Главная страница
Навигация по странице:

  • Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  • Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

  • Сабақтың барысы/ кезеңі/ уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

  • Сабақтың ортасы (3 3 мин) Топтық жұмыс. Джигсо әдісі

  • Зымыран әдісі

  • Сабақтың соңы (5 мин) Рефлексия (3 мин) Жеке жұмыс.

  • Қосымша 1 Тапсырма.

  • 4 топ 8 сынып. 4 топ Блім Оптика Педагогті Т. А.. (болан жадайда)


    Скачать 192.3 Kb.
    Название4 топ Блім Оптика Педагогті Т. А.. (болан жадайда)
    Дата08.03.2023
    Размер192.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4 топ 8 сынып.docx
    ТипДокументы
    #974994

    4 топ

    Бөлім:7.1.

    Оптика

    Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

    Абдрахманова А.О., Сагымбаев Б.Н.

    Күні:

    27,02,2023

    Сынып:

    8

    20

    Сабақтың тақырыбы

    Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

    8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау

    Сабақтың мақсаты:

    Көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттайды

    ЕҚБ ерекшелігі

    • Гиперактивті - эмоциялық ерік бұзылыстары бар балалар.

    Сабақ барысы

    Сабақтың барысы/ кезеңі/ уақыты

    Мұғалімнің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    (7 мин)

    Ұйымдастыру кезеңі.

    Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Дайындығын тексеру. Назарын сабаққка аудару.

    Оқушыларды онлайн генератор арқылы топқа бөлу.

    Суретті сөйлет әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

    ЕБҚ: топтың басшысы ретінде жауапкершілікті беру. қосымша сұрақтар қою



    Әр оқушы өз нөмірі бойынша тобын анықтайды.

    Суретті сөйлете отырып жұқа линзада сәуленің жолын салады және кескінге сипаттайды

    ЕБҚ: топтың басшысы болады.



    1)Линзада сәуленің жолын салады. [1]

    2)кескінді сипаттайды. [1]

    3)суретті сөйлетеді. [1]

    http://castlots.org/razdelit-na-gruppy/

    үлестірме қағаз

    1 топ:



    2 топ:



    3 топ:



    4топ:




    Сабақтың ортасы

    (33 мин)

    Топтық жұмыс. Джигсо әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгеру.

    1 топ: Көз- оптикалық жүйе

    2 топ: Көздің оптикалық жүйесінің үш түрі

    3 топ: Жұмысқа көзілдірікті дұрыс таңдау. Жинағыш линзаның оптикалық күшін анықтау

    4 топ: Көздің жас шамасына байланысты ерекшеліктері. Екі көзбен көрудің артықшылығы

    Зымыран әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.


    Жұптық жұмыс. «Көздің алыстан және жақыннан көргіштігі» Венн диаграммасын құру.

    Құрылымдық тапсырма орындайды. (Қосымша 1)

    ЕБҚ: Сау көздің линзасы жақыннан көрмейтін көздің линзасынан айырмашылығын анықтаңыз?


    Оқушылар өз тақырыптарын талқылайды(3мин).

    Өз ойларын ортаға салып, сұрақтар құрастырады. (3мин)


    Әр топ басқа топ оқушыларының сұрақтарына жауап береді. (4 мин)
    Оқушылар көздің алыстан және жақыннан көргіштігін анықтайды, кестені толтырады. (5 мин)
    Текст бойынша тапсырмаларды орындайды. (15 мин)

    ЕБҚ: Сау көздің линзасы жақыннан көрмейтін көздің линзасынан айырмашылығын анықтайды.

    1)Оқушылар мәтінді талқылайды, түсіндіреді [1]

    2)сұрақтар құрастырады. [1]


    3)сұрақтарға жауап береді. [1]


    1)Оқушылар көздің алыстан және жақыннан көргіштігін анықтайды. [1]

    2)кестені толтырады. [1]


    1) Көздің ақауын және линза түрін анықтайды. [1]
    2) Көздің ақауын және линза түрін сипаттайды. [1]
    3) Оптикалық күш формуласын жазады. [1]

    Оптикалық күшті есептейді. [1]



    Оқулық 8 сынып Физика, 256-259 б

    үлестірме қағаз




    Сабақтың соңы

    (5 мин)

    Рефлексия

    (3 мин)


    Жеке жұмыс.

    Kahoot платформасында әр оқушы тапсырмаларды беру.


    БББ кестесін толтырады.

    Үй тапсырмасын беру.

    Сілтеме арқылы кіріп, тапсырманы орындайды. (5 мин)

    Кесте толтырып, кері байланыс жасайды.

    1) Жауаптарды сәйкестендіреді. [1]

    2) Линзаның қасиеттерін салыстырады. [1]

    «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды.

    Жалпы 13 балл

    «12-13»- 9-10балл

    «9-11» -7-8 балл

    «6-8» - 5-6 балл

    «0-5» - 0-4 балл

    https://kahoot.it/



    Қосымша 1

    Тапсырма.

    Әсел кітапты көзіне әдеттегіден жақын, шамамен 17,9 см қашықтықта ұстап оқиды. Ата-анасы оны дәрігерге апарып, көзілдірік таңдап берді. Енді Әсел кітапты кәдімгідей 25 см қашықтықта ұстап оқитын болды. Алайда атасы өз көзілдірігінің орнына Әселдің көзілдірігімен қараған кезде тіптен ештеңе көрінбейтінін айтты.

    1. Әселдің көзінің ақауы және оның көзілдірігінің линзасының түрін анықтаңыз

    1. Жақыннан көргіштік, жинағыш

    2. Жақыннан көргіштік, шашыратқыш

    3. Алыстан көргіштік, жинағыш

    4. Алыстан көргіштік, шашыратқыш

    5. Анықтау мүмкін емес

    2. Әселдің атасының көзінің ақауы және оның көзілдірігінің линзасының түрін сипаттаңыз.

    3. Әсел көзілдірік таққан кезде «көзілдірік-көз» жүйесінің оптикалық күші нөлге тең екендігін көрсетіңіз.

    4. Әселдің көзілдірігінің оптикалық күшін анықтаңыз.


    написать администратору сайта