Главная страница
Навигация по странице:

  • 42.Балалардағы ЖБЖ –нің себептері мен салдары.

  • Преренальды себепкер

  • Ренальдық себепкер ықпалдар бүйрек тініне тікелей

  • Постренальды себепкер

  • 43.Балалардағы жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

  • 45.Жедел және созылмалы қабыну процестерінің этиологиясы мен патогенезі

  • патфиз. 41-45 патфиз. 41. Созылмалы бйрек жетіспеушілігі кезіндегі баса жйелердегі згерістер мен диурезді санды згерістері


    Скачать 16.4 Kb.
    Название41. Созылмалы бйрек жетіспеушілігі кезіндегі баса жйелердегі згерістер мен диурезді санды згерістері
    Анкорпатфиз
    Дата22.12.2021
    Размер16.4 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла41-45 патфиз.docx
    ТипДокументы
    #314611

    41.Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі басқа жүйелердегі өзгерістер мен диурездің

    сандық өзгерістері.

    Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіс – бүйрек функциясының біртіндеп жоғалуы, созылмалы бүйрек ауруы салдарынан нефронның өлімінен туындаған. Бүйрек функциясының біртіндеп нашарлауы ағзаның өмірлік белсенділігін бұзуға әкеледі, әртүрлі органдар мен жүйелердегі асқынулардың пайда болуы.

    Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (CKD) – бүйректің сүзгілеу және босату функцияларының қайтымсыз бұзылуы, олардың толық аяқталуына дейін, бүйрек тінінің қайтыс болуына байланысты. CKD прогрессивті курс бар, ерте кезеңдерде бұзылулар байқалды. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің артуымен – интоксикацияның ауыр белгілері: әлсіздік, аппетит жоғалту, айнуы, құсу, Ісіну, интегралдар — құрғақ, ақшыл сары. Шұғыл, кейде нөлге дейін, диурезі азаяды. Алдыңғы сатыда жүрек жеткіліксіздігі дамиды, қан кету үрдісі, өкпе ісінуі, энцефалопатия, уремикалық кома. Гемодиализ және бүйректі трансплантациялау көрсетілген.

    42.Балалардағы ЖБЖ –нің себептері мен салдары.

    Жедел бүйрек

    жетіспеушілігі(ЖБЖ) дегеніміз- бұл

    әр түрлі экзогендік және эндогендік

    факторлардың бүйрек паренхимасына

    паталогиялық әсер ету салдарынан екі

    бүйректің немесе жалғыз бүйректің

    фильтрациялық, экскреторлық және

    секреторлық қызметінің (мұнда барлық

    нефрондар,немесе шумақты аппарат,немесе

    өзекшелердің барлық бөлімдері) кенеттен

    бұзылуы.

    Преренальды себепкер ықпалдарға бүйрекке дейінгі ағзалар мен жүйелердің, жалпы организмнің бұзылыстары жатады. Оларға: -

    адамның әр түрлі жан күйзелістері( эмоциалық

    ауыртпалықтар)

    - жалпы қан айналымның (жүрек аурулары,

    атеросклероз, артериялық гипертензия және

    гипотензия ) бұзылыстары

    - айналымдағы қан көлемінің азаюы( қансырау,

    организмнің сусыздануы,сілейме, коллапс

    кездеріндегі)

    Ренальдық себепкер ықпалдар бүйрек тініне тікелей

    әсер етеді. Олар 2 түрлі әсер етеді:

    бүліндіргіш

    Инфекциялық

    Бейинфекциялық

    Бүйрек пен несеп өту жолдарына

    - вирустар,

    - стрептококктар,

    - Туберкулез таяқшалары,

    - гонококктар

    тікелей бүліндіргіш әсер етеді

    - Химиялық улы өнімдер, ауыр

    металдар(қорғасын, сынап,уран);

    - дәрідәрмектер( антибиотиктер,сульфа

    ниламидтер, зәрайдағштар);

    - Аутоиммундық

    үрдістер(бүйрекке қарсы

    аутоантиденелер, макрофактар);

    -Бүйрек қан тамырларында қан

    қатпарлары мен эмбол тұрып

    қалуы;

    - бүйректе өспе өсуі

    Постренальды себепкер ықпалдарға зәр жүретін жолдарының

    таспен, қуық асты безінің өспесімен тарылып, бітеліп қалуы немесе

    несепағардың ісігінен болады.

    Аренальдық себепкер ықпалына бүйректерді немесе жалғыз

    бүйректі арнайы немесе байқаусызда алып тастағанда болады.

    43.Балалардағы жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

    Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) - іштен біткен және жүре пайда болатын бүйрек ауруларының салдарынан бүйректе склероз дамуы және бүйректің қызметінің төмендеуі.

    Патоморфологиясы. Склероз салдарынан көп нефрондар бірте-бірте істен шығады. Қалған нефрондарда гипертрофиялык өзгерістер байқалады. Гломерулонефрит сияқты кабыну үрдісінің үнемі дамуымен қатар барлық бүйрек ауруларының соңғы сатыларында дамитын шумақтардағы гиперфильтрация құбылысы склероздың әрі қарай үдеуіне әкеліп соғады. Сонымен, СБЖ үнемі бір қалыпта тұрмайды, дами келе, тағы да калған нефрондардың беріштенуін туғызады.

    Егер ісік, гипертония болмаса, СБЖ көп айқын білінбеуі мүмкін. Басында СБЖ туғызған аурудың белгілері табылады. Одан басқа, шаршау, басы ауыруы, бара-бара тамақтан қалу, лоқсу, құсу болады. Тері бозарып, соңғы сатысында сарғыш тартады, қышиды. Остеопатия салдарынан аяғы, басқа да сүйектері ауырады. Іштен болатын бүйрек аурулардың белгісі қай уақытта да айқын емес, оларға көбіне көңіл аударылмайды. Олар тек СБЖ қалыптасқанда анықталуы мүмкін. Осы ауруларда балада ерте пайда болатын полиурияға, суды көп ішетіндігіне (түнде тұрып ішу), аяғы қисаюы, бойы өспеуіне көңіл аудару қажет. Тексеру кезінде шумақ фильтрациясы төмендеу (Шварц әдісі ), оның жыл сайын кеми беруі, азотемия, анемия т.б. кесел белгілері анықталады. Зәрде ерте гипоизостенурия білінеді. Зәр анализінде аз ғана белок (тәулікте 1 г-нан кем) болады, кейде эритроцит, лейкоциттер анықталуы мүмкін, бірақ олар болмауы да мүмкін. Терминальды уремия (V-сыты) кезеңінде зәр мөлшері азайып, азотемия өте жоғарылайды. Неврологиялық симптомдар (есінен тану, тырысу, діріл т. б.), геморрагиялық синдром көрініс береді.

    44.Бүйрек қызметінің бұзылыстарының себептері және шумақтық сүзілудің, каналшалары

    реабсорбциясының және секрециясының бұзылыстары.

    45.Жедел және созылмалы қабыну процестерінің этиологиясы мен патогенезі

    Кабыну   дегеніміз   негізінде   зақымдаушы   фактор   (флогогендік)   әсер жатқан түрлік процесс. Қабыну кезінде зақымдалған ұлпада немесе ағзада клеткалар  құрылымының     бұзылуы,     қан     айналым     өзгерістері, қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауы, ұлпалар пролиферациясымен бірге байқалады.

    Қабынудың пайда болуы мен дамуы ұлпаның жергілікті зақымдалуымен және  организм  реактивтілігі  секілді  екі  фактормен  сипатталады.    Бұл

    организмнің зақымдаушы факторға қарсы қорғаныстық бейімделі реакциясы.

    Қабыну туралы түсінік өте ерте кезден белгілі (2000 жылдан астам). Қабынудың әр түрлі формалары  жануарлар әлемінде де кездеседі. Барлық патологиялық  процестер сияқты жануарлар эволюциясына байланысты, кабынуда  эволюциялық  өзгерістерге  ұшыраған.  Қан  тамырлары  жоқ  жәндіктерде қабыну кезінде зақымдалған   орында дәнекер ұлпа клеткаларының жиналуы байқалады.  Жоғары сатыдағы омыртқасыз жануарларда зақымдалған жерде қан клеткалары - лимфогемотоциттердің жиналып қалуы анықталады. Омыртқалы жануарлар мен адамдарда қан айналым жүйесінің дамуы және оның нервтік жолмен  ретгелуінің  дамуынан     қабыну  реакциясы  да  күрделі   өзгерістерге ұшырайды. Себебі, қан айналым жүйесі мен нерв жүйесі қабынудын дамуында маңызды орын алады.

    Қабынудың дамуы кезінде, оның морфологиялық, физика-химиялық және клиникалық белгілерін бөліп көрсетуге болады. Қабынудың бес клиникалық

    белгілері болады:

    1. кызару (rubor)

    2.     домбығу (tumor)

    3.     қызу (саlог)

    4.     ауырсыну (dоlог)


    написать администратору сайта