Главная страница

Горное дело. 5. Сутөкпе. 4 олданыстаы суткпе


Скачать 17.25 Kb.
Название4 олданыстаы суткпе
АнкорГорное дело
Дата02.06.2022
Размер17.25 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла5. Сутөкпе.docx
ТипДокументы
#566364

5. Сутөкпе

4.2.1. Қолданыстағы сутөкпе

«Алпыс» жерасты кенішінің сутөкпе комплексі карьерге жерасты жұмыстарынан және атмосферадан түсетін суларды шығаруға арналған. Судың жиынтық келуі 100 м³ шамасында. Шахталық сулар рН=4 болады.

№1 және №2 карьерлерінің түбіндегі жерасты, нөсерлік және басқада жиналған суларды шығару үшін өнеркәсіп аумағының тысқары жағында карьерлік сутөкпенің қолданыстағы сорғылары қолданылады.

Қолданыстағы сутөкпелік жабдықтардың қысқаша техникалық сипаттамалары 4.1 кестесінде көрсетілген.
Кесте 4.1- Қолданыстағы сутөкпелік жабдықтардың техникалық сипаттамалары


Атауы

Өлшем бірлігі

170 м горизонтының сорғылық станциясы

130 м горизонтының сорғылық станциясы

95 м горизонтының уақытша ұңғымалы сорғысы

Сорғы түрі

-

ЦНСК 60-99

ЦНСК 60-165

ЦНСК 60-99

Өнімділігі

м3/сағ

60

60

60

Арыны

м

99

165

99

Қозғалтқыштың қуаты

кВт

30

55

30

Сорғылар саны

дана

3

3

3

Салмағы

кг

253

321

253


Кеніштегі шахталық суларды шығаруға 170 м, 130м горизонтында орналасқан екі сутөкпелік станцияларды және 95 м горизонтында орнатылған бір ұңғымалы сутөкпелік сорғыларды қолданады.

Автотранспортты көлбеулікте орналасқан 95 м горизонтының уақытша ұңғыма сорғы станциясы, әрбірінің өнімділігі 60 м3/сағ, арыны 99 м болатын ЦНСК 60-99 центрден тепкіштік сорғысымен жабдықталған. Ұңғымалық жұмыстардан шыққан шахталық сулар, диаметрі 200 мм болатын құбыр өткізгіш арқылы 130 м горизонтының аумақтық сорғы станциясының су жинағыштарына жіберіледі. 130 м горизонтының аумақтық сорғы станциясы әрбірінің өнімділігі 60 м3/сағ, арыны 165 м болатын ЦНСК 60-165 түріндегі төрт ( біреуі жұмыс істеуде, 1 резервте, 2 жөндеуде) сорғымен жабдықталған. 130 м горизонтының аумақтық сутөкпесіне автотранспортты көлбеулікпен төселген диаметрі 200 мм болатын құбыр өткізгіш арқылы келетін шахталық сулар 170 м горизонтының су жинағышына жіберіліп, одан әрі ЦНСК-60-99 (екі бірлігі) сорғылары арқылы жер бетіндегі буландырғыш тоғанға тартылады.
4.2.2. Жобалық сутөкпе
Жоғарғы жобалық горизонттардан барлық сулар ұңғыма арқылы 20 м горизонтына түсіріледі. Оны горизонтқа беру үшін жоба бойынша 20 м горизонтында аумақтық сорғы қондырғысының құрылысы қарастырылған, горизонтпен автотранспортты көлбеуліктің қиылысқан жерінде тереңдетілген түрдегі сорғы станциясы орнатылады. Сорғылық станция әрбірінің өнімділігі 60 м3/сағ, арыны 132 м болатын ЦНСК 60-132 түріндегі төрт сорғымен жабдықталады. Шахталық сулар 130 м горизонтына диаметрі 200 мм болатын сутөкпелік құбыр арқылы жіберіледі (екеуі жұмыс істеуде, біреуі жөндеуде, біреуі резервте). Сорғылардың жұмысы толық автоматтандырылған. Одан әрі шахталық суларды беру қолданыстағы сутөкпелік схема бойынша жүргізіледі.

Жобаланатын сутөкпелік қондырғылардың қысқаша техникалық сипаттамасы 4.2 кестесінде көрсетілген.
Кесте 4.2 - Жобаланатын сутөкпелік қондырғылардың техникалық сипаттамасы


Атауы

Өлшем бірлігі

Сорғылық горизонт 20 м

Арналуы

-

Горизонтқа суды тартып шығару

Сорғы:

- түрі

- өнімділігі

- арыны

-

м3/сағ

м

ЦНСК 60-132

60

132

Электрқозғалтқыш:

- түрі

- қуаты

- айналу жиілігі

кВт

об/мин

ВАО-81-2

40

2950

Орнатылған сорғылардың саны

дана

3

Салмағы

кг

287


Сорғылық камерада орналасқан арнайы шұңқырдағы суды шығару үшін дренаж ретінде ГНОМ түріндегі сорғылар қолданылады. Құбырларды ауыстыру электржетекті қозғалтқыштар көмегімен жасалынады.

Сорғылардың электрқуатты және автоматтандыру жабдықтары сорғы камераларының өрлемесімен автотранспортты көлбеулікті байланыстыратын жүрдектерінде орналасады.

Арынды құбыр өткізгіштерде орнатылған қозғалтқыштарды күту үшін сорғылық камераларда арнайы аумақтар имараты қарастырылған. Сорғылық станциясына қондырғыларды жеткізу үшін сапты тальімен дарарельс қондырғысы Q=3 т қарастырылады.

Сорғы камерасын су жинағыштардан бөлетін темірбетонды қабырғаның қабылдау қысымтығына жетуді қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайда герметикалық жабық болуы мүмкін арнайы люк қарастырылған.

Сорғы станциясы су жинағышының сыйымдылығы 400 м³, ол ТПБ қажет ететін тәуелсіз екі тармақтар үшін вертикальды темірбетон қабырғасының ортасынан бөлінген горизонтальды тереңдетілген қазындыны білдіреді.

Шахталық суларда рН=4 болады, оны ішінен полиэтиленмен қапталған болат құбырлардың сутөкпелері үшін қолдануға қарастырылған. Үстіңгі қабат бойынша төселген құбыр өткізгіштердің аумағы үшін судың қыс мезгілінде қатып қалмауы үшін жылу оқшаулағыш қолдану қарастырылған.


написать администратору сайта