Биология 10 сынып тжб 4 тоқсан. 4-10-тжб. 40 минут Балл саны 13 Тапсырма трлері кдж
Скачать 0.81 Mb.
|
«Биология» пәнінен 4 тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Ұзақтығы – 40 минут Балл саны – 13 Тапсырма түрлері: КДЖ – Көп дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар; ҚЖ – Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар. 1. Іс-әрекет потенциалы уақытында нейрон реполяризациясында болатын үрдіс. 2. Жұлынның сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіздері деп атайды. Артқы мүйізінде рефлекторлық доғаның қай нейрондары орналасады? А) сенсорлы нейрон B) аралық нейрон C) афференттік нейрон D) эфференттік нейрон [1] 3. Пачини денешігінің миелинденген талшығының негізгі қызметін анықтаңыз. A) қоздырғыштарды қабылдау B) қоздырғышты тоқтату C) әрекет потенциалын тасымалдау D) әрекет потенциалын тудыру [1] 4. Жүрек циклының кезеңдері қандай? A) систола және диастола B) систола, жүрекшенің систоласы, қарыншаның систоласы C) жүрекшенің систоласы және қарынша систоласы D) дисатола және систола [1] 5. Саркомерлердегі жіңішке жіпшелерге сәйкес келетін нәруызды анықтаңыз: A) миозин B) актин C) миоглобин D) гемоглобин [1] 6. 1-суретте сүтқоректілердің жүйкелік реттелу нәтижесіндегі бұлшықеттің жиырылуы бейнеленген. а) 1-суреттен келесі бөлімдерді анықтау үшін таңбалар немесе әріптер қолданыңыз. A – тек актин ақуызы бар бөлік B – тек миозин ақуыздары бар бөлік [1] b) Кестеде бұлшықеттердің жиырылуы кезіндегі кейбір сипаттамалар берілген. Олардың реттілігі бұрыс күйінде жазылған. Сондықтан кестедегі қалған сипаттамалардың дұрыс реттілігін анықтаңыз. 7. 2- суреттегі бас минының көлденең кесіндісі берілген. Жүректің жиырылу жиілігін автономды реттеуді жүзеге асыратын құрылымды анықтаңыз. [1] 8. Биотехнология — биологиялық ағзалардың қатысуымен жүретін үдерістерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану болып табылады. Биотехнологияда тірі ағзаларды қолданудың бір артықшылығы мен кемшілігін жазыңыз. Артықшылығы [1] Кемшілігі [1] 9. Полимеразды тізбекті реакциясы (ПТР) ДНҚ үлгілерінің көшірмесін көбейтуге негізделген әдіс. ПТР технологиясының арқасында бір тал шаштың фоликуласы немесе ақ қан жасушаларынан бірнеше ДНҚ көшірмелерін алуға болады. Мұндай әдістер сот сараптамасында өте маңызы зор. ПТР технологиясының сатылары төмендегі суреттен көруге болады. a) ПТР – дің бірінші сатасында ДНҚ үлгісін 94 ° C қыздыру нәтижесінде екі тізбектің ажырауына қалай алып келетіндігін сипатта. [1] |