1.Ұйымдастыру
2. Өткен тақырыпты еске түсіру\ қайталау 3. Жаңа сабақты меңгеру
4. Бекіту
| Ұйымдастырушылық сәт: Журнал бойынша сабаққа қатысушыларды тексеру. Сыныптағы тәртіп ережесімен танысу. Электронды кестелердің элементтерін қалай пішімдеуге болады?
Деректер типтері дегеніміз не?
Шартты пішімдеу дегеніміз не?
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оның мақсаттары және критерийлерімен таныстыру. Мәтіндік файлды жазу үшін ашу үшін w (қайта жазу) немесе а (жазуға қосу) режимдерінің бірін қолдану керек. Содан кейін жазба жазу үшін write(str) әдісі қолданылады, онда жазылатын жол беріледі. Мұнда тек жол ғана жазылатынын атап өту керек, егер сандар немесе басқа да типті берілгендерді жазу керек болса, онда оларды жолға түрлендіру керек.
"hello.txt" файлына қандай да бір ақпарат жазайық:
with open("hello.txt", "w") as file:
file.write("hello world")
Егер біз Python-ның ағымдағы скрипті жазылған буманы ашатын болсақ, онда hello.txt файлының пайда болғанын байқаймыз. Бұл файлды кез келген мәтіндік редактормен ашып, қажет болса, өзгерту енгізуімізге болады.
Енді осы файлға тағы бір жолды қосып жазайық:
with open("hello.txt", "a") as file:
file.write("\ngood bye, world")
| Файлға жаңа жол қосқан кезде ол ондағы соңғы символға қосылады, сондықтан, жазбаны жаңа жолдан бастау керек болса, "\n" эскейп-тізбегін қою керек. Нәтижесінде hello.txt файлында келесідей жазба болады:
hello world
good bye, world
| Файлға жазудың тағы бір әдісі print() стандартты әдісі болып табылады. Ол берілгендерді консольға шығару үшін қолданылады:
with open("hello.txt", "a") as hello_file:
print("Hello, world", file=hello_file)
| print әдісі көмегімен берілгендерді шығару үшін екінші параметр ретінде file параметрі арқылы файл атауы беріледі. Ал біпінші параметр файлға жазылатын жолды көрсетеді.
Файлды оқу.Файлды оқу үшін оны r (Read) режимінде ашу керек. Одан кейін оның мазмұнын әр түрлі әдістермен оқуға болады:
readline(): файлдағы бір жолды оқиды read(): файлдың барлық мазмұнын бір жолға оқиды readlines(): файлдың барлық жолдарын бір тізімге оқиды.
Мысалы, жоғарыда жазылған файлдың әр жолын жеке оқиық:
with open("hello.txt", "r") as file:
for line in file:
print(line, end="")
| Әр жолды оқу үшін readline() әдісін нақты қолданбасақ та, бұл әдіс әр жолды алған кезде автоматты түрде шақырылады. Сондықтан циклде readline() әдісін қолмен жазып отырудың қажеті жоқ. Және жолдар "\n" жаңа жолға көшу символымен ажыратылғандықтан, жаңа жолға артық көше бермес үшін print функциясына end="" мәні беріледі.
Енді жеке жолдарды оқу үшін readline() әдісін нақты қолданайық:
with open("hello.txt", "r") as file:
str1 = file.readline()
print(str1, end="")
str2 = file.readline()
print(str2)
| readline әдісін файлдағы әр жолды оқу үшін while циклінде қолдануға болады:
with open("hello.txt", "r") as file:
line = file.readline()
while line:
print(line, end="")
line = file.readline()
| Егер файл үлкен болмаса, онда оны read() әдісі көмегімен бірден оқуға болады:
with open("hello.txt", "r") as file:
content = file.read()
print(content)
| Сондай-ақ барлық файлды жолдар тізімі ретінде оқу үшін readlines() әдісін қолданамыз:
with open("hello.txt", "r") as file:
contents = file.readlines()
str1 = contents[0]
str2 = contents[1]
print(str1, end="")
print(str2)
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
| Амандасу.
Тапсырмаларды орындау Видеоны қарау. Сұрақтарға жауап беру
| Стикер 1-10 баллды
|
Видеоролик:
|