Главная страница

ңпае. 14 такырып. 4параграф. Вирусты гепатиттер мен аитв инфекциясы бойынша санитариялыпрофилактикалы ісшараларды йымдастыруа жне


Скачать 17.75 Kb.
Название4параграф. Вирусты гепатиттер мен аитв инфекциясы бойынша санитариялыпрофилактикалы ісшараларды йымдастыруа жне
Дата31.10.2022
Размер17.75 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла14 такырып.docx
ТипДокументы
#763997

4-параграф. Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша

санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және

жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

84. Қанмен және ықтимал жұқтырылған биологиялық сұйықтықтармен

жұмыс істеу кезінде профилактика шараларын сақтау қажет. Медицина

қызметкерлері, оның ішінде зертханалардың қызметкерлері және денсаулық

сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында оқитын адамдар парентералдық

жолмен берілетін ауруларды жұқтыру бойынша тәуекел топтарына жатады.

85. Инфекция жұқтырудан қорғау мақсатында:

1) осы құралдарды пайдаланудың барлық уақыты ішінде тері жабынын,

көзді, ауызды және сілемейқабықты биологиялық сұйықтықтармен жанасудан

қорғайтын ЖҚҚ;

2) қорғаныш құралдары мен қауіпсіз технологиялар қолданылады.

86. Денсаулық сақтау ұйымдарында инфекция жұқтыруды болдырмау үшін

мынадай талаптар сақталады:

1) жұмыс беруші ЖҚҚ береді;

2) биологиялық сұйықтықтармен және олармен ластанған беттермен жұмыс

тікелей жұмыс алдында киілетін қолғаптармен жүргізіледі. Бір рет қолданылатын

қолғаптарды қайта пайдалануға жол берілмейді;

3) жұмыс халат, хирургиялық қалпақ немесе бас киім, ауыстырылатын аяқ

киім киіп жүзеге асырылады;

4) бетті иекке дейін жабатын маскалар, қорғаныш көзілдірігі немесе бетке

арналған экран немесе бүйірлік қалқандармен жабдықталған қорғаныш

көзілдірігімен бірге маскалар қолданылады;

5) ЖҚҚ қолжетімді жерде сақталады;

6) персоналдың шағын жарақат алу жағдайларын, қан мен биологиялық

сұйықтықтардың теріге және сілемейқабыққа түсетін авариялық жағдайларды

есепке алу қамтамасыз етіледі.

87. Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары:

1) биологиялық сұйықтықтар теріге түскен кезде қолғаптарды немесе ЖҚҚ

шешкеннен кейін дереу қолды сабынмен жуу, содан кейін ластанған жерлерді жуу

қажет. Қол ағынды судың астында жуылады. Ағынды су болмаған жағдайда қолға

бір рет қолданылатын қағаз сүлгілерді немесе антисептикалық сулықтарды

қолдану керек;

2) инелері бар бір рет қолданылатын шприцтер алдын ала жуылмай,

дезинфекцияланбай, бөлшектелмей және деформацияланбай пайдаланылғаннан

кейін қауіпсіз жинау және кәдеге жаратуға арналған контейнерлерге (бұдан әрі –

ҚКЖК) тасталады;

3) көп рет пайдаланылатын ластанған, кесетін және тесетін құралдар

кейіннен өңдеу үшін бірден қатты, ылғал өткізбейтін (түбі мен қабырғалары),

таңбаланған контейнерлерге салынады;

4) ҚКЖК пайдалану үшін ыңғайлы жерде орналастырылады, олардың

толып кетуіне жол берілмейді (төрттен үшке толтырылады) және тек мұқият

жабылған күйінде жылжытылады;

5) биологиялық сұйықтықтардың үлгілері тиісті таңбасы бар герметикалық

контейнерлерге орналастырылады. Егер үлгілер бар контейнер ластанған немесе

зақымдалған болса, ол екінші контейнердің ішіне орналастырылады;

6) ластанған киім-кешекпен жанасуды барынша азайту, оны таңбаланған

қаптарға немесе контейнерлерге салу, ылғалды киім-кешекті су өткізбейтін

қаптарда немесе контейнерлерде тасымалдау керек.

88. Инфекция жұқтырудың профилактикасы үшін:

1) биологиялық сұйықтықтармен жанасу ықтимал жұмыс орындарында

тамақ ішуге, темекі шегуге, макияж жасауға, түйіспелі линзаларды шешуге

немесе киюге;

2) тамақ пен сусындарды тоңазытқыштарда немесе биологиялық

сұйықтықтар мен тіндердің үлгілері сақталатын орындарда сақтауға;

3) биологиялық сұйықтықтарды ауызбен тамшуырға соруға;

4) биологиялық сұйықтықтармен ластанған шыны сынықтарын қолмен

көтеруге;

5) шприцтерден пайдаланылған инелерді бүгуге, сындыруға, алуға, оларға

қалпақтар кигізуге және осындай әрекеттерді ластанған өткір аспаптармен

жүргізуге;

6) көп рет қолданылатын шаншитын және кесетін құралдар бар

контейнерлерден қолмен бірдеңе алуға, контейнерді қолмен ашуға, босатуға жол

берілмейді.

89. Медицина персоналын кәсіптік инфекция жұқтырудың профилактикасы

бойынша оқытуды медициналық ұйымдардың басшылары қамтамасыз етеді.

90. Денсаулық сақтау ұйымдарының персоналы (медициналық, сондай-ақ

медициналық емес) жұмысқа қабылдану кезінде және жыл сайын осы

Санитариялық қағидаларда белгіленген қауіпсіздік техникасы бойынша

нұсқамадан өтеді.

91. Қан қызметі, хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық,

акушерлік, гематологиялық бейіндер саласындағы қызметті жүзеге асыратын

және гемодиализбен айналысатын ұйымдардың қан мен оның компоненттерін

дайындау бөлімінің медицина қызметкерлері, сондай-ақ диагностика мен

емдеудің инвазивтік әдістерін жүргізетін медицина қызметкерлері ВВГ, СВГ,

АИТВ инфекциясының маркерлеріне тексерудің оң нәтижелері болған кезде

диагноз нақтыланғанға дейін жұмысқа жіберілмейді.

92. ВВГ, СВГ, АИТВ инфекциясын жұқтырған, тері жабынының немесе

сілемейқабықтың тұтастығының бұзылуымен байланысты медициналық

манипуляцияларды орындайтын медицина қызметкерлері тері жабынының немесе

сілемейқабықтың тұтастығының бұзылуымен байланысты манипуляцияларды

жүргізумен байланысты емес жұмысқа ауыстырылуға жатады.

93. Гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді,

жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды

транспланттау және ауыстырып салу жүргізу алдында және жүргізілгеннен кейін

алты айдан соң пациенттер ауруды анықтау, емдеуді ұйымдастыру мақсатында

ВВГ, СВГ және АИТВ инфекциясы маркерлеріне тексерілуге жатады.

94. ВВГ, СВГ және АИТВ инфекциясының маркерлеріне оң нәтижелер

болған кезде медицина қызметкерлері қанды, оның компоненттері мен

препараттарын дайындау процесіне жіберілмейді.


написать администратору сайта