рубежка. 4. Гомеопатияны негізгі принциптері
Скачать 16.43 Kb.
|
4. Гомеопатияның негізгі принциптері. Ұқсастық принципі; Шағын дозалар принципі; Дәрілік заттардың потенциалдану принципі; «Өмірлік күш» принципі; Дененің тұтастығы принципі; Дәрілік заттарды сынау принципі. (Алғашқы үш принцип негізгі болып саналады) 1. Ұқсастық қағидасы (ережесі). Бұл принцип сырқаттанған адамға аз дозада қолданған кезде емделетін аурудың симптомдарына ұқсас симптомдарды көрсететін, жеке таңдалған дәрілік затты қолдануға негізделген. С. Ганеманның айтуынша, әрбір дәрі адам ағзасында ауру тудырады. Көбінесе, созылмалы ауруларды емдеу үшін, осындай аурудың жасанды түрін тудырып, сол арқылы емдейтін дәрілік заттарды қолдану керек. 2. Дәрілік заттарды аз дозада (жоғары сұйылтуларда) қолдану қағидасы. Бұл қағида бастапқы матрицалық тұндырмаларды, ерітінділерді немесе қатты субстанцияларды көп санды кезектескен сұйылтуға негізделген (тіпті кейде дәріде бастапқы заттың бір де бір молекуласы қалмағанша) және тек оны потенцирлеу жағдайында неғұрлым сұйылту саны жоғары болған сайын, дәрінің белсенділігі де жоғарылайды. Мұндай гомеопатиялық дәрілерді «сұйылтпалар» деп атайды. Белсенді заттардың өте аз және «материалды емес» дозасын қолданудың негізгі себебі – гомеопатияға толық сенбеушілік. 3. Потенцирлеу (латынша potentia – мүмкіндік, қабілеттілік) немесе динамизация (латынша dinamis – күш) қағидасы. Бұл қағида гомеопатиялық препараттарды дайындағанда сериялық сұйылтуды және шайқауды үйлестіруге негізделеді. 16.Гомеопатиялық эссенциялар және жаңадан жиналған өсімдіктердің шырындары Эссенциялар-бұл өсімдік тектес гомеопатиялық монокомпонентті препараттар, олардың әрқайсысы адамның белгілі бір жағымсыз сезіміне немесе эмоционалды жағдайына әсер етеді және оны бейтараптандыруға көмектеседі. Эссенция-жаңа өсімдіктен сығылған шырын мен 90% этанолдың қоспасы. 60% немесе одан да көп шырын беретін жаңа шырынды өсімдіктерден эссенциялар дайындалады Эссенциядан бастапқы тұндырма дайындау Гомеопатиялық технологияның міндеті жас өсімдіктен алынатын сөл сығындысы максимальды болуы. Эссенция белгілі өсімдік сөлі құрамын есептей отырып дайындалады. В. Швабе жетекшілігі немесе ФМ 3 әдісі бойынша сөлді 86% этанолмен (масса бойынша) (90% ) араластырады. Кейбір жағдайда эссенция алу үшін этанолдың әртүрлі концентрациясы пайдалануы мүмкін. Эссенция 1:2 қатынаста, 1:3 қатынаста алынады. Эссенция дайындау технологиясы. Бірнеше әдістермен алынады. - 1 әдіс бойынша - өсімдік құрамында сөл 70 % -тен жоғары болса және ӛсімдік шикізатында эфир майлар, шайырлар, шырыштар болмаса. Стадия 1: Шикізатты дайындау. Этил спирті мен өсімдік шикізатын ұнтақтап өлшеу Стадия 2: Шикізатты пресс астында сығу. Стадия 3: Араластыру. Алынған шырынды 90% этил спиртінің теңдей мөлшерімен араластырып, қатты шайқап, тұндырады Стадия 4: Мацерация (тұндыру). Күн сайын араластыра отырып, 20 °С аспайтын температурада тығыз жабылған ыдыста 8 тәулікке тұндырылады Стадия 5: Сүзу. 24. потенциал және динамизация. Потенцирлеу (латынша potentia – мүмкіндік, қабілеттілік) немесе динамизация (латынша dinamis – күш) қағидасы. Бұл қағида гомеопатиялық препараттарды дайындағанда сериялық сұйылтуды және шайқауды үйлестіруге негізделеді. Гомеопатияда сұйылту деп - барлық кезекті ретімен сұйылту кезінде потенцирлеуді міндетті жағдайда, дайындалған ерітіндідегі заттар толық болмауына дейін 10,100,1000,....., еселеп концентрацияларын кезекті ретімен төмендету. Мұндай сұйылтуларды потенция деп атайды. Сұйылтуларды алады: - гомеопатиялық ерітінділерді сұйылту және потенцирлеу арқылы; - тритурациядан сәйкес келетін еріткіштермен потенцирлеп; - бастапқы тұндырмадан сұйылту және потенцирлеу арқылы. Сұйылту немесе ысқылау 2 шкала бойынша жүргізіледі: 1. Ондық сұйылту шкаласы. 2. Жүздік сұйылту шкаласы. Ондық сұйылту шкаласы. Гомеопатиялық дәрілік қалыптарды ондық сұйылту шкаласы бойынша дайындау келесі негізгі ұстаным арқылы жүргізіледі: бірінші ондық сұйылту (D1, Х1) бастапқы дәрілік заттың 1/10 бөлігінен тұрады. Әрбір келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудың бір бөлігінен және индифферентті сұйылтқыштың (тазартылған су, этил спирті, сүт қанты) 9 салмақтық бөлігімен дайындалады, яғни келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудан 10 есе жоғары. Жүздік сұйылту шкаласы. Гомеопатиялық дәрілік қалыптарды жүздік сұйылту шкаласы бойынша дайындау келесі негізгі ұстаным арқылы жүргізіледі: бірінші жүздік сұйылту (1, С1) бастапқы дәрілік заттың 1/100 бөлігінен тұрады. Әрбір келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудың бір бөлігінен және индифферентті сұйылтқыштың (тазартылған су, этил спирті, сүт қанты) 99 салмақтық бөлігімен дайындалады, яғни келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудан 100 есе жоғары. |