пайызы, темiржол шаруашылығына тиiстi үлес - 2,6%, өнеркәсiп салаларының арасындағы темiржол көлiктерiне тиетiн үлес - 4,7%, темiржолдың қабылдау жолдарының үлесiне тиiстiсi - 27%. Осы дипломдық жұмыста Жаңа – Қарағанды стансасында вагон айналымы уақытын және тиеу бекетінде тұру ұзақтығын қысқарту қарастырылған. Есептеулер бойынша алынған барлық уақыт нормалары үлкен жағына қарай дөңгеленеді. Жүк ауласына маневрлік локомотивтің бос кіру немесе оның кері қайту уақытын жіберуге (алуға) арналған уақыттан 5 минут кем алады. Берудегі вагондар санын үлкен шамаға дейінгі тапсырмадан алады. Парк сортынан қабылдау-жөнелтуге тарту жолы арқылы құраманың орнын ауыстыру уақыты тақ басына ғана есептеледі, жұп басқа сол уақыт қабылданады. Жалпы пайдалану шығындары екі жағдайда формула бойынша анықталады: тг, (4.1) тг, (4.2) мұндағы Зпр1,2– бос тұрыс шығыны; Зз.п1,2 – құрамды тарқатып-құрастыруға кететін шығын; З п.ф.1,2 –транзиттік пойыздарды өңдеу шығыны; Зпр.р 1,2 – басқа шығындар; Зэл2 – электр қуатының шығындары. Ендігі кезекте осы мәндердің әрқайсысын жеке есептеуге көшеміз. Алдымен, Зпр1-бос тұрыс шығынын есептейміз. Екі жағдайда да мына формуламен есептеледі: Зпр1 = Тпр *Сч , тг, (4.3) мұнда - орташа бос тұрыс уақыты, бірінші жағдайда 15 сағат, ал екінші жағдайда, құрастыру, тарқату арқылы уақыт нормаларын 10 сағат; - бос тұрыстың бір сағаттағы құны – 204 тг/1сағ; онда мың теңге; мұндағы: 50 т – бір вагондағы жүктің орташа салмағы; 60 – құрамдағы вагондардың орташа саны, Мәндерін қоя отырып есептейміз, бірінші жағдайда , мың теңге екінші жағдайда , мың теңге Өңделетін транзиттік пойыздар шығыны мына формуламен анықталады: тг (4.4) - стансадан өтетін өңделетін транзиттік пойыздар саны; =15 пойыз - өңделетін транзиттік пойыздағы вагондар саны - 60 вагон - бір жылдағы ай саны Мәндерін қоя отырып есептейміз: мың тг Екінші жағадайдағы маневр локомотивтеріне кететін шығын мөлшері де осындай болып қалады, себебі локомотивтер саны өзгермейді ( мың тг). Басқа шығындар маневр локомотивтеріне кететін шығынның жалпы қорының 3,5% құрайды:тг (4.5) мың тг Электр қуатының шығындары: , мың тг Жалпы соңында пайдалану шығындары анықталады:мың тг, мың тг. Ары қарай жалпы келтірілген шығындарды формула бойынша есептейміз:(4.6) мың тенге Осы есептеулерден кейін көретініміз, Жаңа – Қарағанды стансасында вагон айналымы уақытын және тиеу бекетінде тұру ұзақтығын қысқарту арқылы техникалық қызмет көрсетуден, вагондарды ағытусыз жөндеуден және автотежегіштерді сынаудан; құраманы коммерциялық тексеруден және коммерциялық ақаулықтарды түзеуден; локомотивті немесе локомотивтік бригаданы ауыстырудан станцияның жұмысына үлкен тиімділік әкеледі. Кесте 4.1 «ҚТЖ» ҰК АҚ Жаңа – Қарағанды стансасында вагон айналымы уақытын және тиеу бекетінде тұру ұзақтығын қысқарту – экономикалық көрсеткіштердің нәтижелері
|